«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
402
модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана (тұлғаны өзін-өзі
тануы және өз когнитивтік үдерістермен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас
шамасына бейімделген сындарлы диалогты ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар
мүмкіндігіне сай беріледі. Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген
жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты
сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесімен түсініктеріндегі өзгерістреден бастау алуы керек деген
тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе
мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде
өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты
дамуына келетін негізгі қабілеті болып табылады.
Мұғалім дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады. Оқушылармен пікірлесу
басшылықтың дәстүрлі қатынасынан өзгеше және оқушылар мен мұғалімдер арсында ыңғайсыз
жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс болып табылады. Оқушылармен әңгімелесу барысында
алалықсыз қарау қағидасын сақтау маңызды, барлық оқушылар әсіресе, «үндемейтін» және
«дараланған» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс. Сондай-ақ, оқушылардың
пікірлесуді шынайы, оқу мен оқытуға байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтарды
қамтиды деп есептеуі маңызды. Оқыту мәселелері бойынша оқушылармен пікірлесу оларда өзін-өзі
реттеуді дамытуға ықпал етеді. Өз оқуына бақылауды жүзеге асыру, ол туралы пікір айтуға, өз оқуын
жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімділік сезімі мектеп пен сынып жұмсысына қатысты
барлық сұрақтар бойынша оқушылармен пікірлесудің оң салдары болып табылады.
Сабақтағы пәндік тапсырмаларды құруда осы өлшемдер негізге алынып, оны дайындауда
өлшемдердің біріне сай келетін оқушылар ескеріледі.
Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму
дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші
жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді.
Музыкалық дарынды балалар дегеніміз кімдер?
Ата –аналар балаларының музыкаға көз-қарасын: олардың ән салғанды және дыбыстармен
эксперимент жасауды қалай жақсы көретінін, музыкалық аспаптар мен музыка тыңдауға
қызығушылық танытатындығын басқалардан бұрын байқайды. Осының барлығы ата-аналарды
балаларын музыка мектептеріне беруге итермелейді. Бірақ, бірқатар сұрақтар қойып өтсек:
Барлық балалар сол мектептерге түсе ме?
Ата-аналар балаларын музыканы оқуға қандай мақсатта береді?
Музыка мектебіне түскен балалардың барлығы бірдей музыкалық дарынды ма?
Осындай музыка ұйымдарында балаларды тыңдау және мектепке қабылдау жөніндегі
комиссия жұмыс істейтіндігі даусыз, олар оқушыларды іріктеу және оқуға қабылдаудың жалпыға
ортақ шарттарына сүйенеді.
Көріп отырғанымыздай, музыка мектебіндегі басқа дарынды балалар арасынан музыкалықты
анықтаудың тағы бір шарты - педагогтың мотивациясы болып табылады. Үнемі өздігінен жетілуге
ұмтылудың ересектер тарапынан қатаң талапкерліктің, қабілеттерін ашудың немесе, керісінше,
оқушының басқа оқушылар секілді еместігін үнемі есіне салып отырудың арқасында тіпті ең
талантты баланың өзінің оқуға деген қызығушылығы төмендеп, өзіне ерекше назар аудармау үшін
оның топтан ерекшеленбеу тілегі туындауы мүмкін. Бұл жағдайда біз баланың өміріндегі осы сәтті
байқау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Баланың сезімтал жан дүниесін түсіне және
қабылдай алатын, оың талпыныстары мен қызығушылықтарын байқайтын, және өзі шығармашылық
тұлға және оқушы үшін үлгі болып табылатын тікелей педагогтың өзі де сәтті оқудың кепілі болып
табылады. Мұғалімнің рөлі зор. Ол тәлімгер де, жетекші де, көмекші де бола алады. Жалпы білім
беретін мектепте музыка мұғалімі дарынды балалармен жұмыс жасау барысында, оқушылар
арасында хор ұжымын құрады. Қыздар мен ұл балалардың бойындағы бар қабілеттерін, табиғатынан
берген әсем дауыстарын әрі қарай дамыту үшін төмендегідей жұмыстармен айналысу керек:
Танысу, дауыс, тыныс алуды үйрету,артикуляция;
Әндету, интонация, жаттығулар;
Дауыстарды топтастыру, репертуар таңдау;
Репертуарды жаттау;
Мәнерлілік, сахна;
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
403
Орындау мәнерлелері,
динамика;
Әндету, ән айту;
Сахналық бейне, ән айту;
Концерттерге дайындық;
Жаттығулар, шығармашылық жүріс;
Дарынды балалардың шығармашылық әлеуетін дамытудың басты шарты олардың өміріне
біздің тікелей араласуымыз. Музыка мұғалімі оқушылармен барынша шыдамды түрде жұмыс жасап,
бақылауға алып, оқушылардың жеткен жетістіктерін мақтап, мадақтап, жасөспірімнің әрі қарай биік
шыңдарға ұмтылуына себепкер болуы керек. Оқушылардың әрқайсысының шығармашылықтың,
яғни жетістікке жетудің өзіндік жолы бар екендігін естен шығармау керек. Педагогикалық қызмет
– күрделі, көп деңгейлі үрдіс. Оның екі негізгі кезеңі бар: оқушының өнерге деген көзқарасын
қалыптастыру, өз білімін, машықтарын, орындаушылық жұмыс тәсілдерін үйрету және оның үздік
тума қабілеттерін, машықтарын ашу, анықтау және дамыту. Тәрбиенің осы тарапынан ұйымдасқан
түрде үйлестіруде педагогикалық шеберлік көрінеді, сондықтан баланың шығармашылық тұлғасында
педагогтің біліктілігі мен оның педагогикалық шығармашылығы ерекше орын алады. Осы
қасиеттер тұлғаның өзін іс жүзінде танытуы мен арнайы машықтары мен қабілеттерін біртұтас
ажырамас үдеріс ретінде дамытудың шарты болып табылады.
Егер оқытушының қызметі:
Оқушыға деген сенім мен құрметке;
Жасөспірімнің даралығын толық ашуға арналған бүкіл шығармашылық үдеріске жағымды
психологиялық атмосфера қалыптастыруға;
Әрбір дарынды баланың жеке психологиялық жас ерекшеліктерін
ескеруге;
Оқушыны нақты қызметке дайындауға;
Шығармашылық қызмет аясында жеке тәжірибе жинақтайтын оқушылардың өзін іс
жүзінде көрсетуі мен шығармашылық жұмысын ұйымдастыруға;
Ата-аналардың өз баласының қабілеттері туралы адекватты түсінігін қалыптастыру
мақсатында олармен тәрбие жұмысын өткізуге негізделсе, оқушыларының дарындылығын дамыту
барынша сәтті орындалады [2].
«Дарындылық ұрпақ бойында демалады, оны дер кезінде оята білу керек», - дейді даналық.
Құдіретті бір күш жер бетіне ешкімді тегін жіберген жоқ. Әркім өз миссиясымен келді. Ұстаз өз
міндетін атқарып ешкімнің адаспай өз жолын дұрыс таңдап, рухани кемеліне келетіндей дәрежеге
жеткізуге мүмкіндік жасауы керек. Абай атамыздың отыз сегізінші қара сөзінде айтқандай, адамның
өсіп - жетілуіне ішкі және сыртқы болып бөлінетін екі түрлі себептің әсері болады. Сыртқы себептер
екеу: біріншісі – ата тегінің әсері; екіншісі – қоршаған ортасының; яғни өмірдегі алған тәрбиесінің
әсері. Ал ішкі себепке адамның жан дүниесінің әсері жатады. Ішкі себептер (ерекше қасиеттері) –
«Теориялық экспедициялар» тауынан көріну үшін «Оқыту мен оқудағы тәсілдерді»меңгеруі қажет.
Ғалымдар жер бетіне түскен қардың әр қиыршығы бір-бірін ешқашан қайталамайтынын дәлелдеген.
Адамдарды саусақ, көз ерекшеліктерінен анықтап тану тәжірибеге қолданылатыны да мәлім. Осыған
орай Роджерстің (1983) «Мен» тұжырымдамасы әлемді шарлап кетсе, Абай «Өлсе өлер табиғат, адам
өлмес» өлеңінде бір ғасыр бұрын әр адамның даралығын айтып кеткен. Сондықтан педагогтер әр
бала жан-жақты әрі қайталанбайтынын ешқашан жадынан шығармауы керек [3,4].
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға» - деп қазақ халқының ұлы ақыны - Абай атамыз айтып кеткендей,
ұстаздарымыздың ұлы жолын жалғастыруда талмай еңбектеніп, білімімізді шыңдап, биіктерден
көрініп жатсақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Әдебиеттер:
1. Педагогикалық кеңес // Республикалық ғылыми әдістемелік журнал, – 2015.№01– 11б.
2. Музыкалық жетекшінің анықтамалығы, 2013. №12.
3. Абай Құнанбаев. Өлеңдер мен аудармалар, қара сөздер, ақын туралы естеліктер. – Алматы,
2012. – 328б.
4. Бастауыш сынып ,2016. №6– 7-8б.