1.4
Кәсіби тәжірибе
Кәсіби тәжірибе білім алушының теориялық әзірлігін нығайту мен
тереңдетуге және кәсіби қызмет саласында тәжірибелік дағдылар мен
құзыреттердің, сонымен қатар өзіндік кәсіби қызмет тәжірибесінің пайда
болуына бағытталған. Тәжірибенің мақсаты – білім алушылардың кәсіби
қызметтің барлық түрлерін меңгеруі, жалпы және кәсіби құзыреттердің
қалыптасуы, сонымен қатар мамандық бойынша тәжірибелік жұмыстың
қажетті машықтары мен өтілін меңгеруі.
Тәжірибелердің түрлері мен мерзімдері оқу жоспарларымен, білім беру
бағдарламаларымен, академиялық күнтізбемен анықталады, ал мазмұны –
кафедралармен әзірленетін тәжірибенің жұмыс бағдарламаларымен
белгіленеді.
Тәжірибеге бөлінетін кредиттердің саны 6 кредиттен кем болмауы тиіс
(кәсіби тәжірибелердің көлемі 6-дан 20 кредитке дейін құрайды). Бұл ретте,
жоғары білімнің барлық мамандықтары үшін көлемі 2 кредитке тең оқу
тәжірибесі, сонымен қатар жалпы көлемі 4 кредиттен кем болмайтын
өндірістік тәжірибесі жоспарланады.
Магистрлерді
даярлау
бойынша
білім
беру
процессінің
аяқталғандығының негізгі критерийі болып магистрантпен төмендегіні
меңгеруі табылады:
1) ғылыми және педагогикалық даярлық кезінде тәжірибенің кем
дегенде 6 кредиті;
2) профильдік даярлық кезінде: оқу мерзімі 1 жыл болса – тәжірибенің
кем дегенде 2 кредиті.
Кәсіби тәжірибелерден өту талаптары Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларымен реттеледі.
1.5
Шетелдік ғылыми тағылымдама
Шетелдік ғылыми тағылымдама магистранттың ғылыми-зерттеу /
тәжірибелік-зерттеу жұмысының бір бөлігі болып табылады, әлемдік
ғылымның ең жаңа жетістіктерін меңгеру, ғылымның нақты саласында
ғылыми, кәсіби қызметтің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру
мақсатымен жүргізіледі. Шетелдік ғылыми тағылымдама Шетелдік
тағылымдама туралы қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
1.6
Магистранттың ғылыми-зерттеу,
тәжірибелік-зерттеу жұмысы
Ғылыми-зерттеу / тәжірибелік-зерттеу жұмысы магистрантпен ғылыми
жетекшісінің басшылығымен жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу / тәжірибелік-
зерттеу жұмысының мақсаты – зерттеулерді/тәжірибелерді жүргізу және
кәсіби мақсаттардың шешімін табу кезінде қажетті ғылыми-зерттеу /
тәжірибелік-зерттеу құзыреттерін қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін
магистрлерді даярлау бағыттары бойынша кәсіби қызмет саласының
дамуымен білім беру процессінің интеграциялануы болып табылады.
Магистрлік диссертацияның тақырыбына сәйкес анықталып, Ғылыми-
зерттеу / тәжірибелік-зерттеу жұмысы туралы қағидаға сәйкес жүргізіледі.
1.7
Емтихандық сессия
Көптеген пәндердің оқып-зерттелуі емтиханмен аяқталады. Емтиханға
дайындалу білім алу процессінің барысында алынатын білімдердің
нығаюына, тереңдетілуіне және жалпылануына, сонымен қатар оларды
тәжірибелік есептерді шешу кезінде қолданылуына оң әсерін тигізеді.
Емтиханға дайындала отырып, білім алушы білмегендерінің орнын
тлықтырып, өз білімін тереңдетеді, жүйелейді және ретке келтіреді. Емтихан
кезінже білім алушы нақты оқу пәні бойынша білім алу нәтижелерін
көрсетеді.
Аралық аттестация академиялық күнтізбеге сәйкес емтихандық сессия
кезінде өтеді. Емтиханды тапсыру мен қайта тапсыру тәртібі ректордың
бұйрықтарымен реттеледі.
Емтихандық сессиялар оқу жылының барысында екі рет – әр
семестрдің аяғында өткізіледі. Сессияға семестр үшін қаржы және
академиялық қарызы жоқ және бақылаудың барлық қажетті нысандарын
(сынақтар, курстық жұмыстар және т.б.) тапсырған білім алушылар
жіберіледі. Сессияның ұзақтығы – екі-төрт апта.
Емтиханға дайындықты нақты ойластырылған кесте бойынша,
тақырыптан тақырыпқа, тараудан тарауға біркелкі ауыса отырып, өткізбей
және курстың бас жағынан аяқ жағына өтпей жүргізу керек. Емтиханға
дайындалу барысында туындауы мүмкін сұрақтарды жазып алып, емтихан
алды кеңес алу кезінде оқытушыдан сұрап, жауаптарын біліп алу қажет.
Білім алушының емтиханға дайындалу кезіндегі негізгі мақсаты оқу
материалының білімін жүйелендіру, оны шығармашылық тұрғыдан түсіне
алуы. Ауызша емтиханда білім алушыға емтихандық билетте көрсетілген
бірнеше негізгі сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Дайындалып болғаннан
соң білім алушы билеттің сұрақтары мен емтихан алушының қосымша
сұрақтарына жауап береді. Соңғылардың мақсаты – билеттің ішіне енбеген
курстың басқа тарауларын қалай түсінгендігін анықтау. Әдетте, оларға
қысқаша түрде жауап беруге болады, сұрақ мәселесін түсіну жеткілікті.
Алайда оқытушымен әңгімелесу барысында тек білім алушының жауаптары
ғана емтихандық бағаны анықтамайды («өте жақсы», «жақсы»,
«қанағаттанарлық», «қанағаттандырарлықсыз»).
Соңғы жылдары білім алушылардың білімін бағалаудың рейтингілік
жүйесінің енгізілуіне байланысты, емтихандық баға маңызды, бірақ пән
бойынша қорытынды бағаның жалғыз құрамдушысы болып табылмайды.
Қорытынды баға білім алушылардың оқу сабақтарының барлық түрлеріне