«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
355
Құсайын Көркем
Ветеринариялық санитария 4 курс /студент
Ғылыми жетекшісі: PhD К.Д. Алиханов, в.ғ.к., қауым.професор Б.Б.Барахов
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
МАЛ АЗЫҒЫ МЕН АЗЫҚТЫҚ ҚОСПАЛАРДЫ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРМЕН
УЫТТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Аннотация. В данной статье, приведены результаты исследования органолептических
показателей, постановка биопробы на токсичность, определение хмико-биологических
токсикологии, а также лабораторные исследования на современном анализаторе NIRSTMDA1650,
пробы сена, мясокостной муки,рыбной муки и шрота в условиях Алматинского регионального
филиала «Республиканской ветеринарной лаборатории» МСХ РК.
Abstract. In this article, the results of the study of organoleptic indicators, the formulation of
bioassays on toxicity, determination of chemical and biological toxicology, as well as laboratory studies on a
modern analyzer NIRSTMDA1650, hay samples, meat and bone meal,fish meal and meal in the conditions of
the Almaty regional branch of the "Republican veterinary laboratory" of the Ministry of agriculture.
Елбасының халыққа жолдауында атап өткендей, қазіргі таңда аграрлық сектор Қазақстанның
экономикалық дамуының драйвері болып отыр. Ауыл шаруашылық өнімдерінің денін мал өнімдері
құрайды, алынған мал өнімдерінің сапасы, экологиялық қауіпсіздігі, санитариялық-гигиеналық
бағалау нарық жағдайында өзекті мәселе болып отыр Малдың қоңдылығын көтеру барысында, мол
өнім алу үшін фермерлер мал рационының құрамына түрлі азықтық қоспалар, малдың құртын түсіру
үшін түрлі дәрі-дәрмектер, препараттарды қолданады [1].
Азықтандыру жануардың дамып жетілуіне, онын өсу прогресіне, сонымен қатар дене массасын
жоғарылатып, іс қимыл функцияарының жақсаруына әкеледі. Мал шаруашылығының және құс
шаруашылығының қарқынды дамуы күнделікті рационда пайдаланылатын азыққа тікелей
байланысты. Азықтандыру барлық факторлардың ішінен өңімділікке ең үлкен септігін тигізеді. Сүт
өңдіру кезінде азық түлік құрылымының өз бағасы 50 – 55% құраса, сиыр етің өңдіру кезінде 65 –
70% және 70 – 75% шошқа етін өңдіруге жұмсалады. Қазіргі заманда мал шаруашылығында,
жануарлардың азықтандырыу теңгеріміне үлкен көңіл бөлінеді [2].
Мал шаруашылығында негізгі рөлді азықтың саны немесе мөлшері емес, оның құрамындағы
сіңімді заттардың сапасы алады. Толық сіңімді азықтарға, жануар организмінің дұрыс физиологияық
жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін, құрамында барлық қажетті заттары бар азықтар жатады. Азықтың
сіңімділігі – азықтану кезінде жануарға қажетті заттардың барлығы қанағаттандырылатын құбылыс.
Азықтың сіңімділігін оның жануар организміне әсер етуіне қарай аңықтайды, яғни өңімділігінің
жоғарылауы мен жануардың физиологияық жағдайының негізіне қарайды. Азықтың сіңімділігін бір
көрсеткішпен дәлелдеу мүмкін емес. Сіңімді заттардың жеке әсер етуіне қатысты ғалымдардың
зерттеулеріне сүйенсек, азықтарға жан жақты баға берілуі тиіс деген қорытынды жасалады. Бұл баға
келесі мәліметтерден тұрады: азықтың каллориясы және химиялық құрамы, сіңімді заттардың
қорытылуы, витаминді, пртеинді, минералды сіңімділігі [3].
Тері ракциясын ағалау: «Букумбаев» ШҚ әкелінген пішен сынамаларын қояндарға биосынама
қою нәтижелері: №1 сынамада гиперемияның 2-3 тәуліктен артық байқалуы, терінің қабықтануы
байқалып, әлсіз улылық көрсеткішін танытты, №2 және №3 сынамаларда терідегі бөртпелер мен
жараланудың байқалмауы пішеннің уытты емес екендігін көрсетті. «Қайнар» ШҚ әкелінген жүгері
сынамаларын қояндарға биосынама қою нәтижелері: барлық сынамаларда терідегі бөртпелер мен
жараланудың байқалмады, жүгерінің уытты емес екендігін көрсетті. «Қаз.Росс Бройлер» АҚ
әкелінген күнжара, балық ұны, ет-сүйек ұны сынамалары экстракт жағылған қоян терісінде ешқандай
улылық деңгейін көрсететін бөтен белгілер байқалмады, азымаз тері құрғақтанып, түсі өзгерген,
қояндар 4-5 тәулікке дейін жіті қадағаланды, артық ешқандай белгілер байқалмады, ал терінің
құрғақтануы экстракт құрамындағы эфир ізінің әсері деп білуге болады, сондықтан да барлық
сынамалар уытты емес деген ветеринариялық-санитарлық баға берілді.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
356
Гупп балықтарын күнжара, балық ұны, ет-сүйек ұны сынамаларымен азықтандыру арқылы
уыттылығын анықтау (МЕМСТ 13496.7-71 бойынша). Гупп балықтарын азықтандыру: аквариумнен
арнайы балық сүзгісі арқылы алдын ала дайындалған 1л таза аквариум суына ұстап алынған 5 гупп
балығын жіберілді, сәйкесінше зерттеу таңертең жүргізілді, балықтарға азық орнына әкелінген
ұнтақталған сынаманы 2-3гр мөлшерінде суға себілді. Осы күйінде балықтар 1-1,5 тәулікке
қалдырылды. Азық улылығына баға беру балықтарға әсер ету сәйкестігіне байланысты жүргізіледі.
Нәтижесінде – күнжара және ет-сүйек оны салынған ыдыстағы 5 балықтың да ешқандай өзгеріссіз
қалуы, сынамалардың уытты емес екендігі анықталды. Ал азық ретінде балық ұны берілген 5 гупп
балықтарын 1,5 тәулік аралығында бақылау жүргізгенде,
1 балық өлімге ұшырады, азық қоспасы
әлсіз улы қатарына жатқызылды.
Мал азығы мен азық қоспаларын FOSS NIRS
TM
DA1650 анализаторы арқылы зертханалық
зерттеу нәтижелері: «Букумбаев» ШҚ әкелінген пішен сынамалары - №2 және №3 сынамаларда
барлық көрсеткіштер талаптарға сай, тек майлылығы сәйкесінше 4,8% және 4,6% көрсетті, норма
бойынша 2,6% болу керек, ал №1 сынамада ылғалдылық
18,7 %, майлылығы 5,9%
клетчатка
30,5%, крахмал
44,5% көрсетіп нормадан асып түсті. «Қайнар» ШҚ әкелінген
жүгерілердің барлық сынамаларында да 2 көрсеткіш протеин 13,02%, 12,5%, 13,4% және майлылығы
2,16%, 2,24%, 1,9% болып нормадан асып түсті, қалған көрсеткіштері МЕМСТ талаптарына
сай болды. «Қаз.Росс Бройлер» АҚ әкелінген күнжара сынамасында протеин
45,55%
және
майлылығы
5,0% болып нормдан асып түсті, қалған көрсеткіштері талаптарға сай болды, балық
ұны сынамасында протеин
45,55%, клетчатка
15,2%, крахмал
11,71%
құрап
улы
көрсеткіштерге ие болды, қалған көрсеткіштері талаптарға сай, ал ет-сүйек ұны сынамасында
майлылығы 5,5%, күл
9,0% жоғары көрсеткіштерге ие болып, қалған өлшемдер өзгеріссіз
талаптарға сай бағаға ие болды.
Қорытынды. Органолептикалық зерттеу нәтижелері бойынша: пішен №1 және жүгері №2
сынамаларына қанағаттандырарлық деген баға берілсе, қалған сынамалар талаптарға сай.
Сынамалардың химико-биологиялық уыттылығын тексеру және микологиялық сараптама көрсеткіші
бойынша: пішен №1 сынамасы әлсіз уытты және нитрат саны 570 мг/кг көрсетіп шекті нормадан
асты, балық ұны әлсіз уытты нитрат саны 250 мг/кг көрсетіп уытты екендігін байқатты, қалған
сынамалар МЕМСТ бойынша уытты емес. FOSS NIRSTMDA1650 анализаторы арқылы зертханалық
зерттеу нәтижелері: №1 сынамада ылғалдылық
18,7 %, майлылығы5,9% клетчатка 30,5%,
крахмал
44,5% көрсетіп нормадан асып түсті. Жүгерілердің барлық сынамаларында да 2
көрсеткіш протеин 13,02%, 12,5%, 13,4% және майлылығы 2,16%, 2,24%, 1,9% болып нормадан асып
түсті. Күнжара сынамасында протеин 45,55% және майлылығы
5,0% болып нормадан асып түсті,
балық ұны сынамасында протеин
45,55%, клетчатка
15,2%, крахмал 11,71% құрап улы
көрсеткіштерге ие болды, ет-сүйек ұны сынамасында майлылығы 5,5%,
күл9,0%
жоғары
көрсеткіштерге ие болып, қалған өлшемдер өзгеріссіз талаптарға сай бағаға ие болды.
Әдебиеттер:
1 А.Қ.Смағұлов, Қ.А.Сағындықов т.б. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау
және бақылау. Алматы, ЖШС «Сын» баспасы, 2005ж. 39-48,59-70,70-94,262-264,274,316 б.
2 К.Я. Мотовилов, А.П.Булатов и др. Экспертиза кормов и кормовых добавок. Новосибирск,
Сибирское университетское издательство, 2004 г.
3 Ж.Мырзабеков, П.Ибрагимов. Ветеринариялық гигиена. Алматы, “Білім” 2005ж. 149-
151,160-163,168-178,184-187 б.