«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
352
1 - кесте Майдың физикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Сыну коэффициенті
Ауырмаған ірі қара мал ұшасынан
алынған май
1,41458 ± 0,07
Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал
ұшасынан алынған май
1,41456 ± 0,03
Жалпы алғанда бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал ұшасынан алынған май мен
салыстыру үшін алынған ауырмаған ірі қара мал ұшасына алынған майдың сыну коэффициентіндегі
көрсеткіштері сапасына байланысты ерекшеліктері байқалмады.
Қорытынды. Алматы облысы, Қарасай ауданы «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінің
ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасында сарапталған бруцеллезге оң реакция берген
ірі қара мал ұшасы қансыздану дәрежесі қанағаттанарлық, салыстырмалы түрде алынған ауырмаған
ірі қара мал ұшаларының қансыздану дәрежесі жақсы. «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінде
тексерілген, бруцеллезге оң реакция берген және ауырмаған ірі қара мал ұшаларының қайнату
сынамасында сорпасы хош иісті, бактериоскопиялық реакция нәтижесі 3-4 микроб кездесті, амминді
аммиакты азот реакциясы 1,01-1,10 аралығында болды, зерттеулер нәтижесі шамалас.«Алтын Орда»
ішкі сауда объектісінде тексерілген бруцеллезге оң реакция берген ірі қара мал ұшалары мен
мүшелері 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарылып, сатылымға жіберілді.
Әдебиеттер:
1. Закамырдин И.А. Защита животных от гнуса. М.: Агропромиздат 1987 г.
2. Жантөре М. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары.
Алматы 2003.
3. Житенко В.И. Справочник по ветеринарно-санитарной экспертизе.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
353
Қалибаева Гүлім
5В011600-География
Ғылыми жетекшісі: ж.ғ.м., оқытушы А.С. Мурзинова
ҚазМемҚызПУ
МҮДДЕЛЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ІЛЕ – ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ ОБЛЫСЫНЫҢ
ОРНЫ
Аннотация. В данной статье дается обзор Или - Казахской автономной области на
перекрестке интересов. Или - Казахская автономная область расположена на западе-севере
Синьцзяна. Естественная географическая и социально-экономическая положения ближе к нашей
стране. И с древних времен казахи населяют. В последние годы экономика автономной области
развивается, экономически и экологически подвержена влиянию нашей страны. Этот автономной
область важен для оценки отношений с Китаем.
Abstract. This article provides an overview of the Ili-Kazakh Autonomous Region at the crossroads
of interests. Ili - Kazakh Autonomous Region is located in the west-north of Xinjiang. The natural
geographical and socio-economic situation is closer to our country. And since ancient times, the Kazakhs
inhabit. In recent years, the autonomous region’s economy has been developing, economically and
ecologically influenced by our country. This autonomous region is important for assessing relations with
China.
Қытайдың батыс қақпасы саналатын өңірдің бірі - Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өңірі.
Шынжаң Ұйғыр автономиялық өңірі – Қытай Халық Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде
орналасқан. Шынжаң Ұйғыр автономиялық өңірі Қытайдың басқа өңірлерімен салыстырғанда
жерінің аумағы бойынша 1-ші орын алады. Жерінің аумағы – 1,600 мың шаршы шақырым, ол тұтас
Қытай аумағының 1/6 бөлігін құрайды. Батысы мен шығысының арасы 2000 шақырым, оңтүстігі мен
солтүстігінің арасы 1600 шақырым.
«1-сурет». Шынжаңның Қытай картасындағы орны
Көрші елдеріне бағыттаған 16 кеден бекеті бар [1]. Шынжаңның көршілес елдері және олармен
арадағы шекара ұзындығы төмендегідей:
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
354
1-кесте
Шынжаң Ұйғыр автономиялық өңірінің көршілес елдері
Көршілес елдері
Шекара ұзындығы (шақырым)
Қазақстан Республикасы
1,718
Қырғызстан Республикасы
1000
Тәжікстан Республикасы
450
Ауғанстан Ислам мемлекеті
92
Пәкістан Ислам Республикасы
599,1
Үндістан
200
Монғолия
1,416
Ресей Федерациясы
55
Көрші 8 мемлекеттің ішінде Қазақстанмен арадағы шекарасы 1700 шақырымды құрайды. Осы
ең ұзын шекара тек Іле – Қазақ автономиялық облысының аумағымен шектеседі. Бұл облыстың
геосаяси орнының маңыздылығыда осында. Бұл тіршілігі өте қызу ендік. Шынжаң-Ұйғыр
автономиялық өңірі Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарында маңызы зор екі жақты
жалғастырушы көпір болып табылады. Қазақстан мен Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өңірінің өзара
байланысының шежіресі көршілес жатқан екі географиялық кеңістіктің көптеген белгілі һәм белгісіз
беттерімен құнды. Ол сондай-ақ жекелеген адамдар мен тұтастай халықтардың өміріндегі оқиғаларға,
фактілерге, аңыздарға толы. Бұл өңір біз үшін қашанда маңызды, әрі бұған деген мүддеміз зор. Ол екі
жақты қарым-қатынастың құнарлы топырағы сияқты. Бүгінде бүкіл Шынжаң-Ұйғыр автономиялық
өңірі Қазақстанның геосаяси жағдайы үшін ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, біздің өзара қарым-
қатынастарымыздың барлық бағыттарының 80 %-дан астамы осы өңір арқылы жүзеге асырылады.
Темір жол мен автомобиль жолы түгелдей Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өңірі арқылы өтеді. Сауда
және экономикалық ынтымақтастығымыздың күллі көлемінің 85 %-ы Шынжаң-Ұйғыр автономиялық
өңірі кәсіпорындары мен компанияларының қатысуымен жүргізіледі. Бұл біздің барлық өзара
қатынастарымыз Қытайдың бір ғана аймағында шоғырланған деген сөз емес, басқа провинциялардың
да Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығын Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өңірін айналып өтіп
жүзеге асыруы мүмкін емес екендігін атап көрсеткен жөн. Осы өңірде біздің негізгі мүдделеріміз
тоғысқан [2,3].
Қорыта айтқанда, Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты қатынас өзінің жақсы бір
кезеңінде тұр, әрі достық қарым-қатынастары тату көршілік пен өзара тиімді ынтымақтастық
негізінде тұрақты дамып келеді. Мазмұны мен мәні жағынан бұл қарым-қатынас әр қилы кезеңді
бастан кешіріп, әр алуан сипаттаманы санадан өткерді. Ерегесіп тайталасқан, өре түрегеліп өзара
қараласқан, тіпті ашық жауласқан кезеңдер болған. Мұндай кикілжіңдердің аяғы адам айтқысыз
нәубетке соқтырған. Өзара түсінісуден екі тарап та ұтылған жоқ. Осының бәрін біз Шынжаң –Ұйғыр
автономиялық өңірі арқылы сезініп, сол арқылы өткізіп, өткеріп келдік. Демек, Шынжаң-Ұйғыр
автономиялық өңірі Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының келешегі келбетінде, бүгінгі бейнесінде
білдіреді.
Әдебиеттер:
1. Ван Лычуан. Батысты игерудегі Шынжаң экономикасы. – Үрімжі: Шынжаң халық, 2002. –
464 б. 3 б. (қытай тілінде)
2. Сұлтанов Қ. Мүдделер тоғысы. – Астана: Елорда, 2003. – 256 б.
3. Надыров Ш. Қазақстан-Қытай байланыстарындағы Шынжаңның орны// Ақпарат бюллетені
06.2003. (ұйғыр тілінде)