1 қосымша
Ереже
Жалпы мәселелер
Үй-жайларды және жұмыс орындарын ұйымдастыруға талап
Компьютерлік сыныптарға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Материалдық құндылықтарды сақтауға жауапкершілік
Қосымшалар
I. Жалпы мәселелер.
Оқу компьютерлік сыныптар облыстардың, Астана және Алматы қаласы әкімдіктерінің құрылымына кіреді.
Компьютерлік сыныптардың қызметі:
оқу үдерісін компьютермен қамтамасыз етуге;
оқу үдерісінің компьютерлендіру және ақпараттандыру саласындағы әдістемелік жұмыстарға бағытталған.
Оқу компьютерлік сыныптардың оқытушылары және үйлестірушілері аймақтың үйлестірушілеріне тікелей бағынады. Компьютерлік сыныптың үйлестірушісі компьютерлік сыныптың жұмысына жауапты болып табылады.
II. Үй-жайларды және жұмыс орындарын ұйымдастыруға талап
Оқу компьютерлік сыныптар орналасқан үй-жай, Санитарлық ережелер мен «БЕЙНЕДИСПЛЕЙЛІК ТЕРМИНАЛДАРМЕН, ДЕРБЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ-ЕСЕПТЕУ МАШИНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАП» нормаларға сәйкес жабдықталуы тиіс. СанПиН № 1.01.004.01.
Барлық оқу орындарында дербес электронды-есептеу машиналарымен жұмыс орындарын жер төледе және жартылай жер төледе орналастыруға болмайды.
Оқу сыныбындағы компьютермен бір жұмыс орнының аумағы периметрлік орналасуымен 4,0 шаршы метрден, қатар және орталық орналасуымен - 6 шаршы метрден, ал көлемі-24,0 текше метрден кем болмауы тиіс.
Үй-жайда табиғи және жасанды жарық болуы тиіс.
Үй-жайларда компьютерді пайдалануда еденнің үсті, антистатикалық ерекшелікке ие, тазалау және ылғалды жинау үшін, тегіс, ыңғайлы болуы тиіс.
Үй-жай алғашқы көмектің дәрі қобдишасымен және көмір қышқылды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс.
ЖАРЫҚ ТҮСУІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ОРНАЛАСУ
СЫЗБАСЫ
Мүмкіндік беріледі
тоқта
2 м.
тоқта
III. Компьютерлік сыныпқаа қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Компьютерлік сыныпқа қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға мыналар жатады:
Компьютерлік сыныптардың жұмыс режимі оқу кестесіне сәйкес белгіленеді.
Оқу компьютерлік сыныптарда тыңдаушылардың өздігінен жұмыс жасауы үшін уақыт бөлінеді.
Белгіленбеген уақыт режимінде жұмыс жасау оқу компьютерлік сынып үйлестірушісінің атына тапсырыс түрінде рәсімделеді.
Компьютерлік сыныптың үйлестірушісі:
техникаға қызмет көрсету, бағдарламалық қамтамасыз етуді, антивирустық қорғауды тестілеу жөніндегі регламенттік жұмыстарды жүргізуді;
сыныптардағы тәртіп пен тазалықты;
сыныпта тыңдаушылардың жұмыс жасауы тек қана кестемен белгіленген уақытта және оқытушының қатысуымен;
сыныпта өздігінен жұмыс жасаған уақытында тыңдаушылардың есебін жүргізуді;
компьютерлік сауаттылық курсын тыңдаушыларының қатысуына есеп жүргізу журналының әрбір сыныпта бар болуын және әрқашан жүргізілуін;
сынып оқытушыларының жұмыс жасау кестесін уақытылы құрастырылуын;
сыныпта жұмыс жасауға жіберілген тыңдаушылардың тіркеу журналын толтырылуын;
техника қауіпсіздігі (ТҚ) және өрт қауіпсіздігі (ӨҚ) жөніндегі нұсқаманың жүргізілуін қамтамасыз етуі қажет.
5. Компьютерлік сыныпта мынадай құжаттамалар бар болуы және әрқашан толтырылуы тиіс:
1) Оқытушылардың ауысуды қабылдау-тапсыру журналы;
2) Тыңдаушылардың қатысу есебін жүргізу журналы;
3) Сыныпта жұмыс жасауға жіберілген тыңдаушыларды тіркеу журналы;
4) Материалдық-техникалық құндылықтардың есебін жүргізу журналы (әрбір құрылғыға паспорттың және сыныпты паспортандыруға сәйкес техниканың тізбесі);
5) Компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі жарамсыз және алдын ала жұмыстардың жураналы;
6) ТҚ жөніндегі журнал, ТҚ және ӨҚ жөніндегі нұсқама;
7) Компьютерлік сыныптардағы тыңдаушылардың жұмыс жасау ережесі;
8) Компьютерлік сыныптардағы тыңдаушылардың өздігінен жұмыс жасаудың тәртібі;
9) Компьютерлік сыныптың үйлестірушісі оқытушылардың апталық (айлық) жұмыс жасау кестесін құрастыруы және оларды уақытылы өлке үйлестірушісіне беруі тиіс.
6. Компьютерлік техникаға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар. Компьютерлік техника ақауының мынадай тәртібін белгілеу қажет:
а) техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің жарамсыздығы туындаған жағдайда ҰАТ АҚ АО қызметкері шақырылады;
б) ақауды жоймаған жағдайда ақау парағын толтыру және паспортымен бірге құрал-жабдықты ҰАТ АҚ АО қызметкеріне жоюға тапсыру қажет, ол әрі қарай осы құрал-жабдықты қызметтерді жеткізушіге кепілдік (посткепілдік) қызмет көрсетуге жолдайды;
в) сыныптан техника мен жинақтаушыны алып шығу компьютерлік сынып үйлестірушісінің арнайы рұқсатынсыз мүмкін болмайды.
Техникаға жөндеу жүргізген кезде жинақталатынды алмастыру құрылғыдағы төлқұжатта көрсетіледі.
«ҰАТ» АҚ аймақтық орталығының басшысы (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ ӨО) компьютерлік сыныптарды техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысқа қабілеттілігін қолдау жөніндегі жұмыстардың басшысы болып табылады.
IV. Материалдық құндылықтарды сақтауға жауапкершілік
Материалдық құндылықтарды сақтауға толықтай материалдық (компьютерлерге, құралдарға, құрал-сайманға, жиһаздарға) жауапкершілікті компьютерлер сыныбының үйлестірушісіне жүктеледі. Барлық материалдық құндылықтар нөмірленуі тиіс. Әрбір компьютерлік сыныпта материалдық құндылықтардың бар болуының, олардың жай-күйі мен жинақталымының журналы жүргізілуі тиіс.
Кезекшілік ауысымы уақытында оқу компьютерлік сыныптың оқытушысы үнемі сыныптың үй-жайында болуы және тәртіп, материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауға міндетті.
Оқу үдерісі аяқталғаннан кейін компьютерлік сыныптың үйлестірушісі алдын ала техникалық құралдардың бар болуы мен жинақталымын, сондай-ақ терезенің және желдеткіштің олардың жабық екенін тексеріп, дабылға (күзетуге) қоюы тиіс. Ол журналға сыныптың қабылдау-тапсыру нөмірін, күзетуге тапсыру уақытын, толықтай өзінің ТАӘ жазуы және қол қоюы тиіс.
Сыныпты күзеттен алған кезде ауысым кестесі бойынша кезекшілікке түсуші оқытушы кілтті алуы және қабылдау-тапсыру журналына жазуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |