П О Л О Ж Е Н И Е
о смотр Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы
«Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі»
КМҚК-ның
«Колледждің үздік студенті» сайысы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Байқау-сайыстың негізгі мақсаттары болып табылады:
1.
Білім, мәдениет пен шығармашылыққа бағытталған тұлғаны тәрбиелеу.
2.
Студенттерді ашу, олардың потенциалдық шығармашылығын іске асыру
үшін колледждің барлық мүмкіндіктерін толығымен пайдалану жолодарын іздестіру.
3.
Білім беруді насихаттау тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тұлға ретінде
бекітудің негізгі тәсілі болып табылады.
Байқау-сайыстың негізгі міндеттері болып табылады:
Студенттердің тану белсенділігін ынталандыру.
Студенттердің тану және шығармашылық бейімділігін сабақта және сабақтан
тыс жетілдіру.
Студенттердің көшбасшылық қасиеттерін айқындап, белсенділігін арттыру.
Колледж студенттерінің белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру.
Байқау-сайыстың ұйымдастырушылары болып табылады: колледж әкімшілігі,
сынып жетекшілерінің әдістемелік берлестігі, колледждің өзін-өзі басқару Кеңесі.
2. Байқау-сайысын ұйымдастыру
1.
Байқау-сайыстың қатысушылары колледждің барлық студенттері болып
табылады.
2.
Байқау-сайыс оқу жылы ішінде өткізіледі.
3.
Байқау-сайыстың алдын алды қорытындысы семестр бойынша жүргізіледі,
байқау-сайыстың жеңімпаздары оқу жылының нәтижелері бойынша келсі бағалау
өлшемдері сәйкес рейтингтік мәліметтер негізінде анықталады:
Студенттің оқу-тану жұмысының көрсеткіштері.
Студенттің шығармашылық белсенділігі, оның колледж бен топтың
қоғамдық өміріне қатысуы.
Студенттің тәрбиелік деңгейі.
4.
Қорытындылау кезінде студенттің тек ағымдағы жыл ішіндегі жетістіктері
ғана назарға алынады.
5.
Байқау-сайыстың қорытындысын жасау үшін оқу топтары «Колледждің үздік
студенті» атағына үміткер студенттерді ұсынады. Сайысқа қажет материалдар 1
қыркүйекке дейін даярланып, ұсынылады.
6.
«Колледждің үздік студенті» атағына оқу тобының кез келген ұжымы қатыса
алады.
7.
Оқу топтарын ұсыну сынып жетекшілерінің әдістемелік іс бөлмелеріндегі
отырыстарда, колледждің өзін-өзі басқару Кеңесінің отырысында талқыланады.
8.
Үміткерлердің ішінен байқау-сайыста бірінші, екінші және үшінші орын
алған жеңімпаздар анықталады.
9.
Әдістемелік бірлестік пен өзін өзі басқару Кеңесінің ұсыныстары колледждің
әкімшілік кеңесімен бекітіледі.
10.
Байқау-сайыста жеңімпаз атанған студенттерге грамоталар тапсырылады.
11.
Байқау-сайыстың жеңімпаздары «Студентке қабылдау» кешінде салтанатты
түрде марапатталады.
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы
«Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі»
КМҚК-ның
Құқықтық тәрбие мен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Құқықтық тәрбие мен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі Кеңес колледж
студенттерінде құқық санасы мен моралдық-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
мақсатымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен көзделген құқықтық
реформалар мен құқықтық мемлекетті құрудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
құқықтың тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін құрылады.
2.Кеңестің негізгі міндетері болып табылады:
Студенттер арасындағы құқықбұзушылық жағдайын зерделеп, талдау;
Құқықбұзушылық, маскүнемдік, нашақорлық, уыттылық, жыныстық бұзылыстар мен
зорлықтың алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеп, іске асыру;
Студенттер мен олардың ата-аналарының құқықтары мен міндеттері туралы
қолданыстағы заңнамаларын түсіндіру;
Жастарды кез келген қиыншылықтарға берілмеуіне, өзінің сана деңгейін арттыруына
және құқықтық мәдениетке тәрбиелеу;
Студенттердің заңдылық пен құқықтәртібін сақтауын үнемі бақылау.
Мінез-құлықтарында өзгеріс бар студенттермен жеке тәрбие жұмыстарын жүргізу;
Студенттердің құқықтық тәрбиесіне қатысатын барлық мүдделі ұйымдардың
әрекеттерін үйлестіріп, келістіру.
Кеңес келесі құрамда әрекет жасайды:
Кеңес төрағасы (директор немесе директордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары).
Төрағаның орынбасары
Хатшы мен Кеңес мүшелері
4.Кеңес құрамы жыл сайын оқу орны директорының бұйрығымен бекітіледі.
5.Кеңес мүшелері педагогикалық және суденттік ұжымның, ата-аналар қоғамының
арасынан болуы мүмкін.
6. Кеңс құрамында келесі секциялар жұмыс істейді:
Құқықтық оқыту мен құқықтық білімді насихаттау.
Құқықбұзушылықтың, маскүнемдік пен нашақорлықтың және т.б. алдын алу.
2. Кеңестің жұмыс тәртібі
1. Кеңестің жұмысы мен оның бөлімдері оқу жылына жоспарланады.Жұмыс жоспары
Кеңес отырысында талқыланып, колледж директорымен бекітіледі.
2. Кеңес отырысында өзінің құзыреттілігіне жататын матриалдардың келіп түсуіне қарай
қарастырады, бірақ айына бір реттен кем болауы керек.
3. Кеңес отырыстары жұмсытан тыс уақытта өткізіледі және оның жартысынан көп саны
қатысқан жағдайда құқықты болып саналады. Кеңес отырысының болатын күні мен орны
туралы ақпарат оқу ұжымының мүшелерімен таратылады.
4. Кеңес отырысы хаттамамен рәсімделеді.
5. Кеңес отырысының материалдары төраға, орынбасары немесе Кеңес мүшесімен
баяндалады. Баяндамадан кейін Кеңес құқықбұзушылардың түсініктемелерін, куәгерлер
мен қатысушылардың пікірлерін тыңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |