Және енгізілген


кредит  –  білім  алушының/оқытушының  оқу  жұмысының  көлемін  өлшейтін  бірыңғайланған өлшем бірлігі;   оқудың кредиттік технологиясы



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата07.01.2020
өлшемі0,88 Mb.
#26009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

кредит  –  білім  алушының/оқытушының  оқу  жұмысының  көлемін  өлшейтін 

бірыңғайланған өлшем бірлігі;  



оқудың кредиттік технологиясы – кредитті білім алушы мен оқытушының 

оқу  жұмысының  көлемін  өлшейтін  бірыңғайланған  өлшем  бірлігі  ретінде 

пайдалана отырып, білім алушының пәндерді оқу тәртібін таңдауы мен жеке 

жоспарлауы негізіндегі оқыту; 



құзырет – кәсіби және жеке-дара өсім үшін еңбек және оқу жағдайларында 

дәлелденген  қабілеттерді,  білімдерді,  жеке,  әлеуметтік,  әдістемелік 

қабілеттерді пайдалану;  

модуль – бағалаудың адекватты критерийлеріне ие, білім алушыларда пайда 

болатын  нақты  білімдерді,  дағдыларды,  машықтар  мен  құзыреттерді 

сипаттайтын,  автономды,  оқу  нәтижелерінің  тарапынан  білім  беру 

бағдарламасының аяқталған құрылымдық элементі;  



модульды  білім  беру  бағдарламасы  –  білім  алушылармен  белгілі  бір 

академиялық дәрежеге және/немесе біліктілікке ие болу үшін қажетті негізгі 

құзыреттерді  меңгеруге  бағытталған  және  оқу  модульдерінің  жиынтығын 

қамтитын  оқу  бағдарламасы;  пәндердің  тізілімі,  оқу,  ғылыми-зерттеу 

(тәжірибелі-зерттеу  жұмысы),  кәсіби  тәжірибелердің  түрлері  мен  көлемі, 

қорытынды  мемлекеттік  аттестация  мен  бақылау  нысандары  арқылы 

көрсетілген  білім  алушыларды  даярлау  мазмұнының  жалпы  мінездемесін  

кескіндейді;   



модульдік  білім  алу  –  білім  беру  бағдарламасын,  оқу  жоспары  мен  оқу 

пәндерінің модульдік құрылымының негізіндегі оқу процессін ұйымдастыру 

тәсілі;  

білім беру бағдарламасының модульдік құрылымы – оқу мақсаты ретінде 

білім  алушының  кәсіби  құзыреттерінің  жиынтығы  шығатын  оқу  процессін 

ұйымдастыру  құзыретінің  негізіндегі  білім  беру  бағдарламасының  мазмұны 

мен құрылымын анықтайтын  кәсіби білім алу мақсатына жетудің құралы;  



пәннің  сипаттамасы  –  пәннің  мақсаттарын,  міндеттері  мен  мазмұнын 

қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);  



пост-деректемелер  –  зерттеу  үшін  оқудың  аяғында  меңгерілетін  білімді, 

дағдылар мен машықтарды талап ететін пәндер;  



пре-  деректемелер  –  зерттелетін  пән  үшін  қажетті  білімді,  дағдылар  мен 

машықтарды қамтитын пәндер;  



білім  алушылардың  аралық  аттестатталуы  – пәнді зерттеу аяқталғаннан 

соң,  бір  оқу  пәнінің  бөлігінің  немесе  бүкіл  көлемінің  мазмұнын  білім 

алушылармен меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін процедура;   

оқу  нәтижелері  (ОН)  –  формальды  және  формальды  емес  оқу  барысында 

пайда болған және біліктілікті алу кезінде расталған құзыреттер. Олар білім, 

дағдыоар мен құзыреттер болып анықталады;  

аралық бақылау – бір оқу пәнінің тарауы (модулі) аяқталғаннан соң, білім 

алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;  



білім  алушының  өзіндік  жұмысы  (БӨЖ)  –  тестілердің,  бақылау 

жұмыстарының,  коллоквиумдардың,  рефераттардың,  шығармалар  мен 

есептердің түрінде бақыланатын, оқу-әдістемелік әдебиет пен ұсынымдармен 



қамтамасыз етілген білім алушылардың өзіндік оқып-зерттеуі үшін бөлінген 

белгілі  бір  тақырыптар  тізілі  бойынша  жұмыс;  білім  алушының  өзіндік 

жұмысының бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмысты талап 

ететін тапсырмалармен расталады;  



білім  алушының  оқытушымен  бірге  жүргізілетін  өзіндік  жұмысы 

(БОӨЖ)  –-  сабақ  кестесінде  көрсетілген  білім  алушының  оқытушының 

жетекшілігімен  жүргізілетін  жұмысы;  білім  алушылардың  санатына 

байланысты  ол  төмендегідей  болып  бөлінеді:  студенттің  оқытушымен  бірге 

жүргізілетін  өзіндік  жұмысы  және  магистранттың  оқытушымен  бірге 

жүргізілетін өзіндік жұмысы;  

дәреже  –  қорытынды  аттестаттаудың нәтижелері  бойынша  сәйкес  білім  алу 

оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру мекемелерімен 

ұсынылатын дәрежесі;  

үлгілік  оқу  жоспары  –  білім  берудің  кәсіби  оқу  бағдарламасының  оқу 

пәндерінің тізілімі мен көлемін, оларды оқу тәртібі мен бақылау нысандарын 

реттейтін құжат;  

білім  беру  бағдарламасының  еңбек  сыйымдылығы  –  кредиттермен 

немесе байланыс сағаттарымен сипатталатын білім беру бағдарламасын (оқу 

пәнінің,  емтиханның,  тәжірибенің,  қорытынды  мемлекеттік  аттестациясын 

әзірлеу мен тапсырудың, оқу семестрінің, оқу жылының, модульдің) жүзеге 

асыруға жұмсалған шығындары;  

білім  алушылардың  оқу  жетістіктері    –  білім  алушылармен  оқу 

процессінің  барысында  ие  болатын  және  жеке  тұлға  дамуының  қол 

жеткізілген  деңгейін  кескіндейтін  білімдері,  дағдылары,  машықтары  мен 

құзыреттері;  



элективті  пәндер  –  орнатылған  кредиттердің  аясында  таңдау  бойынша 

компонентке кіретін және білім беру мекемелерімен енгізілетін оқу пәндері, 

олар  білім  алушының  жеке  дайындығын  кескіндейді,  нақты  аймақтың 

әлеуметтік-экономикалық  даму  спецификасы  мен  қажеттіліктерін,  жоғары 

оқу орнының қалыптасқан ғылыми мектептерін  ескереді.  

 

 



 

 


ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР 

 

БМЖС  – Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 

ҚМА – қорытынды мемлекеттік  аттестация 

ЖОЖ  – жеке оқу жоспары 

ЭПК – элективті пәндердің каталогы 

БББ – білім беру бағдарламасы 

ТК  – Тіркеуші кеңсесі 

ПОҚ  – профессорлық-оқытушылар  құрамы 

МӨЖ – магистрантттың өзіндік жұмысы  

МОӨЖ – магистрантттың оқытушымен  өзіндік жұмысы  

СӨЖ – студенттің  өзіндік жұмысы 

СРСП – студенттің  оқытушымен  өзіндік жұмысы 

ПОӘК  – пәннің оқу-әдістемелік кешені 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау