8- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы:
Деректер қорына өзгерістер енгізу.
Дəріс мазмұны:
1. Деректер қорына өзгерістер енгізу.
2. Қосу сұранысы.
SQL деректер қорынан ақпаратты алуды ғана емес, оның ішіндегі деректерді қосу, жою,
жаңарту сұраныстары көмегімен өзгертуге рұқсат етеді. Өзгерістер енгізгенде ДҚБЖ деректер
тұтастығын сақтап жəне деректер қорына мүмкін болатын мəндерді енгізуге рұқсат етіп жəне
де бірнеше қолданушыларға бір уақытта деректер қорын өзгертуге, деректер қорына қайшылық
келтірмеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Деректер қорының құрамын өзгертуге болатын инструкцияларды қарастырайық:
• INSERT инструкциясының көмегімен кестеге жаңа жолдар қосылады;
• DELETE инструкциясының көмегімен жолдар кестеден жойылады;
• UPDATE инструкциясының көмегімен кестедегі деректер жаңартылады.
Қосу сұранысы
Реляциялық деректер қорына қосуға болатын ең аз ақпарат бірлігі бір жол болып
табылады. Реляциялық ДҚБЖ-де деректер қорына жаңа жол енгізудің үш тəсілі бар:
1. Бір жолды INSERT инструкциясы кестеге бір жаңа жолды қосуға мүмкіндік береді. Ол
деректерді енгізу программаларында кең қолданылады.
2. Көпжолды INSERT инструкциясы деректер қорының бір бөлігінен жолдарды алуды
жəне оларды басқа кестеге қосуды қамтамасыз етеді. Əдетте «бұрыңғы» кесте жолдары
қолданылмайтын кестеге сақтау үшін жіберілгенде ай немесе жылдың аяғында қолданылады.
3. Пакеттік салу утилитасы кестеге сыртқы файлдан деректерді қосу қызметін атқарады.
Бұл утилита алғашқы дерек-тер қорын толтыруға жəне басқа компьютер жүйесіндегі, не басқа
көздерден жиналған деректерді қосуға қолданылады.
INSERT біржолды нұсқауы
INSERT INTO <кесте_аты >
[ баған_аты [,…n] ]
{VALUES (мəн [,…n] ) | }
INTO ұсынысында жаңа жол қосылатын кесте көрсетіледі (мақсатты кесте), ал VALUES
ұсынысында жаңа жолға арналған деректер мəні болады. Бағандар тізімі қай мəн қандай
бағанға енгізілетінін анықтайды. Тізім көрсетілмеуі мүмкін, онда барлық кесте бағандары
(«счетчик» деп жарияланғандырдан басқасы) деп түсіну керек, мұнда кесте құру кезінде олар
нақты тəртіппен орналасуы керек. Егер INSERT инструкциясында өрістердің атауының нақты
тізімі көрсетілсе, онда қалдырылған кез-келген бағандар кесте құру кезінде, бағанды жариялау
кезінде DEFAULT параметрі қолданылған жағдайлардан басқа NULL мəніне рұқсат ретінде
жариялануы тиіс. Мəндер жəне бағандар тізімі бірдей элемент санынан тұруы керек, ал əрбір
мəннің деректер типі сəйкес баған типімен үйлесімді болуы тиіс, əйтпесе қате шығарады.
Бақылау сұрақтары:
1. Бағыныңқы сұраныс дегеніміз не?
2. ANY тексерісі?
3. ALL тексерісі?
Əдебиеттер:[1] 130-140 бет. [2] 90-104 бет. [3]47-53 бет., 161-180 қ[1] 28-30 бет.
2 кредит сағат.
Тақырыбы:
Деректер қорына өзгерістер енгізу.
Дəріс мазмұны:
1. Жою сұранысы.
2. Жаңарту сұранысы
Жою сұранысы
Реляциялық деректер қорынан жолды жою, осы жолмен көрсетілген объектінің «сыртқы
əлемнен» жоғалған кезінде жүзеге асады. Жолды жою мақсаты - деректер қоры нақты өмірдің
дəл моделі болып қалуы. Реляциялық деректер қорынан ең аз ақпарат бірлігін жою бір жол
болып табылады.
DELETE
FROM <кесте_аты > [ WHERE <таңдау_шарты>]
FROM ұсынысында жоюға қажетті жолдары бар кесте көрсетіледі. WHERE ұсынысында
жойылуы тиіс жолдарды сұрыптау критерийі көрсетіледі.
Жаңарту сұранысы
Деректер қорында сақталған ақпаратты жаңарту «сыртқы əлемдегі» сəйкес өзгерістер
болғанда қажет. Жаңартудың кіші бірлігі бір жолдағы бір баған мəні болып табылады.
UPDATE <кесте_аты>
SET баған_аты = <өрнек> [,…n]
[WHERE <таңдау_шарты>]
UPDATE инструкциясы бір кестеде таңдалған жолдағы бір немесе бірнеше бағандардың
мəнін жаңартады. Инструкцияда өзгертілетін мақсатты кесте көрсетіледі, оған қоса
қолданушының кестені толықтыруға, нақты бағанды жаңартуға рұқсаты болуы керек. WHERE
ұсынысы жаңартылатын кесте жолдарын іріктейді. SET ұсынысында жаңартылатын бағандар
көрсетіліп, оларға жаңа мəндер беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Жою инструкциясының бағыныңқы сұранысында сыртқы сілтемелер қалай
орындалады?
2. Жаңарту кезінде таңдау шартына тексеру нəтижесінің мəні қандай болады?
3. Қандай инструкция іздеуші деп аталады?
4. SET ұсынысындағы меншіктеу операциясының өрнегі?
5. Қай инструкция позициялық деп аталады?
Əдебиеттер:[1] 130-140 бет. [2] 90-104 бет. [3]47-53 бет., 161-180 қ[1] 28-30 бет.
9- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы:
Деректердің тұтастығын қамтамасыз ету.
Дəріс мазмұны:
1. Деректердің тұтастығын қамтамасыз ету.
Деректер тұтастығы термині деректер қорындағы ақпараттардың дұрыстығы мен
толықтығына жатады. Деректер қорын өзгерткен кезде деректер тұтастығы бұзылуы мүмкін.
Деректер қорына қате мəліметтер енгізілуі мүмкін, өзгеру нəтижесінде бар деректерге қате
мəндер меншіктелуі мүмкін, деректер қорындағы өзгертулер жоғалып немесе жүйелік қатенің
салдарынан немесе токтың үзілуінен біртіндеп енуі мүмкін.
Реляциялық ДҚБЖ-дегі ең басты мəселелердің бірі болып деректер тұтастығын
максималды мүмкін деңгейде қолдау болып табылады. Сақталатын ақпараттың қарама-
қайшылық емес жəне дұрыстығын сақтау үшін деректер қорының тұтастығын жүзеге асыратын
əртүрлі шектеулер типімен қатар, SQL Server деректер қорында анықталған тұтастық типтері
мен деректердің тұтастығын қолдайтын əртүрлі əдістер орнатылады.
SQL Server деректер тұтастығының төрт типін қолдайды жəне келесі шарттар
қолданылады:
1. Деректердің бар болуы
2. Мəннің шарты
3. Кестенің тұтастығы
4. Сілтемелі тұтастық
5. Іскерлік ереже
6. Деректер арасындағы басқа арасалмақ
Достарыңызбен бөлісу: |