Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 53 бұйрығына
2 – қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 cәуірдегі
№ 198 бұйрығына 2–қосымша
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күн.
Мемлекеттік корпорациясынажүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорациясында– 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы Астана қаласы, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің қаулысы не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорациясында: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі күні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, қызмет алушының тіркеу орны бойынша «электронды» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорациясында:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
4) егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
5) жұмыс орнынан берілген мінездеме;
6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
7) егер некеде тұрмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының некеде тұрмағандығы нотариалды расталған анықтама;
8) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
9) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері;
10) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардан баланың (балалардың) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы берілген анықтама;
11) баланың (балалардың) оқу орнынан анықтама.
Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың туу туралы куәлігі, баланың оқу орнынан анықтама, балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттарды (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) ұсыну талап етілмейді.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
2) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімінің электрондық көшірмесі;
3) егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының және зайыбының (жұбайының) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ № 907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;
4) жұмыс орнынан берілген мінездеменің электрондық көшірмесі;
5) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
6) егер некеде тұрмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының некеде тұрмағандығы нотариалды расталған анықтаманың электрондық көшірмесі;
7) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
8) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері;
9) қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардан баланың (балалардың) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы берілген анықтаманың электрондық көшірмесі;
10) баланың (балалардың) оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.
Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың туу туралы куәлігі (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) тіркеу талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда), некеге тұру туралы куәліктің (2008 жылдан кейін некеге тұрған жағдайда), тұрғын үйге меншіктік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті алушының қылмыс жасағаны жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша бар немесе жоқтығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған болса, көрсетілетін қызметті алушының жұбайы (зайыбы), көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясында және көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорациясының сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияжібереді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама мәртебесі жіберіледі.
Баланы тәрбиеге алуға үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісі жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін дайындалады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
1) адамды соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
2) адамды соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе сот ата-ана құқықтарын шектеуі;
3) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар;
4) егер сот бала асырап алудың күшiн олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы бала асырап алушылар;
5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациясы және (немесе) олардың қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады.
Мемлекеттік корпорациясына қолма-қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 0807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінсе мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды тұрғылықты жеріне бара отырып мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік www.edu.gov.kz;
Мемлекеттік корпорациясының www.con.gov.kz;
порталда.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының «1414» арқылы алу мүмкіндігіне ие.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
«Жетім балаға (жетім балаларға) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Алматы және Астана қалаларының білім
басқармалары, аудандық және қалалық
білім бөлімдерінің қағаз түрде берген құжаттың шығу нысаны
Қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы
Астана қаласы, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің
қаулысы
№ ____________ «___» ___________2015 жыл
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 119 және 121-баптарына сәйкес _____________________ өтінішінің және облыстардың, Астана, Алматы (Т.А.Ә. (бар болғанда) қалаларының білім басқармалары, аудандардың, қалалардың білім бөлімдері құжаттарының негізінде _________ ауданының (қаласының) әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленсін
Р/с
№
|
Қамқоршы (қорғаншы)
|
Қамқорлыққа алынатын бала
|
Қамқоршылықты және қорғаншылықты ресімдеу негізі
|
|
Т.А.Ә.
(бар болғанда)
|
Қамқоршының (қорғаншының)
Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы
|
|
2. Иелігіндегі тұрғын үйі _______________________________ бекітілсін.
Әкім _____________ (Т.А.Ә.(бар болғанда (қолы)
Мөрдің орны
Алматы және Астана қалаларының білім
басқармалары, аудандық және қалалық
білім бөлімдерінің қағаз түрде берген
құжаттың шығу нысаны
|
Құжат электрондық үкімет жүйесінде құрылған
Документ сформирован системой электронного правительства
|
ЭҮП/ПЭП
ХҚКО/ЦОН
АЖО/АРМ
|
|
Берілген күні
Дата выдачи
|
|
Қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы
Астана қаласы, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің
қаулысы
№ ____________ «___» ___________2015 жыл
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 119 және 121-баптарына сәйкес _____________________ өтінішінің және облыстардың, Астана, Алматы (Т.А.Ә. (бар болғанда) қалаларының білім басқармалары, аудандардың, қалалардың білім бөлімдері құжаттарының негізінде _________ ауданының (қаласының) әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленсін
Р/с
№
|
Қамқоршы (қорғаншы)
|
Қамқорлыққа алынатын бала
|
Қамқоршылықты және қорғаншылықты ресімдеу негізі
|
|
Т.А.Ә.
(бар болғанда)
|
Қамқоршының (қорғаншының)
Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы
|
|
2. Иелігіндегі тұрғын үйі _______________________________ бекітілсін.
Жетім балаға (жетім балаларға)
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Астана және Алматы қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы барқалалардың жергілікті
атқарушы органдары
_______________________________
_______________________________
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны
азамат(ша) ____________________
_______________________________
(Т.А.Ә.(бар болғанда) және
жеке сәйкестендіру нөмері)
Өтініш
Сізден жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеуді сұраймын:
1. __________________________________________________________________
(баланың Т.А.Ә.(бар болғанда) туған жылын, туу туралы куәлігінің № көрсету)
2. ____________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
мекенжай бойынша тұрады:
___________________________________________________________________________________________________________________________________
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеуін өткізуге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
«___» ____________2015 жыл азаматтың (азаматшаның) қолы
Жетім балаға (жетім балаларға) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаға (балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Баланың (балалардың) аға-інілері мен
апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы
анықтама
Кәмелетке толмағанның __________________________ аға-інілері мен апа-
(Т.А.Ә.(бар болғанда)
қарындастарының бар болғаны үшін берілді.
Р/с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
|
Туған жылы
|
Туыстық жақындығы
|
Тұрғылықты жері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Анықтама талап етілген жерге ұсыну үшін берілді.
Басшы ____________________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә.(бар болғанда)
Мөрдің орны
Жетім балаға (жетім балаларға)
және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаға (балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
Қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа алып, ««Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы филиалының № __ бөлімі
____________________________________________________________________
(мекенжайды көрсету)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты
____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _________________________________________________________________;
2) _________________________________________________________________;
3) _________________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (бар болғанда)
(Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) __________________
(қолы)
Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) __________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) _________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
«____» _____________ 20__ жыл
Достарыңызбен бөлісу: |