2.2.5. Дәріс тақырыбы. Жоғары нерв әрекеттері, олардың жас ерекшеліктері.
Дәріс тезистері.
Жоғары жүйке әрекетіне (ЖЖӘ) ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. ЖЖӘ адам ағзасының сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. ЖЖӘ: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс көру, көңіл-күй. Мұғалімдер ЖЖӘ түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбиелей алады.
И.М.Сеченов «Ми рефлекстері»(1863) еңбегінде психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. И.М.Сеченовтың бұл ілімін И.П.Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. И.П.Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлді. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде ағзаның тірлігін сақтау үшін қажет. Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқв ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Баланың алғашқы апталық өмірінен бастап оның шартты рефлекстері пайда болады. 5-10-шы күндері тамақтануға байланысты шартты рефлекстері қалыптасады, кеңістікте дұрыс орын алу шартты рефлекстері байқаладыы. 3-5 айлық жасында баланың ажырату, бағдарлау рефлекстері туа бастайды. 5-7 жас арасында қозу мен тежелу күшейе түседі. 6 жаста ішкі тежелуі жақсарады, ми қыртысының жұмысы артады. Бала 16-20 мин. бір нәрсеге зейінің тоқтата алады, сөзге байланысты санасы 5-7 жаста жақсы дамиды.
И.П.Павлов ЖЖӘ топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы. Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай ЖЖӘ 4 түрлі топтарын атаған:
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик.
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ – сангвиник.
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик.
4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв жасушаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым – меланхолик.
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. Әсіресе, өсіп дами келе, баланың жасы ұлғайған сайын ержеткенде аралас топтар көбірек орын алады.
Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. Дегенмен, жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. ағзаның сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П.Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерлерін «сигналдар» деп атады. Сол сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигналдық жүйе деп атайды. Еңбектің және әлеуметтік дамудың нәтижесінде адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған. Сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигналдық жүйесі деп атады. 1-ші сигналдық жүйесі сәбидің өмірінің 7-10 күндерінде қалыптаса бастайды, ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айында пайда болады.
Нерв құбылыстарының негізгі қасиеттері тек 20-22 жаста ғана толық жетіледі. Сондықтан баланың жоғары жүйке әрекеттерінің топтары тұрақсыз, сыртқы ортаның жағдайларына өте тәуелді болады. Баланың өсіп, дамуы барысында ми қыртыстары мен қыртысасты құрылымдарының бір-біріне арақатынасы өзгереді де, ЖЖӘ оның мінезінің топтарының қалыптасуына әсер етеді.
Балалардың ЖЖӘ топтық ерекшеліктері олардың оқуға бейімділігінің бір көрсеткіші болып есептеледі. Сондықтан мұғалімдер оқу-тәрбие жұмыстарын әр баланың топтық ерекшелігін ескере отырып, ұйымдастыруы қажет.
Негізгі әдебиеттер. [1-11]
Қосымша әдебиеттер. [2-3]
Достарыңызбен бөлісу: |