«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
406
Исаева Айсұлу
6М012000-Кәсіптік білім
Ғылыми жетекшісі: өнертану канд., қауым.проф.м.а. С.М. Қырықбаева
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ - ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАУ
Аннотация. В данной статье докладываются наряду с обновлением содержимого
обновленной программы, эффективность использования различных методов и инструментов
обучения.
Abstract. This article reports along with updating the contents of the updated program, the
effectiveness of using various training methods and tools.
Қазіргі жаһандану заманында еліміздің ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды
бойына сіңірген жастарға қоғамның сұранысының өсуі, мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық
құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру
қажеттілігі туындап отырғаны белгілі.
Елбасының Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» Қазақстан халқына жариялаған жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі
өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына
айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын
дамытуға бағыттау қажет» деп атап көрсетті. Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына кіру
жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» – баршамызға ортақ жауапкершілікті жүктеп,
Қазақстанның білім беру мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды көздейді [1].
Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен
оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім
мазмұнын жаңарту, яғни білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен
тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Енді ұстаздар алдында
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді
қолдана білу міндеті тұр. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез
келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін
тұлғаның үйлесімді қалыптасуына, зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру –
жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесінде болуы шарт.Оқушылар табысты оқу үшін
мұғалімдер білім беру бағдарламасын, оқыту тәсілдері мен бағалау жүйесін өзара үйлестіруді іске
асыруы маңызды болмақ. Еліміздің жоғары мектебі дүние жүзілік білім деңгейіне жетуге және
бірыңғай білім беру кеңістігіне енуге ұмтылуда. Алға қойған мақсаттарға жету үшін Болондық
процестің өлшемдерін орындау басты шарт болып табылады. Білім беру жүйесін жаңғыртудың
басты мақсаты - еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Осы мақсаты
жетудің және іске асырудың мынадай міндеттерін қамтиды:
Оқу тәрбие үрдісіне заманауи әдістемелер мен техноогияларды кеңінен енгізу;
Педагогикалық кадрлардың кәсіби дамуы мен шеберлігін арттыру;
Педагогикалық-психологиялық
ұжым
іс-әрекеттің
жаңашылдық
бағыттылығын
қалыптастыру;
Кәсіби біліктілікті жетілдіруде саралаған негізде ғылыми- әдістемелік көмек көрсету;
Нормативті құжаттар, мемлекеттік білім стандартын, білім берудің жаңа бағдарламаларын,
оқу жоспарларын, әдістемелік нұсқауларды талдап-игеру жұмыстарын жан-жақты ұйымдастыру;
Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби
шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
Жас мамандар мен студенттерді ғылыми-зерттеушілік, іскерлік, шығармашылық
жұмыстарға баулу, ынталандыру;
Білім саласына әлемнің ең үздік жетістіктерін енгізу.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
407
«Білімді тұлға» қалыптастыру жаңа оқу бағдарламаларында құзыреттілік тәсілге негізделеді.
Тұлғаны табысты әлеуметтендіру үшін қажетті функционалдық сауаттылық негізінде құрылған
құзыреттіліктерді қалыптастырады. Б. Блум таксономиясы бойынша қазіргі стандарт оқушылардың 6
деңгейдің 2 деңгейін, яғни «білу», «түсіну» деңгейлерін ғана меңгеруіне мүмкіндігі бар. Жаңа
бағдарлама қалған 4 деңгейді «қолдану», «талдау, «жинақтау, «бағалау» деңгейлеріне қол жеткізуді
қамтамасыз етеді. Осы орайда оқу мақсатының болуы маңызды.
Мұғалімдер күнделікті сабақ жоспарларын дайындауда тіл үйретудегі оқу мақсатын
оқытудың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік компонентіне негіздей отырып, әр мұғалім өз
еріктерімен таңдап, бір академиялық сағатта (45 минут) қолжетімсіз, жүгі ауыр мақсаттарды
қамтыды. Ал жаңартылған оқу бағдарламасында көрсетілген пәндік күнделікті сабаққа қойылатын
мақсаттар бір мазмұнда, жүйеленген, дайын, білім салалары бойынша анықталған күтілетін нәтижеге
негізделеді. Күтілетін нәтижелер оқушы жұмысы мен оның жетістігін бағалауға, әр оқушының жеке
даму траекториясының дамуын нақтылауға, білім, білік дағдыларының дамытуға уәжін арттырады,
оқу үдерісінің сапасын жақсартады. Сол себепті, оқыту нәтижесін мониторингілеудің жаңа формасы
критериалды бағалау жүйесінде анықталады. Бүгінгі мұғалімнен тынымсыз ізденуді, үздіксіз кәсіби
дамуды талап етеді. Қоғамның сұранысына лайықты ақпараттық -коммуникативтік технологияларды
меңгерген мұғалім өз бетінше білім алып, шешім қабылдай алатын, болашаққа жан-жақты көзқарасы
бар, ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты тұлғаны қалыптастыруы керек. Оқыту
мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану – бұл білім берудің мақсаты
мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала
белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі болып табылады.Оқу үрдісінде жетістік критерийлері
арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп,
әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді.
Жаңартылған бағдарламаларда білім беру деңгейлері «Мәңгілік Ел» идеясына негізделген.
Мектептегі білім беру мазмұны академиялық пәндер, зерттеу және сыныптан тыс әрекет, қосымша
білім беру, элективтік курстар негізінде жүргізіліп, идеяның мазмұны – оқушыларды рухани-
адамгершілік тұрғыдан, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, толеранттылық пен ұлтаралық,
мәдениетаралық жағдайда қарым-қатынас жасай алуға үйретуді көздейді.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның негізі - коммуникативтік тәсіл арқылы оқушының
ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейту, ұлттық құндылықтарды
түсінетін, әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл жеке тұлға қалыптастыру [3, 30-32
бб.]. Осы орайда, ағартушы этнограф ғалым Шоқан Уалихановтың «Халықтың кемеліне келіп
өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген екен. Олай болса, тәуелсіз еліміздің
үшінші жаңғыру дәуірінде бүгінгі ұрпақты қажетті білім дағдылармен және рухани қасиеттермен
қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім бағдарламасының мәні – баланың функционалды
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушыны өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қолдана
білуге баулу, осы міндет ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. ХХІ ғасырда өмірдің барлық
салаларында табысты болулары үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту жолында
мұғалімдер тынымсыз еңбектенуі тиіс. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз
мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер
ғана жұмыс істей алады. Оқушы тұлғасына бағытталған білім беру адамның белсенділігін,
шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін
дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады деп санаймын.
Әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан жолы-2050
www.strategy
2050.kz 2014 жыл
2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
3.
К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын
бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми
– практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-бб.