Жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016-2018 жылдар) орындалу барысы туралы ақпарат



жүктеу 1,86 Mb.
бет1/11
Дата01.02.2018
өлшемі1,86 Mb.
#8334
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016-2018 жылдар) орындалу барысы туралы ақпарат
Үшінші кезеңнің (2016-2018 жылдар) тармақтарын орындау аясында мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар (бұдан ары – ЖАО) мына жұмыстарды атқарды.
1-тармақ. Министрлердің, әкімдердің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілері туралы үлгілік ережені әзірлеу және оны Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің шешімімен қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындау

Осы тармақты орындау мақсатында Еңбекмині Министрлердің, әкімдердің мүгедектік мәселелер жөніндегі үлгілік ережесінің жобасын әзірлеп, 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 14-2-20/231-И және 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 14-2-20/2244-И хатымен орталық мемлекеттік органдарға, ЖАО келісуге жіберді. Сондай-ақ бұл жоба барлық әкімдердің мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілерімен талқыланды.

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұстанымдарын ескере отырып жөнделген жоба Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің шешімімен қабылданып, 2016 жылғы 30 маусымдағы № 20-5/05-1493 хатпен министрліктерге және өңірлерге ары қарай осы бойынша жұмыс жасау үшін жіберілді.
4-тармақ. Мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға бағытталған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріндегі мүгедектік дефинициясы мен индикаторларын өзгертуге ұсыныстар әзірлеу

Омбудсмен мен ЮНИСЕФ арасында жасалған Өзара түсіністік туралы меморандум аясында «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ «Стигма мен дискриминациядан арылған балалар мүгедектігі бойынша дефинициялар мен индикаторларды әзірлеу» жобасын іске асырды.

Жоба аясында мүгедектік белгісі бойынша дискриминацияға апарып соғатын терминологияның болуы бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі ұлттық заңнамалық базаға инвентаризация жасалды.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша қазақ тіліндегі терминологиялық лексика саласында ақыл-есінің және физикалық дамуындағы ауытқулықтар бар кісілер кемшілік, толымсыздық сияқты адамның ұқсамайтындығын таңбалайтын терминдермен сипатталатыны анықталды. Бұл – «мүгедек-балалар», «мүмкіндігі шектеулі балалар», «ақыл-ес кемістігі», «коррекция», «жетілмеу», «тіршілік қарекетінің шектелуі», «дұрыс дамудан ауытқушылық», «ақыл-естің бұзылуы», «мертігу», «ақыл-ес кемдігі» және т.б.

Адамның абыройын қорғау мен адамдар арасындағы ұқсассыздықты құрметтеу принциптеріне сай келетін және мүгедектердің өзіндік индентификациясына үйлесетін сәйкесті түсінік аппаратын әзірлеу қажеттігін ескеріп, Еңбекмині 2016 жылғы 16 тамыздағы № 14-2-20/14469//213 (п.1.2.4) хат арқылы МСМ ресми қазақ тіліндегі және сөздіктер мен анықтамалықтардағы «мүгедектікке» қатысты терминдерді ауыстыру жұмысын жүргізу жөніндегі ұсыныстарды жіберді.

МСМ берген ақпары бойынша ұсыныстар ү.ж. наурызда Үкімет жанындағы Республикалық терминологиялық комиссияның қарауына қойылады.


5-тармақ. Мүгедектерге немесе құрамында мүгедектері бар отбасыларға ұсынылатын және олар тұратын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықтармен қайта жарақтандыру тетігін енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 26 бабының 2 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіп бойынша мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғынжайлардың арнайы құралдармен және аспаптармен жабдықталуын қамсыздандырады.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мәліметтері бойынша елімізде қимыл-қозғалысы қиын және өздері тұрып жатқан социумдағы қолжетімді ортаға мұқтаж болып отырған 12 351 мүгедек бар.

Осы мақсатта Еңбекмині Мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берілетін тұрғынжайларды арнайы құралдармен және аспаптармен қайта жабдықтау ережесінің (бұдан ары – Ереже) жобасын әзірледі. Ережені жүзеге асыру үшін ДСӘДМ 2016 жылғы мамырда Қаржымині-не 2019 жылдан бастап 5 жыл ішінде мүгедектердің тұрғынжайларын кезең-кезеңімен қайта жабдықтауға арналған сомасы 14 млрд теңгелік бюджеттік өтінім берді.

Екі бөлмелі пәтер мысалында кресло-арбамен жүретін мүгедектің мұқтажы мен қажеттілігі ескерілген тұрғынжайды қайта жабдықтаудың болжамды есебі жасалды. 2016 жылғы бағалар бойынша шығындардың орташа көлемі 825,3 мың теңгені құрады.

2016 жылғы маусымның 30 Республикалық бюджеттік комиссияның №16 шешімімен ДСӘДМ бұл бастамасына қолдау білдірілді.


6-тармақ. Объектілерге мүгедектердің бару ықтималдылығын бағалауға байланысты оларды түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарларын бекіту

Қауымның (социум) тіршілік қарекетінің барлық салаларына мүгедектерді тарту үшін елімізде 2012 жылдан бері әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын, оларды төлқұжаттау арқылы, бағалау жүргізіліп келеді. Жыл сайын әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеудің өңірлік жоспарлары (бұдан ары – өңірлік жоспарлар) бекітіліп жүр.

2016 жылғы ақпанда әкімдердің орынбасарлары бекіткен барлық өңірлік жоспарлар Еңбекмині сайтының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» бөлімінде жайғастырылды (http://convention.enbek.gov.kz/ru/adaptation_maps).
7-тармақ. Өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттау және бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына инвентаризациялау және бейімдеу жүргізу мәселесі Еңбекмині селекторолық кеңестеріндегі, сонымен қатар Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің (бұдан ары – Үйлестіру кеңесі) үнемі күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе болып табылады.

Үстіміздегі жылғы қаңтардың 13 Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында жергілікті атқару органдарының 2016 жылы қолжетімді орта құру бойынша жасаған жұмысының қорытындысы шығарылды.

Есепті күндегі жағдай бойынша жоспарда көзделген 28,2 мың нысанның 27,8 мыңы төлқұжаттандырылды, немесе 98,6%. 17,5 мың нысан қолжетімсіз болып танылды, олар бейімделуі тиіс. 11,2 мың (77,4%) нысан қолжетімді болып бейімдендірілді.

Бұл ретте жоспарланған төлқұжаттандыру 100% Ақмола (1 672), Ақтөбе (1 094), Алматы (2 117), Жамбыл (904), Қостанай (1 568), Қызылорда (2 326), Павлодар (1 257), Сотүстік Қазақстан (2 300), Оңтүстік Қазақстан (4 083) облыстарында және Астана қаласында (401) жүргізілді.

Жоспарланған төлқұжаттандырудың ең аз проценті Батыс Қазақстан (35,9 %) және Қарағанды (52,5 %) облыстарында.

Төлқұжаттандыру жұмысы Маңғыстау (жоспардағының 24,5 %), Жамбыл (29,8 %), Шығыс Қазақстан (49,3 %), Қарағанды (57,4 %) облыстарында және Астана (36,3 %) қаласында нашар жүргізіліп отыр.

Өңірлік жоспарларға сәйкес 2016 жылы төлқұжаттандырудан өткен нысандарды бейімдеу «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында, ЖАО және тартылған қаражаттың есебінен бейімдендірілді.

Жоспарланғаннан бейімдеудің ең төмен проценті Маңғыстау (35,9 %), Қарағанды (52,5 %), Солтүстік Қазақстан (62,7 %), Батыс Қазақстан (62,7 %), Ақтөбе (62,8 %), Қостанай (63,5 %), Жамбыл (66,2 %) облыстарына және Астана (55,9 %) қаласына тиіп отыр.
8 тармақ. Объектілерді, ғимараттарды, инженерлік инфрақұрылымды, көше-жол желісін салуға арналған жобалық құжаттамаларды келісу кезінде облыс әкімдері кеңесшілерінің, қоғамдық кеңес мүшелерінің, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысу мәселесін қарау

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңның 25 бабы, 2 тармағына сәйкес мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамында мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қабылдау жөніндегі өкілдерінің қатысуынсыз тұрғын-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы нысандардың пайдалануға берілуіне жол берілмейді.

Бұл тармақтың орындалуын Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары қамтамасыз етті, ол жерлердегі әкімдердің мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілері:

- нысандарды, ғимараттарды, инженерлік инфрақұрылымды, көше-жол желісін салуға арналған жобалық құжаттаманы ризаластырылуын жүргізеді,

- бейімделген және төлқұжаттандырылған нысандардағы құрылыс нормаларының сақталуы бойынша мониторингке қатысады;

- қолжетімді ортаны құруды қоғамдық бақылау топтары аясында жұмыс жүргізеді.

Бұл ретте Батыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдері кеңесшілерінің нысандар құрылысына арналған жобалық құжаттаманы ризаластыруға қатысуы мәселесі қаралып жатыр.

Мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілердің қам-қарекеті мәселесі Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, төраға олардың қам-қарекетіне жақсы баға бергенін атап кетуіміз керек.

Сонымен қатар, мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілер қолжетімді орта құру жөніндегі кеңестердің тұрақты қатысушылары болып табылатынын, сондай-ақ нысандарды бейімдеу жұмыстарының сапасына жасалатын қоғамдық мониторингтің мүшелері болып табылатынын ескеріп, 8 тармақты Еңбекмині жұмыс бабындағы бақылауына ауыстыруға болады деп ойлаймыз.
9 тармақ. Мүгедектер баратын объектілерді салу және бейімдеу кезінде ҚНжЕ-нің сақталуы бойынша ұсынымдар әзірлеу және өңірлерге ұсыну

Еңбекмині тапсырысымен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында және көше инфрақұрылымында қолжетімді ортаны қалыптастыру жөніндегі видео ролик әзірленді.

Бейнеролик қолжетімді ортаны құрудың негізгі параметрлері бойынша оқу құралы болып табылады. Ол ролик 02.07.2016 жылы республикалық және жергілікті арналардан трансляциялау үшін барлық өңірлерге және республикалық телеарналарға жіберілді.

Сондай-ақ, 2015 жылы қабылданған құрылыс1 нормалары мен ғимараттар мен құрылыстарды жобалау жөніндегі ережелер жинағының (бұдан ары – ҚНЕ) (ақылы түрде беріледі) қолжетімді болмауы себепті Еңбекмині оларды алу үшін ҰЭМ сұраныс жіберді. Алынған ҚНЕ 2016 жылғы мамырдың 6 жұмыс бабында қолдану үшін барлық әкімдіктерге жіберілді (№ 42-05-10-689 хат).

Сондай-ақ, 2016 жылғы қарашаның 3 ҰЭМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі комитеті халықтың аз қозғалатын топтарына ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігін қамсыздандыру үшін және құрылыс жобаларына «әмбебап дизайнды» енгізу үшін құрамына ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің Астана қаласы әкімдігінің, мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кірген жұмыс тобын құрды.

2016 жылғы қарашаның 10 және желтоқсанның 8 жұмыс тобының отырыстары өтіп, онда қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар, аз қозғалатын топтарға арналған ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігін қамсыздандырудағы ғимараттар мен құрылыстардың санаттылығын айқындау, күрделі жөндеу бойынша жобалық құжаттама құрамының жетіспеушіліктері мен кемшіліктері және сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызмет түрлерін атқаратын сарапшыларды аттестаттау бойынша тест сұрақтарын қайта қарау және т.б. мәселелер талқыланды.

Атқарылған жұмыстың нәтижелері жұмыс тобының келесі отырысында талқыланады.
10 тармақ. Объектілерді салу кезінде мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі өзге де топтарына қолжетімді орта құруды ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарының сақталуын мониторингтеу және бақылау

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға сәйкес сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын мыналар жүзеге асырады:

- құрылыс нысандарын барып көру арқылы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс істері жөніндегі өкілетті орган;

- халықты әлеуметтік қорғау саласының өкілетті органы – мүгедектер мен халықтың аз қозғалатын топтарына әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарының қолжетімді болуын қамсыздандыру бөлігінде.

2012 жылдан бастап қолжетімді ортаны құру бойынша жүргізіліп келе жатқан жұмыс еліміздегі төлқұжаттандырылған әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарының жалпы санының 75,2%-ың ішінара қолжетімді қылуға мүмкіндік берді.

Жүргізілген тексерулер нәтижесі 110 нысанда құрылыс кезінде мемлекеттік нормативтердің бұзылғанын анықтады, құрылыс салушыларға жол берілген бұзушылықтарды жою жөніндегі 91 ұйғарым беріліп, олардың 20 жойылды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері бақылау субъектілеріне 335 ұйғарым беріп, жалпы сомасы 26,1 млн теңгелік 157 әкімшілік айыппұл салды.

Бұл бұзушылықтардың себебі болып мыналар табылады:

- КСРО кезінде салынған нысандарда қолжетімді орта құруға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі;

- нысандарды жобалауға, салуға және пайдалануға беруге жауапты лауазымды тұлғалардың құрылыс саласындағы заңнаманы нашар білуі, бұны пайдалануға берілген ғимараттарды монитрингілеу нәтижелері растап отыр;

- жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолжетімді ортаны құру бойынша қолданып жатқан шараларының жеткіліксіздігі.

Қолжетімді ортаны мониторингілеудің тиімді әрі нәтижелі тетіктерінің бірі болып Интерактивті қолжетімділік картасы табылады, өңірлерде оны толтыруға барлық органдар: білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау мекемелері тартылған.

Сондай-ақ Еңбекмині өңірлік төлқұжаттандыру және бейімдеу жоспарларының орындалуын тоқсан сайын мониторингілеу нәтижелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне жұмыс қарқынын арттырып, оның сапалы орындалуын қамсыздандыру қажеттігі жайлы хаттар жіберді.


11 тармақ. Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату

Республикалық бюджет қаражатына мүгедектерге қолжетімді ортаны құру үшін жағдай жасау мақсатында мүгедектерге қызмет көрсетуге бейінделген ұйымдар орналасқан жерлерге жол белгілері мен жолсілтеуіштерді орнату туралы бастаманы Еңбекмині 2014 жылдан бері көтеріп келеді.

2016 жылы 10 ЖАО республикалық бюджеттен сомасы 49,0 млн теңгелік мақсатты ағымдық трансферттер бөлінді.

Бөлінген қаражатқа өңірлерде 4,0 мың шамасындағы жол белгілері мен жолсілтеуіштер орнатылды, олардың ішінде белгілердің ең көбі Жамбыл (2 140 белгі), Атырау (979 белгі), Қостанай (355 белгі) облыстарына тиеді.

Бұл ретте мемлекеттік сатып алу нәтижесінде үнемделген қаражатқа Атырау облысында қосымша 772 жол белгісі (жоспардағы 207 белгі орнына), Қызылорода облысында - 30 (жоспардағы 40 белгінің орнына) орнатылды.

Бұл жұмыс 2017-2019 жылдары жалғасын табады, бұл мақсатқа республикалық бюджетте 13,8 млн теңге қарастырылып отыр.


12 тармақ. Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау

Мүгедектерге қолжетімді ортаны құру үшін жағдай жасау мақсатында мүгедектерге қызмет көрсетуге бейінделген ұйымдар орналасқан жерлердегі жолдың жаяулар кесіп өтетін тұстарына дыбыстық белгі беретін құрылғыларды орнату туралы бастаманы Еңбекмині 2014 жылдан бері көтеріп келеді.

Іске асыру кезінде бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 163,0 млн теңге жұмсалып, 12 облыстағы 469 жаяулар кесіп өтетін жерге дыбыстық белгі беретін құрылғылар орнатылды (2014 жылы – 181 бірлік, 2015 жылы – 121 бірлік, 2016 жылы – 167 бірлік).

Құрылғы орнатылған жаяулар өтетін жерлердің ең көбі Батыс Қазақстан (62), Қостанай (32), Қызылорда (17) облыстарында.

Орнратылған құрылғылардың ең азы Ақмола (6), Маңғыстау (6), Алматы (6) және Шығыс Қазақстан (10) облыстарына тиесілі.

2017-2019 жылдары сомасы 34,0 млн теңге болатын республикалық бюджет қаражатына жаяулар өтетін жерлерге дыбыстық белгі беретін құрылғыларды орнату жалғастырылады.


13 тармақ. «Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

«Инватакси» қызметі 2014 жылы медициналық жағдайы бойынша кресло-арбамен қамсыздандырылатын 1 және 2 топ мүгедектерін және медициналық жағдайы бойынша жеке көмекші қызметі көрсетілетін 1 топ мүгедектерін қолдайтын қосымша шара ретінде басталған болатын.

2014 жылдан бері Инватакси қызметін дамытуға 843,0 млн теңге жұмсалды, оның 63,4% жергілікті бюджеттің қаражаты.

Анықтама: РБ - 308,8 млн. теңге (2014 ж. – 88,0 млн. тг., 2015 ж. – 75,0 млн. тг., 2016 ж. – 145,8 млн. тг.). ЖБ - 534,2 млн. тенге (2014 ж. – 85,0 млн. тг., 2015 ж. – 109,1 млн. тг., 2016 ж. – 340,1 млн. тг.).

Үш жыл ішіндегі (2014-2016 жж.) республикалық бюджет есебінен Инватакси қызметін көрсетуге жұмсалғаны:

- бюджет көлемі 2,8 есе артты, немесе 173 млн теңгеден 485,9 млн теңге көбейді;

- қызметтердің саны 18% артты, немесе 11 қызметтен 13 қызметке көбейді;

- Инватакси автопаркы 2,4 есе артты, немесе 22-ден 52 көлікке дейін көбейді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Инватакси қызметіне тапсырыс берушілер болып 13 өңір табылады – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары.

Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында Инватакси қызметі жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Өңірлерден келген мәлімет бойынша былтыр Инватакси қызметін 35 мыңнан аса мүгедек тұтынған.

«Инватакси» қызметтерін дамыту 2017-2018 жылдары мемлекеттік тапсырыс аясында жалғастырылып, шығындар көлемі 118,8 млн теңгені құрайды.


14 тармақ. Теміржол құрамдарын тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге қолжетімді арнайы купесі бар вагондармен жабдықтауды ұйымдастыру

2015 жылғы желтоқсанда «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы заңының мүгедектерге теміржол көлігі саласындағы қызмет түрлерінің қолжетімділігін қамсыздандыру бөлігінде толықтырулар енгізілді.

Қазіргі таңда, ИДМ ақпараты бойынша, қолданыстағы 62 бағыттың 20 бағытында мүмкіндігі шектеулі кісілердің қажеттеліктерін өтеуге арналып ыңғайланған 44 вагон жүріп тұр, оның ішінде мына бағыттар бойынша: Семей – Қызылорда (4 вагон), Астана – Аркалық (1 вагон), Астана – Алматы (2 вагон), Астана – Маңғышлақ (3 вагон), Павлодар – Пресногорьковка (2 вагон), Атырау – Астана (2 вагон), Астана – Сарыағаш (3 вагон), Павлодар – Алматы (3 вагон), Атырау – Маңғышлақ (1 вагон), Алматы – Астана (4 вагон), Алматы – Ақтөбе (2 вагон), Алматы – Петропавл (2 вагон), Алматы – Шымкент (2 вагон), Астана – Атырау (2 вагон), Астана – Шымкент (2 вагон), Астана – Защита (1 вагон), Астана – Қызылорда (2 вагона), Астана – Ақтөбе (1 вагон), Астана – Қостанай (2 вагон).

2018 жылы ИДМ мүмкіндігі шектеулі кісілердің қажеттеліктерін өтеуге арналып ыңғайланған кемінде 24 вагонды сатып алуды межелеп отыр. Барлық жолаушы пойыздарының құрамдарын осындай вагондармен жарақтау жұмысы жалғастырып жатыр.


15 тармақ. Мүгедектердің арнайы көлік құралдарын қоюға арналған тұрақ орындарын бөлу

2015 жылы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы заңының басқа автокөлік құралдарын қоюға болмайтын мүгедектердің арнайы автокөлік құралдарын тұраққа қоюға арналған көлік тегін тұратын орындарды бөлу бөлігінде толықтырулар енгізілді.

ИДМ ақпаратына сәйкес қазіргі таңда 12,0 мың автокөлік құралдары қойылатын көлік тұрақтарының 2,3 мыңы мүгедектердің автокөліктерін қоюға арналған.

Мүгедектердің автокөліктерін қоюға арналған орындардың ең көбі білім беру (551), денсаулық сақтау (522), әлеуметтік қамсыздандыру (259), мәдениет (222) нысандарында және көшелерде (220).

Бұл ретте мүгедектердің автокөліктерін қоюға арналған көлік тұрақтарының ең азы даңғылдарда (23), әуежайларда (47), алаңдарда (68), орамдарда (80).

Дегенмен, көлік тұрақтарының ең көбі Қостанай (672), Алматы (363), Жамбыл (305) және Ақмола (252) облыстарына тиеді.


16 тармақ. Жүріп-тұруы қиын, оның ішінде көру қабілеті бұзылған мүгедектерге қоғамдық көлік пен жолаушы аялдамаларының қолжетімділігін ұйымдастыру

Қимыл-қозғалысында қиындық бар, оның ішінде көру қабылеті нашар мүгедектерге арналған қоғамдық көлік пен жолаушылар аялдамаларын қолжетімді ету мақсатында, ИДМ ақпаратына қарағанда, қазіргі таңда 6 642 жолаушы аялдамаларының кресло-арбадағы кісілер үшін ыңғайланғандары – 3 002, көру қабылеті нашар кісілерге арнап ыңғайланғандары – 213.

Кресло-арбамен жүретін, нашар көретін кісілерге арналып жабдықталған жолаушылар аяллдамаларының ең көбі – Астан қаласына (760), Қостанай (910), Оңтүстік Қазақстан (384), Батыс Қазақстан (240) облыстарының үлесінде.

Сондай-ақ 12,0 мың көпшілік көлігінің 1 869 мүгедек-жолаушыларды кіргізіп-түсіретін құрылғылармен жарақталған ( Алматы қ. – 830,  Астана қ. – 556, Қостанай – 126, Қызылорда – 120, Павлодар – 85, Батыс Қазақстан – 63, Ақтөбе – 26, Шығыс Қазақстан – 20 облыстары және басқалары.), 2 233 көлік аялдамалар, келу және кету уақытын хабарлап тұратын дыбыстық және көрнекі ақпараттық таблолармен жабдықталған (Оңтүстік Қазақстан – 1267, Павлодар – 167, Қызылорда – 120, Батыс Қазақстан – 60 облыстары).


17 тармақ. Қызметтердің сапасын жақсарту және авто, теміржол вокзалдары кешендерін, әуежайларды және вокзал жанындағы аумақтарды мүгедектерге арналған қызметтерге қолжетімділік талаптарымен сәйкестендіру жөнінде шаралар қабылдау

«Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы желтоқсанның 3 Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) арқылы көліктік заңнамаға әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамсыздандыру бойынша өзгертулер енгізіліп, оның аясында, ИДМ ақпаратынша, мына шаралар қабылданды:



Әуе көлігі саласында. Мүгедектің жеке өзінің пайдалануына арналған зәмбіл мен кресло-арбаны қол жүгі ретінде тегін тасымалдауға болатын болып, Жолаушыларды, олардың қол жүгін және жүкті тасымалдау ережесіне өзгерту енгізілді.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы әуежайларында жолаушаларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру ережесіне сай (24.02.2015 ж. № 189 ИДМ м.а. бұйрығы), әуежайларда Халықтың аз қозғалатын тобына жататын жолаушыларға қызмет көрсету стандартының ережелеріне сәйкес өкілетті агент жолаушаларға қызмет көрсетеді (PRM – Persons with Reduced Mobility).



Теміржол көлігі саласында. «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ (бұдан ары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) Заңды орындау үшін және Теміржол вокзалдарында жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі ұлттық стандартқа сай мүгедектерге теміржол вокзалдарының қызмет түрлерінің қолжетімділігін қамсыздандыруда мына жұмыс жасалып жатыр.

2012 жылдан бері Күрделі жөндеу бағдарламасы іске асырылып келеді, соның аясында 136 теміржол вокзалында мүмкіндігі шектеулі кісілерге қолжетімдік жағдайын жасау жұмысы жүргізілді:

- 91 вокзалда билет кассалары мүгедектерге ыңғайланып қайта жабдықталды;

- 210 вокзалдың өту қиын жерлерінде пандустар жасалды;

- 34 вокзалда арнайы дәретханалар жабдықталды (Астана, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Тараз, Семей, Атырау, Қызылорда, Орал, Қандыағаш, Қазалы, Қазақстан, Жем, Шиелі, Жаңақорған, Сексеуіл, Жосалы, Аркалык, Бурабай курорты, Ерейментау, Еркіншілік, Елтай, Осакаровка, Саяқ, Жаңа-Қарағанды, Қарағанды-сұрыптау, Жамантұз, Шоқай, Қалқаман, Торғай, Перекатное, Өлеңті);

- 38 вокзалда нашар көретіндердің қолайы үшін баспалдақтардың жоғарғы және төменгі басқыштары сары сары түспен сырланды (Астана, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Орал, Бейнеу, Маңғышлак, Жамбыл, Шу, Семей, Шымкент, Түркістан, Защита, Шалқар, Арал теңізі, Қандыағаш, Жем, Жанақорган, Төратам, Луговая, Түлькібас, Тобыл, Кұсмұрұн, Үштөбе, Отар, Шар, Достық, Арыс, Ермаковка, Зыряновск, Предгорная, Серебрянка, Иртышзавод, Пресногорьковская).

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдай жасалды:

- 58 вокзал мүгедек арбаларымен жарақталды, 16 вокзалдың анықтама бюроларында нашар еститіндерге арналған арнайы ақпараттық жүйе орнатылды (Астана, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Атырау, Маңғышлак, Қызылорда, Шу, Жамбыл, Шымкент, Семей, Бейнеу, Орал);

- 67 вокзалдың күту залдарында пиктограммалармен белгіленген мүгедектерге арналған орындар жасалды;

- 21 вокзалдың вокзалға іргелес алаңдарында мүгедектердің автокөліктері қойылатын тұрақтар белгіленді (Астана, Көкшетау, Аркалық, Вишневка, Алматы-1, Алматы-2, Ақтөбе, Көкшетау, Жамбыл, Шу, Семей, Шымкент, Защита, Атырау, Бейнеу, Маңғышлак, Қызылорда, Орал, Кұлсары, Өзен, Шалқар).

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар кедергісіз жететін жағдай жасау үшін теміржол вокзалдарын күрделі жөндеуге арналған жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде сәйкесті қорытындылар беру үшін осы ұйымдардың өкілдері тартылатын болады.

2015 жылдан бастап жолаушылар өтініш білдірген жағдайда теміржол вокзалдарының жұмыскерлері мүмкіндіктері шектеулі адамдарды теміржол вокзалдары аумағында алып жүру қызметін көрсетуін қарастыратын Теміржол вокзалдарында мүгедектерге қызмет көрсету тәртібі қолданысқа енгізілді. Бұл міндеттер жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында бекітіліп берілген.

Сонымен қатар, 2014-2016 жылдар кезеңінде қоғам мүгедектер ұйымдарымен бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізіп, олардың нәтижесінде «Қазақ зағиптар қоғамы», «Қазақ кереңдер қоғамы» «ДОС тәуелсіз өмір орталығы» және «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» қоғамдық бірлестіктерімен Меморандумдар жасалды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ заңнама мен Қазақстан Республикасы ұлттық стандартына сәйкесіздік болуы тұрғысында, оның ішінде халықтың аз қозғалатын топтарына арналған талаптар бойынша бүкіл вокзал шаруашылығына талдама жасалып жатыр. Жүргізілген талдама қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2017 жылдың бюджетіне анықталған сын-ескертпелерді жою шығындарын енгізуді көздеп отыр.


Автомобиль көлігі саласында. Жолаушылар мен олардың жолжүгін автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің талаптарына және Автовокзалдардың, автобекеттердің және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің ұлттық қызмет көрсету стандартының талаптарына сай автовокзалдар мен автобекеттердің қызметінің мүгедектерге қолжетімділігін қамсыздандыру бойынша сәйкесті жұмыс жүргізілді.

Аталған нормативтік құқықтық актілердің аясында Қазақстан Республикасындағы істеп тұрған 34 автовокзал мен 138 автобекетте билет кассаларын мүгедектерге ыңғайлы етіп қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілді, өту қиын жерлерге пандустар салынды, арнайы дәретханалар жабдықталды.

Барлық автовокзалдар мүгедек арбаларымен жарақталған, вокзалға іргелес алаңдарда мүгедектердің автокөліктеріне арналған тұрақтар белгіленген.


жүктеу 1,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау