3. Университеттің ішкі құжаттамасы
3.1
Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламалары нақты келтірілген мақсаттарға ие, олар
университеттің миссиясымен келістіріліп, потенциалды тұтынушылардың
(стейкхолдерлердің) сұрауларына сәйкес келеді, сәйкес біліктілікті
мамандарды әзірлеудің кәсіби деңгейін алу мен жоғарылатуға бағытталған.
БББ мақсаттары түлектердің жеке басының даму балансын қамтамасыз етуге,
кәсіби құзыреттердің толыққанды қалыптастырылуына, моральдік-этикалық
өсімге, еңбек нарығындағы жоғары деңгейлі бәсекеге қабілеттілікті
қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім беру бағдарламасы модульдік құрылымның негізінде жасалады,
яғни оқу пәндері мен оқу жұмысының басқа да түрлері модульдерге
мақсаттардың, міндеттердің немесе оқу нәтижелерінің бірыңғайлығы,
сонымен қатар негізгі құзыреттердің белгілі бір жиынтығының пайда болу
қағидасы бойынша біріктірілген. Модульдер автономды ұйымдық-
әдістемелік құрамдаушыларға біріктірілген, олардың мазмұны мен көлемі
дидактикалық мақсаттарға, білім алушылардың профильдік және деңгейлік
дифференциациясына байланысты түрлене алады.
Модуль – оқу жоспарының білім беру құрамдаушысы, ол болжалды
оқу нәтижелерімен анықталып, уақыты мен мазмұны бойынша аяқталған.
Модульдердің үйлесімі білім алушылардың нақты санатын оқыту үшін
(және өздігінен оқу үшін) талап етілетін нақты оқу материалын іріктеу мен
жинақтауда және арнайы дидактикалық және кәсіби мақсаттарды жүзеге
асыруда икемділік пен еркіндіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
«Мирас» университетінің білім беру бағдарламасы – бұл даярлықтың
нақты бағыты, деңгейі мен профилі бойынша жоғары оқу орнындағы білім
беру процессін кескіндейтін кешенді құжат, ол төмендегідей болады:
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен
мамандықтың типтік оқу жоспарының негізінде, өңірлік еңбек нарығының
қажеттіліктері мен жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық мектебінің
жетістіктері ескерілген, жоғары оқу орнымен өздігінен әзірленген және
бекітілген құжат;
оқытудың мақсаттарын, болжалды нәтижелерін, білімнің құрылымы
мен мазмұнын орнатушы құжат.
3.2
Элективті пәндердің каталогы
Типтік оқу жоспарына қосымша ретінде университетте жыл сайын
Элективті пәндердің каталогы әзірленеді, ол таңдау бойынша компонентке
кіретін пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізілімі болып табылады. Әр
пән қысқаша мазмұнды, пәнді зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін,
сонымен қатар оны зерттеудің болжалды нәтижелерімен қамтылады. ЭДК-да
қамтылған барлық пәндер үшін пре- және постдеректемелердің көрсетілуі
міндетті болып табылады.
ЭПК-ға қолжетімділік университеттің білім беру порталы арқылы
қамтамасыз етіледі, оның даналары ОӘБ-да, Тіркеушінің кеңсесінде және
кафедраларда сақталады. ЭПК академиялық кеңес беру және барлық
деңгейлерде білім алушылардың жеке білім беру траекториясын
қалыптастыру кезінде эдвайзерлердің жұмысы үшін негізгі құжат болып
табылады.
ЭПК студентпен таңдалатын білім беру траекториясынан тәуелсіз
зерттелетін, мамандықтың жалпы және базалық модульдеріне кіретін
пәндерді және студентпен таңдалған мамандықты алу мақсатымен
зерттелетін, таңдау бойынша компонент пәндерінен тұратын мамандықтың
модульдеріне кіретін пәндерді қамтиды.
Білім беру бағдарламасын сапалы түрде меңгеру үшін оқу аяқталғанша
таңдалған траеторияны ұстануға кеңес беріледі. Білім беру траекториясы –
міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерінің жиынтығы,
оларды табысты түрде оқу нәтижесінде студент кәсіби қызметтің белгілі бір
түрлері үшін қажетті білімдер, дағдылар мен машықтардың кешеніне ие
болады.
«Мирас» Университетінде мамандықтар бойынша білім беру
траекториялары ұсыным беру сипатына ие және студенттің жеке білім беру
траекториясын қалыптастыру құқығын жоққа шығармайды.
3.3
Пәндердің оқу-әдістемелік кешені
Пән бойынша оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) накты курстың
концепциясын анықтайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
ПОӘК жасау мен пайдалану төмендегілерге бағытталған:
- білім беру бағдарламасының пән аралық логикалық байланыстарын
жүзеге асыру;
- оқу уақытын оқу пәндерінің тақырыптары мен түрлері бойынша
үлестіру;
- аудиториялық және аудиториядан тыс уақытта студенттердің өзіндік
жұмысын ұйымдастыру;
- студенттердің танымдық және шығармашылық қызметін белсендіру;
- оқу және зерттеу процесстерінің өзара байланысын қамтамасыз ету.
Курс бойынша ПОӘК келесіні қамтиды:
1. Пәннің типтік оқу бағдарламасын (міндетті компонент пәндері
үшін), элективті пәннің оқу бағдарламасын (элективті пәндер үшін);
2. Оқытушылар үшін пәннің жұмыс оқу бағдарламасын;
3. Студенттер үшін пән бағдарламасын (Syllabus);
4. Пәннің оқу-әдістемелік қамсыздығының картасын;
5. Лекциялардың конспектісін;
6. Тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға әдістемелік
нұсқаулар;