Сабақтың тақырыбы: Күзде жапырақ неге сарғаяды



жүктеу 37,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі37,5 Kb.
#21963
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:Күзде жапырақ неге сарғаяды?

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға жапырақтардың күзде сарғаю себебін түсіндіру, жапыраққа қажетті жағдайлар туралы мәлімет беру.2. Дамушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз ойын толық жеткізе білуін қалыптастыру, шығармашылығын шыңдау. 3. Тәрбиелік. Өсімдіктің адам және жануарлар өміріндегі маңызы, топыраққа пайдасы туралы айтып түсіндіре отырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, шығармашылық тапсырмалар орындату, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: ағаш, жапырақтар, электронды оқулық.

Пән аралық байланыс: еңбек, бейнелеу, ана тілі, музыка,қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Оқушылар: Қонақ келсе құт келер,

Мұны бүкіл жұрт білер.

Қонаққа сәлем бермесек

Әдепсіз екен деп білер.

Қазір бізде болады,

Дүниетану сабағы.

Жақсы оқыған сабақты,

Ылғи бестік алады.(Оқушылар орындарынаотырады)

Мұғалім:Ал балалар, енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, көзімізді жұмып, іштей бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. Енді көзімізді ашып, бір-бірімізге күлімсірей қарап, сәттілік тілеп, сабағымызды бастайық.Мен де сендерге сәттілік тілеймін.Олай болса іске сәт!

2. Үй тапсырмасын сұрау:

Мұғалім: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырсам, шешуін таба алар ма екенсіңдер?

Құлақ салып тыңдап көріңдер.

Жұмбақ

Күзде қурап өледі,



Жинап топыраққа көмеді. Бұл не?(Жапырақ)

а) Үй тапсырмасы:Жапырақ.

Мұғалім:- Балалар, мына ағаш жанында жатқан жапырақтарды жинауға көмектесесіңдер ме? Жапырақ артында тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындап жапырақтарды алтын сандықшаға саламыз.(Оқушылар сұрақтарға жауап береді)

М ұғалім:Балалар, мына алтын сандықшадағы жапырақтарды жинап апарып топыраққа көмеміз. Өйткені, жапырақтар топырақты құнарландырады.(Проблемалық сұрақтар)

ә) Шығармашылық тапсырмалар: ''Жапыраққа жан бітіріп...'' көрме.

Мұғалім:- Балалар, мен сендердің шығармашылықтарыңды көрдім. Енді менің шығармашылығымды көріңдер.

Ән домбырамен орындалады.

Сөзі мен әнін жазған: С.М.Тауекелова

Тілек

Балалардың шеберлігін көрсетіп,



Жапыраққа жан бітіріп сөйлетіп.

Өздеріңе дән риза болып мен

Тұрмын бәрін өлеңменен көмкеріп.
Э, э,э, эй!

Тұрмын бәрін өлеңменен көмкеріп.

Шәкірттерім құлақ салып тыңдасын,

Бойындағы шеберлігін шыңдасын.

Риза етіп ата- анасын, ұстазын,

Үлкендерден алғыс алсын, бата алсын.


Э, э, э, эй!

Үлкендерден алғыс алсын, бата алсын.

3.Білімді тексеру:

Сонымен жапырақ туралы не білдіңдер?

Жапырақ тыныс алады артық суды буландырады пішіндері әр түрлі оттегін бөліп шығарады күзде сарғаяды.

4.Мақсат қою: - Міне балалар, күзде жапырақ сарғаяды дейсіңдер. Осы жапырақтар күзде неліктен сарғаяды? Білесіңдер ме? - Жоқ. Білгілерің келе ме? - Иә. Олай болса бүгінгі сабақта күзде жапырақтар неге сарғаятынын білетін боламыз.

5. Жаңа сабақ:

Күзде жапырақ неге сарғаяды?

Жоспар:

1. Жапырақ түсінің өзгеруі



2. Күздегі өсімдіктерде байқалатын құбылыстар.

3.Жапырақтың өсімдікке атқаратын қызметі.(Енді ғалым атаға сөз кезегін береміз. Электронды оқулықты пайдалану) .

6.Білімді тиянақтау:

а). Кітаппен жұмыс(Тізбектеп оқу)

ә). Дәптермен жұмыс (Шығармашылық тапсырмалар орындау)

Сергіту сәті:

Кіп- кішкентай тал едік

Дәу ағаш боп біз өстік.

Жазда жасыл киеміз

Күннің көзін сүйеміз.

Күз келгенде сарғайып

Тербелеміз желменен.

Көбелек боп ұшамыз

Көп ұзамай қайтадан

Жерге келіп қонамыз.(Орындарына отырады.)

7.Қорыту: Сонымен

Күз ауа райы салқындайды топырақ тоңазиды күн көзінің жылуы азаяды сондықтан жапырақ сарғаяды.

8. Үйге тапсырма: Күзде жапырақ неге сарғаяды? (Оқу, түсінік айту.Жапырақтардың суретін салу).

Оқушылардың білімін бағалау.

Сабақ соңында(Оқушылар орындарынан тұрып қонақтармен қоштасады)

Оқушылар:

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Алақай- ау, алақай,



Үзіліске шығамыз.(Парта шетіне шығып, қонақтарға бет бұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, хормен "Сау болыңыздар!"- деп бастарын иіп, үзіліске шығады).
жүктеу 37,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау