Студенттердің өзіндік жұмыс орындауға арналған тақырыптары (СӨЖ):
Бірлік көлемдегі газ молекулаларының санын өлшеу.
Сұйықтағы диффузияның жылдамдығының температурадан тәуелділігін бақылау. Молекулалық өзара әсерлесуді бақылау.
Заттың көлемін, қысымын және температурасын өлшеу.
Температураны өлшеу. Термометрлер. Төменгі температураларды алу жолдары.
№2 ПС тақырыбы бойынша есептер шығару
Зертханалық жұмысты тапсыруға әзірлену
Джоуль заңы
№3 ПС тақырыбы бойынша есептер шығару
№4 зертханалық жұмысты тапсыруға әзірлену
Ықтималдылық теориясының жасалу тарихы.
№4 ПС тақырыбы бойынша есептер шығару
№5 зертханалық жұмысты тапсыруға әзірлену
Аралық бақылауға әзірлік
№5 ПС тақырыбы бойынша есептер шығару
Аралық бақылауға әзірлік
Роберт-Майер формуласын қорыту. Адиабат көрсеткішін есептеу. Жылулық функция.
Экспериметтік тапсырма: молекуланық жылулық қозғалысының орташа жылдамдығын өлшеу. Берілген интервалда жылдамдықтарға ие болатын молекулалардың санын табу принципі.
№7 зертханалық жұмысты тапсыруға әзірлену
Бақылау жұмысына әзірлік
Жеке тапсырма
№8 зертханалық жұмысты тапсыруға әзірлену
Коллоквиумға әзірлік
Жылу мөлшерін және жылу сыйымдылықты өлшеу.
Бақылау жұмысына әзірлік
Молекуланың еркін жүру жолының ұзындығын және соқтығысу санының формулаларын қорыту. Еркін жүру жол ұзындығын тәжірибе жүзінде анықтау.
Жұмыс жасаған кездегі дененің ішкі энергиясының өзгерісін есептеу. Жеке тапсырма
№10 зертханалық жұмысты тапсыруға әзірлік
Вакуумдағы газдар диффузиясы. Эффузия.
Жұмыс жасаған кездегі дененің ішкі энергиясының өзгерісін есептеу. Жеке тапсырма
№11 зертханалық жұмысты тапсыруға әзірлік
Сұйықтың қисық бетінің үстіндегі қаныққан будың серпімділігі. Лаплас формуласы.
№11 ПС тақырыбы бойынша есептер шығару
№12 зертханалық жұмысты тапсыру. Вакуумдағы газдар диффузиясы. Эффузия.
Капиллярдың орташа диаметрін есептеу. Екі орта шекарасындағы тепе-теңдік шарты.
№12 ПС тақырыбы бойынша есептер шығару
Сұйықтардағы тасымалдау құбылысы. Беттік керілу коэффициентін есептеудің кейбір әдістері. Сұйықтардың жылулық ұлғаюы.
Кристалл тордың геометриясы. Симметрия элементтері және кластары. Браве торы.
Сұйықтың беттік керілуінің температудан және шекаралас денелер табиғатынан тәуелділігін бақылау
Кристалл және аморф денелерді бақылау. Кристалдардың физикалық түрлері. Кристалдардың өсуі. Кристалдарды өсіру әдістері. Аса таза заттарды алу.
Балқу температурасын тәжірибе жүзінде анықтау. Жылу сыйымдылығын өлшеу. Қатты гелий. Жұқа қабыршақтар. Аморф денелер.
Жеке тапсырмалар
Зертханалық жұмысқа талдау және есеп беруге әзірлену. Серпімді және пластикалық деформацияны бақылау. Пластикалық деформацияның механизмі. Қатты денелердегі диффузия.
Бақылау жұмысына әзірлік
Бақылау жұмысын талдау
Зертханалық жұмыстың нәтижелерін талдау. Булану және конденсация. Балқу және кристалдану.
Студенттердің оқытушымен бірге өтетін өзіндік жұмыс тақырыптары (ОЖСӨЖ):
Заттардың молекулалық-кинетикалық теориясын тәжірибе жүзінде негіздеу. Заттардың агрегаттық күйлері және олардың белгілері.
Атомның массасын және денедегі заттың мөлшерін өлшеу. Есептер шығару.
№1 зертханалық жұмыс бойынша есеп беру. Берілген өлшеулердің қателер бағалау бойынша практикалық жұмыс.
Температура. Жылулық тепе-теңдік. Термодинамикадағы температура ұғымы. Молекулалық физикадағы температура ұғымы.
№2 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
№2 зертханалық жұмыстың нәтижелерін талдау және есептеу
Ішкі энергия. Энергияның еркіндік дәрежелеріне байланысты. Үлесу заңы. Идеал газдың ішкі энергиясының аналитикалық өрнегі
№3 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
№3 зертханалық жұмыстың нәтижелерін талдау және есептеу.
Жүйенің макроскопиялық және микроскопиялық күйлері. Статистикалық ансамбль. Макроканоникалық ансамбль. Микрокүйлердің тең ықтималдығы.
№4 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
№4 зертханалық жұмыстың нәтижелерін талдау және есептеу.
Больцман таралуы. Барометрлік формула. Больцман таралу заңын қорытып шығару. Перрен тәжірибесі.
Таралудың әртүрлі функцияларын оқып үйрену.
№5 зертханалық жұмыстың нәтижелерін талдау және есептеу.
Жылу сыйымдылық түсінігі. Жылу сыйымдылық - процесс функциясы. Жылу сыйымдылығының кванттық теориясы.
Салыстырмалы жылдамдық үшін Максвелл формуласы. Максвелл таралуының сипаттамалық жылдамдығының есептелуі.
№6 зертханалық жұмыстың нәтижелерін талдау және есептеу.
Термодинамианың екінші бастамасы. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Тұйық жүйедегі процестер бағыты. Термодинамиканың екінші бастамасы.
№7 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
Зертханалық жұмыстың қорытындысын талдау және сандық бағалау. Политроптық процесс. Газ жұмысы.
Энтропия. Энтропия туралы түсінік.Идеал газ процестеріндегі энтропия өзгерістерін есептеу. Энтропияның өсу заңы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық талқылануы.
№8 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
Зертханалық жұмыс бойынша есептеулер және қорытындылар жүргізу. Карно теоремасының дәлелденуі. Еркін энергия. Суытқыш машиналар.
Тасымалдау құбылысы. Молекулалардың өзара әсерлесу күштері мен қарапайым потенциалдар. Соқтығысулардың орташа жиілігі. Еркін жүру жолының орташа ұзындығы.
№9 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
№9 зертханалық жұмыстың нәтижелерін талдау және есептеу.
Сиретілген газдар. Вакуум түсінігі және оның қасиеттері. Әсіре сиретілген газдар.
№10 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
№10 зертханалық жұмыс нәтижелерін талдау. Стационар емес жылу өткізгіштік. Диффузияның стационар еместігі жөніндегі ұғым.
Ылғалдылық. Қаныққан және қанықпаған бу. Булану және қайнау. Су буы.
№11 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
Тәжірибелік тапсырма: қанықпаған су буының қаныққан буға және керісінше алмасуын бақылау.
Сұйықтар. Сұйық күйдің ерекшеліктері.Сұйықтардың құрылымы және олардың қасиеттері. беттік керілу. Қос сұйықтың және сұйық пен қатты дене шекараларындағы тепе-теңдік шарттары.
№12 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
Зертханалық жұмыс бойынша талдау және қорытындылар. Газды сұйылту (Линде әдісі, Клод әдісі). Сұйытылған газдардың қасиеттері. Сұйық гелий.
Қатты денелер. Кристалл торы. Кристалл классификациясы және кристаллографиялық жүйелер. Дислокациялар.
№13 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
Қанттың суда еруінің температурадан тәуелділігін бақылау. Еру кезіндегі температура өзгерісін бақылау. Осмос. Қатты ерітінділер. Абсорбция.
Көлемдік және сызықтық ұлғаю коэффициентінің байланысының формуласын қорыту. Температураның өзгерісі кезіндегі молекулалар арасындағы қашықтықтың өзгеруін негіздеу.
№14 ПС тақырыбы бойынша есептер тапсыру
Жылулық ұлғаю. Қатты денелердің жылу сыйымдылығы. Олардың кванттық ұғымдары. Сұйық кристалдар.
Динамикалық және статистикалық заңдылықтар. Классикалық және кванттық таралу заңдары. Классикалық теориялар кванттық теорияның шектік жағдайы.
Бақылау жұмысы
Зертханалық жұмыстың нәтижелерін талдау және есептеу.
10. Сараманнан өту оқу жоспарында жоспарланбаған.
11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек:
Шынайылық
Әділдік
Айқындылық
Икемділік
Жоғары дифференция
Қорынды бағалауға рейтингілік бақылау және емтихан кіреді.
Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 8 аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) 100 балдық шкала бойынша рейтингі бақылау нәтижелерін шығарады және өткізілген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі.
,
мұндағы Р1 – бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эвиваленті, Р2 – екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті, Е- емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емихан)
Молекулалық физика пәні бойынша білімді бағалау кестесі
|
|
Бағалау түрі
|
№
|
Бағалау критерийі
|
Жұмыс үшін балл
|
Орындалатын жұмыстар саны
|
1
|
Дәріске қатысу
|
100
|
15
|
2
|
Парактикалық сабақтардағы белсенділік
|
100
|
15
|
3
|
Зертханалық сабақтардағы белсенділік
|
100
|
15
|
4
|
ОЖСӨЖ сабақтарындағы белсенділік
|
100
|
45
|
5
|
СӨЖ тапсырмасын орындау
|
100
|
45
|
6
|
Бақылау жұмыстары
|
100
|
2
|
7
|
Теория бойынша коллоквиум
|
100
|
2
|
8
|
Теория бойынша жазбаша жұмыс
|
100
|
2
|
|
|
|
|
|
Аралық бақылау Р1 Р2
|
100
|
Орташа арифметикалық
|
|
Ағымдық бақылау
|
(Р1 +Р2)/2
|
|
|
|
Ағымдық *0,6
|
|
|
Қорытынды бақылау
Емтихан
|
100*0,4
|
|
|
Қорытынды
|
Жіберілу рейтингісі + Қорытынды бақылау
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау 8 және 15 апталарда жүргізіледі.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі. (макималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәнінің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).
Студенттердің молекулалық физика бойынша білімі мына кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның пайыздық баламасы
%
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы
Сабаққа кешікпеу.
Сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқыма, ұялы телефондарды сөндіру.
Сабақты жібермеу. Қалдырылған жағдайда ауру жөнінде анықтама тапсыру. Студент пәннің 1/3 бөлігін себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
Студенттер оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
Үй және жеке баяндамасы, хабарлама және т.б. тапсырмалары міндетті түрде көрсетілген мірзімде орындалуы қажет. Тапсырмалар негізінде қорытынды баға шығарылады.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындау арқылы тексеріледі.
Пікірлесу кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау, тест тапсырмаларын орындау арқылы жүргізілуі мүмкін.
Бірінші-он бесінші апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Термодинамиканың бірінші заңы бойынша тексеру сұрақтары.
1. Сыртқы өрістер жоқ кезде тепе-теңдік термодианмикалық жүйенің күйін қандай тәуелсіз параметрлер арқылы сипаттауға болады?
Термодинамикалық тепе-теңдік күйдегі заттың термодинамикалық параметрлерінің мәндерінің арасындағы байланысты тағайындайтын қатынасты қалай атайды?
Бұл қатынастың түрі идеал-газ үшін қалай болады?
Термодинамиканың тепе-теңдік түрі дегеніміз не?
Температураның эмпириялық абсолюттік шкаласы дегеніміз не?
Реал газдың күйінің? теңдеуі қалай жазылады? Ол қашан идеал газ теңдеуіне көшеді?
Идеал газдың көлемдік ұлғаю коэффициенті температурадан қалай тәуелді?
Термодинамикалық күйдің бір күйден екінші күйге өткен кездегі жасайтын жұмысын қалай есептеуге болады? Осы жұмыс жүйенің өтетін термодинамикалық процесінің сипатынан тәуелді ме? Жұмыстың шексіз өз өсімшесі математикалық тұрғыдан толық дифференциал болама?
Қандай термодинамикалық процестер қайтымды деп аталады?
Дөңгелек термодинамикалық процесс дегеніміз не?
Барлық дөңгелек процестер қайтымды болама?
Жүйенің күйінің функциясы деп аталатын шама қандай физикалық және математикалық шарттарды қанағаттандыруы қажет?
Қандай термодинамикалық шама жүйенің күйінің функциясы болып табылады?
Жүйенің ішкі энергиясы деп нені айтады?
Ішкі энергия жүйенің функциясы бола алама?
Жылудың шексіз аз өсімшесі Q Q(P,T) немесе Q(V,T) функциялары сияқты математикалық тұрғыдан толық дифференциал ола ма?
Дененің жылу сыйымдылығы дегеніміз не?
Дененің жылу сыйымдылығы қандай жағдайларда белгілі мәнге ие болады?
Жылу сыйымдылықтың мүмкін болған мәндері қандайда болсын ? шектелген ба?
Қандай жағдайларда жылу сыйымдылық теріс шама болады?
Қандай тәжірбиелер молекулалық-кинетикалық энергияның басқа түрлеріне өтетіндігін дәлелдейді?
Қандай тәжірбиелер негізінде жылу мөлшерін механикалық жұмыс бірліктерімен өлшеу мүмкіндігі тағайындалады?
Термодинамиканың бірінші заңының мазмұны неде?
Термодинамиканың бірінші заңы математикалық тұрғыда қалай жазылады?
Қанда жағдайларда жүйенің ішкі энергиясының өсімшесі жүйеге берілген жылу мөлшеріне тең болады?
Қандай жағдайларда жүйенің ішкі энергиясы тұрақты?
Қандай жағдайларда жүйенің ішкі энергиясы тұрақты?
Дөңгелек термодинамикалық процесс кезінде жүйенің жасайтын ? жұмысы мен жүйенің жылу көзінен алатын және беретін қосынды жылу мөлшерінің арасында қандай байланыс бар?
Неліктен термодинамиканың бірінші заңы бірінші текті мәңгілік двигателді тұрғызуға болмайтындығы жөніндегі тұжырымға эквиваленті (пара-пар).
Жылу сыйымдылығы температурадан тәуелді болмайтын газдың ішкі энергиясы үшін қандай өрнекті термодинамиканың бірінші заңын пайдаланып жазуға болады?
Газдың ішкі энергиясының оның өлшемінен тәуелділігі жөніндегі мәселе тәжірбиеде қалай анықталады?
Термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегінің көмегімен идеал газдың Ср және Сv жылу сыйымдылықтарының арасындағы байланысты табуға болады?
Термодинамиканың бірінші заңынан идеал газ үшін адиабаттық процестің теңдеуін қалай шығаруға болады?
Табиғи және техникалық адиабаттық процестердің мысалдарын келтіріңдер.
Адиабаттық процесті пайдаланып С/ Сv қатынасын табуға бола ма?
Идеал газдың адиабаттық процесс кезінде жасайтын жұмысы неге тең болады?
Идеал газдың изотермалық процесс кезінде жасайтын жұмысы неге тең болады?
Изотермалық процесс кезінде жасалатын жұмыс энергияның қандай көзі есебінен жасалады?
Баллондағы сығылған газ, сығылған пружинадай потенциялық энергия қорына ие болады деген тұжырым дұрыс па?
Политроптық деп аталатын процестер қандай шартты қанағаттандырады? Осы процестердің теңдеулері қалай жазылады?
Термодинамикалық циклдік рv- диаграммасы негізінде оның қандай этаптарында жылу жұмысты дене арқылы жұтылады (беріледі)?
Газды қыздыру (салқындату) нәтижесінде бір бағытта жұмыс жасайтын газбен толтырылған поршеньді цилиндрді жылу машинасы деп атауға бола ма?
Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті деп нені айтады?
Идеал газбен жүретін Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті неге тең?
Карно машинасы мұздатқыш ретінде қалай жұмыс жасайды?
Кез-келген дөңгелек қайтымды цикл бойынша жұмыс жасайтын жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті мен дөңгелек циклде пайдаланылатын ең жоғарғы және ең төменгі температураларындағы Карно циклі бойынша жұмыс жасайтын машинаның пайдалы әсер коэффициенттері қандай қатынаста болады?
Идеал газбен жүретін Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті неге тең?
Карно машинасы мұздатқыш ретінде қалай жұмыс жасайды?
Кез-келген дөңгелек қайтымды цикл бойынша жұмыс жасайтын жылу мәшинесінің пайдалы әсер коэффициенті мен дөңгелек циклде пайдаланылатын ең жоғарғы және ең төменгі температуралардағы арасында Карно циклі бойынша жұмыс жасайтын мәшиненің пайдалы әсер коэффициенттері қандай қатынаста болады?
Термодинамиканың екінші заңы бойынша тексеру сұрақтары:
1. Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамасы қандай?
2.Клаузистің қолданған екінші заңының тұжырымдамасындағы “компенсация” термині әр түрлі жағдайлардағы мәні қандай?
3. Термодинамиканың екінші заңының Клаузиус және Томсон-Планк тұжырымдамаларының эквиваленттілігін қалай дәлелдеуге болады?
4. кей жағдайда жасалатын термодинамиканың екінші заңы жылудың толығымен жұмысқа алмасуының мүмкін еместігі жөніндегі тұжырымдама дұрыс па?
5. Бірінші және екінші шекті “мәңгілік двигательдердің ” айырмашылығы неде?
6. Температураның абсалюттік термодинамикалық шкаласы қалай анықталады?
7. Температураның абсалюттік термодинамикалық шкаласының температураның империялық абсалюттік шкаласынан артықшылығы неде?
8. Температураның термодинамикалық шкаласы қалай жүзеге асады?
9. Келтірілген жылу мөлшері дегеніміз не?
10. Карно циклы үшін келтірілген жылу мөлшерлері қандай шартты қанағаттандырады?
11. Кез келген дөңгелек процестер үшін келтірілген жылу мөлшерлері қандай шартты қанағаттандырады?
12. Энергия функциясының дифференциялы dS1 қалай жазылады?
13. Энтропия күй функциясы бола ма?
14. Термодинамиканың екінші бастамасын энтропия функциясы арқылы қалай жазуға болады?
15. Қайтымды және қайтымсыз процестерде энтропия қалай өзгереді?
16. Қайтымды дөңгелек процестер үшін ДД мәні неге тең?
17. Мына өрнектің ДД бөліміндегі температура қандай денелердің температурасы?
18. Адиабаталық процестерде энтропия қалай өзгереді?
19. Идеал газдың энтропиясы үшін өрнек қалай жазылады?
20. Идеал газдың энтропиясы оның кеңістікте адиабатты ұлғайған кезде өзгере ме?
21.Қандай бір жүйеже дөңгелек адиабаттық процесті жүзеге асыруға бола ма?
22. Жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйге жақындығында оның энтропиясы қандай бағытта өзгереді?
23. Энтропияның толық дифференциялын (dS) пайдаланып термодинамикалық шамалардың арасындағы қандай қатынастарды алуға болады?
24. Заттың жылулық ұлғаю коэффициентінің алгебралық таңбасы мен осы заттың адиабаттық деформациясы кезіндегі температурасының өсімшесінің алгебралық таңбасының арасында қандай байланыс бар?
25. Адиабаттық сығылу кезінде зат әр уақытта қыза ма?
26. Термодинамиканың екінші бастамасының көмегімен кез келген зат үшін Сρ және Сν мәндерінің арасындағы қатынасты қалай табуға болады?
27. Заттың тұрақты қысымдағы және тұрақты көлемдегі жылу-сыйымдылықтары Сρ және Сν мәндері бір-біріне тең болады?
28. Осы шамалардың айырмасы қай уақытта шексіздікке ұмтылады?
29. Механикалық үйкелістермен жетектелетін барлық процестер қайтымсыз процестер болып табылады ма?
30. Бірдей температура интервалында жұмыс жасайтын қайтымды емес жылу әшинесінің пайдалы әсер коэффициентінің қайтымды жылу мәшинесінің пайдалы әсер коэффициенттерінің мәндері жөнінде не айтуға болады?
31. Неліктен барлық практикалық жүзеге асатын мәшинелердің циклдері қайтымсыз?
32. Қайтымды мәшинелер жүзеге асырылған жағдайында қандай практикалық қиындықтар болуы мүмкін?
Заттың әр түрлі физикалық күйлері және оларды зерттеуге
термодинамиканы пайдалану бойынша тексеру сұрақтары:
1. Сұйықтың беттік керілу коэффициентін өлшеудің қандай статикалық және динамикалық әдістері бар?
2. сұйықтың беттік пленкасының температурасы оны созған(керген) кезде қалай өзгереді?
3. Қандай жағайда сұйық қатты денеге жұғады?
4. Сұйықтың беттік пленкасының қабығының басы артық қысымы оның бетінің қисықтығымен қалай байланысты?
5. Сұйықтың капиллярлық көтерілу биіктігін (депрессиясын) есептеуге болады?
6. Заттың термодинамикалық фазасы дегеніміз не?
7. Заттың термодинамикалық фазасы ұғымы заттың агрегаттық күйі ұғымымен сәйкес келе ме?
8. Реал газдың изотермияларының түрі қандай?
9. Реал газдың изотермиялары берілген зат үшін температура кризистік (күдіктік) мәнге жақындағанда қалай өзгереді?
10. Кризистік нүктенің бар екендігін Д.И.Менделеев қалай болжады?
11. Заттың изотермиялық сығылғыштығы оның кризистік нүктесінде қандай мәнді қабылдайды?
12.Заттың кризистік нүктедегі жасырын булану жылуы мен беттік керілуі қандай мәнді қабылдайды?
13. Заттың кризистік нүктедегі оның сұйық және газ фазаларының меншікті көлемдері қалай өзгереді?
14. Берілген зат үшін температураның қандай интервалында ол сұйық пен оның қаныққан буының тепе-теңдік екі фазалы жүйесін жасайды. Температураның берілген интервалында екі фазалы тепе-теңдік жүйе кез келген қысымда өмір сүре ме?
15. Қаныққан бу дегіміз не?
16. Қаныққан будың қысымы неден тәуелді?
17. Сұйықтың қайнау процесі қандай жағдайда жүреді?
18. Жүйені екі фазаға ыдыратпай затты сұйық фазадан газ фазасына (немесе керісінше) үзіліссіз өткізуді қалай асыруға болады?
19.Заттың мекастабильді күйі дегеніміз не?
20. Заттың мекастабильді күйі қалай жүзеге асады? Ол термодинамикалық диаграммада қалай бейнеленеді?
21. Сұйықтың қаныққан буларының қысымы оның бетінің қисықтығынан қалай тәуелді?
22. Неліктен қызған сұйыққа газдың көпіршіктерін бөліп шығаратын денені еңгізгенде сұйық неліктен тез қайнайды? Неліктен қаныққан буға шаң-тозаңдарды еңгізгенде тұманның тамшылаының конденсациялану процесі басталады? неліктен аса қаныққан буда электр иондарының болуы оның конденсациялануын жеңілдетеді? Қызған сұйық пен қаныққан бу күйлері қандай маңызды қолданыс табады? Қандай жағдайларда техникалық тұрғыдан қауіпті?
23. Булардың капиллярлық конденсациясы құбылысы дегеніміз не? Табиғи жағдайларда бұл процес қандай роль атқарады?
24. Ван-дер-Вальстің реал газ күйінің теңдеуі қандай тұжырымдардың негізінде құрастырылған?
25. Ван-дер-Вальс изотермияларының әрбәр учаскелерінің физикалық мәні қандай?
26.Реал газдың pv-диаграммасын пайдаланыпзаттың екі фазалық күйі үшін сұйық және газ фазаларындағы заттың мөлшерлерінің қатынастарын табуға болады?
27. Ван-дер-Вальс теңдеуін пайдаланып заттың кризистік көлемін қалай табуға болады?
28. Ван-дер-Вальс теңдеуіне енетін а және в шамаларының азот, оттегі және сутегі үшін сан мәндері қандай?
29. Көмірқышқылы, азот, сутегі және гелий газдары үшін кризистік температураның сан мәндері қандай?
30. Көмірқышқылы, азот, сутегі және гелий газдарының қалыпты қайнау температуралары қандай?
31. Ван-дер-Вальстің ішкі энергиясы қандай термодинамикалық параметрлерден тәуелді?
32. Газды дросселдеу процесінің мәні неде?
33. Сығылған газды бостыққа шығару дросселдеу процесі бола ма?
34. Идеал (реал) газды бостыққа шығарғанда оның температурасы қалай өзгереді?
35. Джоуль-Томсон құбылысы дегеніміз не?
36. Джоуль-Томсон құбылысы газды сұйылтуға қалай пайдаланылады?
37. Джоуль-Томсон құбылысы қандай теңдеумен өрнектеледі?
38. Ван-дер-Вальс газының температурасының төмендеуі оның басқа термодинамикалық параметрлерінің мәндері арқылы дроссельдегенде қалай өрнектеледі?
39. Газды дроссельдеуді пайдаланып, оны сұйылту процесінің желісі қандай?
40. Джоуль-Томсон эффектісінің инверсиялық температурасы дегеніміз қандай температура?Ауа, сутегі және гелий үшін температураның мәні қандай? Сығылған сутегі баллонын бөлмеде от болған жағдайда шығарудың қауіптілігі неде?
41. Джоуль-Томсон эффектісінің инверсия температурасы мен Ван-дер-Вальс газы үшін кризистік температураның мәндерінің арасында қандай байланыс бар?
42. Сұйық газды детандерлік әдіспен алу принципінің мәні неде?
43.Неліктен төменгі температураны алу мәселесі газдарды сұйылту есебімен байланысты?
44. Клаузиус-Клапейрон теңдеуі бір компонентті екі фазалы жүйесі үшін қандай шамаларды өзара байланыстырады?
45. Заттың pT- диаграммасы дегеніміз не? Онда затты вызгонкалау процесінің графигі қандай? Клаузиус-Клапейрон теңдеуін вызгонкалау процесіне қалай пайдалануға болады?
46. Заттыңүштік нүктесі дегеніміз не?
47.Заттың диаграммасында балқу графигінің мүмкін болған жүрісі қандай?
48. Заттың сұйық фазасының кристалға алмасуының үзіліссіз процесі мүмкін бе?
49. Екі кристалдың модификацияда кристалданатын заттың pv диаграммасының түрі қандай?
50.Фаза ережесінің мазмұны неде?
51. Атмосфералық қысымдағы қатты көмірқышқылының тәртібін pv-диаграммасын пайдаланып түсіндіру.
52. Неліктен баллонда сығылған сұйық көмірқышқылын атмосфераға шығарған кезде салқындайды және кристалданады?
53. Заттың қатты, сұйық және газ фазаларының өмір сүру шартын бейнелейтін заттың vТ диаграммасының түрі қандай болады?
54. Көлемі өзгермейтін затты Т>Ткр бастапқы күйден алдын-ала екі фазалы сұйық-газ жүйесін туғызбай салқындату арқылы кристалдандыру қандай жағдайда мүмкін болады?
55.Бірінші текті фазалық алмасу кезіндегі заттың энтропиясының өзгерісін қалай есептеуге болады?
56. Заттың қатты, сұйық фазаларының метастабилдік күйлері дегеніміз не?Кристалдардың қызуы (перегреви) мүмкін бе?
57. Термодинамикалық тұрғыдар шыны дегеніміз не?
58. Кристалдың торларының симметириясының элементтері өмір сүреді? Браве кристалдық торының қанша симметрия түрлері белгілі?
59. Қатты денелердегі фазалық алмасулардың мәні неде?
60. Қандай алмасулар бірінші текті алмасулар деп аталады?
61. Сіздерге қатты денелердегі қандай бірінші және екінші текті алмасулардың мысалдары белгілі?
62. Екінші текті фазалық алмасулар маңында жылу сыйымдылық температурадан қалай тәуелді болады?
63. Гелий үшін рТ диаграммасының түрі қандай болады? Онда екінші текті фазалық алмасулардың қисығы диаграммады қалай орналасқан? Бұл фазалық алмасу гелийдің қандай изотопы үшін орындалады?
64.Неліктен Дьюар ыдысында сұйық гелий Не – II-нің температурасы қайнап жатқан гелий Не-I-нің төмен болмаса қайнамайды?
65. Абсалюттік нөлге жуық температураларда заттың термодинамикалық параметрлері (жылу сыйымдылығы, жылулық ұлғаю коэффициенті) қандай шекке ұмтылады?
66. Заттың температурасы Т→0 ұлғайғанда изотермалары мен адиабаттарының өзара көлбеуліктері жөнінде қандай да бір нұсқаулар беруге бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |