12-семинар. 1929 жылғы Қызылордада өткен ғылыми орфографиялық конференция материалдары.
Сөйтіп, жаңа жазудың графикасы мен орфографиясы және емле принциптерін айқындау және қазақ тілі емле ережесін талқылау,қабылдау үшін 1929 жылы 2-4 маусым аралығында Қызылордада ғылыми орфографиялық конференция шақырылады. Конференцияға Е.Омаров, Юдахин, Т.Шонанұлы, Вундцетель,Байділдин, Қ.Кемеңгерұлы, Әлібаев, Байманов,Тоқтыбаев, Е.Д.Поливанов, Қ.Жұбанов қатынасады.Қазақ орфографиясына қатысты бұл алғашқы ғылыми конференцияда мынадай негізгі мәселелер сөз болып, ұсыныстар айтылды.
Емле принципі туралы:
- Емле фонетикалық принципке негізделеді. Фонетикалық принцип былай түсіндіріледі: “Наш фонетический принцип не принцип фонетической академической транскрипции. Мы понимаем под словам фонетическиим принципом пере-дачу без искажения смысла слова, звуков нашей речи”. Яғни фонетикалық принцип сөз мағынасын айыратын фонеманы ғана таңбалайды дегенге саяды. Және морфологиялық принципте фонематикалық негізде түсіндірілді. “Но и там, где мы применя-ем морфологический принцип, под этот принцип подводим фо-нетическое объяснение, ибо по нашим наблюдением нет такого пункта в нашем правописании и недолжно быть такого место в нашем языке, которой возможно было бы объяснить фонетичес-ки” (Т.Шонанұлы).- қазақ тілінде диалект болмағандықтан морфологиялық принциптің қажеті жоқ (Т.Шонанұлы, К.Юдахин, Е.Омаров);түбірді фонетикалық, қосымшаны морфологиялық принциппен жазуды тіл табиғаты қалайды, бірақ морфологиялық жазуды 15-20 жылдан кейін енгізу (Е.Омаров);- шет сөзін түпнұсқа принципімен жазып, өз тіліміздің дыбыстық құндағында (Н.Уәлиұлының термині) оқу
(Е.Омаров);- құрлы, қой, қана сөздерін морфологиялық принциппен жазу (Е.Омаров), (К.Кемеңгеров);- -шы жұрнақтарын (барсайшы) түбірмен бірге жазу (К.Кемеңгеров);- ғана, ғой, ма, көрі шылауларын фонетикалық принциппен жазу (Е.Омаров);-барлық түркі тілдерінде палатал үндесім жетекші,сондықтан емлеге осы үндесімді негіз ету (Т.Шонанұлы) деген пікірлер болды.
Ал ерін үндестігі туралы мынадай қарама-қарсы пікірлер айтылды (стенограммадағы сөйлеу стилі өзгертілген жоқ):- ерін үндесімі бұдан 50-60 жыл бұрын күшті болса (В.В.Радлов), бүгінде құрып барады (Т.Шонанұлы, Әлібаев) //ерін үндесімі мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген жоқ,сондықтан ойласу керек (Юдахин); // еріндіктерді бірінші буыннан артық жазбау // eрін үндесімінің күші қазақ тілін-деІІ буынға дейін сақталуы тиіс және солай жазылуы қажет
(К.Кемеңгерұлы).- ерін үндестігін сақтау тиімсіз, бірақ шет сөздерді игергенде екінші буынға да жазу (Е.Омаров) // кірме сөздердің соңғы буынындағы еріндікті алдыңғы буынға шығарып жазу (висмут-вұспит) (Т.Шонанұлы).
Қысаң езуліктердің емлесі туралы:- сөз аяғындағы ы, і езуліктері қосымша жалғағанда
түсірілсе, түбірде де жазбау (Т.Шонанұлы);- қысаң езуліктерді мүлде таңбаламау: млтқтң (Байділдин,Әлібаев; // қысаңдарды барлық позицияда таңбалап отыру (Е.Д.Поливанов).
Позициялық алмасуды таңбалау туралы:- емледе ілгерінді ықпалды ғана белгілеу (Т.Шонанұлы);
- түбір мен қосымша аралығында п-б, қ-ғ, к-г, п-у өзгерісінбелгілеу (Т.Шонанұлы);- аталған позициядағы н-м, н-ң өзгерісін жазуда белгілемеу(Т.Шонанұлы).Бірге/бөлек таңбалауға байланысты:- қосымшаларды бірге жазу, ал жартылай қосымшаларды бөлек жазу: “тілдің еркін дамуы үшін түбір мен жартылай қосымшаның бірге жазылмауын назарға алуымыз керек”;- тілтұтынушы санасында бөлек сөз болып табылмайтынкүрделі сөздерді бірге жазу (Т.Шонанұлы);- бейүндес біріккен сөздерді дефиспен жазу (Алибаев);
Жеке әріптердің емлесіне қатысты:- ж, ш, й дыбыстарының жіңішкеруі (шәй, жәй, тійін) тілде
бар болса, оның емлесін айқындау (Т.Шонанұлы);ш, ж, й дыбыстарының аралығындағы [а]-[ә] дүдәмалдығын қосымшаның жуан жалғанатынына қарап, а ретінде таңбалау (Т.Шонанұлы); өйткені <ж>, <ш>, <й>-лардың жіңішкеруі диалектке байланысты болуы мүмкін (К. Юдахин);- сөз аяғындағы <б>-ны таңбалау (болыб, келіб, саб, қаб).<к>-нің жіңішкеруі мен <қ>-ның жуандауын (әкт, пыртақол)жазуда белгілеу (Кемеңгеров);- һ әрпін әліпбиге алмау: қаћарман сияқты сөздерді қаармандеп жазу (Қ.Кемеңгеров, Тоқтыбаев).
Достарыңызбен бөлісу: |