«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет186/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

361 



                       

                                                                                                                           Мұхамбетова Гүлдана                                                                                                                                         



                                                                                                                               5В011600-География                                                                                                                                                                                                   

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент К.А.Тлеубергенова  



 

ТҰРАН ЖАЗЫҒЫНЫҢ ШӨЛДІ ЖӘНЕ ШӨЛЕЙТТІ АЙМАҚТАРЫ 

 

Аннотация. Тургайская равнина вы



ше равнины других крупных впадин. Пустынные и полупустынные 

зоны  Туранской  равнины  включают  в  себя  Тургайские  степи  и  пустынные  равнины,  как  песчаную  пустыню 

Кызылкум, пустынную равнину Устюрт, пустынные равнины Моинкум и Сарыесик Атырау. В южной части 

Тургайской  равнины  преобладают  овсяно-полынные  пустыни,  а  галофиты  широко  распространены  по  всей 

территории.  В  южной  части  много  черной  и  серой  полыни.  В  этих  населенных  пунктах  преобладают 

засоленные  травы.  В  Прибалхашье  -  песчаные  пустыни,  такие  как  Тайкум,  Сарыесик,  Атырау  и  Аяккум  - 

Мойынкум.  

Abstract.  Turgai  plain  above  the  plain  of  other  large  depressions.  The  desert  and  semi-desert  zones  of  the 

Turan Plain include the Turgai steppes and desert plains, such as the sandy Kyzylkum desert, the desert plain Ustyurt, 

the  desert  plains  Moinkum  and  Sarysyk  Atyrau.  In  the  southern  part  of  the  Turgai  Plain,  oat-wormwood  deserts 

predominate, and halophytes are widely distributed throughout the territory. In the southern part there is a lot of black 

and  gray  wormwood.  Saline  grasses  prevail  in  these  settlements.  In  the  Balkhash  region  -  sandy  deserts,  such  as 

Taykum, Saryesik, Atyrau and Ayakkum - Moyynkum. 

 

Торғай жазығы- аса көлемді Тұран және Батыс Сібір ойпаттарына қарағанда көтеріңкі жазық. 



Жалпы алғанда тегіс алқаптың аясында беткейлері тік, қысқа, жайпақ төбелі қалдық таулар- «сандық 

таулар»  айрықша  көзге  түседі,  сол  қалдық  таулардың  арасында  түбі  кең,  жайпақ  құрғақ  аңғарлар 

созылып  жатыр,  үлкен  тегіс  учаскелерге  барып  тірелетін  текшелер  де  жиі  кездеседі.  Жаз  кезінде 

өсімдік  қурап  кетеді,  жазық  ашық,  нұқыл  сарғыш,  қоңырқай  реңге  енеді.  Рельефінің  текшелілігі 

жақсы  байқалады.  Тұран  жазығының  шөлді  және  шөлейтті  аймақтарына  Торғайдың  далалы  және 

шөлейтті жазығы, Қызылқұм құмды шөлі, Үстірттің шөлді жотасы, Мойынқұм мен Сарыесік атырау 

шөл  жазықтары,  Шу  –  Талас  ойысы  жатады.  Торғай  жазығының  қазіргі  бейнесі,  оның  көптеген 

құрғақ  аңғарлар  мен  қолаттары,  толып  жатқан  үзік  –  үзік  сандық  таулары  бар  шайынды  жер  беті, 

қазіргі  климаттың  жағдайларына  сәйкес  келмейді,  қайта  қалдық  түзілім  түрінде  көрінеді.  Торғай 

жазығы  бетінің  шайылуы  төрттік  дәуірде,  артық  ылғалдылық  пен  Батыс  Сібір  жазығы  жағынан, 

солтүстіктен  келетін  еріген  мұздық  суларының  мүмкін  болған  ағысы  кезеңінде  болған.  Міне,  сол 

кезде  Торғай  жазығының  бетін  тілімдеген  аңғарлар  жүйесінің  тарамдалуы  болған.  Алайда  үзік-үзік 

сандық  таулар  ландшафтысының  қалыптасуы  жызықтықтың  эрозиялық  тілімделуінің,  үштік 

жыныстардың  горизонталь  жатқан  қабаттарының  шайылуымен  бірге  жүргендігімен  түсіндіріледі. 

Торғай  жазығы  аумағындағы  қатпарлы  палеозой  фундаменті  төмен  түскен  алқапты  Арал-  Торғай 

ойысы  алып  жатыр[1,188б].  Торғай  жазығының  оңтүстік  бөлігінде  бетегелі  –  жусанды  шөлейт,  ал 

солтүстігінде  бозды  –  бетегелі  алқап  басым.  Жазық,  әрі  тұзды  болып  келуінің  салдарынан  бүкіл 

территорияда галофиттер кең тараған. Оңтүстік бөлігінде жусан- ақ, қара және боз жусан өте көп. Бұл 

бөліктегі  сортаңдар  территорияның  жартысына  жуығын  алып  жатыр.  Бұларда  сортаң  шөптерден- 

көкпек,  бұйырғын  және  басқалар  басым.  Солтүстігінде  Лессингтің  бетегесі,  сарептский,  көптеп  ақ 

жусан, бидайық кездеседі.   

Үстірттің  шөлді  жотасы  Маңғыстау  түбегі  мен  Қарабұғаз  шығанағынан  шығысқа  қарай, 

ауданы 200 000 км²-ге жуық кең байтақ Үстірт үстірті созылып жатыр (Сурет 1) .  

       


  


 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

362 



                                    Сурет 1    Үстірттің шөлді жотасы 

 

Үстірт  барлық  жағы  дерлік  кемерлермен  –  шыңқылармен  бөлінген,  ал  шығыс  жағы  көп 



жерінде Арал теңізінің батыс жар қабағын құрайды. Үстірт құрылымы – тектоникасы жағынан көне 

теңіздер  мен  көлдер  басып  жатқан  ойыстармен  қоршалған  тау  болып  есептеледі.  Тік  жыраларды  – 

шығыңқы  жерлерді  –  кей  жерлерде  үстірттің  ежелгі  жағалары  деп  те  қарауға  болады.  Үстірттің 

шығыс шетінде террасалар бар. Кеңістігі тым құрғақ, жауын – шашынның жылдық мөлшері 100мм-

ден аздап қана артады. Топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Солтүстік, қыратты бөлігіне 

шөлейттің белгілері тән, және көп жері карбонатты, қоңыр топырақпен жабылған. Оңтүстікке таман 

созылып жатқан «сор» алабының топырағы кеуек, жетілмеген, ол ішінара әр түрлі сұрғылт топыраққа 

ауысатын  топырақ  болып  келеді.  Орталық  және  оңтүстік  аудандар  –  сортаңдау,  гипсті  қиыршық 

тастылау, сұрғылт топырақ басқан шөл. Үстірт үстіртінде сораңқы және жусанды шөл тараған, онда 

жартылай бұта өсімдіктер көп те, бұта және ағаш өсімдіктері – қара сексеуілдер өте аз. Микрорельеф 

өсімдіктердің  таралуына  тікелей  әсер  етеді  [2,  79б].   Қызылқұм  құмды  шөлі  біршама  биік 

гипсометриялық жағдайға ие болуымен ерекшеленеді. Ол жоғарғы плейстоценде көлдік алювиальді 

шөгінділермен,  оңтүстік  шығысында  бор,  палеоген  жасындағы  жыныстары  желдің  үрлеу  есебінен 

түзілген.  Эолдық  құмдардың  биіктігі  10-20  метрге,  ең  биік  жері  30  метрге  дейін  жетеді.  Құмды 

жазықтың беткі төбесі текшелі, аласа қалдық таулармен (абсолют биіктігі 764 метрге жететін Бұқан 

тауы),  сонымен  қатар  Жаңадария,  Қуандария,  Іңкәрдария  сияқты  Сырдарияның  ескі  арналарымен 

күрделенген. Ескі өзен арналарының есебінен біршама аумақты алып жатқан сазды шөлдер түзілген. 

Қызылқұмда  солтүстік  шығысқа  бағытталған  біршама  тілімденген  жалды-  төбелі,  белді-  белесті, 

сусымалы төбелі, жалды жер бедері басым. Тектоникалық тұрақтану плиоценнің соңынан басталады. 

Мойынқұм  мен  Сарыесік  атырау  шөл  жазықтары.  Тянь  –  Шань  мен  Жоңғар  Алатауынан 

солтүстікке қарай, тау алдындағы жазықтан төмен үлкен құм алқаптары  – Мойынқұм, Тайқұм және 

Сарыесік  атырау  орналасқан.  Мойынқұм  Қаратау  мен  Шу  –  Іле  тауларының  арасында  жатыр,  олар 

солтүстікте  Шу  өзенінің  аңғарымен  шектеседі.  Тайқұм  құмдары  Шу  –  Іле  таулары  мен  Іле  өзені 

аңғары  арасында,  ал  Сарыесік  атырау  шығысқа  таман  орналасқан  және  таулар  мен  Балқаш  көлінің 

арасындағы  өңірді  алып  жатыр.  Бұл  жазықтар  шөл  зонасының  солтүстік  аралық  зонасын  қамтиды. 

[3,92б].    Төрттік  дәуірінен  кейін  өзендердің  бұл  жүйесі  өзгеріп,  өзендер  торы  біртіндеп  қазіргі 

қалпына келген. Шу өзенінің қазіргі аңғары жақсы жасалған және беткейлерінде террасалар сериясы 

бар.  Ағындарының  азайып,  өзендердің  оңашалануына  байланысты  Шу  –  Талас  ойысының 

қалыптасуы  жалғаса  береді,  оның  үстіне  өзендер  шегіне  келе,  аңғардың  ішінде  бірқатар  атыраулар 

қалыптастырған.  Балқаш  маңында  құмтасты  шөлдер  –  Тайқұм,  Сарыесік  атырау  мен  Аяққұм  – 

Мойынқұм секілді пайда болған. Балқаш маңындағы шөлдер ойысты – Балқаш – Алакөл опырынды 

ойысын  алып  жатыр.  Бұл  ойыс  Шу  –  Талас  ойысынан  Шу  –  Іле  тауларын  құрайтын  қатпарлы 

палеозой  фундаментінің  біршама  жіңішке  мойнағы  арқылы  бөлінген.  Балқаш  –  Алакөл  опырынды 

ойысы да Шу – Талас ойысы сияқты және онымен бір кезеңде борпылдақ аллювий  жыныстарымен 

толтырылған. 

 

Әдебиеттер: 

1.Тұран жазығы . Қазақ ұлттық энциклопедиясы 2005ж. 8 т .431-432беттер 

2.Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. А-Ата.: «Ғылым», 2011.-178б. 

3.Қ.Ә.Әлімбетов.,Г.С.Оспанова.,А.Қ.Мейірбеков  «Табиғатты  пайдалану  және  оны  қорғау». 

Алматы  2006-37б. 

 

 

 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау