алу мүмкіндігі. Мультипликаторлар бағаға екі фактордың –
компания көлемі мен акция саны бағасының әсер етуін жалпы-
лауға мүмкіндік береді. Мультипликаторға арналған қаржылық
база ретінде табыстың кез келген көрсеткіші қолданылады: таза
табыс, салық салуға дейінгі табыс, пайыз және салық төлеуге
дейінгі табыс және т.б. Негізгі қолданылу шарттары – ұқсас
қаржылық негіз бен бағаланатын компанияның сәйкестігі,
яғни, ұқсас-компанияның жалпы табысының (пайыздар мен
салықтарды төлегенге дейінгі) негізінде есептелген мультипли-
катор бағаланатын компанияның пайыздар мен салықтарын
төлегенге дейінгі жалпы табысына сәйкес келуі қажет. Салысты-
рмалы компаниялар, табыстар және басқа да факторларға бай-
ланысты қолданылатын көптеген мультипликаторлар болады.
Үлестің әділ құнының
(халық арасында оны «қызғаныш
коэффициенті» деп атайды) құзыреті мен коэффициенттерінің
ережелері туралы қосымша айтып өтуді жөн көрдік.
Құзыреттілік әр тараптың бағасы кәсіби дағдылар мен компания
қатысушыларының құзыретіне сәйкес келетінін айтады.
Қызғаныш коэффициенті
инвестор үлесіне көбейтілген
директордың өз инвестициясына бөлінетін, бизнес директоры-
ның үлесіне көбейтілген соманы көрсетеді. Егер алынған коэф-
фициент 5-тен 8-ге дейін болса – компания бағасы қалыпты,
егер 10-нан жоғары болса – кәсіпкер қызғаншақтық танытып,
инвесторларға өте аз үлес беріп отыр деген сөз.
Сонымен бірге, шынайы тәжірибе көрсеткендей, бағалау
тәсілінің кеңінен таралған қосымша тәсілі – келіссөз жүргізу
тәсілі болып табылады, бұл жерде бағалау қатынасы ең төменгі,
жайлы және жоғарғы бағалау жолымен жүреді.
Барлықтарыңызда табысты және пайдалы келісім тілейміз!
ПІКІР
Мен қаржыгерлердің
жас буынына сенемін
Менен қаржылық нарықта не болып жатқаны
және оның болашағы қандай екені туралы
жиі сұрайды. Жауап біреу – мен қаржылық
индустрияның болашағына қатысты оптимистік
көзқарастамын. Мүмкін мен тіс қаққан инвестор
шығармын және қаржылық дағдарыстан
кейін мәселелер бар болар, кейбір күткен
нәрселеріміз көңіл толтыра қоймас, алайда мен
қаржы саласындағы жас буындарға сенемін.
Сондай-ақ, мен бұл саланың болашағынан да
үміттімін. Себебін төменде көрсетейін:
Олар көбіне дәлелге сүйенеді. Біраз
жылдар бойы көптеген компаниялар «Бізге сеніңіздер, біз бұған лайықпыз» деген
алғышарттарға сәйкес жұмыс істеген. Ал қазір бұл жеткіліксіз. Бүгінгі күні барлығымыз
білетін жақсы коммерциялық өнім беру жеткіліксіз. Жастар дәлелдеріңіз бен фило-
софияларыңызды өздеріне нақты дәлелдеп бергеніңізді қалайды. Жастар сіздердің
не істеп жатқандарыңызды және не үшін жасап жатқандарыңызды білгісі келеді. Бұл
әрине жақсы.
Олар күшті технологияларды қолданып өскен. Технология күннен күнге дамып
жатқандықтан, автоматталына алатын нәрсенің барлығы бір кезде автоматты түрге
ауысады. Кейбіреулер роботтардың арқасында адамдар қажетсіз болып қалады деп
ойлайды, ал менің ойымша, оларды қалай қолдану керектігін білетіндер, өзара қызмет
істейтіндер, интеграциялайтындар және жаңа технология тілін түсіндіре алатындар, өз
бәсекелестерінің адында үнемі алда болады.
Олар барлығын өздері қалағандай етіп жасағысы келеді. Қазіргі заманауи
жастарға нені сатып алу керектігін айтатын жарнамалық агенттіктер керек емес.
Брендтер атауы маңызын жоя бастады, жастар оларға әдеттенбеген. Жас буын өз
ата-аналары секілді белгілі бір мекемелерге сеніп отырмайды. Олар басқалардікіне
қарағанда, өз брендтері туралы көп ойлайды.
Олар мәдениетті өзгерткісі келеді. «Уолл-стрит» – барлық қаржы түсетін ойдан
шығарылған орын және адамдар арасында бұл сізден бар май шелпекті тартып алғысы
келетін өте қызғаншақ адамдар отыратын орын деген пікір қалыптасқан. Шындығын-
да бұл адамдардың көбісі өз жұмыстарын істегісі келеді. Қаржылардың «нашар»
қатысушыларына қатысты ең маңызды мәселе – талпыныстың қателігі мен нашар
ұйымдастырылған мәдениет.
Менің ойымша, мұндай мәдениет ақырындап жойыла береді, себебі аға буын зейнетке
шығады, ал жастар үлкен жауапкершілікпен іске кіріседі. Мәдениеттің өзгеруі өте
қиын, сондықтан да бұл тез арада орын алмайды, бірақ мен жас фирмалардың жақсы
жаққа өзгергенін қалаймын. Ал егер бұлай болмаса, алдыңғы буынның мансапқорлары
олардың іздерінен қалмайды-ау деп ойлаймын.
Сіз – өз ісіңізге көп күш жұмсаған бизнесменсіз.
Жобаңызды іске асырып, оны аяғына тұрғызғаныңыз
үшін қаншама еңбек, уақыт пен қаржы кеткендігі сізге
ғана белгілі. Мұнымен әңгіме біткен жоқ. Ары қарай
даму, өз тауарларыңыз бен қызметтеріңіздің сатылымын
жоғарылату үшін танымалдылық керек. Бизнес-орталарда
танымал болу оңай емес, кейбіреулер ғана мұндай
мәселені шеше алады. Әрине, бұл істе өзіңізді әлемге
қалай танытқаныңыз ғана маңызды рөл атқарады.
ЖЕКЕ БРЕНД:
ЕРКЕЛІК ПЕ
әлде
ҚАЖЕТТІЛІК ПЕ?
Мұндай жолдардың бірі – жеке PR, өз брендіңізді жасау, өзіңізді маман ретінде алға
жылжыту. Соңғы жылдары көптеген ұйымдар PR-дың тек осы түрін таңдап жүр. Ең айқын
мақсат – жеке тұлға қызығушылығы есебінен өз өніміне көңіл аударту. «Сырт пішіні» ғана
бар сүреңсіз компания мен фирмаларға қарағанда, екіншісі таңдалатыны анық. Әсіресе
шағын бизнесте кәсіпкерлер үшін қосымша пайда – қосымша инвестицияны шақыру жолы.
Егер бизнесмен үшін жеке брендтің маңыздылығы туралы әлі күмәнданатын болсаңыз,
Дональд Трамптың оқиғасын есіңізге түсіріңіз. Өзінің көпшілік алдындағы образы үшін
ондаған жылдар бойы жұмыс жасаған журналист және жылжымайтын мүлік саласындағы
маман, енді Ақ үйдің төрінен бір елді басқарып отыр.
Бұл анау теңіздің арғы жағында, ал бізде ше? – деп кейбіреулер наразылық танытуы
мүмкін, олар бұл жағдай Қазақстанда әлдеқайда қиындау деп ойлайды. Бір жағынан қа-
расаңыз, олардыкі де дұрыс. Бірақ бізде жеке брендинг қалыптастыру қиын болғандықтан
емес, мұндай іспен айналысу жаңадан пайда болғандықтан, себебі механизм әлі бір қалы-
пқа түспеген. Алайда бүгіннің өзінде көптеген отандық ұйымдар өздерінің басшыларының
немесе медиялық тұлғаларының арқасында көпшілікке белгілі.
Нургуль Салыкжанова,
«L-Capital» АҚ-ның
PR-директоры
Фархат Рахметов,
«L-Capital» АҚ қаржылары
жөніндегі кеңес беруші
6
Табысты ИНВЕСТОР
№2 2018
7
Білгенге маржан
Сарапшы к
ең
есі