Жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы



жүктеу 1,29 Mb.
Pdf просмотр
бет12/39
Дата16.01.2020
өлшемі1,29 Mb.
#26855
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39

26 

 

бойынша  жыл  сайын  көшіп  қонатындардың  (шамамен  30  мың  адам)  жұмысқа 



«құпия» орналасқандықтарынан елорданың кіріс бөлігіне шамамен 4 млрд. теңге 

сомасына  салық  (шамамен  40-50  мың  теңге  сомасындағы  ең  төмен  жалақыны 

есептегеннің өзінде) толық жиналмайды. 

Осыған  байланысты,  көші-қон  ағынының  бақылаусыз  қарқыны  елорданың 

еңбек  нарығының  негізгі  проблемалы  факторы  болып  табылады,  салдарынан 

жұмыспен  қамтылу  көрсеткіштерінің  оң  серпіні  кезінде  жұмыссыздардың  саны 

төмендемей, шамамен 24 мың адамды құрайды.  

2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  халықтың  жұмыспен  қамтылу 

деңгейінің  өсуімен  жұмыссыздардың  саны  5%-ға  22,8  мың  адамға  дейін 

қысқарды. 

 

Әлеуметтік  қорғау.  Әлеуметтік  саясаттағы  ең  маңызды  бағыттардың  бірі 

халық кедейлігінің деңгейін төмендету шараларын іске асыру болып табылады. 

Қоғамның  әл-ауқатының  деңгейін  сипаттайтын  негізгі  индикаторлардың 

бірі халықтың жалпы санынан өмір сүру минимумы мөлшерінен төмен кірісі бар 

халық  үлесі  болып  табылады,  бұл  үлес  елордада  2014  жылдың  қорытындылары 

бойынша 0,4% құрды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 0,1% төмен (0,5%) және 2012 

жылғы  деңгейден  0,6%  төмен.  2014  жылы  әлеуметтік  көмекпен  мұқтаж 

азаматтардың жекелеген санаттарынан 62 мыңнан артық адам қамтылды. 

2015  жылы  күнкөріс  минимумы  мөлшерінің  21,6  мың  адамнан  22,7  мың 

адамға дейін өсуі себебінен, төмен кірісі бар халық санының үлесі 2014 жылдың 

деңгейіне 0,2%-ға, 2013 жылдың деңгейіне 0,1%-ға өсумен 0,6%-ға дейін ұлғайды. 

2012-2015  жылдар  бойы  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдардың  саны  2013 

жылғы 18696 адамнан 2015 жылы 19481 адамға дейін ұлғайды. 

2015 жылдың қорытындысы бойынша «Инватакси» қызметі 1,5 мың адамды 

қамтыды,  бұл  2014  жылғы  деңгейден  1,5  есе  және  2013  жылғы  деңгейден  2  есе 

артық. 


Жалпы,  қызмет  көрсетілетін  азаматтардың  саны  ведомстволық  бағынысты 

мекемелер  мен  үкіметтік  емес  сектордың  есебімен  1,6  есеге,  2012  жылғы  1911 

адамнан 2013 жылы 2874-ке және 2014 жылы 3133 адамға дейін ұлғайды. 

2015  жылдың  қорытындысы бойынша әлеуметтік  қызметтермен 3457  адам 

қамтылды,  бұл  2014  жылдың  деңгейінен  10,3%-ға,  2013  жылдың  деңгейінен 

20,3%-ға жоғары. 

Атаулы  әлеуметтік  көмекті    алушылардың  саны  2014  жылы  1211  адамды 

құрды,  бұл  2013  жылдың  деңгейінен  (947  адам)  27,8%-ға,  2012  жылғыдан  (885 

адам)  –  36,8%-ға  жоғары.  2015  жылы  олардың  саны  1072  адамға  немесе  2014 

жылғы  деңгейге  11,5  %-ға  қысқарды.  Сонымен  қатар,  атаулы  әлеуметтік 

жәрдемақы  алатындар  құрамында  еңбекке  қабілетті  жандардың  үлесі  25,2%-ға 

дейін  төмендеді,  бұл  2013  жылдан  (27,6%)  2,4 пайызға, 2014  жылдан  (27,2  %)  2 

пайызға төмен. 

Қолданыстағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз кіру үшін 

жағдай  жасау  мақсатында  2012-2014  жылдары  паспорттаумен  335  объект 

қамтылды (97 – жеке меншік объектілері, 17 – орталық органдарының жанындағы 

объектілер, 221 – қалалық коммуналдық меншік объектілері), олардың ішінде қол 



27 

 

жетімді  объектілердің  саны  –  95.  2015  жылы  олардың  саны  365  бірлікке  дейін 



ұлғайды (қолжетімді – 126). 

Мәдениет.  Астана  қаласының  мәдени  мекемелерінің  жалпы  саны  2016 

жылдың 1 қаңтарына 75 бірлікті құрайды (2013 жылы – 69 бірлік), оның ішінде 5 

мұражай,  7  театр,  30  кітапхана,  1  концерттік  ұйым,  1  цирк,  6  жеке  меншік 

кинотеатр, 4 жеке меншік көрме галереясы, 8 мәдениет және демалыс саябағы, 7 

мәдени-демалыс кәсіпорны және т.б. 

Елордада  46  жылжымайтын  тарих  және  мәдениет  ескерткіші,  оның  ішінде 

12 археология, 34 – қала құрылысы және сәулет ескерткіші бар. 

Қаланың  мұражайларында  есепке  алу  құжаттамасын  электронды  рәсімдеу 

және мұражай ішінде заттардың қозғалысын тіркеу енгізілуде. 

Кітапханалық  қор  2014  жылы  681943  данаға  дейін  толықтырылды  (2013 

жылы - 671882), бұл жалпы қордың 1,5 % құрайды. 

Жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолданумен,  елорда  халқының  мәдени 

құндылықтарға  қол  жетімділігін  кеңейту  жұмысы  өткізілуде.  Астана  қаласының 

орталық  кітапханасында  локальдық  желі  құрылып,  РАБИС  енгізілді; 

тұтынушыларға қызмет көрсетудің есептеу нысандары енгізілді. 

2012-2014  жылдары  Интернет  желісіне  қосылған  кітапханалар  саны  2012 

жылғы  8  бірліктен  2014  жылы  22  бірлікке  дейін  ұлғайды.  Тиісінше, 

кітапханалардың  электронды  қызметтерін  пайдаланушылар  саны да 2012  жылғы 

3,8 адамнан 2014 жылы 4252 адамға дейін 12  пайызға өсті. 

2016  жылдың  басына  елордада  электронды  каталогы  779,6  мың  бірлік 

көлемімен  1788  орынға  арналған  30  кітапхана  жұмыс  істейді.  Сандық  нысанға 

21,1 мың дана баспа өнімдері енгізілді. Кітапханаларды қолданатындар саны 2015 

жылы 195 мың адамды құрады, бұл 2014 жылдың деңгейіне 22,7%-ға және 2013 

жылдың деңгейіне 20,4%-ға артық. 

Жалпы,  мәдениет  саласында  жұмыс  істейтіндердің  саны  2015  жылдың  1 

қаңтарына 2984 адамды құрады, 2012 жылмен салыстырғанда (2635 адам) 13,2%-

ға ұлғайды. 

2015  жылдың  қорытындысы  бойынша  елорда  театрлары  көрермендерінің 

жалпы  саны  2014  жылғы  деңгейге  4,1  %  және  2013  жылғы  деңгейге  22,7  % 

өсіммен 266,6 мың адамды құрды. Мұражайларға 727,5 мың адам барды, бұл 2014 

жылғы деңгейден 20,5 % төмен және 2013 жылғы деңгейден 37 % жоғары. 

Тіл  саясатын  дамыту.  Мемлекеттік  қызметшілерді,  бюджет  саласы 

қызметкерлерін,  сондай-ақ  ересек  халықты  мемлекеттік  тілге  оқыту  мақсатында 

қала  әкімдігі  жанында  «Руханият  орталығы»  ЖШС  қызмет  етеді.  Осылайша, 

2012-2014  жылдары  мемлекеттік  тілмен  7200  адам  немесе  жыл  сайын  2600  адам 

қамтылды. 

2015  жылы  мемлекеттік  тілге  үйрету  курстарымен  1500  адам  қамтылды, 

оның  ішінде  мемлекеттік  қызметшілер,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  мәдениет 

қызметкерлері және т.б. 

Қалада  шамамен  30  тілдерді  оқытатын  жеке  меншік  орталықтар  әрекет 

етеді, оның ішінде 15 мемлекеттік тілге үйретеді. Астана қаласының мемлекеттік 

қызметшілері  ағылшын  тілі  курстарында  тегін  оқылады,  оларға  2012-2014 

жылдары жыл сайын 90-нан астам адам барды. 




жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау