«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
295
Серікбай Нұржамал
6М012400 – Педагогикалық өлшемдер
Ғылыми жетекшісі: К.Т.Медеубаева
ҚазМемҚызПУ
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Аннотация. В статье рассматривается технология развития творческих способностей учащихся на
предметах художественного труда.
Abstract. The article deals with the technology of development of creative abilities of students on the subjects
of art work.
ҚР Тұңғыш Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауы бойынша жалпы ұлттық идея – болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең
бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы
жарияланды. Қазіргі уақытта еліміздің экономикасы мен индустриясын дамуға сәйкес өндірістік
жүйелерді жетілдіру жағдайында халықтың өзіндік болмысы мен мәдениетіне баса назар аударылуы
ұлттық мәдени мұралар мен өнімді еңбек ету дағдыларын, шеберліктерін шыңдау қажеттілігін
арттырып отыр. Бұл бір жағынан мектеп оқушыларын еңбекке жағымды қатынасы мен белсенділігін
арттыруды көздесе, екінші жағынан олардың ұлттық мұраларды сақтау мен дамытуға оң
көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді [1].
«Болашақта жетістікке жетем деген адам – алдымен өз ұлтының түп-қазығын зерттейді» деген
ұлағатты сөзге сүйене отырып, көнеден қалған мұра ретінде қазақ ұлттық киімдерін зерттеп білудің
мәні өте зор. Бұл тақырыптың айналасында көптеген жобалар, шығармалар соңғы кездері іске асып
жүр. Көптеген сән үйлерін атап айтсақ «Ерке–Нұр», «Сымбат», «Мақпал», «Тұскиіз» сияқты тағы
басқа жекешеленген тігін өнеркәсіптері өз ұлттық киім үлгілерін шығарып жатыр. Бұл да бір қазақ
халқының сән өнерінің тарихына қосқан үлкен үлес болып табылады. Осы аталғандар қазақ ұлттық
киім үлгілерінің технологиясын меңгерту процесіне толық жауап береді. Өйткені ұлттық киім –
халықтың дүниетанымынан, эстетикалық талғамынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен жан-жақты
хабардар ететін тарихи-мәдени және материалдық мұра. «Қазіргі киім үлгісінің базалық
компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады.
Дала тұрғындары теріден, киізден,
кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере
қоймады» [2].
Мектеп оқушыларына ұлттық киімдердің мазмұндық, композициялық, техникалық,
конструкциялық, технологиялық ерекшеліктерін терең меңгерту олардың танымдық түсініктерінің
кеңеюіне, ұлттық киімдерге және оны әзірлеуге ынталарының артуына, ұлттық мәдени мұраға,
еңбекке оң қатынасын дамытып, еңбекке бағыттылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ал бұл болса,
оқушылардың ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың
маңыздылығын арттырады.
Қазақ ұлттық киімдерінің шығу, даму тарихын этнографтар Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов,
Ә.Марғұлан, М.С.Муканов және т.б, технологиялық, стильдік ерекшеліктерін технологтар
С.Ж.Асанова, М.А.Нұржасарова, өнертанушылар Э.Рассохина, К.Ибраева, Б.Асановалар зерттеген,
қазақ
ұлттық
киімдеріне
бейнеленетін
ою-өрнектердің
тәлім-тәрбиелік
мүмкіндіктерін
Ұ.М.Әбдіғапбарова, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын педагогтар
С.А.Жолдасбекова, Н.Б.Рахметова, Р.А.Дәрменова, Сманова А.С. жасап ұсынған [3]. Осы ғылыми
зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау күні бүгінге
мектепте Көркем еңбек сабағында ұлттық бұйымдар әзірлеуде оқушыларды тәрбиелеуге қоғамның
сұранысы мен оның жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндіктерінің бар екені анық байқалады.
Негізінде қазақтың ұлттық киімдерінің көркемдік жағы, оған түсетін өрнектердің үйлесімділігі
мен олардың киімде орналасуы қазақ елінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер қазақ
халықының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, салт-дәстүрін және өткен тарихын көрсетеді. Қоғамның
даму үдерісінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық
идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі бір ретпен жинақаталып отырады.
Қазақ ұлттық киімдерін тіккізу арқылы оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
296
мүмкіндіктері кең. Өйткені ол
біріншіден, пішімі мен тігісі, формасы мен нақышы, жарасымдылығы
мен көрнекілігі үйлесім тапқан эстетикалық-эмоционалдық жағымды әсерге толы рухани-
материалдық мәдениет түрі, екіншіден, этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи
ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлерге ие тарихи мұра, үшіншіден, өзіндік тарихи
даму сипаттамасы мен терең мазмұны бар, қоғамдық мәнге ие, тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері кең
танымдық мұра, төртіншіден, ой еңбегі мен дене еңбегі арқылы жасалатын практикалық қажетті
бұйым. Көркем еңбек сабағында қойылатын талап – балаларға түрлі материалдардың ерекшеліктерін,
құрылымын түсіндіру. Оларды қарапайым құралдармен, тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс
істеуге үйрету. Оқушылар сабақта қолданылатын түрлі материалдардың өзіндік қасиеттерін білмесе,
өздеріне тән ерекшеліктерінен хабарсыз болса, онда сапалы бұйымдар жасай алмауы мүмкін.
Сондықтан, жасалатын бұйымның материалы туралы нақтылы мәліметтерді білулері қажет.
Оқушылардың қандай да бір бұйымды жасауға шығармашылық белсенділігін арттыруда сабақ
барысында мынадай оқыту әдістерін қолданылады: көнекілік, ауызша айту, практикалық,
проблемалық, эвристикалық, ойын әдістері т.б. Сыныптан тыс мерзімде әртүрлі жұмыс формаларын
(көрмелерге, мұражайларға, серуен, қолөнер шеберлерімен, суретшілермен кездесулер,
шеберханаларда жүріп жатқан қолөнер жұмыстарымен таныстыру, конкурстар, ойын-жарыстар т.б.)
ұйымдастыруға болады. Әдетте оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері белгілі бір міндетті
шешуді көздейді, ал мұның өзі тек ұғынудың арқасында емес, сонымен бірге ол ойлау және бейнені
елестету іс-әрекетінің арқасында жүзеге асады. Бейнені елестету кұрастыру жұмысында тірек
қызметін атқарады да, ұғынуды нақтыландыру процесін жеңілдете түседі. Оқушылар сабақ
барысында еңбек операцияларымен таныса отырып, олар жайында алған білімдері мен еңбек
дағдыларын пайдаланып, жаңа нәтижелер шығарады. Сабақ барысында көрнекі әдісін қолдану
арқылы оқушыларды киім өнер туындыларымен таныстырып, олардың тарихы меи қасиеті жайында
және сонымен қатар бұйымның формасы мен материалының, түсінің өзара үйлесімділігі жайында
жалпы мағлұмат береміз. Көрнекі әдісін қолдану арқылы оқушыларға берілетін мәліметті анық әрі тез
түсіндіруге себебін тигізеді. Сондай-ақ оқушылар бұйымның формасы, түсі және материалдарының
үйлесімділігін, әсемдігін сезіне отырып, оны өз қолымен дайыңдауға қызығады. Осы мәселеге
байланысты бағдарламада берілген. Оқу мақсатында оқушыны жаңа түсініктері мен әдіс әсерлерін
қалыптастыру. Бұл осы мақсаттарды нақтылауды меңгеретін материалдар арқылы іске асады:
қабылдау деңгейі, ой толғануы, еске сақтауы, үлгі бойынша немесе ұқсас деңгейде, жағдайда, жаңа
дейгей жағдайында немесе шығармашылық дәрежеде қолдануы арқылы іске асуы.
Мысалы, сабақтың мақсаты сынып ерекшеліктеріне сай нақтылануында технология пәні үшін
мыналар қарастырылады:
- жаңа түйсікті белгілі деңгейде қалыптастыру;
- заң ұстанымдары еңбек тәсілдерінің ерекшеліктерін, еңбек үрдісін оқушылардың меңгеруіне
сай мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
- жұмыс нәтижесін өз бетімен бағалауға үйрету;
- қорытынды жасауды үйрету.
Оқу бағдарламасының мазмұны білім мен іскерлік барысын оқу үрдісінде оқушылардың
меңгеруі педагогикалық, материалдық, техникалық жағынан олардың дайындық дәрежесі сай болуы
керек. Технология сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және
шығармашылық қатынасын қалыптастыру. Шығармашылық қатынастың барысында химия, биология
және өндіріс негіздері пәндері бойынша оқушылардың білімі бойымды, тереңдейді, ғылыми-зерттеу
ісіне машықтанады, ауылшаруашылық және өнеркәсіп еңбек дағдыларына ие болады, олардың
кәсіптік бағдары тәрбиеленеді.
Қорыта айтқанда, көркем еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі – олардың білім және
тәрбие берудегі, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы маңызында.
Әдебиеттер:
1. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
2014 ж. 17 қаңтар.
2. Назарбаев Н.Ә. Ұлы даланың жеті қыры. Мақала. 2018 ж. 21 қараша.
3. Рахметова Н.Б., Сандибаева Ж.Н. Совершенствование профессиональных знаний учащихся
путем разработки национальной одежды: /Вестник Евразийского национального университета им.
Л.Н. Гумилева №1
(110), 2016. ISSN 1028-9364.