27.Қазақ тіліндегі есімшенің түрлері мен қызметі
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосу арқылы жасалады.
1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады.
2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады.
3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады.
Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды.
4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады.
Бұл жұрнақ — кұранды қосымша, -тын, -тін, бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол — -а, -ө, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара косымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен.
Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздык мағына беріледі: барған емес, барар емес, бармақ емес, жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жоқ. Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан, ыңгайына карай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.
1. Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қазақтың қай нәсілден тарағанын Білерсің басқа сөздің жарағанын (М. Дулатов). Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін (М. Ә.) Берілген сөйлемдердегі білерсің (сен не істерсің?) II жақта, сөйлемейтін (екеуі не істейтін?) III жақта келіп сөйлемнің баяндауышы болып тұр.
2. Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшкен ауылды іздеп табалық (Ы. А.). Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел). Берілген сөйлемдердегі көшкен (қай ауылды?), айтқанның (кімнің аузы?), көргеннің (кімнің көзі?) деген есімшелер анықтауыш болып тұр.
3. Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін аткарады. Мысалы: Үнсіз күліп тұрған — бағанағы шәкірт бала (М. Ә.). Баланың қытығына тиетіні — осы жері (М. Ә). Берілген сөйлемдердегі күліп тұрған (кім шәкірт бала?), қытығына тиетіні (не осы жері?) деген есімшелер адам және зат мәнін білдіріп, бастауыш болып тұр.
4. Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім (М. Ә.). Берілген сөйлемде ұялғанды, жауап айтпағанды (нені кешірмейтін?) деген есімшелер табыс септікте жұмсалып, толықтауыш болып тұр.
5. Есімше барыс, жатыс, шыгыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп пысықтауыш кызметін де атқарады. Мысалы: Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап (Ы. А.). Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді (М. Ә.). Берілген сөйлемдердегі білмекке (не үшін я не мақсатпен кетті?) барыс септіктегі және сезген сайын (қашан жыр тереді?) деген септеулікпен тіркескен есімше пысықтауыш болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |