«Жазуға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет10/17
Дата20.11.2018
өлшемі0,64 Mb.
#22514
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

 

29 


 

 

шаттануы,  қиялдануы,  ренжуі,  ашулануы,  жылауы,  сөйлеуі  — 



осылардың  бәрі  баланың  әлеуметтік  өмір  тіршілігіне  байланысты 

ішкі  дүниесін,  психикасын  сипаттайды.  Баланың  нәзік,  өскелең 

табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік т.   б.   с.   с.   

қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және 

қайшылықтарды  жеңу  үстінде  қалыптасады,  өйткені  психикалық 

дамудың  өзі  баланың  ұмтылуы  мен  оған  жету  жолындағы 

мүмкіндіктерінің  арасындағы  қайшылықтардың  салдарынан  туады 

(мысалы,  ми  қабығында  болатын  қозу  мен  тежелу,  механикалық  ес 

пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т. б.). 

Балаға  қойылатын  талаппен  сол  талапты  орындай  алу 

мүмкіншілігі  арасында  да  көптеген  қиындықтар,  кедергілер  мен 

қайшылықтар  кездесетіні  белгілі.  Бала  өзін  ересек  адам  етіп 

көрсетуге тырысады, өзін асыра бағалайды, бірақ оның ақыл-ой өрісі, 

білімі,  немесе  тәжірибесінің  аздығы  оған  кедергі  болады.  Сонымен 

қатар  бала  ішкі  қайшылықтардан  басқа  сыртқы  қайшылықтарға  да 

кездеседі.  Мысалы,  әлеуметтік  орта  баладан  мәдениетті,  әдепті, 

сыпайы  мінез-құлықты  талап  етеді,  ал  олар  мұндай  мінез-құлыққа 

дағдыланып  жетпеген.  Осы  қайшылыктарды  жеңу  жолында  да  оған 

көптеген қиындықтар кездеседі. 

Адамның нерв жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс 

процесінде  дамиды.  Оқыту  мен  тәрбиеде  мұғалімнің  міндеті  — 

баланың  саналы  қызметінің  формалары  мен  даму  заңдылықтарын 

білу және сол процеске, белгілі бағытта мақсат көздеп, әсер ету. 

Сонымен  психикалық  даму  дегеніміз,  жалпы  алғанда,  адамның 

қалыптасуындағы  сапалық      және      сандық  «өзгерістер,  ал  жекелеп 

алғанда,   анатомиялық-физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі    

білімінің      артуы,  сезім  мен  моральдық  ұғымдардың  пайда  болуы, 

психикалық  процестердің  қайта  құрылуы,  дүниеге  көзқарастың 

қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір 

мінез-құлыққа дағдылану.      Адамның   психикалық   қабілеті   сезім   

мүшелеріне  сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім    мүшелерін 

жаттықтыру арқылы дамиды. 

1.    Мұғалімнің  сұрағы  бойынша  әңгіменің  мазмұны  талданады. 

Мұнда  мұғалім  сұрақтарды  күні  бұрын  дайындап  қояды.  Сұрақтар 

балалардың  жауап  берулері  үшін  оңай,  сөйлемді  дұрыс  кұруға 

жәрдемдесетіндей болу керек. 




 

30 


 

 

2.  Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық талдау жасалады, жазылуы 



қиындау деген сөздер түсіндіріледі. 

3.    Текстегі  көп  нүктенің  орнында  болған  сездерді  естерінде 

сақтап оқиды. 

4.    Тексті  дәптерлеріне  көшіреді;  көшіру  барысында  көп 

нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қояды. 

5.  Мұғалім көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады. 

6.    Балалар  өздері  тауып  жазған  сөздерін  тақтадағы  жазылған 

сөздермен салыстырып тексереді. 



3. 

Оқушыларды 

дұрыс 

жазуға 


дағдыландыру 

ісінде 


грамматикалық бағыттың күшке енуіне методист А.М. Пешковский ( 

1878-1933) елеулі еңбек сіңірді. Сөйтіп қазір біздің оқыту жүйемізде 

орфографиялық  дағды  берудің  негізіне  грамматикалық  білім 

алынды.Ал,орфографиялық дағды беру процесінде көру,есту, сөйлеу 

аппараты,қол  қимылы  және  сөйлеу  факторлары  өз  тұстарынан 

қызмет  көрсетеді.  Сонымен  қатар  үйренілетін  орфограмманың 

сипатына  қарай  факторлардың  атқаратын  рөлі  бірде  артып,бірде 

кеміп отырады. 

