Және енгізілген



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата07.01.2020
өлшемі0,88 Mb.
#26009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

сертификаттар  (мысалы,  ағылшын  тілінің  білімі  үшін).    Оқу  үшін 

жеңілдіктердің  көлемі  мен  оларды  ұсыну  шарттары  жыл  сайын  Ғылыми 

Кеңесте  қарастырылып,  ректордың  Білім  алушылар  үшін  жеңілдіктерді 

ұсыну  туралы  бұйрығымен  бекітіледі.  білім  алушыларда  қаржылай 

қиыншылықтар туындаған жағдайда, университет әкімшілігі өтініш бойынша 

төлем  мерзімін  кейінге  қалдыру  мүмкіндігін  ұсынады.  Қаржылай  қолдау 

көрсетудің  мүмкіндіктері  туралы  ақпарат  университеттің  ресми  сайтында 

жарияланған.  



 


2.  Серіктестік бағдарламалары 

 

2.1 

Қосарлы білім беру    

 

Қосарлы білім беру – кәсіпорынның, оқу орны мен білім алушының тең 

жауапкершілігінің  шартында  жұмыс  орындарының  ұсынылуымен  білім  алу 

мен  кәсіпорында  тәжірибеден  өтудыің  міндетті  кезеңдерімен,  білім  беру 

мекемесінде оқудан өтуді көздейтін, кадрларды даярлаудың нысаны.  

Бұл  ретте  студенттің  түрлі  интерактивті  нысандарда  алынған  білімін 

талдап,  қайта  ойлайтын  кезде,  тікелей  өндірісте  пәннің  теориялық 

аспектілерін терең зерттейтін кезде, оқытудың тиімділігі елеулі түрде артады. 

Осылайша,  алынған  білімнің  бекітілуі  мен  кәсіби  дағдылар  мен 

машықтардың қалыптасуы өндірісте қызмет атқару кезінде қалыптасады.   

Жұмыстың  мұндай  әдістері  мен  нысандары  студенттерге  нақты 

өндірістің  технологиялық  процесстеріне,  кәсіпорындардың  оқытушылары 

мен мамандарымен бірлесе отырып тәжірибелі-конструкторлық және зерттеу 

жұмыстарын жүргізуге қатысуға мүмкіндік береді.  

 

2.2 

Академиялық мобильділік  

 

Академиялық мобильділік – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-

зерттеушілердің  белгілі  бір  академиялық  кезеңге  орын  ауыстыруы  (оқу 

немесе өндірістік тәжірибеден өту кезеңін қоса есептегенде), әдетте, семестр 

немесе  оқу  жылы,  оқу  немесе  зерттеулерді  жүргізу  үшін  басқа  жоғары  оқу 

орнына  (мемлекет  ішінде  немесе  басқа  елдегі),  өзінің  жоғары  оқу  орнында 

кредиттер  түрінде  меңгерілген  білім  беру  бағдарламаларын  орнатылған 

тәртіппен міндетті түрде қайта тапсырумен.  

Сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық мобильділікті 

ажыратады.  

Сыртқы  академиялық  мобильділік  деп  білім  алушылардың  шетелдік 

жоғару  оқу  орындарында  білім  алуы,  сонымен  қатар  оқытушы-

зерттеушілердің  шетелдік  білім  беру  немесе  ғылыми  мекемелеріндегі 

жұмысы түсіндіріледі.  

Ішкі  академиялық  мобильділік  деп  қазақстандық  жоғары  оқу 

орындарында  студенттердің  білім  алуы  мен  оқытушы-зерттеушілердің 

жұмысы түсіндіріледі.  

Академиялық  мобильділіктің  дәстүрлі  шетелдік  тағылымдамалардан 

айырмашылығы төмендегідей, біріншіден, студенттер шетелге білім алу үшін 

шектеулі болса да, ұзақ мерзімдерге барады – бір семестрден бір оқу жылына 

дейін, және екіншіден, мұндай тағылымдамалардың кезінде олар толыққанды 

білім  алады,  тек  қана  тіл  мен  танысу  түріндегі  жеке  пәндерді  ғана  оқып 

қоймай,  базалық  жоғары  оқу  орнына  оралғаннан  соң  олар  үшін  есепке 

алынатын толық семестрлік немесе жылдық курсты өтеді. «Базалық жоғары 

оқу орны» деп студенттің ең басында түскен және дипломын алғысы келген 

жоғары оқу орнын атаймыз.  




 «Мирас» университетіндегі академиялық мобильділік туралы қағидасы 

ішкі және сыртқы мобильділікті ұйымдастыру процессін реттейді.  

 

2.3 

Екі дипломды білім алу  

 

Екі дипломды білім алу  қазақстандық жоғары мектептің халықаралық 

білім  беру  кеңістігіне  тәжірибелік  интеграциясының  дамуындағы  маңызды 

арна  болып  табылады.  Бұл  бағыт  білім  беру,  ғылыми  зерттеу  сапасын, 

университеттің  әлемдік  білім  беру  кеңістігіндегі  бәскеге  қабілеттілігін 

арттыру  тұрғысынан  жоғары  оқу  орнының  дамуының  стратегиялық 

мүдделеріне  жауап  беріп,  Болондық  процесстің  негізгі  қағидаттары  мен 

қағидаларына сәйкес келеді.   

 «Мирас»  университетінің  әрбір  студенті  халықаралық  білім  беру 

бағдарламаларында 

серіктес-жоғары 

оқу 


орындарының 

жетекші 


оқытушыларынан  сапалы  білім  беру  қызметтерін,  сапалы  білімді  алу 

мүмкіндігіне ие. Қосарлы диплом бағдарламалары екі білім беру мекемесінде 

білім  алу  қызметтерінің  толыққанды  жиынтығын  алуға  және  халықаралық 

тәжірибеге ие болуға мүмкіндік береді.  



 

2.4 

Оқу-ғылыми-өндірістік кешен 

 

Жұмыс  берушілермен  өзара  әрекеттестікті  табысты  түрде  дамыту 

кәсіпорындардың  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  құзыреттілікті  әдіске 

негізделген  жұмыс  беруші  мен  тәжірибешіл  мамандардың  есебінен 

траекторияларды нақтылауға  мүмкіндік береді.  

Өндіріс  жағдайларына  максималды  түрде  ұқсас  етілген  білім  алу 

процессі  қала  мен  облыс  кәсіпорындарымен  тығыз  әрекеттесу  есебінен 

ұйымдастырылады. 

Кафедралардың 

қызметі 


алдыңғы 

қатарлы 


кәсіпорындармен өзара әректтесу және білім алушылардың дайындықтан өту 

үшін,  заманауи  технологияларға  қолжетімділікті  ұсыну  олардың  базасында 

оқу  полигондарын  орналастыруға  бағытталған.  Оқу-ғылыми-өндірістік 

бірлестіктерді  немесе  кластерлерді  жасау  «Мирас»  университетіндегі 

ғылымның,  білім  мен  өндірістің  интеграциялану  кезеңі  болып  табылады. 

Процесс  оқу  барысында  кең  материалдық  базаны  қолдану  мүмкіндіктерін 

кеңейтуге  жағдай  жасайды,  ал  ол  болса,  бітіруші  түлектің  бәсекеге 

қабілеттілігінің деңгейін арттырады.  



 

 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау