|
Жиіліктік спектрді тиімді пайдалану
|
бет | 16/24 | Дата | 13.12.2022 | өлшемі | 0,62 Mb. | | #40605 |
| GSM дипл готҚосымша
|
GSM
|
HSCSD
|
GPRS
|
Дыбыс
|
Негізгі әдіс
|
Қолдау көрсетілмейді
|
Қолдау көрсетілмейді
|
Электрондық почта
|
Қолдану мүмкіндігі бар
|
Қолдану мүмкіндігі бар
|
Ұсынылған
|
Интернетке мобильді қол жеткізу
|
Қолдау көрсетілмейді
|
Аз қолданылады
|
Ұсынылған
|
Интражеліге мобильді қол жеткізу
|
Қолдау көрсетілмейді
|
Аз қолданылады
|
Ұсынылған
|
WAP
|
Қолдану мүмкіндігі бар
|
Аз қолданылады
|
Ұсынылған
|
Файлдарды жіберу
|
Қолдау көрсетілмейді
|
Ұсынылған
|
Ұсынылған
|
Бейнелерді жіберу
|
Қолдау көрсетілмейді
|
Ұсынылған
|
Ұсынылған
|
Видео жіберу
|
Қолдау көрсетілмейді
|
Ұсынылған
|
Қолдау көрсетілмейді
|
Бақылау және қауіпсіздік жүйелері
|
Аз қолданылады
|
Қолдану тиімсіз
|
Қолдау көрсетіледі
|
2.6-кесте. Әртүрлі қосымшалар үшін желілердегі ақпарат жеткізу әдістерінің жарамдылығын талдау
EDGE стандартын “төменгі этап” стандарттарымен салыстыру: 3G технология дамуының “төменгі” этап стандарттарымен салыстырғанда EDGE-нің атап өтетін айтарлықтай ерекшелігі – спектарльді эффективті модуляцияны пайдалану және шынайы кедергі жағдайы мен абонент талап етуіне сай канал параметрлерін адаптивті баптауы.
GPRS желілермен салыстырғанда EDGE жүйелердің спектрін пайдалану үш есе тиімді. EDGE спецификасына GSM-мен салыстырғанда принципиалды жаңа мүмкіндіктер кірістірілген. Олар: радиолинияда пайдаланылатын модуляция типін автоматты түрде анықтау, талап етілген режимге автоматты түрде ауысу. Модуляцияның жетілдірілген әдісі абоненттік радиостанцияға радиобайланыс каналының өткізу қабілетін оның сапасына қарай автоматты реттеуге мүмкіндік береді. Бұл ақпарат алмасудың ең жоғары жылдамдығын радиотолқындардың таралуына жайлы, ыңғайлы жағдайларда (Мысалы: базалық станциялар маңайында) қамтамасыз етеді.
EDGE технологиясы екі қызметті ұйымдастыруды көздейді. Олар: пакеттік жеткізудің жетілдірілген қызметі – EGPRS (Enhanced GPRS) және каналдарды коммутациялаудың жетілдірілген қызметі – ECSD (Enhanced Circuit Switched Data). ECSD (каналдарды коммутациялау) қызметі үшін бір каналдық интервалдың ақпарат тасымалдау максимал жылдамдығы – 38,4 кбит/с, ал EGPRS (пакеттік жіберу) қызметі үшін – 69,2 кбит/с.
Биттегі қателіктер ықтималдылығы шамасы аз болғанда (10-6-дан аз), екі каналды біріктіру арқылы ECSD режимінде “ISDN жылдамдығы” – 64 кбит/с көрсеткішіне қол жеткізуге болады. EGPRS режимінде бір тасымалдаушының теоориялық өткізу қабілеті 553,5 кбит/с.
Пакеттерді коммутациялау режимінде EDGE адаптивті модуляциясы негізінде шуға тұрақтылық сипаты әртүрлі кодтау деңгейлерін (PCS-1-ден PCS-6-ға дейін) пайдалану жатыр. Алдыңғы декодталған блок төмен деңгейлі сенімділікпен қабылданса кодтау режимі ауыстырылады. Нәтижесінде келесі блок шудан жоғары деңгейде қорғалып жіберіледі.
EDGE технологиясы техникалық сипаты жағынан Еуропада үшінші этап болып бекітілген UMTS (WCDMA) стандартынан көп қалып қойған. Алайда бұл GSM және IS-136 желілерінен үшінші деңгей жүйелерінің мүмкіндіктеріне біртіндеп ауысуға мүмкіндік беретін интеграцияланған TDMA-технологиялар жасауға мүкіндік беретін ыңғайлы платформа.
GPRS үшін төрт кодтау схемасы анықталған:CS1-CS4. Олардың әрқайсысында реттеуші биттердің саны әртүрлі болады, олар радиолиниялардың анықталған сапасына кодтау схемасын оптимизациялайды. EGPRS-те MCS1-MSC9 деп белгіленетін тоғыз кодтау схемасы қолданылады. Кіші төрт схема GMSK модуляцияны пайдаланылады және сигнал/шу арақатынасы өте төмен болғанда пайдаланылады. MCS4-MSC9 схемаларда 8PSK модуляция пайдаланылады. GPRS-ті пайдаланушыны берілгендерді 20 кбод жылдамдықпен жібере алса, EGPRS-ті пайдаланушы 59,2 кбод жылдамдыққа дейін қол жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|