12
қанағаттандыру, олардың өмір сүруі және жұмыс істеуі үшін аса жоғары қолайлы
жағдайлар жасау болып табылады.
Smart Astana жобасы шегінде білім беру, денсаулық сақтау, қалалық
инфрақұрылым, қызметтер, қауіпсіздік және өзге де салаларда пилотты Smart
жобалар (Smart Astana, Smart мектеп, Smart емхана, Smart көшелік
жарықтандыру, Smarttracking, Smarttickets, Smartpayments, ӨСКЖ, 109
Зияткерлік байланыс – орталығы, 13-00 бірыңғай медициналық Call-орталық,
Open Wifi әлеуметтік жоба, Болашақтың мектебі – бүгін, 3D технологиясының
құзіреттілік орталығы, Е-жедел жәрдем) іске асырылды.
Қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету мақсатында аумақтағы құқық
бұзушылықтарға, лаңкестік қауіптерге автоматты түрде әсер ету және тіркеу
жүйелері орнатылды, олар қазіргі уақытта күндіз және түндегі көріністі түсіретін
223 бейнебақылау камерасымен ұсынылды.
Қазіргі уақытта қаланың 17 мектебінде барлық мектеп оқушыларын
электронды куәліктермен қамтамасыз етумен «Болашақтың мектебі - бүгін»
ақпараттық жүйесі» жобасы іске асырылуда, олардың көмегімен балалардың
мектепке және өзге де қоғамдық орындарға баруын автоматты түрде бақылауға,
мектеп және көпшілік кітапханаларда кітаптарды тіркеу және алуды қамтамасыз
етеді.
Денсаулық сақтау саласында тиісті түрде қызмет көрсету үшін «113
Бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталығы» жобасы іске асырылуда, ол
пилотты түзімде «№ 10 қалалық емхана» МКК-да жүргізілуде. «Smart емхана»
жобасының арқасында 300-ден астам жұмыс орындары автоматтандырылды, 106
мыңнан астам емделушіге қызмет көрсетілді, интернет және өз-өзіне қызмет
көрсету терминалы арқылы онлайн-түзімде дәрігердің қабылдауына шамамен 2
мыңнан астам пациентке қызмет көрсетілді. Пилоттық жоба 2015 жылдың
маусымынан бастап Астана қаласының № 4 емханасында жұмыс істеп тұр.
Жоба орнатылған GPS трекерлердің көмегімен коммуналдық қызметтің
көлік құралдарының мониторингін және бақылауды және жүргізілген жұмыстар
бойынша есеп құруды тәулік бойы іске асырады. 2015 жылдың желтоқсанында
пилоттық жоба «Астана - Тазалық» ЖШС және «Астана Көгалдандыру
Құрылысы» АҚ базасында іске асырылды, оларда 20 көлік құралы «Smarttracking»
жүйесіне қосылды. Пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде шамамен 25%
жанар май шығысы үнемделді, шамамен 27% автокөлік құралдарының айналымы
қысқарды.
Елорда экономикасына тартылған капитал салымдарының жалпы көлемі
2013-2015 жылдары 1976,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде бюджеттік
инвестициялар – 748,3 млрд. теңге, кәсіпорындардың жеке қаражаты – 937,7 млрд.
теңге, қарыз қаражаты – 277,8 млрд. теңге. 2015 жылы көбінесе қарыз қаражатын
(банктік несиелендіру) 53,5 млрд. теңгеден тиісінше 65,6 млрд. теңгеге дейін
ұлғайту есебінен 782,3 млрд. теңге тартылды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 30%-
ға жоғары (547,5 млрд. теңге).
13
2-кесте
Тартылған инвестициялар көлемі
Көрсеткіштің атауы
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
млн. теңге
үлес, %
млн. теңге
үлес, %
млн. теңге
үлес, %
Негізгі капиталға құйылатын
инвестиция
көлемі,
оның
ішінде
547 489,8
100
646 633,9
100
782 326,1
100
бюджет қаражаты
224 527,7
41
213 858,1
33
309 899,9
39,6
жеке қаражат
251 969,9
46
315 739,6
48,8
369 985,4
47,2
банктердің несиелері
17 498,6
3,2
23 462,3
3,6
36 837,6
4,7
басқа қарыз қаражаты, оның
ішінде:
53 493,6
9,8
93 573,8
14,4
65 603,2
8,3
Резидент еместердің қарыз
қаражаты
1 175,3
0,2
2 299,8
0,3
3 330,9
0,4
Инвестицияның көздері шетел инвесторлары үлесінің 2013 жылғы 0,2%-дан
2015 жылы 0,4%-ға дейін, немесе 1,2-ден тиісінше 3,3 млрд. теңгеге дейінгі өсімін
айтып өту қажет.
Инвестиция тарту үшін өз қызметін Инвесторларға қызмет көрсету
орталығы жүзеге асырады, ол «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды
қолдау қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ, қаржыландыруды қажетсінетін
инвестициялық жобалар базасы құрылып, тұрақты негізде көкейкесті етіледі. Бұл
басқа өткізіліп жатқан іс-шаралар, роуд-шоулар шеңберінде шетелде және өңірде
инвестор арасында таралған. «AstanaInvestForum» инвестициялық форум өткізу
шегінде 2015 жылы 1,7 млрд. АҚШ долларына 33 меморандумға қол қойылды.
Шағын және орта бизнес. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің саны (бұдан әрі – ШОК) 2015 жылы 124 мың бірлікті құрады, бұл
2013 жылғы деңгейден (108 мың бірлік) 14,8%-ға жоғары. Сонымен қатар,
әрекет етуші субъектілер саны 2015 жылы 99,2 мың бірлікті, тіркелгендердің
жалпы санында олардың үлесі 80% құрады,
ШОК субъектілерінің құрылымында белсенді субъектілердің ең жоғары
үлесін жеке кәсіпкерлер құрайды (орташа есеппен 88 %).
2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны
шамамен 288 мың адамды құрады, бұл 2013 жылдың деңгейінен 45,4 % жоғары.
Қаланың кәсіпкерлері жалпы сомасы 3215,8 млрд. теңгеге өнім өндіріп, қызмет
көрсетті, бұл жан басына шаққанда 3727,3 мың теңгені құрайды және жалпы
республикалық деңгейден 4 есеге артық болып, Қазақстан өңірлері арасында ең
жоғары көрсеткіш болып табылады.
Жалпы, инфляцияның жоғары деңгейіне және халықтың сатып алу
қабілеттілігінің қысқаруына байланысты 2013-2015 жылдары кәсіпкерлік
белсенділіктің 14 %-ға, өндірістің нақты көлемінің 11,5 %-ға төмендеуі
байқалады.
ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 46 % құрды,
бұл көрсеткіш бойынша Астана қаласы Қазақстан өңірлері арасында көшбасшы
болып табылады. Сонымен қатар, орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару
көлемінің қысқаруына байланысты елеулі төмендеу байқалады (61,8 %). 2013
жылғы деңгеймен салыстырғанда (29,1 %) өсім 16,9 %.