Және экономика» факультеті «математика және информатика» кафедрасы дәріс конспектілері (тезистері)


Деректер қорын басқару жүйесінің (ДҚБЖ) қызметі. ДҚБЖ жұмыс режімі



жүктеу 0,57 Mb.
бет42/42
Дата15.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#44744
түріКонспект
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Дарис конспекти ИОА Инф

3. Деректер қорын басқару жүйесінің (ДҚБЖ) қызметі. ДҚБЖ жұмыс режімі.
Деректер қорымен жұмыс жасауға бағытталған бағдарламалық жасақтаманы деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) деп атайды. Дербес компьютерлер үшін реляциялық типті бір қатар ДҚБЖ бар. Оларға FoxPro, Paradox, т.б. жатады. Мектепте көбінесе Microsoft Office пакетіне кіретін, реляциялық деректер қорын басқару жүйесі MS Access оқытылады.
Access – ағылшын тілінен аударғанда «кіруге болады», «рұқсат», «кедергісіз кіру» (орысш. – доступ) дегенді білдіреді.
Нақты ДҚБЖ оқытуды, әдеттегідей стандартты методикалық схема: «орта — жұмыс режімі— бұйрықтар жүйесі — деректер» бойынша өткізуге бағыттаған жөн.
Мысалы, MS Access үшін мына негізгі жұмыс режімдері өзгешеленеді:
 «Таблица» – кестемен жұмыс жасау режімі;
 «Запрос» – сұраныстармен жұмыс жасау режімі;
 «Отчет» – есептемелермен жұмыс жасау режімі;
 «Форма» – формалармен жұмыс жасау режімі.
Өз кезегінде аталған режімдердің әрқайсысында ішкі: «Просмотр», «Конструктор» және «Создать» режімдері бар.
Мысалы, «Таблица» режімінде отырып пайдаланушы кестенің мазмұнын көре алады және оның кейбір өрістерін өзгертуге болады.
«Таблица – Создать» создать режімінде жаңа кестенің құрылымы жасалады.
Оқушылардың ең бірінші игеретін ұғымы: ДҚ файлда сақталады; онымен жұмыс жасау үшін сол файлды ашу керек. Одан соң кестенің жазбаларын экранда қалай қарауға болатынын мұғалім көрсетуі керек. Ол үшін мұғалім алдын ала демонстрациялық деректер қорын дайындап алуы қажет.
Оқушыларға демонстрациялық ДҚ көрсету кезінде, оқушылардың назарын аударатын нәрсе: компьютердің жадында кестенің өзімен қатар оның құрылымының сипаттамасы сақталып тұрады, одан пайдаланушы өрістің параметрлерін: атын, типін, пішімін және басқаны біле алады. Access ДҚБЖ-де бұл «Таблица –Конструктор» режімінде жасалады.
Деректерді іздеуге сұраныс. Кез келген ақпараттық жүйенің негізгі міндеті – деректер қорында ақпаратты іздеу. Іздеу пайдаланушының сұранысы бойынша жасалады. ДҚБЖ тілінде, сұраныс бұйрығының құрылымы мынадай болады:
анықтама <шығарылатын өрістердің тізімі> үшін <іздеу шарты>
Сұраныстардың орындалу нәтижесінде бұйрықта нұсқалған өрістерден тұратын кесте пайда болады. Бұл кестеге іздеу шартын қанағаттандырған, жазбалардан алынған ақпарат кіреді. Іздеу шарты логикалық өрнек болып табылады.
Мұнда біз курстың осы тақырыбының тағы бір іргелі құрамасы –математикалық логика негізімен кезігеміз. Бұл тақырыптың, информатикада қолданбалы пайдалануынан басқа, оқушылар үшін жалпыбілімдік үлкен мәні бар.
Деректер қорына ыңғайластырып, логикалық өрнектің мынадай анықтамасын айтуға болады:
Логикалық өрнек – деректер қоры өрістерінің мәндері жайында кейбір пікір; ол пікір әртірлі жазбаларға қатысты, ақиқат немесе жалған болуы мүмкін.
Негізгі проблема – оқушыларды іздеу шартын, логикалық өрнек түрінде формалды ұсынуға үйрету. Мысалы, «бесінші сөреден жоғары тұрған барлық кітаптарды табу» фразасынан логикалық – ПОЛКА > 5 өрнегіне келтіру; немесе « физикадан барлық үлгермеушілерді таңдау» – ФИЗИКА < 3; немесе «жауын жауған барлық күндерді таңдау» – ОСАДКИ = дождь түрінде ұсыну.
Күрделі логикалық өрнектерде логикалық амалдар болады.
Математикалық логиканың үш негізгі амалдары: конъюнкция ЖӘНЕ (И), дизъюнкция НЕМЕСЕ (ИЛИ), терістеу ЕМЕС (НЕ) қарастырылады
Access ДҚБЖ-де сұраныстарды жасау үшін «Конструктор запросов» қолданылады. Конструктормен жұмыс жасау жаттығулармен қалыптасқан белгілі бір дағдыны қажет етеді. Мұнда іздеу шартын ұсынудың өзіндік ерекше кестелік әдісі қолданылады.
Конструктордың ұяшықтарында, өрістердің мәндеріне сәйкес, сұраныс шарттары жазылады. Бір жолда тұрған шарт, қатар орындалуға тиіс, яғни өзара ЖӘНЕ (И) амалымен қосылуы керек; ал әртүрлі жолда тұрған шарт, НЕМЕСЕ (ИЛИ) амалымен қосылуы керек.
ДҚ-нан жазбалар іріктелгенде кесте сүзгіш (фильр) рөлін атқарады: алдымен бірінші жолдың шартын қанағаттандыратын жазбалар іріктеледі, одан соң екіші жолдың шартын қанағаттандыратын жазбалар қосылады және т.с.с.
Деректерді жоюға сұраныс. Іріктеу шарты логикалық пікірлер түрінде кестеден жазбаларды жою бұйрықтарында қолданылады.
Бұйрықтың құрылымы жалпы түрде келесідей болады:
.жою үшін <логикалық өрнек>
Access-те конструктордың көмегімен кестелік түрде, жойылатын жазбаларды таңдау шарттары және оны жоюға сұраныс қалыптастырылады.
Деректерді іріктеуге сұраныс. Деректер қорында ақпаратпен жасалатын тағы бір маңызды айланың бірі – жазбаларды іріктеу. Мұнда, оқушылардың игеретін ұғымдары – «іріктеу кілті» және «іріктеу реті» болып табылады.
Іріктеу кілті – өріс, соның мәні бойынша кестедегі жазбалар реттеледі. Іріктеу реттінің екі нұсқасы бар: кілт мәндерінің өсуі және мәндерінің кемуі бойынша.Егер бірнеше кілт болса, онда олардың арасында иерархия қойылады: бастапқы кілт, екінші кілт және с.с. Жазбалар бірінші ретте басты кілттің мәні бойынша іріктеледі, басты кілттің мәндері бірдей топтың ішінде, екінші кілт бойынша іріктелу жүзеге асады және т.с.с. Access ДҚБЖ бүкіл кестенің жазбаларын іріктеумен қатар сұраныстың нәтижесінде шыққан кестенің жазбаларында іріктеуге мүмкіндік береді.
Деректер қорын құру – үш кезеңнен тұрады:
1) ДҚ жобалау. Бұл жұмыстың теориялық (компьютерсіз) кезеңі. Бұл кезеңде мыналар анықталады:
- ДҚ құрамына қандай кестелердің кіретіні;
- кестелердің құрылымы (әр кестеде қандай өрістер, қандай типті және өлшемі болатыны);
- әр кестенің басты кілті ретінде, қандай өрістер таңдалады және т.с.с.
2) Құрылымды жасау. Бұл кезеңде нақты ДҚБЖ-ң көмегімен ДҚ кіретін кестелердің құрылымы сипатталады.
3) Жазбаларды енгізу. Бұл кезеңде деректер қорының кестелері нақты ақпаратпен толтырылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

  2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.






жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау