«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
370
Машина жасау және металл өңдеу.Қазірге кезде бұл саладағы өңдірістің негізгі бөлігі «Орал-
Зинит зауыты», «Орал «Металист» зауыты» ААҚ, «Амега», «Гидроприбор» ҒЗИ, «Орал арматура
зауыты», «Оралагрожөнмаш» ААҚ-дарының үлесіне тиіп отыр. Бұл кәсіпорындарындарда осы заман
талабына сай өндірістік корпустар мен құрал-жабдықтар бар, тәжірбиелі де білікті жұмысшы және
инжернер-техник кадрлар легі қалыптасқан. Олардың шығарған өнімдері ТМД елдеріне де, шетел
тұтынушыларына да кеңінен танымал [2,52].
Құрылыс материалдары өңдірісі мен құрылыс индустриясы.Облыста құрылыс материалдары
өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік мол. Геологтар жүзден аса кен орнын барлап, цемент өндіруге
қажетті шикізат көзін (Ақсуат), құмқиыршық қоспасын, бетон мен қабырға материалдарын
ауыстыратын жеңіл түзілімдер қорын тапты. Мұның келешекте облыс аумағына шеттен цемент,
гипс, қиыршық, тас, құм т.б. материалдар тасымалдау шығының шегеруге мүмкіндік бермек.
Тұтыным тауарлары шығаратын өндіріс аясында 1973 жылы негізі қаланған «Диана» ААҚ
жетекші орын алып келеді. Оның өнімдері ғана емес, ТМД елдері мен шет елге белгілі. Негізінен
ерлер костюмдері мен күртелері, әйелдердің қалың киімдерін шығаратын кәсіпорын 1989 жылы
Жапонияның, АҚШ-тың, Францияның, Италияның т.б. өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарымен
қайта жасақталып, жылына 1230 мың дана тігін өнімдерін шығаратын болды. Сонымен қатар 1924
жылы байпақ-киіз басу фабриккасы ретінде құрылған «Аяз» ААҚ да жылына 240 мың жұп байпақпен
240 т техникалық киіз басу қуатына ие. Қазір мұнда тері мен былғары өңдеп, одан жоғары
сұраныстағы бұйымдарды – шолақ тон, кеудеше, желбегей т.б. тігіп шығарады. Облыста ет өнімдерін
дайындаумен 4 өнеркәсіп орны мен ауылдық жерлердегі 17 шағын цех айналысады.
Қарашығанақ мұнай –газконденсат кен орны – облыстын Бөрлі ауданы жерінде, Орал
қаласынан шығысқа қарай 150 км. Жерде орналасқан. 1979 жылы ашылған. Көтерілім құрылғының
биіктігі 1700 м. Аумағы 16х29 км. Кен шоғыры мұнайлы, газды, конденсатты. Газконденсатты
бөлегінің биіктігі 1420 м, мұнай қабатының қуаты 200 м. Биогермдік және биоморфті-детритті әктас,
доломит т.б. әр түрлі ауыспалы жыныстары өнімді деп саналады. Коллекторлары кеуекті, кеуекті-
үралы. Кеуектлігінің орташа шамасы мұнайда 9,4 %, газконденсант бөлегінде 10,7%. Газға қаныққан
резервуарлық бөлігінің орташа өткізгіштігі 0,08 мкм
2
, мұнайға қаныққан бөлігінікі 0,05 мкм
2
. Газға
қаныққан коллеторының орташа пайдала қалыңдығы 200 м. Қаныққан мұнайдікі – 45,7 м. Пермьдік
бөлігінің газбен қаныққан коллекторы 0,90 тас-көмір бөлігінікі 0,89. Мұнайға қаныққан
коэффициенті 0,92-ге кен. Кен орнының жабындысы-кунгур ярусынын ирень сфитасындағы галит
қабатынан тұрады. Тұз – күмбезді тектоникалық әрекеті пайда болған беткі қабатын жоғары
Пермьнін дара ярусының терригенді-галлогенді қабаттары жапқан. Кен шоғыры шегі – 3526 м
тереңдікте [3, 47].
Кен орнындағы газ қоры 1317,4 млрд. М-ді құрайды. Мұнда бастапқы қордың екі пайызы
жұығы ғана өндірілген. Кен орнында Қазақстандағы газконденсаттың 91 %, газдын 66 %
шоғырланған.
Әдебиеттер:
1. Ахметов Е.А.,Бердіғұлова Г.Е. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.
«Алматы», 2011.
2. Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы. А., 2009 .
3. Бейсенова А.С. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық, географиялық идеялардын
дамуы. А.; «Рауан», 2010.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
371
Орынбаева Фариза
5В011600-География
Ғылыми жетекшісі: ж.ғ.м., оқытушы Сийкимбаева А.Б.
ҚазМемҚызПУ
ЖАНҒА ДАУА, ДЕРТКЕ ШИПА - «САРЫАҒАШ»
Аннотация.
В этой статье я разъяснил историю и открытие Сарыагашских целебных вод.
Речь идет о целебных свойствах воды и особом месте в мире.
Abstract.
In this article, I explained the history and discovery of Saryagash healing waters. It is
about the healing properties of water and a special place in the world.
Жібек жолы бойындағы Сарыағаш өңірі – арғы-бергі тарихымыздағы талай игі жақсылары-
мыздың табаны тиіп, ізі қалған киелі, көне мекен. Әріректен сөз қозғасақ, желмаясына мініп, Жер-
ұйық іздеген Асан қайғы бабамыздың Келес бойын: «Бал татыған суың-ай, Қалың қамыс нуың-ай»,
деп тамсана жырлауы бұл өлкенің шыбық шаншысаң шынар өсетін нулы да сулы жер екенін паш етсе
керек. Өткен ғасырдың ортасына таман Сарыағаш арасанының ашылуы республика жұртшылығына
кеңінен танымал, еліміздің оңтүстігіндегі іргелі емдік-сауықтыру орны – «Сарыағаш» шипажайын
дүниеге әкелді. Содан бергі уақытта бұл шипажайда 780 мыңнан астам адамның табандарының табы
қалғанын, осы сауықтыру орнынан ем алып, дерттеріне шипа тапқандарын мақтаныш тұтамыз[1, 10.].
2002 жылдың 24 қазаны «Сарыағаш» курортының тарихындағы елеулі күн болып жазылып
қалды. Осы күні Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Оңтүстікке келген сапарында курортқа атбасын алғаш
рет бұрып, оның тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Бас корпус алдындағы қысқа жүздесуінде:
«...Сарыағаштың шипалы суына сенім мол. Маған жыл сайын осы курортта жиырма мыңнан астам
қазақстандықтың саулықтарын түзеп қайтатынын айтты. Бұл «ауырмаудың жолын іздеудің» бір
бағыты осы жаққа жетелейтінін көрсетеді. Баршаңызға денсаулық тілеймін. Сарыағаш халықтық
санаторий екен. Оны әлі жақсартып, көркейтеміз», дегені ел есінде жатталып қалды. Сол кезеңде
курортта төрт санаторий қызмет атқарса, қазір олардың саны он сегізге аяқ басты. Курорт орналасқан
Көктерек кенті көркейіп, аз уақыттың ішінде сәнді курорт – қаланың сұлбасы көріне бастады. Кешегі
нарықтың қыспағына, бүгінгі әлемдік дағдарысқа қарамастан Сарыағаш еліміздегі курорттардың
брендіне айналып, ем алу мен дем алудың, тынығудың барлық талаптарына сай орталық ретінде
дамып келеді[2,4.].
Жанға жайлы, тәнге дәру беретін Сарыағаш шипажайы өзінен-өзі біте салған дүние емес.
Оның да өз бастауы, өзіндік өмірбаяны бар екені белгілі. 1946 жылы мұнай іздеушілер кездейсоқ
ашқан минералды, ыстық су үш-төрт жыл бойы айдалаға атқылап ағып жатты. Осы суға түсіп,
«жабайы» жолмен емделіп сауыққандар, арасанның алғашқы ақысыз «жарнамашылары» еді. 1949
жылы Ташкент ғалымдары суды зерттеуге кіріседі. Судың емдік қасиетін білген соң 1951 жылдың
көктемінің аяғында аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастамасымен 7 ұңғыманың жанынан
ұзындығы – 25, ені 10 метр хауыз (бассейн) салынды. Суға түсу дәрігерлердің қадағалауымен
жүргізілді. Сол жылы жаз айында минералды су емханасының құрылысы басталып, 1952 жылдың
қаңтарынан емделушілерін қабылдай бастайды. 250 адамға арналған бір қабатты, майда құрылыстар
жүргізіліп, ол Сарыағаш бальнеоемханасы аталды. Осы кезеңде қазақтың өлкелік патология
институтының ғалымдары да минералды судың буын-тірек, жүйке, ас қорыту мүшелерінің, тері және
кәсіби уланулардағы тиімділігін анықтау бағытындағы жұмыстарын бастайды. Олардың
арасында М.Қайрақбаев, С.Замятин, Т.Мулагулова, И.Железников, Т.Русманова, А.Адырхаев,
т.б. ғалымдар болды. 1953 жылы өлкелік патология институтының директоры Б.Атшабаровтың
ұйымдастыруымен институт қызметкерлерінен шипалы судың әртүрлі ауруларға емдік тиімділігін
тексеретін экспедиция құрылды. Оған басшылыққа медицина ғылымдарының кандидаты А.Соколов
тағайындалды. Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұрағаты қорынан табылған экспедиция
басшысының шілденің 4-інде жоғарыға жолдаған рапортының қазақ тіліне аударылған нұсқасында
былай делінеді: «Сарыағаш минералды су көзі, алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстанның аса
бағалы су көзі болып табылады. Алайда, суды пайдалану ешқандай медициналық талаптарға сай кел-
мейді. 520С температурадағы минералды су, алдын ала суытылмайды. Амбулаториялық сырқат-
тардың көпшілігін (қазіргі уақытта 300-ден астам сырқат бар) экспедицияның 3 дәрігерінің қарап