ЭК адрестеу тәсілдері. Электрондық кестенің құрылымы мен ЭЕМ жедел жадысының арасындағы ұқсастыққа, оқушылардың назарын аударуға болады. Екі жағдайда да ақпаратты сақтау және іздеу үшін адрестеу принципі қолданылады. Айырмасы, жедел сақтау құрылғысында (ЖСҚ) ең кіші адрестелетін бірлік – байт болса, кестеде – клетка (ұяшық) болады.
Айнымалылардың символдық атаулары, сонымен қатар, кестеде олардың адрестері болады. Электрондық процессорда салыстырмалы немесе абсолютті адрестеу принциптері (режімдері) қолданылады.
Ұяшықтардың салыстырмалы адрестері – кестені парақтың басқа жеріне ауыстырғанда адрестері автоматты түрде өзгеретін ұяшықтар (А1,С15,.т.с.с. белгіленеді). Демек, адрестеудің салыстырмалы режімінде, формуланың орналасуның кез келген өзгерістері (блокты көшіргенде, орнын ауыстырғанда, бағаналарды немесе жолдарды кірістіргенде немесе жойғанда, т.с.с.), жылжытылған ұяшықтарда тұрған формулалардағы адрестер жаңа орынға сәйкес автоматты түрде өзгереді.
Ұяшықтардың абсолюттік адрестері – беттегі ұяшықтың адрестері қатаң бекітілген, сондықтан парақтың басқа жеріне кестені апарғанда немесе формуланы таратқанда, ол ұяшықтағы адрестер өзгермейді. Жазылуы: $A1$, $C$15, т.с.с., яғни бекіту үшін $ белгісі қолданылады. Егер $ белгісі кірістірілмесе, онда ұяшықтың адресі салыстырмалы, мысалы A$5 адресінде – А бағаны бекітілмеген, ал 5-жол нөмірі бекітілген, сондықтан формуланы таратқанда А бағаны өзгереді.
Ұяшықтағы формулада адрестің абсолюттік сілтемесін тез қою үшін ұяшықты екі рет шертіп F4 пернесін басу қажет .
Кестелік процессордың негізгі жұмыс режімдері.
Әзірлік режимі. Бұл режимде ұяшықты таңда у немесе ұяшықтардың блогын ерекшелеу орындалады.
Деректерді енгізу режимі. Ағымды ұяшыққа пернетақтадан деректерді жекеленген символдармен енгізу орындалады.
Редакциялау режимі. Ұяшықта тұрған деректі толық ауыстырмай, тек редакциялау қажеттілігі болғанда ғана қолданылады.
Бұйрық беру режимі. Бұйрықтарды мәзірдің иерархиялық жүйесінен таңдау және орындау режимі. Бұйрық орындалған соң, әзірлік режимге қайтарылады.
Аталған негізгі режимдерден басқа кестені бейнелеу және есептеуді басқару режімдері туралы айтуға болады.
Кестені бейнелеу режимі. Формула сақталған ұяшықтарда, формула бойынша есептелген нәтиже немесе формуланың өзібейнеленуі мүмкін. Біріншісі мәндерді бейнелеу режимі, екіншісі формуланы бейнелеу режимі деп аталады. Кестенің жұмыс жағдайы мәндерді бейнелеу режимі болып табылады. Формуланы бейнелеу режимі кестені жасағанда және жөндегенде қолданылуы мүмкін.
Есептеуді басқару режимі. Кестелік процессор формула бойынша есептеулерді, белгіленген ретпен кестені сканерлеу арқылы орындайды. Осындай сканерлеу А1 ұяшығынан басталады.
Автоматтандырылған түрде қайта санау режимі – деректерді жаңадан әр енгізген сайын барлық кесте қайтадан есептеліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |