Және енгізілген



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет11/11
Дата07.01.2020
өлшемі0,88 Mb.
#26009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7.  СӨЖ  (МӨЖ)  бен  СОӨЖ  (МОӨЖ)  өткізу  жөніндегі  әдістемелік 

нұсқаулар;  

8.  Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар;  

9.  Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бақылау  мен  бағалаудың 

материалдары (емтихан билеттері, тест сұрақтары); 

10. Мамандандырылған 

аудиториялардың, 

кабинеттер 

мен 

зертханалардың тізілімі.  



11. ҒЗЖ ендіру актілері (бар болса). 

Университеттің сапа саласындағы саясатын жүзеге асыру үшін, ПОӘК 

материалдары үнемі жаңартылып тұрады. Пәндердің көбісі бойынша ПОӘК 

компоненттерін  білім  алушылар  электронды  түрде  студент  порталынан  ала 

алады.  

  

3.4 

Сабақтардың, quiz, емтихандық сессияның кестесі 

 

Сабақтардың кестесі аудиториялық сабақтар мен бақылау іс шараларын 

(студенттердің  ағымдағы  және  аралық  аттестациясы)  өткізу  бөлігіндегі 

жоғары  оқу  орнының  оқу  жұмысын  реттейтін  негізгі  құжаттың  бірі  болып 

табылады.  

Сабақтардың  кестесі  курстар,  топтар  бойынша,  оқудың  түрлі 

нысандарының студенттері үшін бөлек жасалынып, университет ректорымен 

бекітіледі.  Сабақтардың  кестесі  семестрдің  немесе  сессияның  басталуына 

дейін  екі  аптадан  кешіктірілмей  университеттің  негізгі  оқу  корпустарында, 

арнайы бөлінген орындарға ілінеді. Сабақтар кестесінің электронды нұсқасы 

университеттің сайтына орналастырылады.  

Сабақ  кестесінде  барлық  оқу  топтары  үшін  әр  пән  бойынша 

аудиториялық  оқу  сабақтары  туралы  толық  ақпарат  қамтылады  (апта  күні, 

уақыты, орын мен сабақ түрі, оқытушының аты-жөні).  

Күндізгі  және  кешкі  оқу  түрі  студенттерінің  сабақтары  семестр  бойы 

біркелкі  үлестіріледі.  Сабақтарды  өткізу  ЖОО-да  бекітілген  сағаттар 

кестесіне  сәйкес  оқытудың  күндізгі  түрі  бойынша  күндізгі  уақытта  және 

оқытудың  кешкі  түрі  бойынша  кешке  жоспарланады.  Оқу  жылы 

әрқайсысының  ұзақтығы  15  апта  болатын  екі  семестрге  (жартыжылдыққа) 

бөлінеді.  

Сырттай  оқу  түрі  студенттерінің  сабақтары  оқытушы  мен  студенттің 

аудиториялық  сабақтары  мен  бақылау  іс-шараларын  (студенттердің 

ағымдағы  және  аралық  аттестациясы)  біріктіреді.  Сабақтардың  жүргізілуі 

жылына 2 рет болып жоспарланады. Күн ішінде сабақтардың өткізілуі ЖОО-

бекітілген  сағаттар  кестесіне  сәйкес  жоспарланады.  Сырттай  оқу  түрінің 

академиялық кезеңінің ұзақтығы төрт аптаны құрайды. 

Quiz  кестесі.  Кесте  рейтингілік  аптаға  дейін  бір  апта бұрын  семестрде 

үш рет жасалады. Кестемен аралық бақылау  quiz түрінде көзделген барлық 

пәндер  бойынша  оқу  топтары  үшін  тестілеудің  күні,  уақыты  мен  орны 

анықталады.  

 



Емтихандық  сессия  кестесі.  Емтихандық  сессияның  кестесі  жылына  2 

рет  жасалады.  Емтихандық  сессия  кестесімен  емтихан  жұмыс  оқу 

жоспарларымен  көзделген  барлық  пәндер  бойынша  оқу  топтары  үшін 

емтихандарды  өткізудің  күні,  уақыты  мен  орны  анықталады.  Емтихандық 

сессияның  кестесі сессияның басталуына дейін екі апта бұрын бекітіледі.  

 

3.5 



Университеттің аудиториялық қоры 

 

Жоғары  оқі  орны  қызметінің  міндетті  шарты  мамандықтың  МЕСТ 

(даярлық  бағыттары  )  пен  типтік  оқу  жоспарына  сәйкес  қызметі  мен  білім 

алушылардың  дағдылары  мен  машықтарының  қалыптасуын  қамтамасыз 

ететін сәйкес аудиториялық және зертханалық базаның, оқу кабинеттері мен 

басқа да бөлмелердің болуы табылады.  

 «Мирас» 

университетінің 

материалдық-техникалық 

жарықтандырылуы  оның  техникалық  және  технологиялық  мүмкіндіктерінің 

кеңейтілуіне бағытталған.  

Университет,  санитарлық  нормаларға  сәйкес  келетін  және  көмекші 

бөлмелері  бар,  екі  ауысымнан  артық  емес  оқытудың  күндізгі  түрі  бойынша 

оқу сабақтарын жүргізу үшін қажетті аудиториялық қордың негізгі көлеміне 

ие.  

Мамандықтардың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 



стандарттарымен  көзделген  білім  беру  оқу  бағдарламаларын  жүзеге  асыру 

үшін,  университеттің  түрлі  тапсырмалармен(виртуалды  зертханаларды  қоса 

алғанда),    оқу  бағдарламаларының  сәйкес  тапсырмаларын  орындауға 

мүмкіндік  беретін  бағдарламалық  қамсыздықпен  қамтамасыз  етілген 

заманауи оқу-зертханалық жабдыққа ие.  

Оқу зертханаларының заманауи жабдықталуы – бұл қызметкерлер мен 

білім  алушылардың  зияткерлік  дамуына  деген  қосқан  үлесі.  Зертхана 

кабинетінің  жарықтандырылуы  барлық  талаптарға  сәйкес  жасалғандықтан, 

қызметкерлерді  оқыту  немесе  студенттерге  сабақ  беруге  елеулі  түрде  аз 

уақыт беріледі. Нәтижесінде, дамудың жаңа идеяларын іздену үшін және т.б. 

көп мүмкіндіктер беріледі.  

Білім  беру  процессінің  барысында  оқу  және  мамандандырылған 

аудиторияларды  пайдаланудың  тәртібі  Оқу  аудиториясы  туралы  қағидада 

сипатталған.  



 

 

 


4.  Оқу процессін алып жүретін құрылымдық бөлімшелер 

 

4.1 

Оқу-әдістемелік басқару 

 

Оқу-әдістемелік  басқару  оқу  және  оқу-әдістемелік  жұмыстың 

жоспарлануын,  ұйымдастырылуын  және  бақылануын  қамтамасыз  ететін 

университеттің  негізгі  құрылымдық  бөлімшесі  болып  табылады.  Оқу  бөлімі 

университеттің  негізі  қаланған  күннен  бастап  әрекет  етеді.  Басқарманың 

негізгі  міндеті  инновациялық  білім  беру  бағдарламаларын  қалыптастыру 

жөніндегі  жұмыстарды  үйлестіру  және  университетпен  көрсетілетін  білім 

беру  қызметтерінің  жоғары  сапасына  сәйкес  келетін  оқу  процессін 

әдістемелік қамтамасыз ету. Басқарма өзінің қызметін келесі негізгі бағыттар 

бойынша  жүзеге  асырады:  университеттің  Оқу-әдістемелік  кеңесінің 

жұмысын  ұйымдастырады  және  оның  отырыстарында  қарастыру  үшін 

материалдарды  дайындайды;  әдістемелік  құжаттаманы  (оқу  жоспарлары, 

бағдарламалар  және  т.б.)  әзірлеуге  қолдау  көрсетіп,  оның  сараптамасын 

жүргізеді;  жаңа  мамандықтардың  лицензиялануына,  «Мирас»  университеті 

мен  оның  филиалдарының  аттестациялануы  мен  аккредитациялануына 

қатысады; істер номенклатурасын, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын 

өзгерту  бойынша  ұсыныстарды  әзірлеуге  қатысады;  оқу  процессінің  үздік 

әдістемелік 

қамтамасыздығына 

арналған 

байқаудың 

жүргізілуін 

ұйымдастырады.  

 

4.2 

Оқу-әдістемелік кеңес 

 

Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесі  оқу  және  оқу-әдістемелік 

жұмысын  жоспарлау  және  ұйымдастыру  мәселелері  бойынша  жұмыстарды 

үйлестіру,  сонымен  қатар  университеттегі  оқу  процессін  жетілдіру 

мәселелеріне  басшылық  жүргізу  мақсатымен  жасалған  кеңес  беру  органы 

болып  табылады  (оқу  процессінің  оқу-әдістемелік  қамсыздығының 

сапасының  мониторингі,  Университетте  жарияланатын  оқу,  оқу-әдістемелік 

әдебиетті жариялауға нұсқама беру, оқу-әдістемелік  жұмысты ұйымдастыру 

және жетілдіру, білім беру қызметіне жаңа технологияларды енгізу және т.б. 

бойынша алдыңғы тәжірибені жалпыландыру және тарату).  

ОӘК сонымен қатар жоғары оқу орындарының білім беру саласындағы 

нормативтік-құқықтық  актілері  мен  әдістемелік  жұмысының  әзірленуіне, 

оқу-әдістемелік 

жұмысты 


жетілдіру 

жөніндегі 

семинарларды, 

конференцияларды, мәжілістерді ұйымдастыру мен өткізуіне қатысады.  

Өзінің  қызметінде  ОӘК  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 

Заңын, Университеттің жарғысы мен оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі басқа 

да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.  

 

 



 

 



4.3 

Тіркеуші кеңсесі 

 

Тіркеуші кеңсесі – білім алушының бүкіл оқу жетістіктерінің тарихын 

тіркеумен  айналысатын  және  білім  бақылауының  барлық  түрлерінің 

ұйымдастырылуы мен оның академиялық рейтингінің есептелуін қамтамасыз 

ететін академиялық қызмет.  

       Тіркеуші  кеңсесінің  мақсаты    –  оқу  процессін  ұйымдастыру,  жүргізу 

және  басқару  жөніндегі  функцияларды  сенімділіктің,  тиімділік  пен 

жауапкершіліктің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз ету.  

 

Тіркеуші кеңсесінің негізгі міндеттері: 



 

Бүкіл  оқу  кезеңі  бойы  білім  алушылардың  оқу  жетістіктері  мен 



академиялық жазбаларын тіркеу процесстерін ұйымдастыру.  

 



Академиялық  күнтізбені  жасау  және  оның  дер  кезінде  орындалуын 

бақылау.  

 

Мамандықтардың  білім  беру  программаларына  сәйкес  пәндердің 



тіркелуі мен қайта тіркелуін ұйымдастыру және жүргізу.  

 



Жеке  оқу  жоспарларын  (ЖОЖ)  жасау  және  оны  білім  алушылармен 

орындалуын басқару және қадағалау.  

 

Университеттің  академиялық  күнтізбесіне  сәйкес  оқу  процессінің 



шеңберінде ағымдағы, аралық, қорытынды бақылаулардың жүргізілуін 

ұйымдастыру.  

 

Ағымдағы,  аралық,  қорытынды  бақылаулардың  нәтижелері  бойынша 



құжаттамаларды жүргізу (тізілімдемелерді әзірлеу).  

 



Үлгерімнің орташа баллын есептеу (GPA). 

 



Эдвайзерлердің жұмысын басқару және үйлестіру.  

 

4.4 

Студенттерге қызмет көрсету орталығы 

 

      



Студенттерге  кеңес  беру  қызметтерін  көрсету,  процесстердің 

мобильділігін  ұйымдастыру  мақсатында,  университетте  2013  жылы 

студенттерге  қызмет  көрсету  орталығы  (СҚКО)  жасалды.  СҚКО 

университеттің  құрылымдық  бөлішесі  болып  табылады,  «Мирас» 

университетінің ОР Директорына тікелей бағынышты болады. СҚКО қызметі 

университеттің әрбір корпусында ұйымдастырылған.  

СҚКО қызметкерлері төмендегіні жүзеге асырады: 

 

Студенттерге  университет  жұмысын  ұйымдастыру,  деканаттардың, 



әкімшіліктің  және  ЖОО-ның  басқа  бөлімшелереніңі  жұмыс  кестесі 

жөнінде мәлімет береді;   

 

Контингент қозғалысына қатысты барлық өтініштерді қабылдау (оқудан 



шығу, қалпына келу, академиялық демалыс және т.б.);  

 

Оқу үшін ақы төлеу мерзімін кері шегеруге өтініш қабылдау;  



 

Студенттерге олардың қаржы жағдайы туралы мәлімет беру;  

 

Студенттің академиялық тарихы туралы ақпарат беру;  



 

Академиялық анықтамаларды, транскрипттерді беру; 




 

Студенттік 

билеттер 

мен 


сынақ 

кітапшаларының 

түпнұсқаларын/дубликаттарын беру; 

 

Жеңілдіктер  мен  оларға  қоса  жүретін  құжаттар  пакетіне  өтініштерді 



қабылдау; 

 

Студенттерге анықтамалардың, бұйрықтан үзінді көшірмелердің барлық 



түрлерін беру; 

 

Өтінімдерді қабылдау және студенттік кеңсемен және/немесе мұрағатпен 



келістіре отырып, жеке істерінен құжаттарды/құжаттардың көшірмелерін 

беру; 


 

Студенттерден оқу  процессін ұйымдастыру деңгейіне, ішкі ережелердің 

бұзылуына және т.б. қатысты өтініштерді/арыздарды қабылдау.  

 

4.5 

Эдвайзер 

 

Эдвайзер  –  білім  алушының  сәйкес  мамандық  бойынша  академиялық 

жетекшісінің  функцияларын  атқаратын,  оқу  траекториясын  таңдауға  (жеке 

оқу жоспарын қалыптастыру) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын 

меңгеруге жәрдем беретін оқытушы.  

Эдвайзер  білім  алушылардың  академиялық  мүдделерін  қорғайды  және 

оқу  процессін  ұйымдастыру  бойынша  барлық  қажетті  ақпараттық 

материалдардың әзірленуіне қатысады, оларды білім алушыға ұсынады және 

оған жеке оқу жоспарын жасау мен түзетуге жәрдем береді.  

Эдвайзерлер  әсіресе  бірінші  және  екінші  курстарда  қажет  болады, 

олардың  міндеті  кіші  курстардың  студенттеріне  университеттегі  оқудың 

жаңа  жағдайларына  үйренуге,  олардың  коммуникативті  процесске 

қосылуына психологиялық тұрғыдан жәрдем беруден тұрады.  

Эдвайзердің психологиялық-педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы 

міндеттері:  

-   білім  алушыларды  білім  беру  процессін  ұйымдастыру  ережелерімен 

таныстыру;  

-  білім  алушыларға  оқудың  жеке  білім  беру  траекториясын  анықтауға  және 

білім беру бағдарламасын меңгеруге жәрдемдесу;  

-  білім  алушыларға  оқу  процессінде  бағдар  алу  және  бейімделуге 

жәрдемдесу;  

- білім алушыларға кәсіби бағдар алу мен пәндерді таңдауға жәрдемдесу;  

-  білім алушыларға жеке оқу жоспарларын жасау мен түзетуде жәрдем беру;  

-  білім  алушылардың  үлгерімі  мен  академиялық  мәртебесі  туралы 

мәселелерді  қарастыратын  кафедра,  факультет  кеңесінің  және  т.б. 

мәжілістеріне қатысу;  

-  жұмыс  оқу  жоспарларын  әзірлеу  жөніндегі  оқу  жоспарлары  мен 

бағдарламаларын  әзірлеу,  элективті  пәндердің  каталогын  қалыптастыру 

жұыстарына қатысады.  

- білім алушыларды университеттің академиялық өмірінің ерекшеліктерімен, 

жұмыс  оқу  жоспарының  мазмұнымен,  дипломды  алу  талаптарымен, 

таңдалған  мамандықтың  мүмкіндіктерімен  таныстырады  және  білім 




алушылардың 

дағдыларына, 

мүмкіндіктеріне, 

мүдделеріне 

және 

мақсаттарына сәйкес оқудың жеке траекториясын таңдауға көмектеседі.  



 

4.6 

Білім беру-ақпараттық орталығы 

 

Білім  беру-ақпараттық  орталығы  (БАО)  оқу  және  ғылыми  процессті 

әдебиетпен  және  ақпаратпен  қамтамасыз  ететін  «Мирас»  университетінің 

құрылымдық бөлімшесі болып табылады.  

БАО мақсаттары: интеграцияланған білім беру мекемесінде ақпараттық 

қажеттіліктеріне  сәйкес  білім  алушыларға,  профессорлық-оқытушылық 

құрамды және ғылыми қызметкерлерді толық және жедел кітаханалық және 

ақпараттық  қызмет  көрсету;  пайдаланушылардың  білім  беру  және  кәсіби 

қажеттіліктерін әдебиетпен қамтамасыз ету.  

 «Мирас» 

Университетінің 

кітапханалық 

қоры, 

ақпараттық 



қамтамасыздықтың  құрылымдық  бөлімшесі  бола  отырып,  оқу,  оқу-

әдістемелік  және  ғылыми  әдебиетті,  сонымен  қатар  нормативтік  және 

құқықтық  актілерді  қамтиды.  Кітапхана  білім  алушылар  мен  университет 

қызметкерлерін  барлық  пәндер  бойынша  оқу  және  оқу-әдістемелік 

әдебиетпен қамтамасыз етеді.  

  «Мирас»  Университетінің  кітапханалық  қоры  классикалық  және 

заманауи  отандық  және  шетелдік  құжаттардан,  аудиовизуалды  және 

электронды  материалдардан  тұрады.  Ұлттық  оқу  басылымдары  ең  көп 

тұрғыдан 

ұсынылған. 

Кітапханалық 

қор 


оқу 

жоспарлары 

мен 

бағдарламаларға,  сонымен  қатар  білім  алушылар  мен  ПОҚ  ақпараттық 



сұрауларына  сәйкес  қалыптасады  және  100

 



жұмыс  оқу  жоспарының 

базалық және профильді пәндерін қамтамасыз етеді.  

Студенттердің (магистранттардың) өзіндік жұмысын оқу, ғылыми және 

оқу-әдістемелік  әдебиетпен  қамтамасыз  ету  мақсатында,  Университеттің 

кітапханасында оқыту әдебиетінің үлкен кітапханалық қоры мен электронды 

тасымалдағыштарындағы ақпараттық дереккөздері бар.  

БАО  ғаламтор  желісіне  қолжетімділікпен  қамтамасыз  етілген  және 

Республикалық  ЖОО-аралық  электронды  кітапханасынан,  Ғылыми-

техникалық 

ақпараттың 

ұлттық 

орталығынан, 



Elsevier, 

Springer, 

Thomsonreuters  және  т.б.  серверлерден  ақпаратты  алу  мүмкіндігін  ұсынады. 

Одан бөлек, басқа  ЖОО сайттарындағы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.  



 

4.7 

Студенттік кеңсе 

 

Студенттік  кеңсе  –  студенттердің  бірінші  реттік  құжаттарын  сақтау 

үшін жауапты, студенттер контингенті мен оның сапалық-сандық құрамының 

қозғалысын  жүзеге  асыратын  және  бақылайтын  бөлім.  Студенттік  кеңсенің 

бөлімшелері  әр  оқу  корпустарында  орналасқан.  Студенттік  кеңсе  келесі 

процедураларды жүзеге асырады:  

 



 



Студенттердің жеке істерін береді/қабылдайды; 


 

Дипломдар мен олардың қосымшаларын береді;  



 

Дипломдардың  көшірмелері  мен  олардың  қоысмшаларын  қалпына 



келтіреді және береді;  

 



Оқудан  шығару/  оқуға  қабылдау/  қалпына  келтіру/  ауысу/ 

академиялық  демалысты  ұсыну/  академиялық  демалыстан  қайту 

және т.б. бұйрықтарының шығарылуын жүзеге асырады;  

 



Бұйрықтардан  үзінді  көшірмелерді  студенттердің  жеке  істеріне 

енгізеді;  

 

Студенттердің  жеке  істерін  басқа  білім  беру  ұйымдарынан 



алдыртуды ұйымдастырады;  

 



Түлектер үшін дипломдардың шынайылығының расталуын ұсынады 

/ тексереді; 

 

Шетелдік 



студенттердің 

білім 


алу 

туралы 


құжаттарын 

нострификациялау процедурасын ұйымдастырады;  

 

Шетелдік  студенттер  үшін  көші-қон  органдарына  арналған 



анықтамаларды береді және шақыртады;  

 



Контингенттің қозғалысын бақылайды.  

 

4.8 

Тестілеу орталығы 

 

Тестілеу  орталығы  –  тестілеу  түрінде  жүргізілетін  бақылау 

сынақтарын,  емтихандарды,  сонымен  қатар  сауалнаманың  басқа  түрлерін 

ұйымдастыру  мен  жүргізілуі  үшін  жауап  беретін  университеттің  тәуелсіз 

бөлімі.   

Тестілеу орталығы 1 Мамыр көшесі, 10 мекен-жайы бойынша «Мирас» 

Университетінің корпусында орналасқан.  

 

 



4.9 

Диспетчерлер қызметі 

 

Диспетчерлер  қызметі  оқу-әдістемелік  басқармасының  құрылымдық 

бөлімшесі  болып  табылады,  оның  қызметі  профессорлық-оқытушылық 

құрамның  нұсқамалары  мен  білім  алушылардың  тілектерін  ескере  отырып, 

сабақтар кестесін сауатты түрде құру арқылы білім беру процессін жетілдіру 

мен оңтайландыруға бағытталған.  

Университеттің  диспетчерлер  қызметі  келесі  мәселелерді  шешу  үшін 

құралған:  

1. 

университеттің  күнтізбелі  оқу  кестесін  оңтайландыру,  тұрақты 



талдау  жасау  және  жетілдіру,  оқу  бөлмелерін  тиімді  пайдалануы  мен 

аудиториялық қордың үлестірілуін ұйымдастыру;  

2. 

мамандықтың  оқу  бағдарламаларының  меңгерілуіне  әсер  ететін, 



оқу процессін сапалы және логикалық тұрғыдан байланыстырылған сабақтар 

кестесімен қамтамасыз ету;  




3. 

білім алушылар мен университеттің ПОҚ сабақтарға дер кезінде 

қатысуын бақылауды қамтамасыз ету;  

4. 


білім  алушылардың  күн,  апта  және  оқу  жылының  басқа 

кезеңдеріндегі оңтайлы жұмыс тәртібін жасау; 

5. 

оқытудың  оңтайлы  бекітілуін  және  білім  алушылардың  оқу 



материалымен өзіндік жұмысының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;  

6. 


университеттің  профессорлық-оқытушылық  құрамының  өзінің 

лауазымдық міндеттерін орындауы үшін оңтайлы жағдайды жасау;  

7. 

оқытудың  түрлі  нысандары  мен  әдістерін  мақсатты  түрде 



пайдалану.  

 

4.10  Қабылдау комиссиясы 

 

Қабылдау  комиссиясы  –  «Мирас»  университетінің  құрылымдық 

бөлімшесі.  Қабылдау  комиссиясын  жасаудың  басты  мақсаты  –  қабылдау 

науқанын  ұйымдастыру:  университетке  оқуға  түсуші  тұлғалардан 

құжаттарды  қабылдау  және  білім  беру  мекемесіне  оқуға  қабылдануын 

қамтамасыз ету. №111 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 

бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  жоғары  оқу  орындарына  қабылдаудың 

үлгілік  қағидаларымен  реттелген  қабылдаудың  нақты  талаптарын  сақтау 

үшін,  университет  өз  жұмысында  Қабылдау  комиссиясының  қағидаларын 

басшылыққа алады.  



 

 

5.  Академиялық саясатты бекіту және өзгерту тәртібі 

 

Бұл  Академиялық  саясат,  оған  деген  өзгертулер  мен  толықтырулар 

ректормен  Жоғары  оқу  орнының  Ғылыми  кеңесі  шешімінің  негізінде 

бекітіледі.  

Бұл  Академиялық  саясатқа  өзгертулерді  енгізу  туралы  ұсыныстар 

университеттің  Ғылыми  кеңесі  арқылы  ректормен,  оқу-әдістемелік  жұмыс 

жөніндегі  проректормен,  кафедралармен,  факультеттермен,  университеттің 

Оқу-әдістемелік басқармасымен енгізіледі. Өзгертулер мен толықтыруларды 

қарастыру  мен  енгізу  тәртібі  университеттің  Ғылыми  кеңесі  жұмысының 

тәртібімен  реттеледі.  



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау