«Жазуға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет11/17
Дата20.11.2018
өлшемі0,64 Mb.
#22514
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

 

32 


 

 

Оқушылардың  білімін  бір  сабақтың  негізінде  бағалағанда 



мұғалім  сабақтың  басынан  аяғына  дейін  қай  оқушының  қандай 

сұрауларға,  қалай  жауап  бергенін  және  қандай  жұмыстарды 

орындағанын  есепке  алып  отырады,  Сабақтың  соңында  бірнеше 

оқушыға  бүкіл  сабақ  бойы  істеген  жұмыстарының  (еңбегінің) 

негізінде  баға  қояды  және  неге  олай  баға  қойғанын  бүкіл  сыныпқа 

хабарлайды  (дәлелдейді).  Мұндай  жағдайда  мұғалім  сабақ  бойы  кез 

келген оқушыдан сұрай алмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай 

сұраулар  қоятынын,  қандай  жұмыстар  жасайтынын  алдын  ала 

жоспарлап  алады.  Сабақта  сұраулар  бүкіл  сыныпқа  қойылып, 

дағдыландыру, 

жаттығу 

жұмыстарына 

барлық 

оқушылар 



қатыстырыла тұрса да, мұғалім білімін дағдысын, шеберлігін есепке 

алатын оқушыны іштей байқап, сұрағанда көбіне соларды тұрғызады. 

Мысалы,  сыныпта  оқушыларға  деформаланған  текст  ұсынылып, 

ондағы сөйлемдерді тауып, соңына нүкте қою керектігі тапсырылды 

дейік. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім олардан 

сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды, 3—4 оқушыдан сұрағанына    

жауап алады:  

1) аяқталған    ойды    білдіреді



2) сөйлем    өзара    байланысты     сөздерден    құралады

3) сөйлемнен соң нүкте қойылады; 

4) әрбір жаңа сөйлем бас әріптен басталып жазылады.    

Сол      оқушылар  өздіктерінен  мысалдар  келтіреді,  талдайды.    

Мұғалім  олардың  сөйлем  жөніндегі  түсініктерін,  дәлелдемелерін 

байқайды.  Осыдан  соң  берілген  тапсырманы  бүкіл  сыныптың  қалай 

орындағаны  жалпы      тексеріледі.      Бұл      үшін  жекелеген  оқушылар 

орындарынан      тұрғызылып,  нүкте  қойған,  бас  әріппен  жазған  әр 

сөйлемді      оқиды.  Алдыңғы  сұралған  3—4  оқушыны  тақтаға 

шығарып, олардың дәптерлерін тексереді; қажет болса,    тақтаға сөз, 

сөйлем,  сөз  тіркесі  жаздырылады.  Балаларды  бағалау  үшін  мұғалім 

бір  сабақ  бойы  осылайша  материал  жинайды.  Сабақ  соңында  бірер 

сұраққа  жауап  берген  бірнеше  бала  және  жаттығуды  орындаған 

балалардың      еңбектері  де  атаусыз  қалмайды.  Олардың  қай  сабақта 

қандай  сұрауға  жауап  бергенін,  қандай  жұмысты        орындағанын 

ескеріп  жүріп,  бірнеше  сабақтағы  еңбектері  қорытылып бағаланады.    

Бұл үшін мұғалім    өзінің    арнаулы дәптеріне (балаларға көрсетпей), 

әр  сабақтан  кейін  қажетті  мәліметтерді  жазып  жүреді.  Балалардың 




 

33 


 

 

әрбір  жауабы,  әрбір  еңбегі  ескерілетініне  көзі  жетсе,  әр  сабақта  өз 



білетіндерін көрсетуге тырысады, белсенділіктері артады. 

Оқушылардың  білімін,  дағдысын,  шеберлігін  үйге  берілген 

тапсырманы  орындауларына,  жазбаша  бақылау  жұмыстарының 

нәтижесіне  немесе  сабақтың  әр  кезеңінде  (әсіресе,  жаңа  сабақты 

түсіндіру я бекіту кезінде) бір күрделілеу сұраққа дұрыс, толық анық 

жауап  беруіне  қарай  бағалауға  да  болады.  Оқушының  белсенділігін 

көтеруге,  тапқырлығын  арттыруға  және  өздігінен  ойлай  білуін 

күшейтуге бұл әдістің де пайдасы зор. 

 

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12 

Қосымша әдебиеттер: 4,5,6 

 

№5  дәрістің  тақырыбы:  Жазуға  үйретудің  дәстүрлі  және 

қазіргі технологиясы 

Жоспар 

1. Жазу дағдыларын қалыптастырудың кезеңдері 

2. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі технологиясының мазмұны 

 

1. 

Жазу  дағдыларын  қалыптастырудың  кезеңдері:  әріп 

элементтерін  үйрену  кезеңі;  әріптік  кезең;  жазбаша  сөйлеудің 

қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең. 

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал  — «Әліппе» және 

«Әліппе  серігі».  Әліппенің  бас  жағындағы  түрлі  тақырыптарға 

салынған  суреттер  де  оқушылармен  жүргізілетін  дайындық 

жұмыстары  үшін  ең  қажетті  көрнекі  құрал  болып  есептеледі. 

Әліппеде  әрбір  жаңа  әріпті  үйрету  барысында  жекелеген  заттардың 

суреттері  және  тақырыптық  суреттер  де  беріледі.  Сонымен  қатар 

онда  балалардың  ойы  мен  тілін  дамыту  үшін  сюжетті  картинкалар, 

әңгімелер, жұмбақтар  т. б.  бар.  Әліппеге  қосымша  көрнекі  құрал  — 

кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және 

оларды талдап, оқып үйренеді. 

Әріптерді  естерінде  жақсы  сақтау  үшін  суретті  алфавит 

қолданылады;  онда әрбір  әріптің суреті  мен  атауы  және  сол әріптен 

басталатын   заттың суреті салынады. 

Әріптерді  сақтауға  арналған  әріп  кассасы  жасалады.  Әріп 

кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады. 




 

34 


 

 

Қызыл,  көк  түсті  төрт  бұрыштар  жасалады.  Қызылы  дауысты 



дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді. 

Бұл  айтылғандардан  басқа  таблицалар  да  қолданылуы  мүмкін. 

Мысалы  дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды  өту  барысында  таблица 

қажет-ақ.  Мұнда  дауысты  дыбыстың  таңбасын  қызыл  түспен, 

дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. 

Сөз  құрастыру  үшін  буындар  беріледі.  Жазу  жұмыстарында 

пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» 

әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі. 

Әр  мектепте  оқушылардың  партаға  түзу,  дұрыс  отыруы 

бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері 

бейнеленген плакаттар болуға тиіс. 

Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да 

бар.  Бұлар:  сөздердің  дыбыстық  құрамын  талдауға  жаттығу  үшін 

түрлі  карточкалар;  кейбір  жағдайда  олар  —  клеткалармен  берілген 

заттық  картинкалар,  екінші  бір  жағдайды  —  әріптің  жартысы  мен 

қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с. 

Мұндай  үлестіруге  арналған  дидактикалық  материал  — 

оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін 

көмекші  құрал  болып  саналады.  Оқушылар  сөзді  іштерінен  айтады 

да, 


схеманы 

толтыруға 

кіріседі. 

(Дәптерге 

түсті 

бояу 


қарындашпен,тақтаға дөңгелекшемен,сызықшамен т.б.с.   с). Сөздегі 

дыбыстарды  тәртібімен  талдап,  дауысты,  дауыссыздарын  анықтап, 

оқушылар  әріптерден  сөз  құрауға  кіріседі.  Алдыңғы  дидактикалық 

материал  екінші  бір  жолмен  тағы  қолданылады:    1)    өтілген   

дыбыстардан    қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 

2)  балаларға  анағұрлым  ауырлық  келтіретін  дыбыстарды  қайталап, 

бекіте  түсу  үшін  (жоғарыда  керсетілген  дыбыстар,  жіңішкелік, 

жуандық  белгілер  т.  б.);  3)  картинкалармен  жұмыс  жасау  үшін, 

логикалық  жаттығулар  орындау  үшін;  4)  әрбір  оқушының  жеке 

ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін. 

Баланың  алғашқы  жазуы-  пиктографиялық  жазудан  (заттың 

суретін салу арқылы жазу) одан кейінгі екінші символикалық жазуы 

–  идеограммалық  жазуға  (сөздің  ,ойдың  суретін  салу  арқылы 

жазу)көшіру  прцесі  жазу  механизіне  үйретеді.  Баланы  нағыз  жазуға 

үйрету    жазу  дағдысын    қалыптастырумен  келмейді,заттардың 

суретін салудан сөз суретін салуға көшу кезеңі арқылы үйренеді. 




жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау