Источник: ИС ПАРАГРАФ, 19.11.2013 13:04:31
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080
қаулысымен
бекітілген
Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
Заңының
негізінде
әзірленді, білім беру мазмұнына, студенттердің білім траекториясына, білім беру бағдарламаларын
әзірлеуге, олардың құрылымына және студенттердің даярлық деңгейін бағалауға қойылатын
талаптарды белгілейді.
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жоғары арнаулы білім - кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық
оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті
мамандық бойынша біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім
берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
2) бакалавриат - кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың
кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық
бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға бағытталған
жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
3) дескрипторлар (descriptors) - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім,
білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен кӛлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту
нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ
бірліктеріне) негізделеді;
4) дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының ӛзекті проблемасын
студенттің ӛз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
5) жеке оқу жоспары (ЖОЖ) - үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде
эдвайзердің кӛмегімен студенттің әр оқу жылына арнап ӛзі құрастыратын оқу жоспары;
6) элективті пәндер каталогы (ЭПК) - зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бӛлімдер)
және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімі, шеберлігі, дағдысы мен
құзыреттерін) кӛрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау компоненттері
бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
7) таңдау компоненті - жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін
есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің ӛздері таңдай алатын оқу
пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз кӛлемінің тізбесі;
8) құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын
кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;
9) міндетті компонент - үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы
бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз
кӛлемінің тізбесі;
10) оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) - мамандық бойынша әзірленетін үлгілік оқу жоспары мен
студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;
11) үлгілік оқу бағдарламасы (ҮОБ) - оқу мазмұнын, кӛлемін, ұсынылатын әдебиетті
анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу
жоспарының міндетті компоненттегі пәннің оқу құжаты;
12) үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ) - Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін,
міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз кӛлемін және практиканың,
қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін кӛрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру
бағдарламасының құрылымы мен кӛлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті
орган бекітетін оқу құжаты.
2. Жоғары білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына және меншік
нысанына қарамастан, бакалавриаттың тиісті мамандықтары және жоғары арнаулы білім бойынша
білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жоғары білімді мамандар (бакалаврлар
мен дипломды мамандар) даярлауды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
мамандықтарының жіктеуішіне;
2) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
3) академиялық күнтізбеге;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
4. Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан
табысты ӛткен тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе біліктілік беріледі.
5. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді кӛздейді:
1) студенттердің дайындық деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне
қойылатын міндетті талаптардың негізінде жоғары білім сапасын арттыру;
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) студенттерді оқыту деңгейін және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың
объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
4) студенттердің академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық білім кеңістігіне тең дәрежеде қатысуы үшін
жоғары білім туралы құжаттардың конвертациялануын қамтамасыз ету.
6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғары оқу орындары заңнамаға сәйкес оқытудың
түрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін таңдай
алады.
7. Жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне
сәйкес келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, мазмұны мен кӛлеміне, оқытудың
нормативті мерзімі мен студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын
анықтауы тиіс.
8. Жоғары оқу орны мамандықтарының тізбесі бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
9. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары Ұлттық біліктілік
шеңберіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық
біліктілік шеңберімен келісілген білім беру бағдарламаларын ӛз бетінше әзірлейді.
10. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің (сатысының) білім
беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің, шеберлігінің, дағдысы мен
құзыретінің деңгейі мен кӛлемін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне,
қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына
негізделеді.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
11. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын анықтайтын оқу
жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады және олардың арақатынасын, ӛлшемін және есебін
кӛрсетеді.
12. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын
теориялық оқытуды;
2) оқытудың қосымша түрлері - кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери
дайындықты және т.б.;
3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары пәнді оқытудың модульді жүйесі
негізінде жобаланады.
13. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің
негізінде жүзеге асырылады.
Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысанын, құрылымын және әзірлеу
тәртібін білім беру ұйымы ӛзі анықтайды.
14. Оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есепке алу оқытылатын материалдың кӛлемі
бойынша жүзеге асады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен
оқытушылардың еңбек шығынының ӛлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен ӛлшенеді.
Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және/немесе модульдерінің
(элементтерінің) шартты «бағасын» кӛрсетеді. Жалпы еңбек сыйымдылығы ұғымына лекциялық,
практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің ӛзіндік жұмысы,
курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың барлық түрлері,
қорытынды аттестаттауға дайындық және одан ӛту кіреді.
15. Теориялық оқытудың жалпы еңбек сыйымдылығы оқытылатын оқу пәндерінің тізбесімен
анықталады.
16. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің
кӛлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 3 кредит кӛлемімен
бағаланады.
Ерекше жағдайда пәнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.
17. Дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда басқа әрбір оқу пәні қайталанбайтын бір
атауға ие болуы тиіс.
18. Студенттер әр оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң емтихан
нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері,
курстық жұмыстар (жобалар) бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.
19. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарындағы әр пәнге тиісті әріптік және
сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін қарастыратын пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі
қолданылады.
20. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына
қолданыстағы заңнаманың нормаларын іске асыратын пәндер міндетті түрде кіреді. Оларға
мемлекеттік және орыс тілдері («Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі
Заңы
), дене шынықтыру («Дене шынықтыру және
спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы
Заңы
), еңбекті қорғау
(Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы
Еңбек кодексі
) жатады.
21. Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады және
таңдау компоненттерін де қоса алады. Базалық пәндер (БП) және бейіндеуші пәндер циклдері
міндетті компонентті және таңдау компонентін қамтиды.
22. Міндетті компонент - жалпы мәдениеттік, жалпы мемлекеттік мәні бар білім беру
бағдарламасының және жалпы мамандықтың елдің бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз
ететін іргелі ӛзегі болып саналады.
Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті
компонент пәндерінің кӛлемін қысқартуға жол берілмейді. Бұл шарт техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында оқытылатын қысқартылған білім беру
бағдарламалары үшін ғана орындалмауы мүмкін.
23. Таңдау компоненті нақты ӛңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек
нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнындағы ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ
білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.
Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны ӛзі анықтайды.
24. ЖБП циклінің мазмұны үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы кӛлемінің 25%-ын
немесе 33 кредитті құрайды және мынадай пәндерден тұрады: Қазақстан тарихы, Философия,
Қазақ (Орыс) тілі, Шет тілі, Информатика, Экология және тұрақты даму, Саясаттану,
Әлеуметтану, Экономикалық теория негіздері, Құқық негіздері, Ӛмір қауіпсіздігі негіздері және
Дене шынықтыру.
Бұл ретте Дене шынықтыру оқытудың қосымша түрлері шеңберінде жүргізіледі және ЖБП
циклі кредиттерінің жалпы кӛлеміне кірмейді.
25. Мамандықтарға байланысты ЖБП циклының жекелеген пәндері алынып тасталады немесе
БП цикліне ауыстырылады. Бұл жағдайда, босатылған кредиттер таңдау компонентіне беріледі.
Мысалы, «Құқық» тобындағы мамандықтар бойынша «Құқық негіздері» пәні алынып тасталады;
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» тобындағы экономикалық мамандықтар
бойынша «Экономикалық теория негіздері» пәні ЖБП циклінен БП цикліне ауыстырылады.
«Гуманитарлық
ғылымдар»,
«Әлеуметтік
ғылымдар,
экономика
және
бизнес»,
«Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар» тобындағы
жекелеген мамандықтарға да ЖБП циклындағы аттас пәндер бойынша осындай әдістер
қолданылады. Бұл ретте босатылған кредиттер таңдау компонентіне беріледі.
ЖБП циклінде таңдау компоненті ретінде аталған пәндер базалық немесе бейіндеуші пәндер
циклінің міндетті компонентіне енген мамандықтарды қоспағанда, Мәдениеттану, Психология,
Ӛзін-ӛзі тану, Инновациялық менеджмент пәндерін қолдану ұсынылады.
26. БП цикліндегі пәндер кӛлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы кӛлемінің 50%-
ын немесе 64 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 44
кредит таңдау компоненті пәндеріне бӛлінеді.
Бұл ретте таңдау компоненті жоғары оқу орнының шешімімен, сондай-ақ кафедраның, білім
алушының, жұмыс берушінің ұсынысы бойынша әзірленуі мүмкін.
27. БП циклінің міндетті компонентіне әрбіреуі кемінде 2 кредит кӛлемінде «Кәсіби қазақ
(орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері енгізіледі.
Кӛрсетілген пәндер тілдік және тиісті мамандықтар бойынша бейіндеуші кафедраларға
бекітіледі.
28. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер кӛлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы
кӛлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент
пәндеріне және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне бӛлінеді.
29. «Ӛнер», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Ветеринария», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік
қамсыздандыру (медицина)» топтары бойынша жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере
отырып, білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі ӛлшемі ретінде осы стандарттың
64-
тармағына
сәйкес студенттердің теориялық оқудың 129-дан артық кредитін меңгеруі болуы
мүмкін. Бұл жағдайда ЖБП циклінің мазмұны 33 кредит кӛлемінде сақталса, БП және бейінді
пәндер циклінің жалпы еңбек сыйымдылығы мен олардың арақатынасы осы стандарттың
26
және
28-тармақтарында
белгіленгеннен ӛзгеше болуы мүмкін.
30. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы 1-кестеде кӛрсетілген.
1-кесте
№
Циклдер мен пәндер атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
Байланыс сағаты
бойынша (50 мин.)
Кредит
бойынша
1
2
3
4
1
Жалпы білім беру пәндерінің циклі (ЖБП)
1485
33
1)
Міндетті компонент
1485
33
Қазақстан тарихы
135
3
Философия
135
3
Шет тілі
270
6
Қазақ (Орыс) тілі
270
6
Информатика
135
3
Экология және тұрақты даму
90
2
Әлеуметтану
90
2
Саясаттану
90
2
Экономикалық теория негіздері
90
2
Құқық негіздері
90
2
Ӛмір қауіпсіздігі негіздері
90
2
2)
Таңдау компоненті
2
Базалық пәндер циклі (БП)
2880
64
1)
Міндетті компонент
900
20
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
90
2
Кәсіби бағытталған шет тілі
90
2
2)
Таңдау компоненті
1980
44
3
Бейіндеуші пәндер циклі (БПә)
1440
32
1)
Міндетті компонент
225
5
2)
Таңдау компоненті
1215
27
Теориялық оқыту бойынша барлығы
5805
129
4
Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)
1)
Міндетті компонент
Дене шынықтыру
240
8
Кәсіптік практика (КП) (түрлері бойынша)
Практиканың
түріне қарай
кемінде 6*
2)
Таңдау компоненті
5
Қорытынды аттестаттау
1)
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау
210
2
2)
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан(дар) (1 МЕ
үшін)
105
1
ЕСКЕРТПЕ:
* «Білім» тобының мамандықтары бойынша 6 кредиттен 20 кредитке дейін;
«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» тобының мамандықтары бойынша 6 кредиттен 15
кредитке дейін.
Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын іске асыру кезінде жоғары оқу орны:
1 кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру логикасын бұзбай пәнді оқуды бір семестрден басқа
семестрге ауыстыруға;
2 оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің кӛлемін ұлғайтуға;
3 пререквизиттерді ескере отырып, практикаларды ӛткізу уақытын дербес бекітуге құқылы.
31. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу
сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің ӛзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін
қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.
32. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-ӛлшегіш құралдары: оқу
жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің кӛлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына,
академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының кӛлеміне қойылатын талаптарға сәйкес
анықталады.
33. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге
асырылады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бӛлінеді.
34. ҮОЖ осы стандарт негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары бойынша әзірленеді
және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу
қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау)
кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің
жалпы санымен кӛрсетіледі.
35. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің
жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК)
әзірлейді.
ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері кӛрсетіледі. ЭПК студенттерге
элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
36. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің кӛмегімен ЖОЖ
құрады. ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын анықтайды.
ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу қызметінің түрлері (практикалар,
мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау
компоненті пәндері кіреді.
Студенттердің элективті пәндерді ретсіз таңдауының алдын алу және жоғары оқу орны
әзірлеген білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында студенттердің таңдауына ЭПК
шеңберінде бірнеше білім траекториясын - еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысын
есепке ала отырып, жоғары білім мамандығы бойынша қызметтің нақты бір саласына бағытталған
білім беру бағдарламасын меңгеруге мүмкіндік беретін элективті пәндер тізбесін және оларды
меңгеру ретін ұсынуға болады.
37. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен студенттердің ЖОЖ-ы негізінде
әзірленеді және оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы
еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу
қызметінің басқа да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты
(жобаны) жазу және қорғау) айқындалады.
ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек
сыйымдылығын есептеуге негіз болады.
38. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту ретін жоғары оқу
орны ӛзі анықтайды.
39. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары
үлгілік, жұмыс, сондай-ақ силлабус болып бӛлінеді.
40. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және
оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
41. Оқу жұмыс бағдарламалары мен силлабустар (студенттерге арналған пән бағдарламалары)
оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл
ретте оларды әзірлеу міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде
жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша жоғары оқу орны ӛзі әзірлейді. Оқу
жұмыс бағдарламалары мен силлабустардың нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін
жоғары оқу орны ӛзі анықтайды.
42. Білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу процесін ұйымдастыру мен жүргізу тәсілін жоғары
оқу орны кредиттік оқыту технологиясы негізінде ӛз бетінше жүзеге асырады.
43. Кредиттік оқыту технологиясында студенттердің ӛздігінен орындайтын жұмыстарының -
тестілер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, есептер және т.б. түрінде
тексерілетін, оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулықтармен қамтамасыз етілген белгіленген
тақырыптар тізбесі бойынша жұмыстардың (оның ішінде ӛзі бетінше оқып меңгеруге бӛлінген)
кӛлемі артады.
44. Ӛзіндік жұмыс екі түрге бӛлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің
ӛзіндік жұмысы (ОСӚЖ) және студенттің толығымен ӛзі орындайтын жұмысы (СӚЖ).
45. ОСӚЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын студенттің
аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне енбейді.
46. ОСӚЖ бен СӚЖ-нің ӛзіндік жұмыстың жалпы кӛлеміндегі арақатынасын жоғары оқу
орны ӛзі айқындайды.
ОСӚЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары,
курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар және семестрлік жұмыстардың, есептер
мен басқа да СӚЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі.
47. Кредиттік оқыту технологиясының міндеті - студенттердің ӛзін-ӛзі ұйымдастыру және
ӛзіндік білім алу қабілеттерін дамыту. Тиісінше, оқытушылар мен студенттер жұмыстарының
мынадай үлгілік циклдері іске асырылады.
1) Оқытушының студенттермен жұмысының (ОСЖ) үлгілік бірлік циклі үш негізгі функцияны
қамтиды.
Оқытушының бірінші функциясы - бағыттаушы-бағдарлаушылық (тақырыпқа кіріспе, мақсат,
міндеттерді қою, практикалық тиімділігін, материал мазмұнының негізгі бӛлімдерінің мәні мен
ӛзара байланысын сипаттау, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жӛнінде ұсынымдар т.б.). Бұл
студенттің алдағы ӛзіндік жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс.
Оқытушының екінші функциясы - консультативтік-түзетушілік. Бұл - студенттің ӛзіндік
жұмысында оқу әрекетін жүзеге асыруда консультативтік кӛмек беру, жеке консультация жүргізу
және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге асыру. Білім беру процесінде бұл функцияны тьюторлар
атқарады.
Оқытушының үшінші функциясы - бақылаушылық-бағалаушылық. Бұл студенттердің білімін,
шеберлігін және дағдысын бағалауды әртүрлі нысанда жүргізу (жазбаша немесе ауызша емтихан,
тестілеу және т.б.), оларға кездесетін негізгі қиындықтарды анықтау бойынша диалог
ұйымдастыру, оқытушының сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, ӛзара
әрекеттестікті, эталондық тәсілдерді кӛрсетуін қарастырады.
2) Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің ӛзіндік жұмысының (ОСӚЖ) үлгілік
бірлік цикліне мынадай тӛрт негізгі функция кіреді:
Бірінші функция - оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген
ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды кӛздейді.
Екінші функция оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің ӛздігінен оқу-әдістемелік
құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б.
орындауын кӛздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, ӛзін-
ӛзі ұйымдастыру және ӛзіндік тәртіп талап етіледі.
Студенттердің үшінші функциясы - ӛздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен
жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін
орындау. Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар
жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға ӛз жауаптарының
нұсқаларын дайындайды.
Студенттердің тӛртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін
оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
48. Жоғары оқу орны оқу процесін барлық қажетті ақпарат кӛздерімен, атап айтқанда,
оқулықтармен, оқу құралдарымен, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдармен,
нұсқаулықтармен, ӛзіндік жұмыс бойынша белсенді үлестірмелі материалдармен және
нұсқаулықтармен, электронды оқулықтармен, желілік білім беру ресурстарының қолжетімді
болуын қамтамасыз етеді.
Әрбір студент оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі.
49. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны бакалавриаттың білім беру
бағдарламасы компоненттерін бӛлу нормаларын осы стандартқа
1-қосымшаға
(бакалавриат үшін)
және
2-қосымшаға
(жоғары арнаулы білім үшін) сәйкес басшылыққа алады.
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
50. Студенттің оқу жүктемесінің кӛлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының
түрі бойынша игеретін кредит санымен ӛлшенеді.
51. Профессорлар-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе
аудиториялық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке
бекітілген график бойынша оқытушының студенттермен байланыс жұмысының уақытын
білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
52. Студиялық, зертханалық, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарынан ӛзге аудиториялық
жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең, Студиялық сабақтар үшін бір академиялық
сағат 75 минутқа және зертханалық сабақтар мен дене шынықтыру сабақтары үшін 100 минутқа
тең.
Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері үшін бір академиялық
сағат 50 минутқа тең.
53. Оқу жұмысының кӛлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойында студенттің аудиториялық жұмысының;
2) кәсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының;
3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша жұмысының;
4) студенттің мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен оны тапсыру
бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.
54. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу
жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының кӛлемдерімен
(50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы
мүмкін. Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті СӚЖ сағаттарының
санымен толығады, осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің
бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтары кезіндегі студенттің оқытушымен жұмысының
байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат СӚЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӚЖ сағаттарымен қамтылмайды.
Практиканың әр академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа) студенттің қосымша
жұмысының тиісті оқу сағаттарымен толықтырылады: педагогикалық практика үшін - 1 сағат,
ӛндірістік практика үшін - 4 сағат.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және
қорғау бойынша студенттің оқытушымен байланыс жұмысының немесе мемлекеттік емтиханға
дайындық және оны тапсыру бойынша студенттің оқытушымен жұмысының бір сағаты (50 минут)
болып табылады. Студентті қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық СӚЖ-
бен қамтамасыз етіледі.
55. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практика мен
демалыстан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.
56. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.
57. Академиялық кезең 15 апта кӛлеміндегі семестрден тұрады.
58. Әр академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттерді аралық
аттестаттау кезеңімен аяқталады.
59. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау
жүргізіліп, ағымдағы үлгерім бағаларын (ағымдағы және межелік бақылаулар бойынша
бағалардың арифметикалық ортасы) ескере отырып, пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды
бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
60. Оқу жылы ішінде студенттерге кемінде екі рет ұзақтығы соңғы курстан ӛзге курстарда
кемінде 7 аптаны құрайтын демалыс беріледі.
61. Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті
компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, ӛндірістік және дипломалды болып бӛлінеді.
Кәсіптік практиканың барлық түрінің жалпы кӛлемі 6 кредиттен кем болмауы тиіс. «Білім»
мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика кӛлемі 6 кредиттен 20 кредитке дейін,
«Техникалық ғылым және технологиялар» мамандықтары тобы бойынша кәсіптік практика кӛлемі
6 кредиттен 15 кредитке дейін болады.
Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік
жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен
анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген кӛлемін тиісті практика
түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына кӛбейту керек және оны студенттің апта
бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бӛлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу практикасы үшін 15 сағатты (50
минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), ӛндірістік практика үшін 75
сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде
оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, ӛндірістік практика үшін
2,5 аптаны құрайды.
62. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең студенттің апта
бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӚЖ-ді қоса
есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағат тең, яғни 2 апта. Олардың ішінде 15
сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, ал 90 сағаты СӚЖ-ге арналады.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2
апта бӛлінеді.
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит, яғни тиісінше 4 апта бӛлінеді.
Бұл ретте 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау енеді. Дипломдық
жұмысты (жобаны) орындау процесінің ӛзі алдын ала кәсіптік практика барысында және
теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асады.
63. Студенттердің қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы
академиялық айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттері ӛз
ЖОО-да міндетті түрде қайта есепке алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену
үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) кӛтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр
(бітіруші курстан ӛзге курстарда) енгізілуі мүмкін.
64. Бакалаврды даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі ӛлшемі
студенттің теориялық оқу бойынша кемінде 129 кредитті, сондай-ақ кәсіптік практиканың кемінде
6 кредитін, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау, жазу және қорғаудың кемінде екі кредитін,
мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен тапсырудың кемінде 1 кредитін игеруі
болып табылады.
Жекелеген мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай (жоғары арнаулы білім беру
бағдарламаларын қоса алғанда) оқыту процесінің аяқталғандығының негізгі ӛлшемі ретінде
студенттің:
игеруі талап етіледі:
1) «Ӛнер» тобы бойынша - теориялық оқудың 160-180 кредитіне дейін;
2) «Әскери іс және қауіпсіздік» тобы бойынша - теориялық оқудың 170-190 кредитіне дейін;
3) «Ветеринария» тобы бойынша - теориялық оқудың 160 кредитіне дейін;
4) «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» тобы бойынша -
теориялық оқудың 190-224 кредитіне дейін.
Сонымен қатар, ЖОО іске асырылатын білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне қарай
игеруге қажетті кредиттер кӛлемін арттыра алады.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын
талаптарды орындаған жағдайда студентке оқу мерзіміне қарамастан «бакалавр» академиялық
дәрежесі беріледі.
65. Семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі оқыту
нысанының студенті 18-22 кредит, сырттай оқыту нысанының студенті 9-12 кредит, кешкі оқыту
нысанының студенті 12-15 кредит игеруі тиіс. Аталған кредиттер саны студенттің алдыңғы білім
деңгейіне қатыссыз белгіленеді.
66. «Білім» мамандықтар тобының білім беру бағдарламаларын жасау кезінде жоғары оқу
орындары шағын жинақталған мектептердің жұмыс істеуін ескереді.
Педагогикалық мамандықтардың студенттеріне аралас мамандықтардың пәндерін қатар
игеруге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда студенттер бір семестрде 27 кредитке дейін игере
алады.
67. ЖОО оқу процесін берілген лицензияға сәйкес ұйымдастырады және білім беру қызметін
лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс.
68. ЖОО білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессорлар-
оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық ресурстармен,
қаладан тыс жерлерден келген студенттерді жатақханамен және студенттерді қолдаудың басқа да
қызметтерімен қамтамасыз етеді.
69. Материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базаға қойылатын талаптар.
Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық жабдықталуы оның техникалық және
технологиялық мүмкіндіктер ауқымын кеңейтуге бағытталуы тиіс.
Жоғары оқу орнында санитарлық талаптарға сай келетін, оқытудың нысандары бойынша оқу
сабақтарын екіден артық емес ауысымда ӛткізуге қажетті аудиториялық қордың негізгі кӛлемі
және қосымша бӛлмелер болуы керек.
Меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы ғимараттардың оқу ауданы
оқу сабақтарының ауысымдылығын ескергенде келтірілген контингенттің бір студентіне 6 м2 кем
болмауы тиіс.
Тіл және тілдік пәндер бойынша оқу сабақтарын ӛткізу үшін, сондай-ақ студенттердің ӛзіндік
жұмысын ұйымдастыру үшін жоғары оқу орнында лингафон кабинеттері мен оған ұқсас басқа да
жабдықтар болуы керек.
ЖОО оқу сабақтарын және СӚЖ-ді интерактивті нысанда ұйымдастыруға мүмкіндік беретін
соңғы үлгідегі компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған болуы тиіс.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жоғары оқу орнында оқу бағдарламаларының
тиісті тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беретін түрлі тапсырмалармен (виртуальды
зертханаларды қосқанда), бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етілген заманауи оқу-
зертханалық жабдықтар болуы керек.
Жоғары оқу орындарының оқу зертханаларына қойылатын талаптар қолданыстағы
санитариялық ережелерге сәйкес қабылдануы тиіс.
70. ЖОО әр студентті мамандығының бейініне сәйкес кәсіптік практикалар базасымен
қамтамасыз етеді.
71. Жоғары оқу орнының кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау кезінде білім
беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен анықталған.
Жоғары оқу орнының оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын
сақтаған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен ӛткізудің түрін және оқытудың әдіс-
тәсілдерін еркін таңдауға құқылы.
72. Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Жоғары білім беру бағдарламасын іске асыру әрбір студенттің ақпараттық ресурстар мен
кітапхана қорына еркін қол жеткізуі, барлық модульдер, пәндер, оқу жұмысының барлық түрлері -
практикумдар, курстық және дипломдық жобалау, кәсіптік практика, студенттің ӛзіндік жұмысы
бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың, сондай-ақ кӛрнекі құралдар мен аудио- және
бейнематериалдардың болуы арқылы қамтамасыз етіледі.
ЖОО студенттердің электронды кітапханаларда орналастырылған халықаралық деректер
кӛздерін қоса алғанда оқу, ғылыми, ақпараттық базаларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттерімен
қамтамасыз ету білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес
келуі тиіс.
Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету студенттердің ӛзіндік жұмысын жүйелі
түрде күшейту арқылы жүзеге асады.
73. Білім алушылардың зерттеу қызметіне қойылатын талаптар.
Студенттердің ғылыми жұмыстары оқу процесінің жалғасы және тереңдетілуі болып
табылады және кафедраларда, зертханаларда, ғылыми, конструкторлық және жоғары оқу
орындарының жобалау бӛлімдерінде, студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде
(конструкторлық және ӛзге бюролар, орталықтар, ҒЗИ және т.б.) ұйымдастырылады.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) жетекшілікті ЖОО профессорлары,
доценттері, оқытушылары атқарады. ЖОО СҒЗЖ жүйесінің жаппай ұйымдастыру іс-шараларын
жоспарлауы және ӛткізуі тиіс.
4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
74. Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі (бакалавриат) негізінде
анықталады және құзыреттілік арқылы кӛрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық
деңгейінде де, жеке пәннің, модульдің деңгейінде де сипатталады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала
бойынша білімі мен түсінігін кӛрсете білу;
2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу;
4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми кӛзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға
қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге
де жеткізе білу қабілеттерінің болуын кӛздейді.
75. ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық
құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге
қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.
76. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына
ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері
саласында базалық білімінің болуы;
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық
технологияларды қолдана білуі;
3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа
білімді меңгеру дағдысының болуы.
77. Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық
құндылықтарды білу және ӛзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;
2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын
игеру;
3) Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу;
4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;
5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
6) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;
7) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
8) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, ӛзінің кӛзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер
ұсына білу;
9) ортақ келісімге келе білу, ӛз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
10) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан ӛсуге ұмтылу.
78. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жӛнінде
ғылыми түсінігінің болуы;
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік
сектордың рӛлін білу және түсіну.
79. Ӛзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби
рӛлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа
қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде
ӛзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы
шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
80. Арнайы құзыреттер жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар
негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып
анықталады.
81. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің кӛлемі аясында
алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
82. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер
бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу
жылы аяқталған кезде) Офис регистратор (бӛлім, сектор) жүргізеді және бақылау мен бағалау
оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.
83. Офис регистратор білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол
студенттердің бекітілген үлгідегі транскрипінде кӛрінеді.
Транскрипт студентке білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша ӛтініші негізінде
беріледі.
84. Бітірушілердің білімін, шеберлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды
қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
85. ЖОО бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және
мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған кезеңде мамандық (мамандықтың оқу пәндері)
бойынша мемлекеттік емтихан(-дар) тапсыру және/немесе дипломдық жұмыс (жоба) қорғау
нысанында ӛткізіледі.
86. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «бакалавр»
академиялық дәрежесі және/немесе біліктілік беріледі және қосымшасы (транскрипт) бар
мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере
алады.
Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі - 4
жыл)
№ Қызмет түрлері Кредит
саны
Апта
саны
Жалпы
сағат
саны
Оның ішінде
Орташа
апталық
жүктеме
аудиториялық/оқытушымен
байланыстағы сағаттар
СӚЖ
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Теориялық
оқыту (1:3)
129
105
5805
1935
3870
55,3
2
Дене
шынықтыру (4
семестр) (2:0)
8
60
240
240
-
4,0
3
Қорытынды
аттестаттау
(1:6) оның
ішінде:
3
6
315
45
270
52,5
1) мемлекеттік
емтихан (1 МЕ
үшін)
2) диплом
жұмысын жазу
және қорғау
1
2
2
4
105
210
15
30
90
180
52,5
52,5
БАРЛЫҒЫ
140
111
6360
2220
4140
-
4
Практика
(кәсіптік), оның
ішінде:
6
5-11
150-
330
90
60-
240
30,0
1) оқу (1:0)
2
1
30
30
-
30,0
2)
педагогикалық
(1:1)
4
4
120
60
60
30,0
3) ӛндірістік
(1:4)
4
10
300
60
240
30,0
5
Демалыс
-
63-
57
-
-
-
-
6
Емтихан
сессиясы (7х3
апта)
-
21
-
-
-
-
БАРЛЫҒЫ (52
апта х 4 жыл - 8
апта=200)
146
200
6510-
6690
2370
4140-
4320
ЕСКЕРТПЕ:
1. Бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 129 кредитін
және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында
жоспарланған кредит санына қарамастан).
2. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты жазуға және
қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына
қарамастан).
3. Практикаға бӛлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте бакалавриаттың
барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит кӛлемінде, ал педагогикалық немесе
ӛндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.
4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы кӛлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары
студенттің апталық жүктемесіне енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары ӛзгеруі мүмкін, бірақ студенттің апталық жүктемесі
57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы
керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО ӛздігінен қызметтің басқа
түрлеріне қайта бӛле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе
бойынша бӛлек жоспарлануы мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында кӛрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО ӛздігінен
демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.
Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
2-қосымша
Жоғары арнаулы білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі - 5
жыл)
№ Қызмет түрлері Кредит
саны
Апта
саны
Жалпы
сағат
саны
Оның ішінде
Орташа
апталық
жүктеме
аудиториялық/оқытушымен
байланыстағы сағаттар
6
БӚЖ
1
2
3
4
5
2415
7
8
1
Теориялық
оқыту (1:2)
161
135
7245
240
4830
53,7
2
Дене
шынықтыру (4
семестр) (2:0)
8
60
240
45
-
4,0
3
Қорытынды
аттестаттау
(1:6), оның
ішінде:
3
6
315
15
30
270
52,5
1) мемлекеттік
емтихан (1 МЕ
үшін)
1
2
105
2700
90
52,5
2) диплом
жұмысын жазу
және қорғау
2
4
210
180
52,5
БАРЛЫҒЫ
172
141
7800
90
5100
30,0
4
Практика
(кәсіптік), оның
ішінде:
6
11
330
30
240
30,0
1) оқу (1:2)
2
1
30
60
-
30,0
2) клиникалық,
ӛндірістік және
т.б. түрлері (1:4)
4
10
300
240
30,0
5
Демалыстар
73
6
Емтихан
сессиясы (9х3
апта)
27
2790
Барлығы (52
апта х 5 жыл - 8
апта =252)
178
252
8130
ЕСКЕРТПЕ:
1. Біліктілік алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіптік
практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит
санына қарамастан).
2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты (жобаны)
жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит
санына қарамастан).
3. Практикаға бӛлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте жоғары арнаулы
білімнің барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит кӛлемінде, ал педагогикалық
немесе ӛндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.
4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы кӛлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары
студенттің орташа апталық жүктемесіне енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары ӛзгеруі мүмкін, бірақ студенттің апталық жүктемесі
57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы
керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО ӛздігінен қызметтің басқа
түрлеріне қайта бӛле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе
бойынша бӛлек жоспарлануы мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында кӛрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО ӛздігінен
демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |