Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Қ.Кемеңгерүлы, Қ.Жұбановтардың ұстанымдары бойынша етіс категориясы мен салт-сабақтылықтың өзара байланысы



жүктеу 0,72 Mb.
бет57/133
Дата13.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#38526
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   133
емтихан сұрақтары (1) (Автосохраненный)

23. Қ.Кемеңгерүлы, Қ.Жұбановтардың ұстанымдары бойынша етіс категориясы мен салт-сабақтылықтың өзара байланысы

А. Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, өзгелік етіс, шағыс етістерді Қ. Кемеңгерұлы мен Қ. Жұбанов жинақтап, өзгелік етіс (беделді етіс – Қ. Жұбанов) түрінде берген. Қ. Кемеңгерұлы -т‚ -р‚ -қыз‚ -тыр т.с.с. жұрнақтардың сөздің соңғы дыбысына қарай ауысып отыратынын, алайда олар сөзге бірдей мағына үстейтінін көрсетеді. Қ. Жұбанов беделді, өзгелік етістерді топтастырып беру себебін былайша түсіндіреді: «Бұрынғы өзгелік етіс пен беделді етісті екеуін бір қостық. Үйткені екеуі де – өзге біреу арқылы істелетін іс. Өзге біреуге беделіңді саласың ба, қорқытасың ба – бәрібір. Тіл мұнысын айырмайды» [3, 381]. Сол сияқты өсіңкі, дүркінді етістерді етіс категориясына қоспаған. Сондықтан А.Байтұрсынұлы етістің 10 түрін көрсетсе, Қ.Кемеңгерұлы 6 түрін, Қ. Жұбанов 7 түрін көрсетеді.

Етіс жұрнақтарының көпшілігі салттылық-сабақтылық мәнмен, яғни өзгелік етіс сабақтылықпен, өздік етіс пен ырықсыз етіс салт етістікпен байланысты, бірақ бұл қасиет оның бірден-бір грамматикалық көрсеткіші емес. Салттылық-сабақтылық мән етістіктің грамматикалық мағынасы арқылы түсініліп, сөйлеу процесінде тура толықтауышты (тура объектіні) меңгеру-меңгермеу сипаты негізінде көрінеді. Сөйтіп, бұл құбылыс етістіктің таза грамматикалық сипаты емес, әрі тікелей семантикалық, әрі синтаксистік-қатынастық қасиеттерінің көрінісі болып табылады. Сондықтан салттылық-сабақтылық сипатты (грамматикалық ерекшелікті) етістіктің лексика- грамматикалық категориясы деп таныған жөн», – дейді [5, 499]. Бұл орайда бір нәрсені ескеру қажет: қазақ тілінде салт етістің арнайы көрсеткіштері болмағанмен, сабақты етістің көрсеткіштері бар: -т, -тыр, -қыз, -р. Алайда бұл көрсеткіштер өзгелік етіс қосымшаларымен ұқсас, омонимдес жұрнақтар болып табылады. Осындай тұлғалық ұқсастығына байланысты А.Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанұлы еңбектерінде етіс категориясы ретінде танылған салт, сабақты етістер 30-жылдардың аяғынан бастап оқулықтар мен грамматикаларда етіс қатарынан ығыстырыла бастайды. І. Кеңесбаев 1939 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» атты оқулығында Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбановтардың үлгісімен етістің 6 түрін көрсетіп, салт, сабақты етістіктерді етіс ретінде танығанмен, кейінгі еңбектерінде етістің 4 түрін ғана атайды. 30-жылдардың аяғынан бастап, көрсеткіштері бірдей болғандықтан, сабақты етіс пен беделді (өзгелік) етіс біріктіріліп, салт, сабақты етістер етіске тән мағынасы мен қызметіне қарамастан, етіс аясынан алшақтатыла бастады.


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау