26
Балалар жазуды қаламмен жазады. Дайындық кезеңінде
балалар жай және түрлі-түсті қарындаштарды және қаламдарды
пайдаланады. Сыныпта, топта әліпби ілініп тұрады.
Әріптерді жазуға үйрету тәртібі мынадай:
1. Жаңа әрәпті таныстыру, көрсету, плакатта, дидиактикалық ,
материалда дәптердің бетінде;
2. Мұғалім жаңа әріпті ауада және тақтаға жазып көрсетеді;
3. Дәптердегі жаңа әріптің үстінен басып жазу;
4. Жаңа әріп элементтерін және әріпті толық жазу;
5. Сөздерді жазу
Мұғалім жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсете отырып
түсіндіреді. Әр баламен қаламды ұстап жүргізіп,бір әріпті жазып
көрсетеді.
Сауат ашу кезеңіндегі жазу сабағын құрылысы мынадай:
-
сөзге дыбыстық талдау жасау;
-
кеспе әріптерден сөз құрау;
-
жаңа әріпті көрсету;
-
жаңа әріпті тұтас жазу;
-
Жаңа әріппен сөз, сөлем жазу;
-
Балалардың жұмысын талдау.
Оқу мен жазуға үйрету бірге жүргізіліп отырады. Баланың
дұрыс оқуға машықтану мен сауатты да әдемі жазуға үйретуі осы
кезеңде
жүзеге
асырылады.Сондықтан
мұғалім
балаларды
ұқыптылыққа, жауапкершілікке уйрете отырып,өз жұмыстарына
өздері баға беріп , қорытынды жасай білуге үйретуі тиіс.
Балалардың тілін дамыту- ана тіліне оқыту дың негізгі міндеті
Алты жастағылар негізінен өз ана тілінде сөйлей алады. Олар
тұрмыстық ауызекі, диалогты тілді меңгерген.
3. Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті
гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына
тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа
қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл
олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;
б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына)
еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың
үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
27
в) партаға кекіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты
тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей
жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң
иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн;
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық
25—30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін
немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын
қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір
әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады,
сондықтан үш — бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс
беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға
көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя
бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде
ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының
арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде
әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен
сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан
кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы
жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер
дыбысқа, буынға талданады.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12
Қосымша әдебиеттер: 1,5, 6
№4
дәрістің
тақырыбы:
Жазу
сауаттылығы
және
каллиграфиясы
Жоспар
1. Жазу сауаттылығы мен каллиграфиясының өзара байланысы.
2. Графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыру
3. Жазу сабақтарындағы орфография элементтері
4. Графикалық және каллиграфиялық қателерді болдырмау үшін
жолдары
5. Жазба жұмыстарын бағалау және есепке алу
28
1. Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс жазуға үйрету
жұмысында
көзделетін
негізгі
мақсат-олардың
қате
жібермей,сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.Бұл мәселе жөнінде
де орыс мектептерінің емлеге үйрету методикасы тарихына зер
саламыз. Өйткені сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс
мектебі үлгісімен оқу-ағарту ісін жаңаша құрған Ы.Алтынсариннен
бастап орыс тілінің хат таныту,дұрыс жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін
қалыптастыру жолында алғашқы қадам жасады.
Орыс мектептерінде дұрыс жазуға үйрету методикасы
гүрамматикалық және антиграмматикалық деген екі бағытта
болды.Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский дұрыс жазуға үйретуді
грамматиканың
негізінде,грамматикалық
анықтама-ережелерді
саналы түрде қолдану арқылы жүргізу методын ұсынады. Демек,
орфографиялық дағдыны қалыптастыруда грамматикалық бағытқа
жетекшілік мән беріледі.Грамматикалық әдіс оқушылардың сөзді
дұрыс жазу жолын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.Оқушылардың
сауатты жазу дағдысының қалыптасуына грамматиканың теориясы
мен орфография ережелерін меңгерулері негіз қалайды.
Бастауыш сыныптың сабақтарында оқушыларды сауатты жазуға
үйрету мұғалімнің басты міндеті.
Сауатты жазуды әуелден меңгермеген баланың жоғары сыныпқа
барғанда түзелуі қиынға түседі.Мектеп табалдырығын алғаш аттаған
оқушылардың жастары қатар болса да қабылдау мүмкіндіктері
әртүрлі.
Әр сыныптың өзіндік ерекшелігі ескеріліп зерттелгеннен кейін,
білім деңгейіне сай тапсырма беріледі.Сауат ашу кезеңінде
сөйлем,сөз,буын,дыбыс ұғымдарын меңгертуде оқулықта берілген
суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Сауатты жазу дегеніміз әріптерді тастамай,шатастырмай жазу.
(Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек.
Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады.) Ол үшін дыбыс
пен әріп туралы түсініктерін 1- ші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру
қажет.
2. Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің
түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық
процесс деп атайды. Дүние тануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік
пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен
мәні бар. Баланың психикалық дамуы деген не? Баланың қуануы,
Достарыңызбен бөлісу: |