Тақырып: Жануарлар тіршілігіне қоршаған орта темперетурасы мен жылу алмасудың маңызы
Дәрістің мақсаты: Жылудың, орта ағындары және қысымның жануарлар тіршілік әрекетіндегі маңызын, оған организмнің бейімділіктерін танып-білу.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, бейнематериалдар, слаидтар.
Тірек сөздер: пойкилотермия , гомотермия , метаболизм
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
1. Жануарлар тіршілігіне қоршаған орта температурасының маңызы
2. Орта температурасының өзгерісіне бейімділіктер (мінез-құлық,т.б.)
3. Орта температурасына байланысты жануарлардың экологиялық топтары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жылу- организмнің тіршілік әрекетін құрайтын химиялық реакциялар негізі. Қоршаған орта температурасы жануарлардың дамуы, көбеюі, тіршілігі, т.с.с., яғни сандық мөлшері және таралуына тура және жанама әсер ететін фактор.
Тура әсер- жануар денесінің жылуды сіңіруі немесе қоршаған ортаға бөлуі. Бұл құбылыс орта температурасына байланысты және организмнің жылулық күйін анықтайды. Орта температурасы 10º С-ға көтерілсе организмде жүретін биохимиялық реакциялар 2-3 есе өседі. Метаболизмге әсер етеді.
Жанама-түрдің көбею, даму, тірі қалу, белсенділік, бірлестіктегі сандық мөлшері, таралу, т.б. жағдайлардың өзгерісінде көрінеді.
Жануарлардың жылу алмасуы, олардың организмінің энергетикасымен байланысты.Жылу алмасудың екі типі бар: пойкилотермия(салқынқанды), гомотермия (жылықанды). Пойкилотермді және гомотермді жануарлардың тіршілік ерекшеліктері, бейімділіктері, мінез-құлықтары. Насекомдардың салқынға шыдамдылығы және қысқы ұйқыға физиологиялық дайындығы Температураның жануарлар миграциясына, онтогенез жылдамдығына, көбеюі мен өліміне әсері.
Тіршілік орта ағындары және қысым. Жануарлар тіршілігіне су және әуе ағындарының маңызы және оған бейімділіктер. Әуе және су қысымдарының организмдерге әсері. Жануарлардың атмосфералық қысым мен бұлттылыққа реакциялары. Климаттық жағдайлардың және кезеңдердің экологиялық маңызы
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Қоршаған орта температурасының жануарлар үшін маңызы.
Орта температурасының жануарлар организміне әсері.
Жануарлар денесінде жылу алмасу.
Пойкилотермді жануарлар, олардың тіршілік әретінің ерекшелігі.
Гомотермді жануарлар, ұйымдасу ерекшелігі.
Жануарлардың орта температурасыны бейімділіктері.
Орта температурасының жануарлардың тіршілік циклдеріне әсері.
Қоршаған орта ағындары және қысым, олардың жануарлар тіршілігіндегі маңызы.
Әуе және су қысымдарының организмдерге әсері.
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Потапов И.В. «Зоология с основами экологии животных» М,2001, 292 б.
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Яхонтов В.В. « Экология животных » М., 1964.,457 бет
№5 дәріс
Тақырып: Төсемік.
Дәрістің мақсаты: Төсемік, топырақ. қар жамылғысы, мәңгілік тоң, мұздықтар мен мұз жабындысы және олардың жануарлар тіршілігіне, таралуына ықпалы және оған жануарлардың бейімділіктері туралы мәліметтер беріп, ой-өрістерін кеңейту.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, бейнематериалдар, слаидтар.
Тірек сөздер: Төсемік, топырақ. Су түбі , қар, мұздықтар,тоң, биологиялық цикл экологиялық қуыс
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
1. Жануарлар үшін төсеміктің маңызы.
2. Топырақ. Су түбі
3. Қар жамылғысы. Мәңгілік тоң, мұздықтар және мұз жабындысы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Су экожүйесінде қалқып тіршілік ететін (планктон, нектон) формалардан басқа жануарлар үшін төсемік тірек, қорек көзі, Қозғалыс беті, құрлық-әуе тіршілік ортасы. Төсемік сипаты жануарлардың қозғалысын, дене пішінін және реңін анықтайды. Құрлық жануарлары үшін төсемік-топырақ немесе анайы жыныс, қар және мұзды жабын, өлі және тірі өсімдік, ал паразиттер үшін- иесінің дене беті немесе ұлпа-мүшелері. Су жануарлары үшін- су түбі немесе су заттары, тіпті судың беткі жарғақшасы.
Топырақ-топырақ фаунасының тіршілік ортасы, құрлық формаларының төсемігі және фоны. Топырақ түрлері, құрылымы, механикалық және химиялық құрамы, су және ауа режимі.
Су қоймаларының төсемігі- тіршілік орта, қорек көзі, қозғалыс беті.
Қар жамылғысы-құрлық жануарларының эволюциясында және тіршілігінде топыраққа жақын. Қар жамылғысы-жануарлардың қозғалысына, қорек табуына кедергі. Оған жануарлардың бейімділігі.
Мәңгі тоң, мұздықтар мен мұз жабындысы қар жамылғысы аз, климаты қатаң аймақтарда кездеседі. Олар топырақ фаунасының тіршілігін шектейді. Мұз жабындысы уақытша және тұрақты болады. Қоңыржай белдеуде қыста су қоймаларының мұз жабындысы су және құрлық жануарлары үшін үлкен қиыншылық туғызады.
Мәңгі тоң, мұздықтар мен мұз жабындысына жануарлардың бейімділіктері және осы аудан жануарлары. Биологиялық цикл. Климаттың жануарлардың тіршілік цикліне әсері.
Тәуліктік, маусымдық және көпжылдық циклдер. Экологиялық қуыс. Жануарлардың тіршілік формалары және оның классификациясы.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Төсеміктің жануарлар тіршілігі үшін маңызы.
Топырақтың құрамы, құрылымы.
Топырақ-тіршілік орта
Топырақ жануарлары, олардың құрылыс ерекшеліктері.
Су жануарлары үшін су түбі лайының (төсеміктің) маңызы
Қар жамылғысы, оның жануарлар өміріндегі маңызы, оған жануарлардың бейімділіктері
Топырақ типтері, жануарлардың таралуындағы маңызы.
8. Жануарлардың топырақта тіршілік етуге бейімділіктері.
9. Биологиялық цикл, түрлері.
10. Экологиялық қуыс.
11.Жануарлардың тіршілік формалары
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Потапов И.В. «Зоология с основами экологии животных» М,2001, 292 б.
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Яхонтов В.В. « Экология животных » М., 1964.,457 бет
№6 дәріс
Тақырып: Жануарлардың кеңістікті бағдарлауы
Дәрістің мақсаты: Жануарлардың мінез-құлық белсенділігі, тіршілігіне қолайлы жағдайды таңдауы –кеңістікті бағдарлау механизмі және оның негізі- сезім мүшелері мен орта факторлары екендігі туралы білімдерін қалыптастыру.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, бейнематериалдар, слаидтар.
Тірек сөздер: Бағдарлау, көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап-сезу, электрлі және электромагнитті тербеліс.
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
Жануарлардың бағдарлау қасиеттері және түрлері.
Жарықсезгіштік және көру
3.Дыбыс және есту
4. Химиялық жағдайды сезімділігі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жануарлардың мінез-құлық белсенділігі, тіршілігіне қолайлы жағдайды таңдауы –кеңістікті бағдарлау механизмі арқылы жүзеге асады. Оның көмегімен жануарлар өздеріне қажетті химиялық және гидротермикалық жағдай, ұялау орнын, пана, қорек табады, жұптарын, өз түрлері немесе басқа түрлер (бәсекелестер, жыртқыштар) дараларын таниды, іздейді және миграция кезінде уақытты бағдарлайды, қолайлы кеңістікті таралады.
Бағдарлау негізі- сезім мүшелері-көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап-сезу; жануарлардың ортаның электрлі және электромагнитті тербелісін қабылдау және өндіру қасиеті.
Бағдарлауда ең маңызды-жүйке жүйе әрекеті-инстинкт және еске сақтау. Жануарларда қоршаған дүние, онда жүретін түрлі құбылыстар туралы мәліметтер, ұғымдар жинақталады. Инстинкт және шартты рефлекторлы әрекеттер жетілген сайын бағдарлау қабілеті жоғарлайды және оның механизмі күрделенеді.
Табиғи сұрыптау процессінде түрдің тіршілік әрекеті және мінез-құлық ерекшелігі қалыптасады.
Ортаның физико-химиялық қасиеті бағдарлау үшін маңызды. Жануарлардың сезім мүшелеріне әсер ету тұрғысынан-көру, есту, химиялық және тері факторлары болып бөлінеді. Көптеген жануарларда электрлі және электромагнитті факторларды қабылдайтын арнайы мүше болмайды. «Уақытты» сезу- физиологиялық процесстер ырғағына және бұлшықетті сезімдерге байланысты.
Жарықты барлық дерлік тірі организмдер сезеді. Жасыл еугленада жарық сезетін-ноқат бар, ал ішекқуыстылардан (гидроид-, сцифомедузалар) аранайы жарықсезгіш құрылыс болады.
Жануарларда жарыққа реакция-фототропизм, көп түрлерге тән. Жарықсезгіш мүшелер қабілетінің түрлері, тіршілік ортаға байланыстылығы.
Жануарлар эволюциясында қоршаған ортаны образды қабылдауға қабіліттілік-жаңа кезең. Жануарлардың жарыққа сезімталдығы әртүрлі: буынаяқтылар (өрмекшілер, насекомдар), басаяқты моллюскалар, былақ, амфибия, рептилия, құстар, сүтқоректілер, т.с.с.
Қоршаған ортада дыбыстар өте алуантүрлі: биогенді-жануарлардың өздері бөледі (арнайы: бір-бірімен немесе басқа түр дараларымен байланыс; неспецифические-бұл организмге қолайсыз болуы мүмкін). Жануарлар қалыпты дыбыс диапозонынан басқа ультра-, инфрадыбыс та бөлуі мүмкін. Дыбысты есту мүшесі қабылдайды. Балықтарда инфрадыбысты бүйір сызығы қабылдайды. Насекомдар дыбысты есту тікендері, хордотональ және тимпаналь мүшелерімен қабылдайды. Балықтар қауіп төнгенде, қозу және қанағаттанғанда дыбыс шығарады. Рептилий, амфибиялар дыбыс шығармайды. Құстар алуан түрлі дыбыс бөледі( ән салады, айқайлайды, ысқырады. Қанаттарын қағады, шыртылдатады. Тұмсықтарын шыртылдатады,т.с.с.). Сүтқоректілер дауысы: айқай, шипение, рычарье, вой, свист, тұяқтарымен жерді соғу-тебу, т.с.с.
Жануарлардың дыбыс тербелісін қабылдау ерекшелігі әртүрлі (семинар, ОЖСӨЖ).
Химиялық сезім-иіс, дәм сезу мүшелері. Жануар ортаның химиялық күйін контакт және алыстан сезеді. Иіс сезу- көптеген жануарлар үшін бағдарлау кезінде маңызды фактор (Теңіз жұлдызы, жарғаққанаттылар: ара, құмырсқа; балықтар, әсіресе акула, құйрықта амфибиялар қорек іздеуде маңызды,...). Дәм сезу-аралар, балықтар тітті, ащы, қышқыл және тұзды сезеді және бұл заттардың мардымсыз концентрациясына реакция жасайды. Құстарда айтарлықтай ролі болмайды. Мысық, кролик, егеуқұйрық ащыға сезімтал т.с.с.
Тері-жануарларда орта тітіркендіргіштерін сезуде маңызды орын алады(сипап-сезу, температура сезу және ауырсыну). Ауаның ылғалдылығын, қысымын сезеді.
Жануарлардың ортаның электрлі және электромагнитті тербелісін қабылдау және өндіру қасиеті, кеңістікті және уақытты сараптау, т.б. ОЖСӨЖ, СӨЖ.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Жануарлардың бағдарлау қасиеттері.
Жануарлардың кеңістікте бағдарлау түрлері
Жануарлардың сезім мүшелері
Жануарлардың көру мүшесінің эволюциясы
Есту және дәм сезу мүшелері
Тері – сипап/сезу.
Электрлі және электромагнитті сезімталдық
Жануарлардың кеңістікті бағдарлауында сезім мүшелерінің маңызы.
Жануарлардың кеңістікті және уақытты бағдарлауы.
10. Жануарлардың жер планетасында таралу: мұхит-теңіз аймақтарында, тұщы суларда және құрлықта.
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Потапов И.В. «Зоология с основами экологии животных» М,2001, 292 б.
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Яхонтов В.В. « Экология животных » М., 1964.,457 бет
Натали В.Н.Зоология беспозвоночных, М,1975,10-16,131,137б
Шарова И.Х.Зоология беспозвоночных М,1999.,5-9,91-98,149-152 бет
№7 дәріс
Тақырып: Түр экологиялық жүйе ретінде
Дәрістің мақсаты: Экологиялық жүйе-түрдің құрылымы, популяция түрлері туралы түсінік беру.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, бейнематериалдар, слаидтар,коллекциялар, тұлыптар.
Тірек сөздер: Түр, түртармағы, популяция
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
Түрішілік құрылым.
Түртармағы. Географиялық популяция
Экологиялық популяция
Элементарлы немесе жергілікті популяция
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Экологиялық жүйе-түр үлкен ареалға ие, ол әртүрлі масштабты аймақты топтарға бөлінеді: түртармағы, географиялық популяция, экологиялық популяция, элементарлы немесе жергілікті популяция.
Түрдің популяциялық құрылымы жануарлар мысалында жақсы зерттелген(Наумов,1955, 1967; Шварц,1967) Оның негізіне жануарлардың әртүрлі тіршілік орта жағдайына адаптациясы жатады. Аймақты құрылымына орай түр түртармақтарына бөлінеді. Түртармақ-белгілі географиялық ареалдың жер бедеріне, климатына ланшафты типіне және экожүйенің биотасына бейімделген түрдің аймақты топтары.
Географиялық популяция- тіршілік жағдайы біртекті аймақты мекендейтін, морфологиялық типі, тіршілік ырғағы және тұрғындар динамикасы ұқсас бір түрдің (немесе түртармағының) даралар тобы (Наумов,1963).
Экологиялық популяция- бірдей биологиялық циклдер ырғағы және тіршілік әрекетімен сипатталатын бір типті тіршілік орта (биотоп) тұрғындары.
Элементарлы немесе жергілікті популяция-кешенді биотоптағы жеке стация тұрғындары.
Түр біртұтас бірлік, оның популяциялары бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл байланыстар жануарлардың қозғалысы арқылы жүзеге асады. Бір түрдің әртүрлі популяцияларының аталықтарымен аналықтары кездесіп түрдің тұрақтылығын сақтайды және ұзақ туыстық байланыстан сақтайды (инбридинг). Сонымен, түр кеңістікті құрылымы тарихи қалыптасқан және ұйымдасқан біртұтас экологиялық жүйе.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Түр-экологиялық жүйе.
Түрдің құрылымы. Түртармағы
Географиялық популяция, оның ұйымдасу ерекшелігі.
Экологиялық популяция
Элементарлы немесе жергілікті популяция
Биологиялық раса, түр және жаңа түрлердің пайда болуы
Түрдің полиморфизмі, оның популяциядағы маңызы.
Биологиялық расалар. Жыныстық топтар
Түр, популяция ареал шекаралары және өзгерісі
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Потапов И.В. «Зоология с основами экологии животных» М,2001, 292 б.
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Яхонтов В.В. « Экология животных » М., 1964.,457 бет
8 дәріс
Тақырып: Жануарлар популяциясының құрылымы, оның тіршілік әрекеті және территорияны пайдалануы
Дәрістің мақсаты: Жануарлардың жалғыздан, топты тіршілік және байланыс тәсілдері, популяция құрылымы, оның тіршілік әрекеті және территорияны пайдалану, түрішілік қатынастардың ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, білімдерін толықтыру.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, бейнематериалдар, слаидтар,
Тірек сөздер: жалғыздан, топты тіршілік, семья, колония, үйір
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
1.Жануарлардың тіршілік әрекеті және территорияны қажет етуі
2. Жеке немесе семьямен тіршілік етуі
3. Топ болып (колония, үйір) тіршілік ету
4.Түрішілік қатынастардың ерекшелігі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Белгілі популяция даралары жалғыздан немесе үйір, табын немесе колония құрып, топпен тіршілік етеді. Топқа бірігу немесе жанұямен тіршілік етуде даралардың бір-біріне қажеттігі туады. Жануарлардың бұл мұқтаждығын қанағаттандыру үшін, олардың мекен аймағында азық қоры (ол толығып тұруға тиісті), жауынан және ауа-райының қолайсыз жағдайынан қорғанатын пана, су көзі, минеральды заттар, газдар және қолайлы микроклимат болуға тиісті. Сонымен қатар, ортаны уландыратын және ластайтын метаболизм өнімдерін жою жолдарымен қамтамасыз етілу, т.б. Осы мәселелерге байланысты эволюция барысында жануарларда тіршілік аймағының белгілі мөлшеріне мұқтаждық қалыптасады. Жануардың қоректену сипаты, азықты табу тәсілі, бесекелестік және симбиоз қатынасы, басқа түрлермен байланысы, көбею типі және жауынан, қолайсыз ауа-райынан қорғану мұқтаждығы туады.
Жануарларда 2 тіршілік тәсілі бар: жалғыздан (көбею кезінде семьямен, топпен тіршілік етеді) және топты. Жануарлардың байланыс тәсілдері: көру, иіс сезу, есту, т.б. сигналдары арқылы жүзеге асады.
Жалғыздан немесе семьямен тіршілік ететін жануарлар тек көбею кезінде семья (топ) түзеді. Жеке учаскалары(ұя, ін) болады. Олардың учаскалары азық қорына, су, пана сипатына байланысты әртүрлі болады. Олар өз учаскаларын белгілейді (қасқыр, жапалақ, тоқылдақ,т.б.құстар).
Топты (колония немесе үйір) тіршіліктің артықшылығы-ортаны толық игеру, бірге азық табу, бәсекелестермен күрес, жауларынан бірге қорғану.
Үйір-насекомдар (шегіртке, көбелектер, балық, құстар, сүтқоректілер). Олар көбіне номадты тіршілік етеді, бірақ миграция да байқалады. Колония-еркін даралардан тұрады (қоғамды насекомдар, құстар, жарқанаттар)
Биологиялық маңызы: қолайлы микроклимат туады, кейде ортаның химизміне, метаболизм өніміне әсер етеді, даму сипаты, даралардың морфологиялық ерекшеліктері және мінез-құлқы өзгереді.
Түрішілік құрылым: популяцияның көбеюін, сандық өсім, кеңістікті сақтау, ареалды кеңейтуді қамтамасыз ететін - түр құрылымының топтық бейімділігі жүзеге асырады. Популяция құрылымы табиғи сұрыптау барысында тарихи дамыған, бірақ ол қарама-қайшылықтан құтылған жоқ. Көптеген түрлер ішінде агрессия, жыртқыштық, каннибализм дамыған (алабұға, треска, налим балықтары). Алабұғадағы каннибализм-біркелкі жастағы формалардың сандық мөлшері көбеіп кетсе, қорек факторына байланысты болады.
Бір түр дараларының өзара бейімділіктері-конгруэнция- түрдің тұтастығын және бірлігін сақтауға бағытталған.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Жануарлардың тіршілік ету тәсілдері.
Жалғыздан тіршілік етудің ерекшеліктері
Жануарлардың тіршілік әрекетінің маусымдық өзгерісі
Топты тіршіліктің артықшылығы
Топты тіршіліктің түрлері
Топты тіршіліктің биологиялық маңызы.
Популяцияның сандық динамикасының заңдылықтары
Жануарлардың сан мөлшерінің ауытқуы
Түрлердің өсімталдылығы. Шығыны (өлімі)
Түрішілік қатынастардың түрлері, маңызы.
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Потапов И.В. «Зоология с основами экологии животных» М,2001, 292 б.
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Яхонтов В.В. « Экология животных » М., 1964.,457 бет
№9 дәріс
Тақырып: Түрлердің сандық динамикасы
Дәрістің мақсаты: Түрлердің сандық динамикасы, популяцияның жастық құрамы, динамика типтері туралы мәлімет беру, білімдерін толықтыру.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, слаидтар,
Тірек сөздер: сандық динамикасы,
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
1.Популяцияның жастық құрамы
2. Популяция динамикасының типтері
3. Географиялық ерекшеліктері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кезкелген түр дараларының сандық мөлшері тұрақсыз келеді. Ол маусымға және жылдың қолайлы жағдай деңгейіне байланысты өзгереді. Түр санының өзгерісі ұзақ жылдар қатарында жүріп, жаңа аймақты иемденеді, ареалы кеңейеді немесе мекендеген ареалы бөлшектенеді, кейде қысқарып-жойылады. Кей жағдайда өскен сан мөлшері күрт кемиді, нәтижесінде ареал шекарасы тербелмелі өзгерсе, кейде қайтымсыз процесске ұшырап, сан мөлшері қайтадан қалпына келмейді. Популяцияның көбею қарқынын және шығынын, дамып-жетілу темпін анықтайтын-жастық құрамы, жыныстық қатынасы маңызды. Зиянкес насекомдардың сандық өсімі.
Түрдің сандық динамика сипатын оның морфо-физиологиялық және экологиялық ерекшелігі, өзгергіш тіршілік жағдайына бейімделгіштігі анықтайды. Түрдің сандық динамикасы оның ортамен қарым-қатынас сипатында көрінеді. Бұл қарым-қатынаста өсу, даму және көбеюдің белгілі темпі қалыптасады.
Популяцияның сандық өзгерісі жануарлардың көбею, өлім және миграция құбылыстарында анықталады.
Популяция динамикасын реттеу механизмі-сандық тұрақтылығын сақтауда маңызды. Түр және орта тек өзара байланысты ғана емес, сонымен қатар олар бір-біріне қарама-қарсы нышандар. Климаттық факторлар, жыртқыштар, түрлі аурулар, т. б. түрдің сан мөлшерін шектейді. Жеке немесе тұтас түр популяцияларының сандық динамикасын- араларында дараларды ауыстыру да маңызды роль атқарады. Жекелеген популяциялардағы көбею және өлімнің теңсіздігі, маусымды миграция, т.б.
Бір түрдің әртүрлі географиялық, экологиялық популяцияларының өсімталдық мөлшері және шығын нормасы да маңызды.
Популяцияның өсімталдығы әр түрде орташа тарихи қалыптасқан. Өсімталдық диапазоны тербелмелі: паразит құрттар-өмірінде жүздеген млн жұмыртқа салады, ал сүтқоректілерде бірнеше төл (ұрпаққа қамқорлық дамуына байланысты). Әртүрлі түрлердің өсімталдығы тұқымқуалаған ерекшеліктер: дамып-жетілу жылдамдығы, жылына әкелетін ұрпақ мөлшері, популяциядағы аналық-аталық қатынасы.
Көбею сипатына қарай: жылына бір ұрпақ әкелетіндер –моноцикді жануарлар және полициклді (бірнеше) жануарлар. Көбею қарқыны орта өзгерісіне, популяция құрамына және жағдайына тәуелді. Өсімталдыққа популяцияның құрылымы мен тығыздығы да әсер етеді.
Ұрпақтың тірі қалауы, оның сапасына да байланысты. Популяция динамикасында даралардың өсу қарқыны да маңызды.
Жануарлар шығыны (өлімі) көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Шығын мөлшері популяция тіршілігінің ұзақтығын анықтайды. Көптеген түрлерде жас даралар өлімі жоғары (балықтар). Құстар мен сүтқоректілерде өлім жынысты жетілу жасына дейін 70-80%. Кіші саршұнақтарда дүниеге келген даралардың жынысты жетілу кезіне тек 15-20 % жетеді. Екіншілерде аналық, аталықтар өлімі әртүрлі, көбіне қозғалғыш аталықтар өлім жоғары.Кейбір түрлерде ересек және қарт формаларға қарағанда жас даралардың тіршілік қабілеті жоғары. Дернәсіл стадиялары топырақта дамитын насекомдар.
Динамика сипатын популяцияның жастық құрамы да анықтайды. Қарқынды көбею және өсу процессінде, популяцияда ересек формаларда жас даралар үстем келеді. Қері құбылыс популяцияның сан мөлшерінің азаюына әкеледі.
Популяция динамикасы факторлардың әсер ету күші және сипатына байланысты. Факторлар: экзогенді және эндогенді.
Орта факторлары мен популяцияның қарым-қатынасы оның сандық өзгерісін анықтайды. Сонымен қатар азық, газалмасу, жылу және су алмасу жекелеген даралардың күйін, көбею және тірі қалу қасиеттерін төмендетеді. Популяцияның өзінің тығыздығы мен құрылымы және басқа түрлермен бәсеке, жау, паразит, т.б. маңызы зор.
Түр, бір-бірінен биологиялық құбылыс ырғақтары ерекше географиялық және экологиялық популяциялар жиынтығы. Ортаның қолайлы жағдайына, оның түр тұрғындарының сипаты мен тығыздығы байланысты. Қолайлы ареалда «қалыпты», «жиі» немесе «көпсанды» түр, оның жиегінде «сирек» немесе «кездейсоқ» түрге ауысады. Біркелкі тұрғындар теңбілді формаға ауысады. Тұрғындар динамикасының сипаты өзгереді. Қолайсыз аймақ және биотоп тұрғындары жойылады, түр саны өскенде қайтадан қоныстану байқалады. Қолайлы ареалда түрдің көбею қарқыны өлімнен жоғары, саны көбееді де қолайсыз жағдай туады (азық , пана, кеңістік тапшыдығы, түр аралық, түр іші бәсеке күшееді, жыртқыштардан өлім жоғарлайды, ауру өршиді, т.с.с.). Өлімнің жоғарлауы, сан мөлшерінің төмендеуіне әкеледі.
Пессимум ареалда көбею өлімді жаппайды, популяция жойылуы мүмкін. Бұл екі тип өзара байланысты, ареалда түрдің сақталуын қолдайды. Сонымен қатар миграция және популяциялар арасындағы алмасу-түрдің тұрақтылығын сақтайды.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Популяция сандық динамикасының заңдылықтары
Популяция динамикасының типтері.
Популяцияның сандық мөлшері
Популяция жастық құрамы
Жекелеген факторлардың популяция динамикасына әсері
Популяция санының өзгеріс анықтайтын факторлар
Түраралық қатынастардың негізгі формалары
Популяцияның өсімталдығы
Популяция динамикасын реттеу механизмі
Түр тұрақтылығы
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Потапов И.В. «Зоология с основами экологии животных» М,2001, 292 б.
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Яхонтов В.В. « Экология животных » М., 1964.,457 бет
Натали В.Н.Зоология беспозвоночных, М,1975,10-16,131,137б
Шарова И.Х.Зоология беспозвоночных М,1999.,5-9,91-98,149-152 бет
№10 дәріс
Тақырып: Жыртқыштар және олардың жемтігі
Дәрістің мақсаты: Трофикалық байланыс «жыртқыш - жемтік» қарым-қатынастардың морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықты ерекшеліктері және популяцияның сандық мөлшерін және динамикасын реттеудегі маңызы туралы түсінік беріп, студенттердің білімдерін толықтыру.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, слаидтар, бейнефильмдер, роликтер
Тірек сөздер: Жыртқыш, жемтік, коадаптация
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
Жыртқыштардың бейімділігі
Жемтіктің қорғануға бейімділігі
Жыртқыштар мен жемтіктің сандық динамикаға әсері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Трофикалық байланыстағы популяцияларда эволюция барысында қарама-қарсы бағыттағы коадаптация қалыптасады: жемтіктерде жыртқыштар қысымының төмендеуін, ал жыртқыштарда аңшылық нәтижесінің көтерілуін қолдайтын бейімділікте. Зоофаг-жануарлардың азық табу әрекетінде мінез-құлықтың маңызы зор. Олардың қорегі –биологиясы және мінез-құлығы ерекше, қозғалғыш формалар. Сондықтан етқоректі жануарлардың аңшылық әрекеті жемтіктің биологиялық ерекшеліктерімен үйлесімді келеді.
Жемтіктердің бейімділіктері: морфологиялық (қатты жабын, қылтандар, тікенектер т.б.), мінез-құлықты (қашу, белсенді қорғану, мелшиіп қалу) немесе физиологиялық (у немесе үркіту заттарын өндіру).
Жемтіктерін залалсыздандыру үшін жыртқыштар да у заттарын бөледі.
Жемтіктерде жауынан қорғану мақсатында бүркендіргіш реңге ие болған. Сонымен, жыртқыш - жемтік жүйесінде қарама-қарсы адаптация бағыттары параллель дамиды. Өзара қатынас жүйесі жыртқыштар және жемтіктер популяциясының сандық деңгейін және динамикасын анықтайды.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Түр аралық қарым-қатынастар.
Коадаптация қарым-қатынасының ерекшелігі.
Жыртқыштардың морфологиялық ерекшеліктері.
Жыртқыштардың мінез-құлқы.
Жемтіктердің ұйымдасу ерекшеліктері.
Жемтіктердің жауынан қорғану бейімділіктері.
Жыртқыш - жемтік коадаптациясы.
Жыртқыш - жемтік қарым-қатынастардың маңызы.
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Потапов И.В. «Зоология с основами экологии животных» М,2001, 292 б.
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Яхонтов В.В. « Экология животных » М., 1964.,457 бет
Натали В.Н.Зоология беспозвоночных, М,1975,10-16,131,137б
Шарова И.Х.Зоология беспозвоночных М,1999.,5-9,91-98,149-152 бет
№11 Дәріс
Тақырып: Бірлестік оның динамикасы және өнімділігі.
Дәрістің мақсаты: Биоценоздар, ондағы түрлердің қатынастары, биогенді айналым, табиғат аймақтар туралы түсінік беріп, білімдерін бекіту.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, слаидтар, бейнефильмдер, роликтер
Тірек сөздер: бірлестік, биоценоз, табиғат аймақтары
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
Бірлестіктер (биоценоздар), ондағы түрлердің негізгі қатынастары
Табиғат зоналарындағы бірлестіктер
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жер планетасының жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар дүниесі бір тұтастықта тіршілік етеді. Олардың әрбір популяциясы бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бір аймақта, бір биоценозда тіршілік етіп, бір-бірімен тура, жанама қатынасты болады.
Жердің тірі тұрғындары түрлі мөлшердегі бірлестікте кездеседі. Әрбір биоценоз ярусты да жіктеледі. Барлық бірлестік кездейсоқ түрлер жиынтығы емес, қорек және кеңістікті байланысты тарихи қалыптасқан жүйе. Олар түрлердің өзара бейімделіктені қамтамасыз ететін зат айналым процессі негінде пайда болды. Бұл байланыс нәтижесі- өзара сандық реттелуін және түрлер қатынасын қолдайтын, белгілі тұрақтылықты сақтайтын-бірлестік құрылымы. Заттардың биогенді айналымы түрлі бірлестіктерді. Жердің тұтас тірі тұрғындарына біріктіреді. Бірлестік негізіне түр аралық жатады.
Бірлестіктегі қоректі байланыс-заттардың биогенді айналымы. Бір бірлестікте(биоценозда) бірнеше параллельді қорек тізбектері болады. Кейбір түрлер бірнеше қорек тізбегіне қатысып, оларды біріктіреді. Қорек тізбектерінің ұзындығы 2 жағдаймен шектеледі:даралар мөлшері және сандық пирамида. Даралар мөлшері ережесі- азықтарының мөлшерінен тұтынушылардың мөлшерінің бірқалыпты өсуі.
Сандық пирамида ережесі- азық болатын даралардың массасы мен саны қарағанда тұтынушылар биомассасының кемуі. Бірлестікте турадан басқа жанама (бәсеке, нахлебничество) қоректік тізбекте кездеседі.
Бірлестікте кеңістікті байланыстың да маңызы зор. Бұл жағдайда тундра, дала, щөл, су, т.б. және жануарлардың ярусты ұйымдасуы да байқалады.
Жануарлардың топырақпен байланысты түр және даралар саны құрлық формаларынан көп болады. Топырақ түзілу процессінде жануарлардың маңызы сақталады. Су биоценозында да жануарлар ярусты таралады.
Табиғат аймақтары: Тропикалық орман-түрге бай, құрылысы күрделі (көп ярусты); тек өсімдіктердің 45000 түрі, ал насекомдар мен басқа жануарлардың түрлік құрамы өте жоғары. Бірақ әр түрдің даралары саны аз болады. Қарт экожүйе, жер бетінің 8% алады. Өзгеріс мардымсыз, климаты қолайлы, сондықтан тропикалық жануарлар тіршілігінде биологиялық байланыстың ролі жоғары.
Саванналар (тропикалық орманды-дала). Жануарлардың түрлік құрамы аздау, ярусты құрылысы қарапайым. Маусымды миграция (құстар, тұяқтылар) және сандық өзгеріс болады.
Субтропикалық ормандар-жылу және ылғал сүйгіш жануарлар, маусымды өзгеріс жақсы байқалады (көбею және қыс кезінде жоғарғы ендіктен миграция жасайтын түрлер есебінен).
Қоңыржай типті жапырақты орман-жануарлардың түрлік құрамы-бай және күрделі, бірақ тропикалық, субтропикалық аймақтармен салыстырғанда кедейлеу. Күндізгі жануарлар басым. Маусымдық өзгеріс анық. Көбі ұзақ миграция жасайды, қыста ұйқыға кетеді. Әртүрлі жылдары байқалатын –фаунада климаттық аспект туады.
Тайга-қылқанжапырақты ормандар. Монотонды, ярусты құрылысы қарапайым. Жануарлардың түрлік құрамы кедей. Популяция тығыздығы төмен. Жануарлардың көбі қыста ұйқыға кетеді. Көбею көктем-жаз айларында. Маусымдық өзгеріс айқын байқалады. Популяция динамикасында негізгі роль-климаттық жағдайлар.
Тундра-климаты өте қатаң, қыс ұзақ, жазы қысқа, тұрақты жел климаттың қатаңдығын арттырады. Сондықтан тундра бірлестіктері кедей. Жануарлардың ерекшелігі- метаболизм жазда жоғары, ол тез өседі, көбею мерзімі қысқа, қор заттарды жинау тез жүреді.
Арктика және антарктика бірлестіктері одан да кедей және тұрақсыз. Теңіз жағалауларында жаз кезінде құстар колониясы ұялайды (құс базараы).
Дала және шөл-аридт жағдай, жазы құрғақ, жылы, жауын-шашын аз. (ОЖСӨЖ)
Тау аудандары –ланшафтысы, климаты ерекше. Жануарлардың түрлік құрамы кедей және өзгергіш (СӨЖ).
Су биоценоздары.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Бірлестік түрлері, ондағы тірі организмдер арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі.
Биоценоз құрылымы, сипаттамасы
Биоценозда жануарлар арасындағы тура және жанама байланыстар.
Заттардың биогенді айналымы.
Биоценоздағы қорек тізбегі.
Сандық пирамида.
Экологиялық қуыс
Биоценозда жануарлардың ярусты орналасуы
Су биоценозында жануарлардың ярусты таралады
Табиғат зоналары, ерекшеліктері, түрлік құрамы, т.б.
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Потапов И.В. «Зоология с основами экологии животных» М,2001, 292 б.
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Яхонтов В.В. « Экология животных » М., 1964.,457 бет
Натали В.Н.Зоология беспозвоночных, М,1975,10-16,131,137б
Шарова И.Х.Зоология беспозвоночных М,1999.,5-9,91-98,149-152 бет
№12 Дәріс
Тақырып: Экологиялық жүйе (бірлестіктер) – оның динамикасы, өнімділігі
Дәрістің мақсаты: Экологиялық жүйе құрылымы, ондағы өзгерістер, динамикасы және өнімділігі, сукцессия туралы білімлдерін кеңейту.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, слаидтар, бейнефильмдер, роликтер
Тірек сөздер: Экожүйе, сукцессия, биомасса,
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
1.Экожүйенің маусымдық және тәуліктік өзгерісі
2.Экожүйе динамикасы
3.Экожүйе өнімділігі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Экожүйе-зат айналым жүзеге асатын тірі организмдер мен бейорганикалық компоненттер бірлігі. Реймерс бойынша, Экожүйе-әртүрлі экологиялық компоненттер арасында жүретін өзара байланыс негізінде туатын жүзеге асатын, біртұтас функциональды бірлікке біріккен тірі организмдер мен оның тіршілік ортасының бірлестігі.
Экожүйе-микро (ағаш діңі,т.б.) , мезо- ( орман, тоған су т.б.) макроэкожүйе (құрлық, мұхит,т.б.) және ғаламды-биосфера.
Экожүйе, барлық бірлестік тәрізді маусымды және тәуліктің жекелеген сағаттары бойынша да өзгереді.
Биологиялық процесстердің тәуліктк кезеңділігі, күндізгі және түн жануарлары- екі тәуліктік аспектінің пайда болуына себепші. Бұдан ортаны толық пайдалануға мүмкіншілік туады.
Маусымдық өзгеріс-миграция, қысқы және жазғы ұйқыға кету, т.б. ерекшеліктермен байланысты. Теңізде биологиялық көктем қысқа, фитопланктон, жануарлар жұмыртқасы және дернәсілдері молдығымен сипатталады. Зоопланктон бұл кезде қарқынды көбееді. Арктикалық теңіздерде күзде фитопланктон азаяды. Қоңыржай белдеуде кеосінше күзде фитопланктон көбеіп, су гүлдейді. (жалғасы СӨЖ).
Күрделі экожүйе-динамикалық процесс. Экожүйе тұрғындарының тіршілік әрекетінде, популяциялар қатынасында тұрақты өзгеріс жүреді. Оның 2 типі: кезеңді және бағытталған. Кезеңді өзгеріс сыртқы жағдайларға және организмнің эндогенді ырғақтарына байланысты - тәулікті, маусымды және көпжылдық болады.
Экожүйедегі бағытталған өзгеріс бір биоценоздың басқаға ауысуына әкеледі. Бір биоценоздың басқа бірлестікке ауысуы –экологиялық сукцессия деп аталады. Сукцессия –экожүйенің өздігінен даму процессі. Сукцессия негізінде -осы биоценозда биологиялық айналымның толық еместігі –жатыр. Сукцессия- бірінші ретті және екінші ретті болады.
Экожүйе өнімділігі онда жүретін энергия ығыеымен байланысты. Экожүйеде трофикалық тізбекке енетін энергияның бөлігі органикалық зат түрінде жиналады.Тірі материяның тұрақты биомасса өндіруі-биосфераның негізгі процесстерінің бірі.. Продуценттер өндіретін органикалық заттар-экожүйенің алғашқы өнімі. Гетеротрофты организмдерде жиналатын органикалық зат қоры-екінші ретті өнім.
Бір трофикалық деңгейден екіншісіне энергия тасымалданғанда энергияның көп бөлігі жылу түрінде жұмсалады, қоректік тізбек бойынша бастапқы мөлшерден тек шамамен 10% ғана беріледі. Нәтижесінде қоректік тізбектерді экологиялық пирамидалар түрінде бейнелеуге болады. Бұл құбылысты зертттеген Ч.Элтон (1927ж) экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсетеді.
Экологиялық пирамиданың үш негізгі типі:
Сандар пирамидасы продуценттерден консументтерге қарай даралар санының кемуін көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде, продуцент – ағаш, ал бірінші ретті консумент – бунақденелілер болғанда, бірінші реттік консументердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен салыстырғанда төмен. Бұл кезде сандар пирамидасы кері болады;
Биомассалар пирамидасы әр келесі деңгейдегі биомассаның өзгерісін көрсетеді: құрлық экожүйелері үшін биомассалар пирамидасы жоғарыға қарай тарылады, ал мұхит экожүйесі үшін консументтердің фитопланктонды тез пайдалануына байланысты – кері;
Энергия пирамидасы әмбебап және өнім құрамындағы энергия мөлшерінің әрбір келесі трофикалық деңгейде азаюын сипаттайды.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Экологиялық жүйе, оның құрылымы.
Экожүйедегі организмдердің қарым-қатынасы.
Экологиялық сукцессия
Экожүйедегі энергия көзі.
Экожүйедегі энергия ағыны
Қорек тізбегі
Экожүйенің өнімділігі
Экологиялық сукцессия
Биомасса пирамидасы
10.Дала, шалғын, орман биоценоздарының қалпына келу процессі.
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
№13 Дәріс
Тақырып: Адам іс-әрекеті және жануарлар әлемі
Дәрістің мақсаты: Адам іс-әрекеті және оның жануарлар әлеміне әсері, алуантүрлілікті сақта, қалпына келтіру және тиімді пайдалану туралы түсінік беру, экологиялық біліктілік, мәдениеттілікті қалыптастыру.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, слаидтар, бейнефильмдер, роликтер
Тірек сөздер: Антропогенді фактор
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
Аңшылық және оның маңызы
Орман шаруашылығы
Жер шаруашылығы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Табиғи бірлестікке адам іс-әрекетінің әсері барлық биосфера деңгейінде байқалады. Антропогенді тікелей әсер: жануарларды жою және биосфераны өндірісі, тұрмыс қоқыстарымен, пестицидтермен ластау.
Жануарларды жою масштабы тұрақты өсуде. Палеолитте мылтығы бар адам жануардың сандық есебіне әсер етті. Осыдан 100 мың жыл бұрын Еуропада орман пілі, носорог, кейін мамонь, алып бұғы жойылды. 1600 жылдан бастап сүтқоректілер мен құстардың жойылу процессі туралы құжат жүргізілді. Кавказда соңғы мың жылдықта арыстан (Хғ), тур (ХІІғ), құлан, гепард (ХІІІғ), бұлан (ХІХғ), тарпан (ХІХғ), зубр, жолбарыс (ХХғ) жойылды.
Зиянкестермен күрес нәтижесінде биологиялық ресурстардың азғындауы-экологиялық проблема.
Экожүйелердің тұрақтылығы және оларды қайта қалпына келтіру жұмыстары экологиялық негізде жүргізілуге тиісті.
Аңшылық-тері бағалы жануарлардың, құстардың және балықтардың сандық мөлшері, құрамын және әрбір түр популяцияларының тіршілік жағдайын және күйін де өзгертеді. Жынысты жетілген формалар азаяды, жануарлардың өнімі төмендейді. Тек тиімді аңшылық-кәсіби жануар санын өзгертпейді, олардың өсімталдығын арттыруы мүмкін.
Орман шаруашылығы, оны мекендейтін жануарлардың құрамы мен сандық шамасына әсер етеді. Орманды кесу, оның фаунасына кедейленуіне әкеледі. Жануарлардың түрлік алуантүрлілігі –орман өсімдіктерінің біртектілігіне және ярусты құрамының қарапайымдылығына байланысты.
Өрт-фауна құрамы мен сандық ерекшелігіне әсер етеді. Орман сукцессиясы 50-80ж жүреді.
Жер шаруашылығы жабайы фаунаға тура және жанама әсер етеді. Себебі ол ланшафтыны өзгертеді. Орманды кесу, тың жерді жырту- кеәбір түрлер жойылады, екіншілерінің сандық мөлшеріне әсер етеді. Кейбір түрлер санды көбейіп, мәдени өсімдіктердің зиянкесі артады, олардың экологиялық қуысы кеңейеді, бәсекелестарді , жауларын тежейді.
Жер шаруашылығының солтүстікке жылжуы, орманды аймақтарда хомяк, кәдімгі дала тышқаны, дала алатышқан, мышь-малютка, еуропа кірпісі, аққоян, саршұнақ, серая курапатка, ұзақ қарға, боз торғай т.б. мекендеуіне жол ашты.
Жер шаруашылығы тұщы су фауасына да әсер еттті. Орманды кесу, даланы жырту климатқа әсер етеді, қар еру жылдамдайды, топырақ қабаты жуылады, су лайланады және мин.тұздармен толығу жылдамдайды, су профелі өзгереді минеральды және органикалық заттармен қанығады, өсімдік және жануар тұрғындардың көбею мүмкіндігі туады.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Адам іс-әрекетінің биосфераға әсері
Жануалар әлемінің алуантүрлілігі: өткені, қазіргі және қорғау мәселелері
Жер шары жануарларының алуан түрлілігі
Адам іс-әрекетінің биокөптүрліліктің әсері
5. Адам іс-әректінің жануарлар әлеміне әсері
6.Кәсіптік ауланатын жануарлар
7. Қазіргі замандағы аңшылық мәселелері.
8. Орман шаруашылығының жануарлар популяциясының тұрақтылығындағы маңызы.
9. Жер шаруашылығының фаунаның құрамы мен сандық шамасына әсері.
10. Кәсіби жануарлар популяциясының тұрақтылығын сақтау мәселелері.
11. Жануарларды қорғау және тиімді пайдалану
Әдебиет: Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Лисичкин М.Н. Человек и среда и его обитание. М, 2003.
Родзевич Н.Н. Геоэкология и природопользованиия М. 2003.
№14 Дәріс
Тақырып: Қазақстанның жануарлар әлемі
Дәрістің мақсаты: Қазақстанның жануарлар әлемі, түрлік құрамы, экологиялық топтары, маңызы туралы мәлімет беру, алуантүрлікті сақтау, жойылу қаупіндегі түрлерді қорғау шаралары туралы білімдерін кеңейту, отан сүйгіштік, табиғат қорғауға тәрбиелеу.
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер, слаидтар, бейнефильмдер, роликтер, карта
Тірек сөздер:
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
1.Қазақстан құрлық жануарларының түрлік құрамы, таралуы және тіршілік жағдайы
2.Су, су маңы жануарлары, олардың таралуы және тіршілік жағдайы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақстанның табиғи аймақтарында сүтқоректілердің 8 отрядқа жататын 178 түрі тараған, оның 40 түрі ҚР Қызыл кітабына енген. Көбінің кәсіби маңызы бар. Көбі кеміргіштер, олар өсімдік қоректі, ауылшаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді, бірақ өздері аңдар мен құстардың қорегі. Жұп – және тақтұяқтылардың көбі үй жануарларының ата-тегі. Жыртқыштар да кең тараған.
Қазақстан аймағында құстардың 390 (500) түрі ұялайды (авиафаунаның 78%) Оның ішінде 138 түр қыста да мекендейді (35%), қалған 65% - қыста оңтүстікке ұшады. Қысқы мезгілде солтүстік ауландардан біздің оңтүстік аймаққа 15-шақты түр ұшып келіп-қыстайды. Құстардың 50-60 түрі көктем және күзде миграция кезінде уақытша (2-3 ай) қоныстанады. Кейбір түрлер кездейсоқ тіркеледі.
Қазақстанда қосмекенділерден- зеленая-, обыкновенная- им данатинская жаба; озерная-, остромордая-, травяная-, сибирская, красноногая лягушка и центральноазиатская лягушка-өте сирек, қорғау керек. Қосмекенділер-табиғи экожүйенің маңызды звеносы. Лабораторияда зерттеу жұмыстары, оқу процессі үшін қолданылады.
Рептилиилердің Қазақстанда 18 түрі кездеседі. Улы жыландар: кәдімгі және дала сұржыланы, стрела-змея, кәдімгі щитомордник, гюрза, эфа песчаная.
Қазақстан суларында 180 балық түрі кездеседі. Оның 16 түрі ҚР Қызыл кітабына енген.
Сирек түрлер қорықтар мен қорықшаларда қорғалады.
БҚО-да 460-тан астам омыртқалы және ондаған мың омыртқасыз жануар түрлері тіркелген. Облыс фаунасының ҚР Қызыл кітабына – омыртқалылардың 53 түрі бунақ денелілердің-27 түрі енген.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Қазақстанның жануарлар әлемінің ерекшелігі
Экологиялық топтары
Кәсіби жануарлар, оларды тиімді пайдалану мәелелері.
Жойылып кету қаупіндегі және сандық азайған түрлер
БҚО-ның жануарлар дүниесі.
Омыртқалы жануарлар, түрлік құрамы, таралу аймағы, экологиялық топтары.
Биологиялық алуантүрплілікті сақтау проблемалары.
БҚО-да кездесетін ҚР Қызыл кітабына енген түрлер және оларды қорғау шаралары.
Халықаралық табиғат қорғау ұйымдары
10. ҚР және БҚО – ның табиғат қорғау ұйымдары.
Әдебиет:
Авраменко А.Г.захстана Алматы.2003 г.
М.2004. Международное экологическое право.М.2005.14-27 б.
Константинов В.М. Зоология позвоночных.М. 2000.409-451 бет.
Дебело П.В., Болатова Қ.Б. Животные ЗКО. Уральск. 1999.
Лебедева Н.В., Н.Н.Дроздов, Д.А.Криволуцкий Биологические разнообразие М.2004. 430 б.
«Экологиялық курьер» газеті 2005-2006 ж.ж.
Дәріс № 15
Тақырып: Халықаралық құқық қорғау механизмі
Дәрістің мақсаты:
Техникалық оқу құралдары: сызба кестелер, фотосуреттер,
Тірек сөздер:
Дәрістің сұрақтары және мазмұны:
1.Мұхиттар – халықаралық қорғау объектісі.
2.Радиоактивті қалдықтардан қоршаған ортаны қорғау
3.Космостан қоршаған ортаны қорғау
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Құрлық ресурстарынан басқа адам Дүниежүзілік мұхит ресурстарын да пайдаланады. Мұхит азық көзі, түбінен пайдалы қазба алады. Адамзат рационының жануар текті ақуыздың ¼ бөлігі теңіз өнімі: балық, шаянтәрізділер, моллюскалар, т.б. Оған қоса адам житін ет беретін мал балық ұнымен қоректендіріледі. Ірі балық өндірістері мұхит-теңізбен байланысты.
1940-1970жж мұхит-теңіз балықтарын аулау 3 есе өсті. Соңғы жылдардағы экологиялық дағдарыстар дүниежүзілік балық өнеркәсібіне әсер етуде. Мұнай өндіру, мұхитпен оны тасымалдау, олардың авариялары, т.б. факторлар теңіз жануарларының популяциясына кері әсер етуде.
Мұхит, адамзат өмірін сақтайтын биосфера бөлігі. Дүниежүзілік мұхиттың ластануы-ерекше халықаралық проблема.
Жердегі табиғи радиоактивті сәулелену-атом ядроларының ыдырауынан туады және α(альфа), β(бета) бөлшектерден және γ (гамма)-кванттардан тұрады.
Радиоактавті және рентген сәулелері молекула ішіндегі байланыстарды бұзуға қабілетті, қоршаған ортада иондар түзеді, сондықтан ионды сәулелену туғызады. Тірі организмге ионды сәулеленудің әртүрлі типі түрліше әсер етеді. γ (гамма)-кванттардың ену қабілеті жоғары, оларды тек қалың қорғасын немесе бетон плита ұстай алады. Сондықтан одан қорғану үлкен проблема. β(бета) бөлшектердің сіңу қабілеті төмен. Ол организм ұлпасына 1-2 см-дей ғана енеді. Оны тығыз киім және зақымдалмаған тері ұстайды. α(альфа) бөлшектерді қағаз беті, терінің беткі эпидермисі ұстайды. Организмге оның сумен, тамақпен, тыныс жолдарымен өтуі қауіпті.
Табиғи радиациялық фонды тау жыныстарындағы және олардың ыдырау өнімдеріндегі рабиоактивті изотоптар туғызады. Сонымен, жер тұрғындарының қабылдайтын радиациясының орташа жылдық дозасы 2м3в /ж. Тұрғындардың көбі 5 м3в /ж –ды зиянсыз қабылдайды. Радиациядан қорғайтын Халықаралаық комиссияның шектеген дозасы (предельно допустимая доза).
Тірі организмдердің өз гомеостазын сақтау механизмі болады. Организмнің иммунды жүйесі радиация зақымдаған клеткаларды жоюға қабілетті. Егерде сүтқоректілердің организмі сәулеленгеннен кейін 30 күнде өлсе, онда доза –смертельный-деп есептеледі. Радиоактивті қалдықтардан қоршаған ортаны қорғау мәселелері....
Озон қабатаның бұзылу проблемасы. 1974ж алғаш мақала шықты. 1984ж Антарктида аспанында алғаш «озон тесігін» (атммосфералық циркуляция стратосферада фреондардың ыдырау өнімі- хлордың монооксиды-СІО жиалғанын) анықтады. Кейін солтүстік жартышардың жоғарғы ендіктерінде тіркелді. «Озон тесіктерінің» дамуы – озон қабатын жұқартады, тұтас Жер планетасына қауіп төнеді.
Жалға.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Техногенді апаттар
Радиоактивті ластану кезіндегі биоалуантүрліліктің динамикасы
Мұнай-газ өнімдерінің биоалуантүрлілікке әсері
ҚР, БҚО- дағы техногенді апат қаупіндегі аймақтар.
Әдебиет:
Авраменко А.Г..захстана Алматы.2003 г.
М.2004. Международное экологическое право. М.2005.14-27 бет.
Наумов Н.П. « Экология животных», М., 1963 ., 617 бет
Шилов И.А. ЭкологияМ.,»Высшая школа» 2000, 509 бет
Лисичкин М.Н. Человек и среда и его обитание. М, 2003.
Родзевич Н.Н. Геоэкология и природопользованиия М. 2003
Чигаркин А.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана Алматы.2003 г.
Тонкопий Н.С. Экология и экономика париродопользования. Алматы. 2003.657 б.
6. Семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
№
|
Тақырыптың аты
|
Сабақтың мақсаты
|
Негізгі сұрақтар
|
Әдістемелік нұсқаулар
|
1
|
Жануарлар және қоршаған орта
|
Қоршаған орта факторлары және оған жануарлардың реакциясы туралы түсінік қалыптастыру.
|
1.Жануарлардың
тіршілік ортасы және
орта факторлары
2.Жануарлар арасындағы
өзара байланыстар,
қарым-қатынас формалары
3.Насекомдардың орта факторларына жауап
беру реакциясы
|
Оқулықтар
мен, ғылыми әдебиетпен жұмыс
| 2 |
Жануарлардың азықтарының құрамы
|
Азықтың құрамы және жануарлардың тіршілігі үшін су, минераль тұздардың маңызын танып-білу.
|
1. Жануарлар өміріндегі
судың маңызы
2.Гидробионттардағы су-тұздың алмасуы
3.Құрлық жануарлардағы судың алмасу ерекшелігі.
4.Құрлық жануарлар азығы құрамындағы минералды заттар
|
Қосымша материалдарды пайдалана отырып, семинар диспут өткізу.
|
3
|
Сәулелі энергия маңызы
|
Ортадағы сәуле түрлері, организмге әсері, жануардың оған реакциясын
оқып-білу.
|
1.Жарық және жануарлар
мінез-құлықтары
2.Насекомдардың фотопериодтық
реакциясы
3.Жарық және
биологиялық ырғақ
|
Баяндама, хабарлама дайындау
|
4
|
Тіршілік орта ағындары және қысым.
|
Ортада ауаның ағыны, қысым, оның жануарға әсері және олардың адаптациясын телдау.
|
1 Жануарлар тіршілігіне су және әуе ағындарының маңызы және
оған бейімділіктер
2.Әуе және су қысымдары-
ның организмдерге әсері.
|
семинар сұрақтарына негізделген пікір-әңгіме өткізу.
|
5
|
Биологиялық
цикл
.
|
Жауарлар өміріндегі тіршілік циклдер, оның түрлерін анықтау.
|
1.Климаттың жануарлар-
дың тіршілік цикліне әсері.
2.Тәуліктік, маусымдық
және көпжылдық циклдер.
|
Әңгіме түрінде өткізу
|
6
|
Жануарлардың жер планетасында таралу.
|
Жануарлардың экологиялық жағдайларға байланысты жер бетінде таралу заңдылықтарын танып-білу.
|
1. Жануарлардың мұхит-теңіз аймақтарында таралуы, тіршілік жағдайы және экологиялық топтары.
2. Құрлықта таралуы және тіршілік жағдайлары.
|
Студенттерге берілген жеке тапсырмалар бойынша семинар –өткізу.
|
7
|
Популяция құрамы
|
Популяция құрамы
Оның полимор-физмі, рассалар және жыныстық топтар туралы түсінік алу
|
1. Түрдің полиморфизмі, оның популяциядағы маңызы.
2.Биологиялық расалар. Жыныстық топтар
|
Баяндама, пікірлесу-әңгімелесу
|
8
|
Түрлердің сандық динамикасы
|
Жануарлардың сандық динамикасы, өсімталдылығы
және өлімі туралы мәліметтерді оқып-білу.
|
1.Жануарлардың сан мөлшерінің ауытқуы
2.Түрлердің өсімталдылығы
3.Шығын (өлімі)
|
Әңгіме-пікір, ауызша жауап,хабар-лама.
|
9
|
Бірлестік экологиясы: Өсімдік және
жануар
|
Жануарлардың өсімдіктермен қарым-қатынасын танып-білу
|
1.Түраралық қатынастар-дың негізгі формалары
2.Жануарлардың өсімдіктер тіршілігінде жәнеөсімдіктер эволюция-сында алатын орны
3.Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы байланыстар
|
Студенттер-дің баянда-маларын тыңдау, талқылау
|
10
|
Паразит және ие
|
Паразитизм типтері,
паразит – ие және симбиоз қатынастары, паразиттердің иесінің сандық реттелуіндегі маңызын талдау
|
1.Паразитизм типтері.
Паразит – ие коадаптациясы.
2.Симбиотикалық және антибиотикалық қаты-
настар эволюциясы
3.Паразиттердің өз иелері-
нің сандық динамикасын анықтаудағы маңызы
|
Хабарлама, әңгіме-кеңес, салыстыр-малы мысалдар, фактілер келтіру.
|
11
|
Биоценоз
құрылымы.
|
Биоценоз құрылымы, онбағы қарым-қатынастармен танысу.
|
1.Биоценоз құрылымы, сипаттамасы.
2. Биоценоздағы қорек тізбегі.
3. Биоценоздағы насекомдардың ролі
|
Соңғы ғылыми деректерді пайдаланып, хабарламалар дайындау.
|
12
|
Экологиялық сукцессия
|
Сукцессия, оның түрлері, экожүйе гомеостазын оқып-
білу.
|
1.Сукцессия туралы түсінік
2.Бірінші, екінші ретті сукцессия
3.Экожүйе гомеостазы.
|
Оқулықтар, ғылыми ақпараттар бойынша баяндама, пікірлесу
|
13
|
Адам іс-әректінің және жануарлар әлеміне әсері
|
Жануарларға адам әрекетінің әсерін танып-білу.
|
1.Кәсіптік ауланатын жануарлар
2.Өнеркәсіп және транспорттың жануарларға әсері.
3.Елді мекендер және синантропты жануарлар
|
Теориялық конференция.
|
14
|
Биологиялық алуантүрплілікті сақтаудың дүниежүзілік
стратегиясы.
|
Жануарлар алуантүрлілігін сақтау жолдары, х/а табиғат қорғау ұйымдары туралы ақпарат беру.
|
1.Халықаралық табиғат
қорғау ұйымдары
2.Жойылып кету қаупі бар жануарларды халықаралық қорғау конвенциясы
|
Шағын дөңгелек үстел ұйымдастыру.
|
15
|
Жануарлардың табиғаттағы маңызы
|
Жануарлардың табиғи биоценоз-дағы және х/ш-ғы маңызын анықтау, экологиялық түсініктерін кеңейту.
|
1.Биогенді зат айналымның жануарлар тіршілігіндегі
ролі
2.Жануарлардың халық шаруашылығындағы
маңызы
|
Дөңгелек үстел. семинар сұрақтарына негізделген ашық әңгіме өткізу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |