17
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
2016 жыл,
сәуір-маусым
846
389
457
7 206
11,7
2016 жыл, шіл-
де-қыркүйек
854
367
488
7 185
11,9
2016 жыл, қа-
зан-желтоқсан
828
343
485
7 161
11,6
2017 жыл,
қаңтар-наурыз
800
334
466
7 137
11,2
Дерек көзі: Labour Force Survey
Ұлыбританиялық NEET санатындағы жастар үлесінің динамикасына жа-
салған талдау көрсеткіштердің 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2017 жыл-
дың бірінші тоқсаны аралығында 16,3% бастап 11,2% дейін төмендегендігін
көрсетіп отыр.
1-сур. NEET санатында болған адамдар, халықтың тиісті тобының жалпы санынан, %
Дерек көзі: Labour Force Survey
Ұлыбритания зерттеушілері NEET санатына қосылудың аса үлкен ықти-
малдығы төмен білім деңгейі, иммиграциялық тарихы бар, ойлау қабілеті
төмен, сондай-ақ, психикалық денсаулығында кемшіліктер бар, сонымен бір-
ге қолайсыз отбасылардан шыққан жастар деп отыр. Сонымен бірге, кейбір
жағдайларда жастар үшін NEET құрамына кірудің алғышарттарына мектеп-
тегі сабаққа жиі қатыспау, мектеп ортасындағы кемсіту, ерте болатын әкелік/
аналық жатады.
Ұлыбритания Үкіметі NEET тобына жататын жастардың санын азайту
үшін келесі іс-шараларды әзірледі:
1. Оқу жасын жоғарлату. Мысалы, жас бозбала 18 жасқа толмағанша, ол
міндетті түрде мектепте, колледжде оқуы тиіс, сонымен бірге тағылымдама-
18
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
дан өтуі немесе еңбекпен қамтылған, өзіне-өзі жұмыс істейтін немесе еріктілік
қызметке тартылған жағдайда, сырттай оқуы тиіс.
2. Оқушылық (тәлімгерлік) тәжірибесі. Жұмыс орнында, оқуды қоса
алғанда, қосымша төленетін жұмысты білдіреді. Жақсы нәтижелер көрсеткен
оқушылар келісімшартты аяқтағаннан кейін, ұлттық мойындалған біліктілік-
ті алады. Бұл ретте, оқушылар жасына байланысты мемлекет шығындардың
жартысын өзіне қабылдайды. Ал, қалған шығындарды жұмыс берушінің өзі
төлейді.
3. Тағылымдамалар. 24 жасқа толмаған, жұмыссыз және жұмыс тәжі-
рибесі бар жастар ары қарай жұмыспен қамтылуды көздейтін алты айлық
тағылымдамадан өтуге құқылы. Осылайша, аталған тәжірибе өз тәлімгерлері-
не білім алуды, оқыту мен жұмыс тәжірибесін қамтамасыз етеді.
Оның үстіне Ұлыбиртания Үкіметі (2012–2013 жж.) жастар арасындағы
жұмыссыздықпен күресуге арналған көлемді жобаны бастады. Бағдарлама
бойынша жалпы шығын көлемі 1 млрд. фунт стерлингке (1,5 млрд. долларға)
жуық болды. Бағдарлама талаптарына сай, жасы 18–24 аралығындағы жұмыс-
сыз тұлғаны жұмысқа қабылдайтын әр жұмыс беруші мемлекеттен 2 275 фунт
(3,5 мың доллар) алады. Тағы 50 млн. фунт (77,4 млн. доллар) халықтың әле-
уметтік қорғалмаған топтарының өкілі болып саналатын жастарды еңбек жо-
лының басында жұмысқа дайындауға жұмсалды.
Жұмысқа орналастыру бағдарламасына тоғыз айдан астам уақыт бойы жұ-
мыссыздық бойынша жәрдемақы алып келген жастардың қолы жетімді бол-
ды. Бағдарлама талабына келісе отырып, кәсіпкер жаңа жұмыскермен кемінде
алты ай жұмыс жасап, минималды еңбек ақы өтеуге міндетті. Егер жас жұмы-
скер алты айдан бұрын жұмыс орнын тастап кететін болса, онда ол мемлекет-
ке төрт апта қоғамдық жұмыс қарыз болып қалады.
19
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
2.3 Греция
Грециядағы NEET – айтарлықтай жаңа және аса танымал емес әлеумет-
тік осал топ. Греция халқының көпшілігі мұндай терминді ешқашан естімеген.
Грециядағы NEET кейсінің ерекшілігі – әрбір грек отбасы NEET мәртебесі
мәселесінің өткірлігін жұмсартуға мейлінше көмектесетін өзіндік қорғайтын
«қолшатыр» болып табылады.
Еуроқор зерттеулері Грецияны NEET санатындағы жастардың жоғары
үлесі бар мемлекеттерге жатқызады.
«Жоқ болу» барометрі» жобасының нәтижелері бойынша: «Neet» әлеу-
меттік осалдылықтың жаңа нысаны бар жұмысын саяси тұрғыда ұсынудың
эмпирикалық негіздемесін анықтау және жіктелімі («Absents» Barometer:
Detection, classification and empirically founded policy proposals to tackle the
new form of social vulnerability: the NEETs) [4] жобасы нәтижелерінің негізінде
Грециядағы NEET ұғымын келесі жолмен сипаттауға болады:
2012 жылы 15-24 аралығындағы NEET үлесі17,4% деңгейінде болса, ал 15-29
жас тобында 23,2% құраған. Бұл ретте 20-24 жас диапозонындағы аталған
көрсеткіш 15-19 жас аралығындағы көрсеткішке (8,6%) қарағанда айтар-
лықтай жоғары (26,5%) болады. Аталған топтағы жастардың үлкен бөлі-
гін белсенді емес, орта немесе жоғары білімі бар және еңбек өтілі жоқ деп
сипаттауға болады. Сонымен бірге NEET құрамында әйелдердің және жұ-
мыс табуға сенімі жоқ (көптеген сәтсіз талпыныстан кейін жұмыс іздеуді
қойған) қызметкерлердің үлкен үлесі байқалады.
Грециядағы NEET санатына ерлер де, әйелдер де жатады. Бұл ретте NEET қатарына қо-
сылу мүмкіндігіне гендер әсерінің кейбір заңдылығын байқауға болады. Осылайша, NEET
жастарының жалпы құрылымында әйелдердің саны ер жынысты өкілдердің санынан
жоғары. Жастардың көпшілігінің жас диапозоны 20-24 жас шеңберінде анықталады.
Сонымен бірге, тұрғылықты мекен-жай (қала/ауыл) қағидаты бойынша аз ғана корре-
ляциясын байқатады. Осылайша, NEET санатындағы жастарды қалаларға қарағанда,
ауылдық елді мекендерде көбірек жиі кездестіруге болады.
Грециядағы NEET төмен деңгейді (толық емес орта мектепті бітірген) және көп
жағдайларда орташа білім деңгейін (толық орта білім оқу орнын немесе техникумды
бітірген) сипаттайды. Сарапшылар білім деңгейі мен біліктілігі төмен немесе орта
NEET санатындағы жастар арасындағы өзара тәуекелділігінің болуы туралы айтады.
Сонымен бірге, NEET жастардың басым бөлігі үйленбеген/тұрмыс құрмаған, балалары
жоқ. Әдетте, олар ата-аналарымен немесе отбасының басқа мүшелерімен (көпшілік
жағдайда, ағаларымен, әпкелерімен) тұрады. NEET жастары ата-аналарының білім
деңгейі, әдетте, орташа ретінде сипатталады, кейбір жағдайларда олардың жоғары
білімі бар. Мұндай үй шаруашылығының отбасы табысының өлшемдері төменнен орта-
ша деңгейге дейін өтеді. Табысы жоғары отбасында NEET өкілі анықталмаған.