Жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы



жүктеу 1,29 Mb.
Pdf просмотр
бет9/39
Дата16.01.2020
өлшемі1,29 Mb.
#26855
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39

18 

 

шағын және орта бизнесте: 

несиелік ресурстардың жоғары құны, сондай-ақ кепілдікті қамтамасыз етуге 

қойылатын талаптар; 

шетелдік өндірушілер тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестік; 

лизинг пен инновациялардың осал дамыған институттары; 

жылжымайтын  мүліктің,  оның  ішінде  қоймалардың,  өндірістік  және  сауда 

орын-жайларын жалдау төлемдерінің жоғары бағасы; 



саудада: 

осал дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылым; 

жоғары көліктік шығын; 

өңіраралық ынтымақтастықта: 

басқа  өңірлердің  отандық  өндірушілері  есебінен  елорда  нарығының 

қажеттілігін  қанағаттандыру  бойынша  импортты  алмастыру  әлеуетін  толық  іске 

асыруға  мүмкіндік  бермейтін  жеткіліксіз  дамыған  көліктік-логистикалық 

инфрақұрылым. 

 

2.2. Әлеуметтік сала 

Демография.  2016  жылдың  басына  елорда  халқының  саны  872,6  мың 

адамды  құрады  және  2013  жылға  7,1%-ға  немесе  58,2  мың  адамға  ұлғайды. 

Халықтың  өсуі  табиғи  өсім  есебінен  қамтамасыз  етілді,  ол  22,2  мың  адамды 

құрады, бұл 2013 жылдың деңгейінен 20,7%-ға жоғары. 

Туу коэффициенті 2015 жылы 30,23 құрады (РК бойынша өңірлер арасында 

2 орын) және 2013 жылға 9,8%-ға ұлғайды. Жаңа туған сәбилер саны 2013 жылғы 

21,9  мыңнан  2015  жылы  26  мыңға  ұлғайды.  Өсудің  жыл  сайынғы  серпіні  8,9% 

құрады. 


Өлім  коэффициенті  4,47  құрады,  бұл  2014  жылдың  деңгейінен  5,2%-ға 

жоғары және 2013 жылдың деңгейіне сәйкес. 

Көші  –  қон  өсуінің  қарқыны  жыл  сайын  шамамен  17-19  мың  адамды 

құрайды.  Сонымен,  2014  жылы  көші  –  қон  сальдосы  17,9  мың  адамды  құрады 

(Алматы қаласынан кейін өңірлер арасында 2 орын – 22,1 мың адам), оның ішінде 

шамамен  70,8%  еңбекке  қабілетті  халыққа  және  23,5%  еңбекке  қабілетті  жастан 

жастау адамдарға тиесілі. 

Өңіраралық  алмасу  бойынша  Астана  қаласына  көбінесе  Ақмола,  Оңтүстік 

Қазақстан,  Қарағанды,  Шығыс  –  Қазақстан  облыстарынан  және  Алматы 

қаласынан келеді. 

2015 жылдың қорытындысы бойынша Астанада бірінші рет 2,4 мың адамға 

көші – қонның теріс сальдосы тіркелді, бұл 2014 жылғы 48,1 мың адамнан 2015 

жылғы 42,9 мың адамға дейін келгендер саны 10,2%-ға төмендеуімен негізделеді. 

Жыныстық жас құрылым қимасында Астана Қазақстанның жас өңірлерінің 

бірі  болып  табылады  –  тұрғындардың  орташа  жасы  30  жасты  құрайды,  ал 

күтілетін  өмір  сүру  ұзақтығы  елордада  ең  жоғары  және  Алматы  қаласындағы              

74,7  және  орта  есеппен  республика  бойынша  71,6  жасқа  қарсы  74,9  жасты 

құрайды. 




19 

 

2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  әйелдер  мен  еркектердің  пайыздық 



ара-салмағы  2014  жылғы  деңгейде  сақталады  және  51,8%  әйелдерді  және  48,2% 

еркектерді құрайды. 

 

 

 



2-диаграмма 

 

 

Елорда халқы санының жыныстық жас құрылымымың адам 

 

 



2014  жылдың  нәтижесі  бойынша  елордада  ер  адамдар  саны  жастар  тобы 

қимасында 19 жасқа дейін (орта есеппен 6%) және 29 жастан 34 жасқа дейін (орта 

есеппен  2%),  сонда  әйелдер  саны  19  жастан  28  жасқа  дейінгі  аралықта  жоғары 

(орта есеппен 10%). Гендерлік теңгерімсіздіктің сыни нүктесі 35 жас тобы болып 

табылады,  ол  кейіннен 19,5%-ға  ұлғаюмен  58  жаста 2%  деңгейінде  және  70 жас 

тобында 40%-ға артық. 

15 жасқа дейінгі жастағы балалар үлесі 23%-бен жыл сайын тұрақты түрде 

дамыды немесе 2012 жылғы 171,1 мың адамнан 25,2% немесе 2014 жылғы 205,6 

адам.  Осы  жас  тобында  ер  адамдардың  үлесі  жоғары,  олар  2012-2014  жылдар 

бойы 51,4% деңгейінде болды.   

Демографиялық өсудің ұзақ мерзімді трендіне кері әсерін тигізетін өзге де 

факторлар арасында ажырасудың жоғары деңгейін байқауға болады, ол елордада 

2014  жылдың  қорытындысы  бойынша  1000  бірлікке  шаққанда  4,25  немесе 

Қазақстан өңірлері арасында Павлодар облысынан кейін (4,34) 2 орынды құрады, 

бұл  ОҚО  ең  төмен  көрсеткішінен  2,6  есеге  (1,6)  артық.  Абсолютті  есепте 

айырылысудың саны 2014 жылы 25,8 %, 2013 жылы – 15 % ұлғайды. 

2012-2014  жылдардағы  неке  коэффициенті  2012  жылғы  13,06-дан                       

2014 жылы 13,67-ға (4,7%) ұлғайды. Сонда неке саны 2012 жылғы 9934-бірліктен 

2013 жылғы 10573-ке дейін (6,4%-ға) және 2014 жылы 11399-ға дейін (14,7%-ға) 

өсті.  Елордада  қиылған  некенің  7%  үлесінде  (2012-2013  жылдары  -  6%)  неке 

коэффициенті бойынша елорда Қазақстанның өңірлері арасында 1 орынға ие.  

 

 



 

 

 

 


20 

 

 



 

3-диаграмма  

 

Неке және айырылысу коэффициенті, бірлік 

 

 



2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  некелесу  коэффициенті  13  құрады 

және  2013  жылмен  салыстырғанда  2%-ға  өсті.  Тіркелген  некенің  жалпы  саны  – 

11,2 мың бірлік, бұл 2014 жылдың деңгейіне сәйкес. Ажырасу коэффициенті 4,39 

– ға жетті және 2013 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға ұлғайды. Ал ажырасу саны 

2014 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға, 2013 жымен – 18,8%-ға ұлғайды. 

 

Білім  беру.  2016  жылдың  басында  білім  беру  ұйымдарының  саны  315 

бірлікке дейін ұлғайды (2014 жылы – 302), оларда 175,2 мың бала оқытылды, бұл 

2014 жылмен (168,3 мың бала) 4,1%-ға және 2013 жылмен салыстырғанда 15,1%-

ға жоғары. 

Оқытушылар  құрамының  саны  13760  педагогты  құрайды,  оның  ішінде 

жоғары білімге 12 059 адам немесе 87,6% ие, бірінші және жоғары білікті санатты 

мұғалімдердің үлесі – 45,3%. 2013 жылмен (11856 адам) салыстырғанда өсім 16%, 

2014 жылмен (12522 адам) – 5,6 % құрды. 

Астананың  мектепке  дейінгі  ұйымдар  желісін  181  мекеме  қамтиды,  оның 

ішінде  76  мемлекеттік  бала  бақша,  5  «Мектеп  –  бала  бақша»  мемлекеттік 

кешендері,  мемлекеттік  емес  нысандағы  меншіктегі  73  бала  бақша,  2 

ведомстволық,  25  шағын  орталық,  жалпы  контингенті  3  жастан  6  жас 

аралығындағы  30  101  бала.  2015  жыл  бойы  мектепке  дейінгі  ұйымдар  саны  188 

бірлікке  дейін  ұлғайды,  оның  ішінде  4  мемлекеттік  және  3  коммерциялық  бала 

бақша ашылды. 

Мектепке  дейінгі  мекемелер  желісінің  кеңеюімен  жұмыс  істейтін 

педагогтар  саны  2013  жылғы  2552  педагогтан  2015  жылы  3179  адамға  дейін 

немесе 24,5%-ға ұлғайды. 

Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  шегінде  мектепке 

дейінгі  тәрбиелеумен  және  оқытумен  балаларды  қамтамасыз  ету  үшін  33  жаңа 

бала  бақша  және  16  шағын  орталық,  3  қосымша  құрылыс  енгізілді,  1  объектіні 



жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау