Жергілікті актілер



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет58/62
Дата06.02.2020
өлшемі1,96 Mb.
#28339
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

 
 
Есеп  берулер  мен  ақпараттарды  тыңдап,  қабылдайды,басқару  органдарның 
жұмыс нәтижесін бағалайды;   
 
Колледждің семестр және жыл бойғы жұмысын қорытындылайды;Жиналыс 
арасындағы  кезеңде  өзін-өзі  басқару  құрамына  колледж  активінде  таңдап  алынған  оқу 
топтарының үздік өкілдері, Кеңесте жұмыс істеуді қалайтын студенттер мен директордың 
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары кіретін өзін-өзі басқару Кеңесі арқылы жүзеге асырылады. 
4. 
Өзін-өзі басқару Кеңесі келесі функцияларды атқарады: 
 
Студенттердің барлық органдары мен бірлестіктерінің жұмысын үйлестіреді, 
колледжде сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлап, ұйымдастырады; 
 
Колледж  студенттерінің  жалпы  жиналысын  даярлап,  өткізеді,  жиналыстың 
күн тәртібіне ұсыныстар енгізеді; 
 
Жиналыстың шешімін әкімшіліктің, оқытушылар мен студенттер ұжымының 
мәліметіне жеткізеді. 
 
Колледждің  жалпы  жиналысының  шешімін  орындауды  ұйымдастырады, 
құрылған комиссиялардың жұмысын үйлестіреді. 
 
КТД ұйымдастыру үшін іс Кеңесін құрады. Маңызды іс-шараларды даярлау 
жоспарын әзірлеп, бекітеді; 
 
Өзінің жұмыс органдарының жұмысы туралы есеп берулерді қабыладайды; 
 
Топтар мен студенттер арасындағы байқау-сайыстарды ұйымдастырады; 
 
Топ  активтерімен  жұмыс  ұйымдастырады,  оларға  тапсырмалар  беріп, 
орындарғандығын тексереді. 
 
Студенттердің өзіне-өзі қызмет етуін, олардың кезекшілігін ұйымдастырады, 
колледждегі тәртіпті қадағалайды; 
 
Студенттерді  марапаттау  мен  жазалау  мәселлерін  шешеді,  студенттердің 
өкілеттіліктеріне сәйкес жауапкершіліктерін туралы шешім қабылдайды; 
 
Колледж  студенттерінің  қалалық  жиналыстар  мен  конференцияларына 
шығатын делегация құрамын бекітеді; 
5. 
Өзін-өзі  басқару  Кеңесінің  өз  өкілеттілігі  шегінде  қабылданған  шешімдері 
білім процессіне қатысушылардың барлығына бірдей міндетті болып табылады. 
6. 
Студенттердің  жалпы  жиналысы  Кеңес  құрамына  сайланған  тұлғаларды 
мерзімінен бұрын шақыртуға құқылы. 
7. 
Өзін-өзі басқару Кеңесі жанында келесі комиссиялар жұмыс атқарады: 
 
Старосталар Кеңесі   
 
Мәдениет және бос уақыт Кеңесі   
 
Дене шынықтыру және спорт Кеңесі   
 
Тәртіп Штабы 
 
Пресс- орталық 
 
Жатақхана Кеңесі 
8. 
Өзін-өзі    басқару Кеңесі комиссиясының жұмысына колледждің белсенді 
студенттері жетекшілік етеді, оларға кеңес беруші педагогтар педагогикалық көмек 
көрсетеді. 
 
2. 
Оқу тобының өзін өзі басқаруы 
Оқу  тобының  өзін-өзі  басқаруы  топтың  өзін-өзі  басқару  органы  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Топтың  өзін-өзі  басқаруының  жоғарғы  органы  студенттердің  жалпы  жиналысы 
болып табылады, жиналыс колледждің күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет 
өткізіледі. 
Оқу  тобының  өзін-өзі  басқаруының  жиналыстары  арасындағы  кезең  топтың 
қыркүйек айындағы жалпы жиналысында бір жыл мерзімге сайланған үздік студенттермен   
топ Кеңесі арқылы жүзеге асырылады. 


 
Кеңестің  төрағасы  топ  студенттерінің  жалпы  жиналысында  сайланған  староста 
болып табылады. 
Қажет болған жағдайда топтың жалпы жиналысы кеңес құрамын мерзімнен бұрын 
өзгерте алады. 
Топ Кеңесінің құрамына кіреді: 
  староста 
  старостаның орынбасары 
  оқу секторы 
  культмассалық сектор 
  хозорг 
  физорг 
  пресс - орталық 
  тақырыптық сынып сағаттарын өткізуге жауапты 
  ақпараттық сағаттарды өткізуге жауапты 
 
Топ кеңесі міндетті: 
  өз жұмысын топ алдындағы толық жариялылық пен есеп беру негізінде құруға. 
  Топ  студенттердің  мәліметіне  колледждің  өзін-өзі  басқару  Кеңесінің,  топ 
Кеңесінің қаулыларын жеткізуге және олардың орындалуын бақылауға. 
Өз міндетін атқару үшін топ Кеңесіне келесі құқықтар беріледі: 
  Топ өмірінің ережелері мен заңдарын әзірлеуге. 
  Оқу жылы ішінде топтың жұмысын жоспарларлап, ұйымдастырып, талдауға. 
  Топтың  шаралар,  мерекелер  мен  сайыстарды  ұйымдастыру  үшін  уақытша 
шығармашылық ұжымдар құруға. Топтың түрлі істерін атқару үшін жауаптыларды іріктеп, 
тағайындауға. 
  Студенттердің  жұмысы  мен  оларға  жүктелген  міндеттердің  орындалуын 
бақылап, үйлестіруге. 
  Топ  Кеңесінің  түрлі  бағыттардағы  жұмыстарына  жауапты  студенттермен 
жасалған жұмыстар туралы есептерді қабылдауға. 
  Студенттерді марапаттау мен жазалау туралы мәселелерді талқылап, шешуге. 
  Оқу  мекемесінің  Кеңесіне  оқу-тәрбие  процуессін  ұйымдастыру  мәселесі 
бойынша бастамалар мен ұсыныстар жасауға. 
  Оқу бөлімінде бар барлық ақпраттық және оқу материалдарымен пайдалануға. 
  Әр  студенттің  ағымды  жұмысының  бағасы  мен  оның  оқуына  көмек  көрсету 
мәселесі бойынша кез келген оқытушыға жүгінуге. 
  Даулы жағдайларды шешу үшін оқу бөлімі мен колледж әкімшілігіне жүгінуге. 
Топ  Ккеңесімен  қабылданған  шешімдер  топ  мүшелерінің  әрқайсысы  үшін  бірдей 
міндетті болып табылады. 
Топтағы студенттік өзін-өзі басқарудың дамуына сынып жетекшісі жеке жауапты. 
 
 
 
 
 
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы 
«Ы.Алтынсарин    атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық    колледжі» 
КМҚК-ның 
Оқу тобының старостасы туралы ЕРЕЖЕ 
 
1.  Жалпы ережелер 
 


 
1.  Топтың  старостасы  сттуденттік  өзін-өзі  басқарудың  арқарушы  органының  – 
старосталар Кеңесінің төрағасы болып табылады. 
2.  Ол  оқу  жылының  басында  топта  беделі  бар  үздік  студенттер  есебінен  сайланып, 
директордың бұйрығымен бір жылдық мерзімге тағйындалып, бекітіледі. 
3.  Өзінің теріс қылықтарымен абыройына нұсқан келтірген студенттер топ старостасы бол 
аламайды. 
4.  Топ  старостасы  топтың  жалпы  жиналысымен,  топ  активімен  немесе  колледж 
әкімшілігімен  ішкі  тәртіптеме    ережесін  бұзғандығы  үшін  және  жұмысын  тиісті  түрде 
атқармағаны үшін лауазымынан босатылуы мүмкін. 
5.  Старостаның негізгі міндеті болып табылады: 
  Топ  пен  колледжде  студенттік  өзін-өзі  басқаруды  мен  өзіне-өзі  қызмет  етілуінің 
дамуына жәрдемдесу.   
  Студентерді саналы тәртіп пен мәдениетті қылықтарға    тәрбиелеп, баулы. 
  Студенттердің колледж меншігіне құнтты қарауларын қалыптастыруға жәрдемдесу. 
6.  Оқу  тобының  старостасы  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары,  бөлім   
меңгерушілері және сынып жетекшілерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.   
 
1.  Оқу тобының старостасыныі міндеттері 
Старостасынып жетекшісімен бірге міндетті: 
1.  Жалпы  жиналыс  және  топ  активтерімен  қабылданған  міндеттердің  орындалуын 
ұйымдастырып, орындауға,топ активтерінің жұмысын бағыттайды. 
2.  Студенттік  және  педагогикалық  ұжым  алдында  студенттің  жеке  тұлғасын,  оның  ары 
мен қаситтерін құрметтеу құқықтарын қорғауға. 
3.  Студенттерді,  студенттік  өзін-өзі  басқаруды  топтағы және  колледждегі  бастамаларын 
дамытуларына ынталандыру. 
4.  Топтың  жұмысын  студенттердің  білім  сапасын  арттыруға,  тәртіпті  нығайтуға, 
студенттер контингентінің сақталуына бағыттайды. Осы мақсатпен ол келсі жұмыстарды 
жүргізеді: 
  Күн  сайындық  сабаққа  келу  есебін  ұйымдастырады,  одан  кейін  бөлім  меңгерушісіне 
студенттің сабаққа келу-келмеуі көрсетілген баяндама жазбаны тапсырды.   
  Студенттерден сабаққа келмей қалуларының дәлелді себебін растайтын құжат әкелуін 
талап етеді.   
  Сабаққа кешігіп келумен күреседі, тәртіп журналының жүргізілуін бақылайды. Сабаққа 
кеш келіп, аты-жөні тәртіп журналына түскен студенттер туралы мәліметті староста бөлім 
меңгерушісі мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына ұсынады. 
  Сынып жетекшісіне студенттермен жеке жұмыс өткізу жұмыстарына көмектеседі. 
5.  Колледжде топ кезекшілігінің кестесінің сақталуы мен студенттердің колледж бойынша 
кезекшілік атқару міндеттерін бақылайды. 
6.  Сынып жетекшісіне жаппай және басқа іс-шараларды    өткізу жұмысына көмектеседі. 
7.  Топ  хозоргымен  бірігіп  оқу  аудиторияларының  санитарлық-гигиеналық  жағдайы  мен 
мүлігінің сақталуын қамтамасыз етеді. 
8.  Старосталардың  апталық  жоспарламаларына  қатысады,  сынып  жетекшілері  мен  топ 
студенттерінің  мәліметіне  бөлім  меңгерушісінен  түскен  ақпараттарды  шұғыл   
жеткізеді. 
9.  Сынып  жентекшісімен  бірігіп  ай  сайын оқу  бөліміне  топ  студенттерінің  үлгерімі  мен 
сабаққа қатысулары туралы жинақтама    тізімдемесін ұсынады. 
 
1.  Оқу тобының құқықтарының құқықтары 
1. Топ студентінің старостасының құқықтары: 
  Өзін-өзі басқару органының жұмысына қатысып, олардың жұмысын жағсарту бойынша 
ұсыныстар енгізу.   
  Топ активінің жұмысына ұсыныстар енгізу. 


жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау