Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметтi алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілетін қызметтi берушіге немесе ХҚКО-ға өтініш берген кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
техникалық шарттың көшірмесі;
тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
жергілікті атқарушы органның жерге тиісті құқық беру туралы немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
нобайлық жоба.
2)көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш берген кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жергілікті атқарушы органның жерге тиісті құқық беру туралы немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
техникалық шарттың электрондық көшірмесі;
электрондық нобайлық жоба.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген меншік құқығын растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО-ның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Өтініштің қабылдануын:
көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған кезде оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі қою;
ХҚКО-ға - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаты болып табылды;
ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) ұсыну кезінде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
ХҚКО бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды қызмет берушіге әрі қарай сақтау үшін тапсырады. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберу үшін ХҚКО-ға дайын құжаттарды жібереді.
Порталға өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті сұраудың қабылданғаны туралы статус көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО құжаттарды қабылдаудан бас тартады. ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қолхат береді.
|