Бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»



жүктеу 104,79 Kb.
Дата16.02.2018
өлшемі104,79 Kb.
#9826
түріБағдарламасы

Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020

2013 жылға Бесқарағай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары

Бесқарағай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.


«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 354 адам өтініш білдірді, олармен әлеуметтік келісім-шарттар жасалды.
Әлеуметтік келісім-шарттарға қол қойғандардың ішінен өздігімен жұмыспен қамтылғандардың саны 129 адамды (36,4 %), жұмыссыздар 218 адамды         (61,6 %), аз қамтылғандар 8 адамды (2,3 %) құрады.
Жұмыспен қамту орталығының жұмысы 8 бағыт бойынша іске асырылады.
Бірінші бағыт Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету: 2013 жылға 3 жобаға Қарабас, Канонерка елді-мекендерінде жасанды төсемі бар футбол алаңын орнату бойынша 25 500,0 мың теңге бөлінді және Қарабас ауылында Чехов көшесін орташа жөндеу (ұзақтығы 1 шақырым), 25 000,0 мың теңге игерілді, бұл 98,0 %-ды құрады, осыған орай 10 жұмыс орны, оның ішінен «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 5 жұмыс орны құрылды, бұл 100 %-ды құрады.
Екінші бағыт  Кәсіпкерлікті дамыту және тірек ауылдарын дамыту арқылы жұмыс орындарын құру: 2013 жылы «Кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсетудің» екінші бағыты бойынша 121 адам өтініш білдірді.
«Ертіс» ӘКК ҰК АҚ арқылы Бағдарламаның 119 қатысушысына шағын несие беру үшін 264 000,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі кезде барлық 119 қатысушы жоғарыда аталған қаражаттарды алды. Осы кезде қаражаттар мақсатқа сай пайдаланылып, шағын несиелер уақытында төленуде. 2013 жылы «КазБизнес-Консалтинг» ЖШС арқылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» екінші бағыты бағдарламасының 121 қатысушысы оқып шықты. Бағдарламаның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді. Осыған орай, 2013 жылы бірінші транш бойынша қосымша 109 жұмыс орны құрылды, сонымен қатар екінші транш алушыларынан жоспарланады, 2014 жылы қосымша 127 жұмыс орны құрылатын болады.
Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жабдықтандыру.
2013 жылға  жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жабдықтандыру үшін 63 000,0 мың теңге бөлінді. Осыған орай, 26 жоба қамтылды.
Оның ішінен:
отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін 55 742,4 мың теңге сомада 19 блок-модуль сатып алу;
электрмен жабдықтауды қосу үшін 4963,6 мың теңге сомада 7 жоба;
электр қуатына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2294,0 мың теңге сомада.
Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жабдықтандыруға бөлінген қаражаттар толық игерілді.
Үшінші бағыт «Оқу арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсету және жұмыс беруші қажеттіліктерінің шеңберінде қоныс аудару»:
Бірінші компонент бойынша Оқу және жұмысқа орнластыруға көмек көрсету.
Кәсіптік оқу білім беру саласының 24 ұйымында іске асырылады. 310 адам оқумен қамтылды, 2011-2012 жылдары жіберілгендердің санынан ауысқандар - 245 адам, 2013 жылы - 65 адам: осыған орай 2011 жылдың Жұмыспен қамту бағдарламасынан жалғастырады - 53 адам, 2012 жылдың Жұмыспен қамту бағдарламасынан – 43 адам, оның ішінен 59 адам оқуды аяқтап, 59 адам жұмысқа орналасты, бұл 100 %-ды құрайды).
Жасалған келісімдер негізінде курстық оқу аяқтаған Бағдарламаның қатысушыларын жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілетін болады.
2013 жылы оқумен барлығы 65 адам, оның ішінен кәсіптік оқумен – 20, кадрларды қайта дайындаумен – 30 адам, біліктілікті арттырумен – 15 адам қамтылды.
2013 жылғы 14 мамырдан бастап «Е категориясындағы жүргізуші» мамандығы бойынша 15 адам біліктілікті арттыру курстарына, «Аспаз» мамандығы бойынша 15 адам кадрларды қайта дайындауға «Бесқарағай колледжі» КММ-не жіберілді. Оқу аяқталғаннан кейін барлық 30 адам жұмысқа орналасты, бұл 100 %-ды құрады.
2013 жылғы 1 қазаннан бастап «Малдарды өңдеу жөніндегі ветеринарлық санитар» мамандығы бойынша 15 адам Саратовка ауылындағы Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы колледжіне жіберілді. 15 адам аяқтап, жұмысқа орналасты, бұл 100 %-ды құрайды.
Семей қаласының Электр техникалық колледжіне кәсіптік дайындық үшін 20 адам: «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша 10 адам, «Электр және электр механикалық жабдықтау» мамандығы бойынша 10 адам жіберілді. Қазіргі уақытта оқуды жалғастыруда.
Жасалған үш жақты және төрт жақты келісімдер негізінде курстық оқуды аяқтаған бірінші бағыттың қатысушыларын жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілетін болады.
Әлеуметтік жұмыс орындары
2013 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жоспар 95 адамды құрайды, 47 жұмыс берушімен 75 келісім-шарт жасалды, Бағдарлама қатысушыларымен әлеуметтік келісім-шарттар жасалды, осыған сәйкес 166 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, бұл 174,7 %-ды құрайды, 109 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасып, 57 адам жалғастыруда, бұл 65,7 %-ды құрайды.
Барлық бөлінген қаражаттар осы жылдың аяғына дейін толық игеріледі.
Жастар іс-тәжірибесі
Жастар іс-тәжірибесіне арналған жоспар 21 адамды құрайды, 2014 жылғы 1 қаңтарға 28 адам жіберілді, бұл 133,3 %-ды құрайды, оқу орындарының 28 түлегімен келісім-шарттар жасалды, оның ішінен 22 адам жұмысқа орналасты, 6 түлек жастар іс-тәжірибесін жалғастыруда.
Екінші компонент бойынша Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
2013 жылы жалпы көлемі 415,7 ш.м.құрайтын тұрғын үй сатып алу үшін 40 млн.теңге, оның ішінен тұрғын үй құрылысы үшін 32 млн.теңге, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға жабдықтандыруға 8 млн.теңгеқарастарылды.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылып, газ плиталары орнатылды.
Қазіргі кезде ЖК «Имангалиеваның» қатысуымен 12 бөлмеден тұратын жатақхананың құрылысы аяқталды.
Жатақханаға орналастырылады:
29 жасқа дейінгі еңбек жастары;
балалар үйінің тәрбиеленушілері;
жетім балалар.
Бұл ауданның еңбек жастарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге, жұмыс берушілер үшін мамандандырылған жұмыс кадрларын қатыстыруға мүмкіндік береді.
2014 жылы жалпы 39968000 теңге сомада жалпы көлемі
402,0 ш.м.құрайтын екінші көп пәтерлі үйді қалпына келтіру жоспарлануда.   
Барлық қажетті құжаттары бар өтінім жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына ұсынылды.





 

 





Жұмыспен қамту орталығы директорының
міндетін атқарушы Д.Кошкенова



«Әлеуметтік жобаларды» қаржыландыру туралы

Бесқарағай ауданының кәсіпкерлерінің назарына!

Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы жалғасуда.


«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:
Бағдарламаның іске асырылуы:
1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.
4.  Кәсіпкерлік потенциалды күшейту
жүктеу 104,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау