ТИІМДІ
инвестициялық қоржының
немесе
АКЦИЯЛАРДЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ
БАҒАЛАРЫН
НАҚТЫ БОЛЖАУ
КАДРЛАРДАҒЫ
ЗЕЙІН АУДАРАРЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕР
Компанияның табыстылығын
не анықтайды? Дұрыс
стратегия және епті тактика
ма? Бай материалдық-
техникалық негіз бе? Ал
мүмкін, сенімді серіктестер
шығар? Әрине мұның
барлығы табыстың
құраушылары ғана. Жоғарыда
аталғандардың барлығы
«іске аспай қалатын» тағы
бір маңызды фактор бар – бұл
адами капитал, компания
қызметкерлері. Соңғы нәтижесінде кәсіпорын
стратегиясының жүзеге асуы, ресурстарды сауатты
пайдалану және серіктестермен байланыс, осының
барлығы қызметкерлер арқасында іске асырылады.
Ұжымда тура осы «қажетті» адамдар болғанына
қалай қол жеткізуге болады? «L-Capital» акционерлік
қоғамының HR-директоры Арника Айнакулова өзінің
жеке тәжірибесімен бөліседі.
L-Capital басшылығы жақын арадағы даму стратегиясында адами
капиталға аса көп көңіл аударуда. Бұл көбейтуге және өсіруге
болатын ресурс. Ұзақ уақыт бойы қызметкерлерді дамытуға кеткен
инвестиция жаңа идеялар, өнімдер, сонымен бірге бизнестегі
бағытты табуға көмектесуі мүмкін. Сондықтан компанияда
қазіргі уақытта жалдауға, оқуға, қызметкерлердің нәтижелілігін
басқаратын ынталандыруға күш салынып отыр.
HRD (human resource department) жалдау технологиясында – адами
ресурстар департаменті (ары қарай HRD) тиімді қызметкерлерді
таңдауға бағытталған әрекет. Бұл тәсіл бос жұмыс орнын орнала-
стыру кезінде қажетті ынтасы бар үміткерлерді тартуға көмектеседі.
Хабарландыруда біздің корпоративтік құндылықтарымыз бен
қызметімізге жақын мамандарды шақыру болады. Үміткер осы қа-
дамын жасауда түрлі ақпарат көздерінен (сайт, Фейсбук, Инстаграм
және т.б.) таныса отырып, компания мәдениетінің өзіне қаншалықты
жақын екенідігін бағалай алады.
Ары қарай ол өз түйіндемесін жіберуі немесе hh.kz (вакансияларды
іздеу ресурсы) сайтында өз пікірін қалдыруы керек. Біздің ма-
мандар тәжірибесі мен басқа да факторларын қарай отырып тест
жібереді (мінез-құлықты саралау, сандық, логикалық), осы тесттен
өткеннен кейін үміткерлер маман тиімділігін анықтау үшін әңгіме-
лесуге шақырылады. Қызметкерлерді жалдау алгоритмі – класси-
калық түрде болады, алайда әр сатыда қолданылатын технология,
бірегей және компанияның болашақ мүшелерін таңдауда сапаны
айтарлықтай жоғарылатады. Осы таңдау құралын енгізу кезінде
«L-Capital» АҚ-на кеңсе-менеджерлерінен бастап басқарушыларға
дейін шамамен 30 маман жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар
компанияның топ-менеджменті де жалдаудың осы технологиясын
оқып жатыр, себебі бұл олардың жаңадан қабылданған мамандар-
мен ары қарай жұмыс істеуі үшін керек болады.
Жаңа қабылданған мамандарды жұмыс әрекетіне тартып және
орындарында үнемі білім бере отырып, ұжым оларды қуанышпен
қарсы алады. Соңғы жылдары компанияға көптеген HR-әрекеттер
енгізілді, олар команданың ынтасын айтарлықтай жоғарылат-
ты деуге болады. Жекелей айтқанда, еңбекақысының қаржысы
қайта қарастырылды, әлеуметтік пакет элементтері жәберілді
(медициналық сақтандыру, еңбекақыға және түскі асқа үстеме
төлеу). Сонымен қатар тағы бір ерекше құрал «Не? Қайда? Қашан?
ойынының спорттық нұсқасы» интеллектуалдық жобасы болды, бұл
компанияның жас мамандарының Дубна қаласында (Ресей) өткен
дүниежүзілік чемпионатқа баруларына, олардың дамуына қосымша
мүмкіндік берді. Бұған қоса қызметкерлер өздері қаласа, Алматы
қаласында апта сайын өткізілетін «Не? Қайда? Қашан?» интеллек-
туалдық лигасына қатыса алады. Ойынның қысқы маусымында
біздің қызметкерлеріміздің бірі- консалтинг және жобалау бөлімінің
бастығы Олжас Сулеймановтың командасы 3 жүлделі орынға ие
болды. Мұндай бастама L-Capital компаниясының негізін қалаушы
С.М.Иманбеков тарапынан толық қолдау тапқан. С.М.Иманбековтың
өзі де Жоғарғы Лигада бірнеше мәрте ойынға қатысқан.
Әрине, сонымен қатар қызметкерлерді оқытуға да үлкен мән
беріледі. Осылайша, осы жылы мамандар Excel бағдарламасымен
жұмыс істеуде өздерінің дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне
ие болды.
Сондай-ақ, қызметкерлер қазақ және ағылшын тілдерін үйрену
мүмкіндіктерін алды.
Басшылық ұжыммен демалу мәселесіне де көп көңіл бөледі, әріпте-
стеріміз ай сайын тақырыптық корпоративті шаралар үшін би билеу,
ән айту және т.б. нөмірлерімен өздерінің шығармашылық мүмкін-
діктерін көрсетеді. Компанияда әрбір шараны жаңаша, қызметкер-
лердің креативті артықшылықтарын көрсете отырып өткізу қолға
алынған. Осылайша - L-Capital ивент-компаниялардың көмегінсіз,
тимбилдингтер, квесттер, шығармашылық кештер, спорттық сайы-
стар және басқа да көптеген жарыстар өткізді.
L-Capital-да жұмыс істеу – бұл ресурсты, белсенді, оқуға және
нәтижеге бағытталған тұлға болу.
Арника Айнакулова,
«L-Capital» АҚ-ның
HR-директоры
Алексей Ашихмин,
«L-Capital» АҚ-ның
инвестициялық жобалау
бөлімінің бастығы
Өткен басылымда капиталды сақтау амалдары мен
акциядағы және облигациядағы инвестиция көбейту
жолдары туралы әңгіме бастаған едік. Осылайша,
көп мөлшерде түрлі акциялар мен облигацияларды
жай ғана сатып алып табыс табатынымды айтқанбыз.
Алайда әлем тек құнды қағаздармен ғана шектеліп
қалмайды, басқа да материалдық құндылықтар бар.
Ендеше соларға көз жүгіртіп шығайық. Қиялға беріліп
кетпес үшін және бүкіл әлем бойынша активтерді
есепке алу үшін оларды құнсызданудан тазартып
алайық.
14
Табысты ИНВЕСТОР
№2 2018
15
Инвестициялық кеңес беруші бағаны
Басылым қ
аһарманы
Басқа активтер
Сызбаға назар аударыңыздар. Тәртіп бойынша, солдан оңға қарай
жүріңіз, мұнда шарап, маркалар, скрипкалар, өнер нысандары, бар-
лық активтердің орташа мәні, кітаптар, зергерлік бұйымдар (құнды
тастар), машиналар, акциялар бағаларының өсу сызбасы берілген.
Үнемі бағасы өсіп тұратын машиналар екен, орташа жылдық өсу
4.8% құрап отыр. Ары қарай шарап – жылдық өсуі – 3.6%. Үшінші
кезекті зергерлік бұйымдар алып отыр, олардың жылдық табысы
2.8% құрайды. Өнер нысандары, кітаптар, скрипкалар, маркалар
әлемдік инвестицияның аутсайдерлері тізімінде тұр. Өкінішке орай,
20-30 жылдан кейін раритет ретінде сәтті сатып жіберу үшін ма-
шинаның жылдық шығындарын есептеп шығару өте қиын. Арнайы
ғимараттарда шарапты мен өнер нысандарын сақтауға кететін
шығын да осылай. Алайда, шығындар факторын есепке алғаннан
кейін бұл активтердің табысы бұдан да нашарлайтынын үнемі есте
сақтау керек.
Жылжымайтын мүлік
Жылжымайтын мүлік – акциялар мен облигациялардан кейінгі
ең танымал актив. Жылжымайтын мүлік дегенде – адамдардың
басында «сенімді, табысты» деген ой тұрады. Шындығында солай
ма? Әртүрлі елдерді алайық, олардың жылжымайтын мүліктері-
не қойылған бағаны қарайық, оларды құнсызданудан тазартып,
сызбасын жасайық.
Бұл жерде де солдан оңға қарай: Австралия, Англия, Финляндия,
Германия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Норвегия, Швеция,
Швейцария, АҚШ, барлық елдердің орташа мәні. Астында қысқарту-
лармен орташа жылдық табыс жазылған.
Барлық елдер арасында жылжымайтын мүлік бағасының өсуі
ішінде Австралия көшбасшылық танытып тұр. Алайда көптеген
сарапшылар австралиялық бағалардың ойға сымайтынын айтуда.
Бірақ олардың орта бағаларының өсуі, олардың құлдырауы мен
жоғарылауын есепке ала отырып – 1.3% құрайды. Ал жалға беру
жайы ше?
Келесі кесте әрбіреуінің қорытынды табысымен 21 қаланы көр-
сетеді. Баға қала орталығындағы 100 шаршы метрлік 3-бөлмелі
пәтерге қарай есептелген. Бірінші баған – қалалар. Екінші – шаршы
бағасы. Үшінші – қорытынды баға. Ары қарай айына, жылына
төленетін жалға беру бағасы мен қорытынды табыс
1
.
Орташа табыс Yield = 5%, оны қалай қадағалауға болады. Жалға
беру төлемдері құнсыздануға қарамайды, себебі түскен қаржыны
долларға немесе тіпті йенге айналдырып ала аламыз (йен шамамен
нөлдік құнсыздануға ие). Сонымен қатар жылжымайтын мүлік жыл
сайын косметикалық жөндеу жұмыстарын және бес жылда бір
рет – жақсы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Егер жылжымайтын
мүлік жалпы алғанда 100 000$ тұратын болса, бұл шамамен бес
жылда бір рет 5 000$-7 000$ құрайды. Бұл тура нысанның бағасы
өсу кезіндегі жылдық 1.3% құрап отыр. Нәтижесінде табысты
бізге тек жалға беру әкеліп отыр. Осылайша, жылжымайтын мүлік
тиімділігі жағынан акциялар мен облигациялардан кейін 3-орында
иеленеді. Иә, облигациялар мен жылжымайтын мүлік шамамен
бірдей мәнге ие, 5% құрап отыр. Бірақ жылжымайтын мүлік үнемі
бақылауды, жөндеу жұмыстарын талап етеді, құжаттық қауіптер
болады, нысанды басқа адамдар пайдаланады және ең бастысы
– сатып алғаннан кейін жылжымайтын мүлік бағасы бірден түсіп
кетуі мүмкін. Ал облигацияларда ай сайын/тоқсан сайын бекітілген
купон беріледі және мерзім соңында сізге облигацияның номинал-
ды құны толық көлемде қайтарылады.
Алтын және шикізат
Алтын – ешкімге сенбей, жай ғана өз ақшасын сақтап қалғысы
келетіндердің соңғы жайы. Сақтап қалу, ал тіпті кейде өз капиталын
тиімді көбейту мақсатында инвестициялық алтын сатып алатындар
жайлы бәрімізге белгілі немесе олар туралы таныстарыңыздан
естіген боларсыздар. Капиталдары бар, алтын, күміс, платина
құймаларын сатып алып, мұны қаржы салудың әртараптығы деп
атайтын адамдардың ерекше санаттары бар. Ендеше 1265 жылдан
2010 жылға дейінгі алтын бағаларды қарайық. Оларды британдық
фунтпен көрсетеміз және құнсызданудан тазартамыз.
Сызба өз тарихын троя унциялары үшін 480 фунттан бастайды және
2010 жылы 800 фунтпен аяқталады. Алдында қарастырылған ак-
тивтер секілді, алтынның да жоғары қарай өспейтінін оңай байқауға
болады. Алтын инвесторға мүлде пайда әкелмейді. Оған қоса, бұл
қауіпті актив, себебі оны баға өскенде сатып алу мүмкіндігіңіз бар,
одан кейін ол құлдырайды, сосын сіз қалған өміріңізде алтын сатып
алған бағаңызды ешқашан көрмейсіз. Бұл өмір бойы сіздің құйған
қаржыларыңызды жойып отыратын жағымсыз актив болады. Кей-
біреулер бұл зерттеу сонау 1900 жылы жасалғанын айтып шығады
және 1900 жылдан бастап 2010 жылға дейін бағаның өскені нақты
көрсетілген. Жақсы, 1900 жылдары алтынның бағасы 300, ал 2010
жылы – 800 фунт болған. Бұл 2.6 есе өсім (жылдық 0.8%).
Мүмкін алтыннан басқа шикізат сізге көбірек пайда әкелетін
шығар? Канададағы Simon Fraser University есебіне сүйеніп көрейік.
Бұл сызбада барлық бағалар 1900 жылғы доллардың сатып алу
мүмкіндігіне қарай келтірілген.
Барлық шикізат активтері бағаның шеткі динамикасына ие. Демек,
акциялар, облигациялар, жылжымайтын мүлік немесе шарапқа
қарағанда сізге тұрақты пайда әкеліп тұрмайды. Сондықтан шикізат
түріндегі инвестиялар, ол мұнай, алтын немесе қант болсын – оның
еш мәні жоқ және сізге еш табыс әкелмейді.
Сонымен, акциялар мен облигациялардан артық ешбір табысты
және сенімді активтердің жоқ екендігін анықтадық. Алайда,
олардың саны он мыңнан асады ғой! Дүниежүзі бойынша қаншама
компания жұмыс істесе, соншама активтер де бар. Қалай таңдау
жасаймыз? Бұл туралы журналымыздың келесі санында айтатын
боламыз.
1
https://www.numbeo.com
16
Табысты ИНВЕСТОР
№2 2018
17
Инвестициялық кеңес беруші бағаны
Инв
ес
тициялық к
ең
ес бер
уші бағ
аны
1.
Өз ісіме инвестиция
салғаннан кейін, стартап-жобама
инвестицияларды қалай заңды
түрде дұрыс ресімдеуіме болады?
Егер старптап-жобаңызды өзіңіз
жасасаңыз, кәсіпкерлік ісіңізді қай
формада жүзеге асыратыныңыз-
ды шешіп алуыңыз керек. Қазіргі
уақытта ҚР заңнамасы бойынша
кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар:
Жеке кәсіпкерлік (ЖК), Шаруашылық
серіктестік (ЖШС немесе ЖҚС),
Акционерлік қоғам (АҚ). Өз стартап құқыңыздан айрылып қалмау-
дың бірнеше нұсқасы бар.
Бірінші: шаруашылық серіктестік түріндегі, нақтырақ айтсақ
жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) түріндегі қызмет түрін
таңдауға кеңес береміз. ЖШС құрылтай құжаттары: жарғыда
қатысушылар саны екі немесе одан да көп болса, онда құрылтай
келісімінде де өзіңіздің старптап-жобаңызға деген құқыңызды
көрсетуіңіз қажет.
Екінші нұсқа:ЖК немесе ЖШС инвестиция алу үшін басқа ЖК не
ЖШС-мен бірлесіп қарапайым серіктестік құрады, қарапайым
серіктестік негізіндегі Келісімде Сіздің страптап-жобадағы құқыңыз
бен бәсекесіздік туралы келісіміңіз толық жазылады.
Үшінші нұсқа: Сіз жұмыс істеп жатқан ЖШС-тің құрамына кіресіз,
Сіз стартап-жобадағы құқыңыз, үлесіңіз және табыстарыңыз және
т.б. көрсететін, нотариуспен расталған Құрылтай құжатына қосымша
келісімге отырасыз.
2.
Ұғымдық келісім дегенді естідім, бұл талқылану
сатысындағы жобаның басталғанына дейін инвесторлар мен
серіктестердің жобаға қатысу шарттарының бір нобайы дейді.
Ол ҚР заңнамасына сәйкес заңды күшке ие ме және оны не
үшін құру керектігін түсінгім келеді?
ҚР Азаматтық кодексінің 390 бабына сәйкес, инвестор мен қаты-
сушылар алдын ала келісім жасауға құқылы, осы келісім бойынша
тараптар кейін алдын ала жасалған келісімде қарастырылғын
мүліктерді табыстау, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету
(негізгі келісім) келісімін жасауға міндеттеледі. Алдын ала келісім
негізгі келісімге арналған заңнамамен бекітілген түрде жасалады,
ал егер негізгі келісім бекітілмесе, жазбаша түрде жасалады.
Алдын ала жасалған келісім түрі туралы ережелерді сақтамау оның
таяздығын білдіреді. Алдын ала жасалған келісімде мағынаны
беруге мүмкіндік беретін, сонымен қатар негізгі келісімнің басқа
да маңызды шарттарын көрсетуі тиіс. Алдын ала жасалған келісім-
де тараптардың негізгі келісімге отыратын уақыты белгіленеді.
Егер мұндай мерзім алдын ала жасалған келісімде көрсетілмесе,
тараптар қарастырып отырған келісім алдын ала жасалған келісімге
отырған сәттен бастап, бір жыл ішінде жасалуы тиіс. Алдын ала
келісімге отырған бір тарап, негізгі келісімге отырудан бас тартса,
ол екінші тарапқа келтірген шығындарының орнын толтыруы керек.
Тараптар негізгі келісімге отыру үшін бекітілген уақытқа дейін
келісім жасамаса, не бір тарап екіншісіне осы келісімге отыру тура-
лы ұсыныс тастамаса, алдын ала отырған келісімде қарастырылған
міндеттер тоқтатылады.
Алайда инвестор мен қатысушылар өз талаптары туралы (талаптар
туралы келісім) хаттама толтыруға құқылы. Егер ол жерде алдын
ала жасалған келісімнің күшін енгізу туралы тікелей айтылмаса, ол
азаматтық-құқықтық келісім болып табылмайды және оны орында-
маудың ешқандай заңды зардаптары болмайды.
Алдын ала келісім болашақтағы міндеттерді анықтау үшін жасалады.
Майнур Баяндина,
«L-Capital»АҚ-ның
корпоративті хатшысы
Уақытында көрсетілетін
заңды көмек – кез келген
бизнестегі табыс кепілі.
Сұрақ туындады ма? Бізге
хабарласыңыз! L-Capital
білікті заңгерлері Сізге
кәсіби кеңес береді.
Мектеп оқушысы милли
-
он доллар тауып алып,
оны милицияға ө
ткізеді.
Анасы еңіреп жылап
отырып, баласын мақт
ан
тұтатынын айтып
ты.
Жыртылмалы күн
тіз-
бем болса деп ар-
мандаймын, бірақ
беттерінің орнын
да
бес мыңдық ақшалар
болса шіркін! Таңер-
тең тұрып, біре
уін
жұлып аласың,
осылай көңілің жай
табады.
— Кімнен қ
арызғ
а
ақша алғ
ан дұрыс?
—Пес
симис
ттерден.
Олар сіз оны қ
айтара-
ды деп үміттенбей
ді.
Жас миллионер
ғашықтықтықтан басы айна-
лып, үйленгісі келеді. Бірде
өзінің қалаулысына айтады:
- Менің тапқан табысымды
бірге жұмсауға қалай қарай-
сыз?
- Қымбаттым, мен келісемін.
- Менің айтқым келгені, біз
өмір бойы осылай істесек.
- О, бұл үшін соншама уақыт
қажет болады деп ойламай-
мын!
Ішпеймін десем де – бәрі мені
ішкізгісі келеді! Тамақ ішкім
келмейді десем де – барлығы
мені тамақтандырғысы келіп
тұрады! Ақшам жоқ десем –
әлде ақырын айтамын ба, әлде
естімей ме...
Бақытты бо
лу үшін қанша
ақша керектігін ер адам
үйленгеннен к
ейін ғана
түсінеді.
Миллиардермен болған
сұхабат:
— Ақша сізге қаншалықты
үлкен бақыт сыйлады?
— Менің әйелімнің тамақ
дайындамайтын болғаны
шығар, сірә.
Әзіл-оспақ бұрышы
Көл көсір ақшаны алай
да, былай да шаш
уға
еш мүмкін
дігім бол-
мады. Бірақ б
ұл менің
қолымнан к
елетініне
сенімдімін.
18
Табысты ИНВЕСТОР
№2 2018
19
Әзіл-оспақ бұрышы
Заңг
ер
ден сұраңыз
Біз туралы мәлімет:
Меншік иесі: «L-Capital» АҚ
Редакция мекен-жайы:
А05В2Т5, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Амангелды көш., 59 «А»,
«Шартас» бизнес-орталығы
тел.: +7 (727) 3-77777-5; e-mail: pr@l-capital.kz
Баспагер: «ART-DEPO studio» ЖШС, Алматы қ., Шашкин көшесі, 9 «В», №25, Тел. +7 (727) 262 49 95
Бас редакторы: Нургуль Салыкжанова
Дизайнер: Осипова Рита
Таралымы: 5 000 дана.
Шығу мерзімділігі: жылына 4 рет
Журнал «Идан» ЖШС баспаханасында басылып шығарылды, Алматы қ.,
Уссурийская көш.,118/3, Тел: +7 (727) 382 74 15 , +7 (727) 243 49 06.
БАҚ есепке қою туралы 2018 жылдың 9 қазанындағы №17308-Ж куәлігі Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен берілді
Достарыңызбен бөлісу: |