Сауатты  жазу  дағдысы  емле  ережелерін  жақсы  білуге 

байланысты  қалыптасады.Оқушылар  емле  ережелерін  өз  бетімен 

емес,мұғалімнің үйрету нәтижесінде ұғынады. 

  Орфография зерттейтін объектілер мыналар: 

1.  Әріптердің жазылу емлесі. 

2.  Түбір мен қосымшалардың қолданылу жолдары. 

3.  Сөздің бөлек-бөлек не бірігіп,я дефис арқылы жазылу емлесі, 

қысқарған сөздердің жазылуы. 

4.  Бас әріптердің қолданылуы мен жазылуы. 

5.  Сөздің тасымалдану жолдары. 

6.  Шылау сөздердің жазылу емлесі. 

Мектеп  бағдарламасы  бойынша  бұл  орфограммалар  бастауыш 

сыныптарда  түгелдей  өтіледі.  Бірінші  сынып  оқушылары  қазақ  тілі 

пәні  құрамында  әріптердің  және  бас  әріптердің  жазылуын,сөздердің 

тасымалдану тәртібін,түбір сөздің жазылуы мен сөйлемдегі сөздердің 

бір-бірінен  бөлек  жазылатынын  оқып,практикалық  жұмыс  орындау 

арқылы дұрыс жазу дағдысын қалыптастыра бастайды.  

4. 

Мұғалім  грамматика  мен  емледен  оқушылардың  білімін, 

дағдысы  мен  шеберлігін  есепке  ала  отырып,  олардың  жақсы  және 

олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін сыныптағы 




 

31 


 

 

анағұрлым білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол 



балалардың  қатесін  белгілеп,  жазып  жүреді.  Сөйтіп,  мүғалім 

оқушылардың  орфографиялық  сауаттылығын  қадағалап,  кейбір 

оқушыларға жеке тапсырмалар береді. 

Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен 

жұмыс  жасауға  тиіс.  Осы  тұрғыдан  олар  өздері  қате  жіберген 

сөздерін  дәптерлеріне  жазады,  оны  жою  жолында  жұмыс  жасайды. 

Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, 

сонымен қатар өздерінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жа-

сауға да үйренуге тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім сыны-

ппен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде 

керекті  сөзді  жазғызады,  қалай  жазылып  тұрғанын  талдатады. 

Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады. 

Біраз  уақыт  өткеннен  кейін  (тоқсан  аяғында,  жарты  жылдың 

аяғында,  оқу  жылы  аяғында)  мұғалім  оқушылардың  жұмыстарына 

толық  талдау  жасайды.  Кейбір  оқушыларға  тән  қателерді  теріп 

жазады, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың 

үлгерімі  жөнінде  тұтас  карта  жасалады.  Мұғалім  балалардың  қате 

жіберу мотивін анықтайды: 1) оқушы ережені білмегендіктен (кезінде 

түсінбеген  немесе  ұмытып  қалған)  жібергенбе?;  2)  Ережені  біледі, 

бірақ  оны  жазуда  дұрыс  қолдана  алмаған,  яғни  ережені  жазуда 

қолдану  дағдысы  қалыптаспаған;  3)  Ережелерді  араластырып 

шатастырады;  4)  Жазып  отырғанының  мағынасына  (не  жазып 

отырғанының өзіне түсінбейді) түсінбей, зейін қоймай, механикалық 

түрде әрекет етеді; 5) Кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате 

айтады да, өзін-өзі бақылай алмайды. 

5.  Әрбір  материал  мұғалім  тарапынан  жақсы  түсіндіріліп,  онан 

қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы мен 

шеберлігі  есепке  алынбаса,  олардың  материалды  қалай  меңгергені, 

мұғалім  мен  оқушылар  еңбегінің  барысы,  нәтижесі  және  оған  қалай 

жеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін 

біліп  отырмаған  соң, келесі еңбекке  деген ықыласы  азайып,  сабаққа 

белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардың 

алған  білімдері,  дағдысы  мен  шеберліктері  есепке  алынып 

отырылсын.  Оның  мынадай  жолдарын  көрсетуге  болады:  1)  бір 

сабақтың негізінде бағалау; 2) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; 3) 

бір ғана жұмыстың негізінде бағалау. 



жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау