«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
209
аниамация, ойын құрастыру және сайт жасау, 3D моделдеу және т.б. кешенді компьютерлік білім алады.
Осы уақытқа дейін академия тәрбиеленушілері 12 робот түрін, 30 бірегей ойын әзірлеп, 600 бейнеролик
монтаждап үлгерген. Ең жас IBM құрастырушысы 13 жаста. 14 жасар оқушының Samoliotik атты ойыны,
оған небәрі бір ай ішінде 4500 АҚШ доллары көлемінде қаражат әкелген, сонымен қатар АҚШ-тық 12
жасар жасөспірім жеке ойындарын құрастырып, бағдарламалаудан дәріс береді, - деп бөліседі жоба
авторлары. Бұл көрсетілген нәтижелер қарқынды жұмыстың жемісі деп білемін. Сонымен қатар,
атқарылып жатқан жұмыстардан көрсетілген оң нәтижелерден бүгінгі күнде осы сынды мобильді
қосымшалардың сұранысқа ие екендігін және оны кеңінен қолданылып жатқандығын білдіреді.
Өнертапқыш топтың ендігі жоспары - «Көкөністер мен жеміс-жидектер», «Космос», «Казақтың салт-
дәстүрлері» атты балалардың ақыл-парасатын дамытатын бірқатар мобильді қосымшаларын құрастыру.
Сонымен қатар отандық туризмді кеңінен насихаттау мақсатында «Виртуалды қазақ үй» атты жоба
алдағы уақытта халық назарына ұсынылмақ. Жобаның концепциясына сәйкес, кез-келген қызығушы киіз
үйге кіріп, VR көзілдірік арқылы 17-18 ғысырдағы қазақ қонысын тамашалай алады. Ал, Zhanuar 4D
тұңғыш балалар мобильдік қосымшасының тұсаукесер рәсімі Алматы қаласындағы SMART POINT
коворкинг орталығында өтеді. Осы қарастырылып жатқан балаларға арналған мобильді қосымшалар
Қазақстанда да үлкен сұранысқа ие. Оған мысал ретінде Soyle.kz жобасын айта кетсек болады. Soyle.kz –
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samsung
Electronics» компаниясының қолдауымен ашылған қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін тұңғыш
интернет портал.Ашылғалы бері елімізден және шет елдерден енген 250 мыңнан астам адам портал
қызметін пайдаланған болса, олардың 16 мыңға жуығы тіркеліп, қазақ тілін үйреніп жатыр.Бұл көрсеткіш
жобаның қарқынды бағытта дамып жатқандығын білдіреді.
Soyle.kz – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттік тілдің қоғамдағы
мәртебесін арттыру, дамыту және қолданыс аясын кеңейту бағытындағы талап-міндеттеріне сай
әзірленген озық ІТ жоба.Soyle.kz мобильді қосымшасы пайдаланушыларға мемлекеттік тілді тегін,
өздеріне қолайлы уақытта әрі жылдам үйренуге мүмкіндік беріп отыр. Мобильдік қосымшаны пайдалану
нәтижесінде әрбір адам арнайы тілдік курстарға кететін алтын уақытын үнемдей алады. Soyle.kz
қосымшасын телефоныңызға немесе планшетіңізге орната отырып, мемлекеттік тілді өзіңізге ыңғайлы
уақытта үйрену мүмкіндігіне ие боласыз.Қосымшаға Soyle.kz порталының барлық бөлімдері және де 3500-
ге жуық сөз бен 700-ден астам тілдесу үлгілері толықтай дыбысталған «Тақырыптық сөздік»
материалдары еніп отыр. Жинақталған 50 тақырып күнделікті өмірдің негізгі салалаларын қамтиды, бұл
есте сақтауда қиындық тудыратын сөздерді кезең-кезеңмен меңгеруге мүмкіндік береді.
Балаларға арналған «Балаларға арналған қазақ тілі» — Bala.soyle.kz порталы — мектепке дейінгі
бүлдіршіндер мен бастауыш сынып оқушыларына арналған дистанциялық оқытып-үйрету жүйесі. Ойын
— тәрбие құралы, ақыл-ойды дамытады, тілді ұстартады, сөздік қорды молайтады, өмірді танып, сезімді
кеңейтеді, тәрбиелейді. Сондықтан да біз баланы ойната отырып сөйлетуге, суреттерді қарап, заттарды
сипаттау, жұмбақ есептерді шешу, құрастыру, тақпақтар жаттау арқылы олардың қызығушылығын
арттыруға тырыстық. Қазақстанның орыс тілінде оқытатын мектептері үшін қазақ тілін оқыту әдістемесі
әзірленді, осы ретте қазақ тілін оқуға арналған Soyle.kz мобильді қосымшасы әзірленді. Бұл жөнінде ҚР
білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.
«Назар аударуды қажет ететін проблемалардың бірі – орыс мектептерінде оқып, қазақ тілінде сөйлемейтін
балалар. Бұл мектептер үшін жаңа ғылыми негізде әзірленген деңгейлік коммуникативтік әдістеме дайын.
Биылғы оқу жылынан бастап біз оны жекелеген мектептерде пилоттық режимде енгізуді бастаймыз», -
деді министр. Оның айтуы бойынша, егер пилоттық жоба сәтті өтсе, 2018 жылы бұл әдістемені барлық
мектептерде енгізуге болады. «Қазақстанның орыс тілінде оқытатын мектептерінде сөздік минимумдары
енгізіліп жатыр. Енді, ең бастысы, баланың қазақ тілінде жылдам сөйлей бастауы қажет. Қосымша қазақ
тілін оқуға арналған Soyle.kz мобильді қосымшасы әзірленді. Оны жүктеп алуға болады», - деп қосты
Ерлан Сағадиев.
Қорытынды, мен қарастырып өткен балаларға арналған мобильді қосымшалар бүгінде кеңінен
қолданылып жBатқандығына және оның өз кезегінде бала жағдайы үшін оң ықпалда екендігіне біршама
болсада көз жеткіздік. Мобильді қосымшалар жас жеткіншектің бүгінгі заман талабына сай білімді, әрі
техникалық жағынан дамыған тұлға болып қалыптасуына өз септігін тигізуде. Тек осы тұрғыдан ғана
емес, бүгінде жас ғалымдардың идеясының жаңашылдығы нәтижесінде елімізде тілінде мүкістігі бар және
кейбір әріп пен сөзді дұрыс айта алмайтын балаларға да арнайы логопедтік жобалар да қолданыста.
Әдебиеттер:
1. Программирование для Android . Вилл Филлипс, Крис Стиюарт, Кристин Марсикано - кітабы
2. Professional Android, 4-е издание. Рето Мейер, Йан Лэйк - кітабы
3.
www.qazaq
– found.kz