М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бекітемін
Жаратылыстану-география
факультетінің деканы
_____________ГН.Сулейменова
«__» _________ 2016 ж.
Жаратылыстану-география факультеті
География кафедрасы
География пәні бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы
6М011600 - География
бойынша кредиттік оқыту технологиясы
Орал 2016 ж.
«6М011600-География мамандығы
География пәні бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы
Түлек «6М011600 – География» мамандығы бойынша білім беру бакалавры академиялық дәрежесі біліктігін алған соң орта мектептің оқу бағдарламасына енетін географиялық пәндерден іргелі білімі болуы тиіс, атап айтсақ: «Жаратылыстану», «Физикалық географияның бастапқы курсы», «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы», «Қазақстанның физикалық географиясы», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Дүние жүзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік географиясы», «Қазіргі дүние географиясы» оқу курстарынан, сонымен қатар барлық оқу бағыттары мен қосымша білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша, егер де олар мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған жағдайда.
Жалпы білімділікке қойылатын талаптар.
6М011600-География мамандығы бойынша магистр:
– адамзаттың іс-әрекетінің алуан түрлілігі туралы, рухани құндылықтар мен олардың маңызы жайлы, дүниеге деген ғылыми, философиялық және теологиялық көзқарасы бойынша түсінігі болуы;
– қоғам дамуы жайлы: мәдениет пен өркениеттің алуан түрлілігі, әлеуметтік тәжірибе түрлері, дүниежүзілік тарихи және мәдени кеңістіктегі Қазақстанның орны туралы білімді игеруі;
– Қазақстан Республикасының құқықтық және заңнамалық жүйелер негіздерін; құқық қорғау және сот пен басқа құқықорындаушылық мекемелерін, кәсіби іс-әрекет аясындағы құқықтық және адамгершілік - әдеп нормаларын білуі;
– экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласының бағытын, ілімін және негізгі ережелерін, адамдар арасындағы қатынастарды реттеудің құқықтық және әдеп нормаларын, әрі бұл білімін өзінің кәсіби іс-әрекетінің түрлі бағыттарында пайдалануды; еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін, ақпараттарды жинау және өңдеу; педагогикалық, психологиялық және әдістемелік нормалар мен оқыту және тәрбие берудің тәсілдерін, жоғары және орта мектеп бағдарламаларының барлық мәселелері бойынша қазіргі ғылыми және оқу материалдарын білуі;
– мектеп географиясы оқу курстарының мазмұны арқылы жүзеге асырылатын: ізгілендіру, экологияландыру, саясаттандыру, әлеуметтендіру, экономикаландыру тәрізді қазіргі идеяларды меңгеруі;
– дүние жүзі және Қазақстан Республикасындағы саяси үрдістер, қоғам өміріндегі саяси жүйелер мен режимдердің орны мен маңызын түсінуі;
– жалпы географияның екі, яғни оның: жаратылыстану-ғылыми (физикалық география ғылымының жүйесі) және қоғамдық-гуманитарлық (әлеуметтік-экономикалық және саяси география ғылымдары жүйесі) бағыттарын интеграциялау дағдыларын және кешенді тұрғыдағы баптарды серпінді игеруі;
– әлемдік қауымдастықты тұтастай алғандағы және Қазақстан Республикасына қатысты негізгі экономикалық үрдістер мен бағдарламаларды талдай білуі;
– мәдениеттің мәнін, оның адамзат іс-әрекетіндегі маңызын білуі, адамзаттың мәдени мұрасы мен мәдени құндылықтар туралы түсінігі болуы;
– педагогикалық тәжірибесінде жүйелі түрдегі ақпараттарды қолдануды, болып жатқан әлеуметтік-тарихи оқиғаларды талдау және қорытындылауды; өзінің кәсіби іс-әрекетінің сипаты мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар өзгерістерінде, оған жылдам көндігу және бейімделуді; қазіргі ақпаратттық және білімдік технологияларды қолданып өз бетінше жаңа білім қорларын алу; пәнге деген қызығушылығын тудыру және білімді меңгерудің жоғары деңгейін қалыптастыру арқылы географиялық құбылыстар мен заңдылықтарды жазбаша және ауызша түрде сауатты, әрі дұрыс мағынада жеткізуді; білімдік үрдісте пәнаралық байланыстар жүйесін қолдануды білуі тиіс;
жоғары оқу орнында маман даярлаудың бағдарламаларының барлық циклдері бойынша қажетті білім қорларын, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістерін; педагогикалық үрдістердегі жұмыс жағдайларының қырларын, әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіби және ғылыми қатынас аясында қазақ, орыс және шет тілдердің бірін меңгеруі қажет.
Экономикалық және ұйымдастыршылық-басқарушылық құзыреттілігіне қойылатын талаптар.
Қазіргі білім синтезі ретіндегі – жалпы география және оның құрамдас бөлігі болып табылатын экономикалық география, өз кезегінде географиялық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық ойлауды туындату арқылы кеңістіктік, экологиялық, жүйелілік және проблемалық құрылғыларға жауап бере отырып өз кезегінде жалпыгеографиялық, экономикалық және басқару жайлы білім жүйелерін дамытуда маңызды қызмет атқарады.
Осы себепті, 6М011600-География мамандығы бойынша магистр:
– әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың экономикалық дамуының негізгі заңдылықтарын, олардың ұйымдастыру және басқару түрлерін, мемлекет және адам үшін дұрыс және кері жақтарын білуі керек;
– өзінің кәсіби іс-әрекетінде психологиялық-педагогикалық проблемаларды шешуді, ұжымның тұлғаларына психологиялық- педагогикалық мінездеме беруді игеруі қажет;
– физикалық- және экономикалық-географиялық немесе экологиялық, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, экономикалық және т.б. түрлі ұғымдардың бір-бірімен өзара әрекеті нәтижесінде түзілетін жер аумағының географиялық бейнесін жасау дағдысын меңгеруі тиіс;
– жаһандану жағдайында қазіргі қоғамдағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші негізігі ұғым-түсініктер, әдістер мен заңдарды игеруі керек.
БП циклы бойынша бітіруші түлек:
– психологиялық-педагогикалық пәндер жүйесін, жеке тұлға психологиясын және тұлға арасындағы қарым-қатынасты, қазіргі заманғы мектептегі білім мазмұнын, оқыту пәнінің міндеттері, салалары, әдістері мен әдіснамалық ұстанымдарын. кәсіби білім берудің өзара байланысын, оқытуды ұйымдастыру формалары мен. әдістерінің сипаттамасын білуі;
– «Магистратура» бағдарламасы көлемінде, географиялық орта химиясын, атмосфераның, табиғи сулардың, жер қыртысының химиялық және топырақтың химиялық құрамын және оның ластануын білуі, негізгі заңдар мен олардың іс жүзінде қолданылуын игеруі;
– физика және астрономия негіздерін, Жердің ішкі құрылысы, Жер ядросы, инерция күші, атмосферадағы физикалық процестер, Күн жүйесі, құрылысы, ғаламшарлардың көзге көрінетін қозғалыстары, Күн және Ай тұтылуларын ұғынулары;
– мемлекеттік стандарттың бакалавриат деңгейіндегі жоғары педагогикалық білім көлемінде оқылатын міндетті компонент пәндері бойынша: жаратылыстану, жалпы жертану, геология және картографияны топография негіздерімен, ландшафтану, геоморфология, туризм және өлкетану негіздерін, әлеуметтік, экономикалық және саяси географияға кіріспені, қазіргі дүние географиясын, басқару мен тұрақты дамудың географиялық негіздерін білуі, сол сияқты картография және топография негіздерінен, жалпы жертанудан, топырақ географиясынан алған білімдерін мектеп маңы учаскелерінде, оқу экскурсияларында, т.б. практика жүзінде қолдана білуді игеруі керек;
– орта және арнаулы орта оқу орындарында география пәндерін оқыту әдістемесін, географиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу, метеоалаң мен мектеп маңы учаскесін жасау дағдыларын, географиялық үйірме мен клуб жұмыстарын ұйымдастыруды меңгеруі;
– оқып-тоқыған білімдерін ғылыми, практикалық және қолданбалық міндеттерді шешуде қолдана білу, мәселен – геожүйені сақтау, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану экономикасы мен экологиясына қатысты, т.б. мәселелерде;
– қазіргі географияның – жалпыгеографиялық, экологиялық, саяси және экономикалық ойлау мен білімді қалыптастыру мен дамытудағы аса қолайлы қызметінің қадір-қасиетін ұғынуы;
– табиғат пен қоғам, жалпы қоршаған орта туралы жан-жақты ақпараттарды меңгеруі және оларды карта, атлас, анықтама, энциклопедия, монография, мәлімет базалары, геоақпараттық жүйе және т.б. ақпарат жинақтаушылар арқылы ыңғайлы күйде ұсына білуі;
– табиғатты тиімді қолдану ұстанымдары мен қоршаған ортанының ластануын болдырмаудың және қорғаудың тәртібі мен бақылау әдістерін игеруі;
алғашқы сараптамалық, далалық, статистикалық және басқа да ақпараттарды жинау және талдауды білуі қажет.
КП циклы бойынша бітіруші түлек: «Бакалавриат» бағдарламасы көлемінде – материктер мен мұхиттардың физикалық географиясын, Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясын, топономиканы, тұрғындар географиясын, дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясын, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік-экономикалық нысандарға жорықтар мен экскурсиялар жасау барысында физикалық және әлеуметтік-экономикалық географиядан алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуі қажет.
Қазақстан географиясы бойынша: еліміздің табиғат ерекшеліктері мен табиғи-ресурстық, әлеуметтік-демографиялық және өндірістік әлеуеті, оның келешектегі дамуының алғышарттық іргетасы екендігі туралы, әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны жайлы жүйелі білімді қалыптастырудың дағдыларын меңгеруі тиіс.
Дүние жүзінің географиясы бойынша: оқушыларда географиялық қабықтың жіктелуі мен біртұтастығы, материктер мен елдердің табиғаты, оларды мекендеуші тұрғындар, әртүрлі табиғи және әлеуметтік жағдайдағы географиялық аймақтар мен экономика салаларының шаруашылық іс-әрекеті мен өмірінің ерекшеліктері туралы шарттардың қалыптасуын ұғынулары қажет.
БП және КП циклдерінің таңдау бойынша компонентінің пәндері басты екі географиялық, яғни физикалық- және экономикалық-географиялық бағыттарының негізгі оқу курстарынан алған білімдерін ары қарай тереңдетумен қатар, шептес салалар (туризм, экология, экономика, жаратылыстану, т.б.) пәндерінен білім негіздерін береді.
Физикалық-географиялық (жаратылыстану) және экономикалық-географиялық (қоғамдық) ғылымдары жүйесіндегі қазіргі білімдердің синтезі ретінде географияға, өзіменен шектес тараптармен бірлікте табиғи және әлеуметтік-экономикалық нысандардың даму заңдылықтарын, тұрғындары мен оның шаруашылықтарын танып білуде, әлем мен Қазақстандағы табиғат пен қоғамның өзара іс-әрекетінің аса маңызды проблемаларын шешуде жетекші рөл жүктеледі.
«6М011600 – География» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны
Географияны оқыту әдістемесі
Географияны оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. Пәннің маңызы мен мәні. Арнаулы түсініктер, заңдылықтар мен құбылыстарды танып-білудің формалары мен әдістемелері.
Географиялық түсіндірме және терминологиялық сөздіктермен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу. Мектеп географиясында географиялық білімді қалыптастыру. Жалпы білім беретін мектепте географияны базалық және бағдарлы деңгейде қытудың технологиясы. Оқытудың құралдары мен әдістері. Географиялық оқытудың мектептен тыс формалары. пәнаралық байланыстар. Геоинформатика, геоақпараттық жүйе технологиясы, географиядан электрондық оқулықтардың ерекшеліктері, табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарды мониторингілеу және модельдеу.
1. Қазақстанның физикалық географиясының құрылымы, мазмұны мақсаты, міндеті.
2. Географияны оқытудағы ғылыми зерттеуде империкалық әдістер
3. Қазіргі мектеп географиясына қойылатын талаптар.
4. Географияны оқытудың мақсаты, курс пәнаралық байланыс
5. Географияны оқытудағы материалдық база оны қалыптастыру жолдары
6. Географиялық заңдылықтарды түсіндіру оны қалыптастырудағы білім жүйесі оны өткізу әдістері
7. Географияны оқытудағы себеп-салдар байланыстарын оқытудың әдістері мен тәсілдері.
8. Физикалық география курсының мазмұны құрылысы, мақсаты міндеті. Оқытудың формасы.
9. Мектеп бағдарламасының құрылысы мазмұны, географияны оқытудағы міндеті..
10. Мектеп географиясындағы оқыту әдістерін топтастыру.
11. Географияны оқытудың материалдық базасы
12. Гидросфера туралы ұғым. Оны оқытудың әдістері формалары.
13. Фронталдық форманы қалыптастырудағы географияның ролі.
14. «Атмосфера» тақырыбын өткізудің әдістері моделдік оқыту.
15. География сабағын жоспарлау. Тақырыптың жоспардың географиядағы
16. Географиялық орта туралы түсінік. Ол мектеп географиясының қандай тақырыбында қалыптасады. Оны оқыту жолдары.
17. «Климат» тақырыбын оқыту.
18. Мектеп географиясын оқытудағы сөздік әдістер.
19. Оқушылармен өз бетімен жұмыс ұйымдастырудағы, өткізудегі әдістер мен тәсілдер. Проблемалық тапсырма. Мысал
20. Географияны оқытудағы бақылаудың ролі, түрлері (ауа-райын бақылау) Бақылау қорытындысын сабақта пайдалану.
21. Мектеп географиясын оқытудағы сөздік әдістерді қолданудың тәсілдері.
22. Оқулықтан тыс компоненттер сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс істеу әдістері.
23. Түсіндіру суреттемелі әдіс.
24. Географияны оқытудағы көрнекілік әдістерді қолдану оның түрлері.
25. Оқушылардың танымдық қызығушылығымен арттырудың әдістері мен формалары.
26. Мектеп географиясындағы географиялық ландшафт туралы ұғым. Оқушыларға түсіндіру жолдары.
27. Мектеп географиясындағы практикалық әдіс.
28. «Экономикалық географиялық жағдай» сипаттама беру. Мектеп географиясындағы оқыту әдістері.
29. Географияны оқытудың жаңа формалары (лекция, семинар, дискуссия конференция)
30. Мектеп географиясындағы репродуктивтік оқыту формасы.
31. «Географиялық еңбек бөлінісі» туралы ұғым. Оны оқытудағы оқытушыға қойылатын талаптар. Мектеп оқулығының қандай тақырыбында қаралған.
32. Географиялық алаң оның құралдарды оқыту процесінде қолдану әдістері.
33. Түсіндіру-суреттемелі -әдіс.
34. ТӨК ғылымының мәні. Мектеп географиясының қандай тақырыбында қарастырылған өткізу формасы.
35. Қазақстан экономикалық әлеуметтік географиясының құрлымы сұрақтар мен тапсырмаларымен жұмыс.
36. Физикалық географияны оқытудағы экскурсияның маңызы этаптары. Өткізу формасы.
37. Географияны оқыту құралдарына топтастыру.
38. Географияны оқытудағы бақылаудың ролі, түрлері. Бақылау қорытындысын сабақта пайдалану.
39. Географиядағы картаның ролі, картамен жұмыс істеу тәсілдері.
40. Географиялық детерменизм теориясы. Мектеп география курсындағы географиялық детерменизмнің маңызы.
41. Географиядан оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
42. Табиғатқа экускурсияға дайындау өткізу жолдары қорытындысын сабақта пайдалану.
43. Қазақстанның табиғи ресурстарын оқыту. Міндеті мазмұнын оқытудағы әдістер мен тәсілдер
44. Физикалық географиядағы «географиялық жағдай» туралы түсінік мақсаты, өткізу формасы
45. Материктер мен мұхиттар географиясына анализ, құрылысы мазмұны, оқытудағы әдістерінің ерекшеліктері.
46. Физикалық геогрфиялық аудандастыру теориясына сипаттама. Бұл теория қандай мектеп географиясында қандай сыныпта оқытылады. Өткізу формалары.
47. Географиядағы факультативтік сабақтар маңызы мазмұны.
48. Географиядағы картаның ролі, картамен жұмыс істеу тәсілдері.
49. Факультативтік сабақты ұйымдастыру өткізу формасы.
50. Глобус онымен жұмыс ұйымдастыру қолданудағы ерекшеліктер.
51. Географияны оқыту құралдарына топтастыру.
52. Географияны оқытудағы өлкетану принципі. Өткізу әдістері. Мектепте география бұрышы ұйымдастыру.
53. Геоморфологиялық түсінік мазмұны. Жер қабатындағы рельеф формасы. Оны оқытудағы тақырыптық картаның ролі.
54. Оқулықпен жұмыс. (текст суреттері).
55. Дүние жүзілік шаруашылық теориясы. Мектеп географиясындағы дамуы. Өткізудің жолдары.
56. География сабағында ойын элементтерін пайдаланудың жолдары, тәсілдері.
57. Көрнекі құралдармен жұмыс істеу әдістер
58. Қазақстанның халқы және еңбек ресурстары тақырыбы. Мектеп география курсында өлкетану принципі негізінде оқыту өткізу формасы.
59. Географиялық мәдениет ұғымындағы Н.Н. Баранский, Саушкин және Максаковский теориялары.
60. Қазақстанның физикалық география курсының құрылымы мазмұны. Сабақта пайдалану формалары.
61. Географиялық білім берудегі этногенез теориясы. Этногенез теориясының тәрбиелік маңызы.
62. Географиялық білім көзіндегі картаның ролі. Карта мен жұмысқа қойылатын талаптар.
63. Дүние жүзінің экономикалық-әлеуметтік географиясының құрылымы, мазмұны, міндеті.
64. Табиғи ресурстар туралы ұғым мектеп географиясында қолдану.
65. Мектеп оқулығы географиясын оқытудағы құрал. Оқулықпен жұмыс істеуде қойылатын талаптар.
66. Географияны оқыту әдістемесі туралы ұғым.
67. Материктердің дрейф гипотезасы қандай мектеп географиясында қалыптасады. Дрейф гипотезасы ұғымын қалыптастыру.
68. Қазіргі мектептегі білім мазмұны, (оқу жоспары бағдарлама мектеп оқулығы)
69. Географияны технологиялық оқыту ұғымы.
70. Проблемалық оқыту туралы түсінік. (проблемалық ситуация, сұрақ гипотезы)
71. Физикалық географиядан статистикалық көрсеткіштерді пайдалану. (диаграмма график статистикалық таблица.
72. Географияны оқыту әдісінің басқа география ғылымының салаларымен байланысы.
73. Жылу эффект гипотезасына сипаттама беру. Мектеп географиясындағы жылу эффекті» гипотезасының маңызы.
74. Экономикалық географияда статистикалық көрсеткіштерді пайдалану. ( сандық, диаграмм, график)
75. Географияны оқытудағы ғылыми зерттеудің теориялық әдісі.
76. Биосфера және ноосфера ұғымына сипаттама. Қандай сыныптар тақырыбында қаралады.
77. Географиядан сыныптан тыс жұмыстар. Оның мазмұны формасы , түрлері. География үйірмесін ұйымдастыру.
78. Географияны оқыту пәні міндеті.
79. Мектеп географиясындағы географиялық экспертиз концепциясы.
80. Елдерге сипаттама беру. Экономикалық-әлеуметтік географияда әдістері мен тәсілдер.
81. Табиғи зоналдық заңдылықтар. Материктер мен мұхиттар географиясында Қазақстанның физикалық географиясы курсы мақсаты, мазмұны, әдістері.
82. Өз облысының табиғи жағдайлары және табиғи ресурстары халқы шаруашылығын оқытудың әдістері
83. Географиялық кабинетінің маңызы құралдар.
84. Географияны оқытудағы сабақтан тыс формалар оны өткізу әдістері.
85. Аудандық жоспарлау теория. Ресурстары, халқы, шаруашылығын оқытудың әдістері.
86. Географияның оқыту әдістерін топтастыру.
87. География сабағының құрылымы типологиясы
88. Экономикалық және әлеуметтік географияны оқытудағы экскурсияның маңызы. Дайындық этаптары, өткізу әдістері. Қорытынды материалдарын сабақта пайдалану.
89. Географиялық үйірменің мазмұны ұйымдастыру формасы.
90. Республикасының шаруашылығын оқыту әдістемесі.
Міндеті, өткізу әдістері мен формалары.
Геоморфология
Геоморфологияның теориялық және методологиялық негіздері.
Жер бедерін жіктеу. Эндогендік құбылыстар мен жер бедері. Экзогендік құбылыстар мен жер бедері.
Жер бедері және адамның шаруашылық іс-әрекеттері. Геоморфологиялық аудандастыру.
Геоморфологиялық карталар.
Жалпы жертану
Әлем кеңістігіндегі Жер: пішіні, қозғалыстары және оның географиялық салдарлары. Жердің ішкі құрылысы және шығу тегі.
Жер бедері. Жер бедерінің қалыптасуының жалпы заңдылықтары.
Жер бедерінің жылу мен ылғал таралуына ықпалы.
Атмосфера, оның құрамы мен құрылысы. Күн радиациясы; радиациялық және жылулық баланс. Жердің жылулық режимі. Атмосферадағы су. Ауа қысымы, желдер және олардың сипаттамасы. Атмосфераның жалпы айналымы. Ауа райы туралы түсінік. Жер климаттары.
Гидросфера. Дүниежүзілік мұхит және оның құрамдас бөліктері. Мұхит суының қасиеттері. Су айналымы және мұхиттағы басқа су қозғалыстары. «Мұхит-атмосфера» біртұтас жүйесі. Құрлық сулары.
Биосфера, оның шекаралары, құрамы мен құрылысы. Атмосфера, литосфера және гидросфера дамуындағы тірі заттың ролі. Зат пен энергияның биологиялық айналымы.
Географиялық қабық, оның шекаралары, құрылысы, сапалық көрсеткіштері, негізгі даму кезеңдері.
Географиялық қабық заңдылықтары. Ландшафттар туралы түсінік. Географиялық орта және қоғам. ҒТР заманындағы адамзаттың экологиялық проблемалары. Ноосфера туралы түсінік.
Геология
Курстың мақсаты мен міндеттері. География пәні мұғалімін кәсіби дайындау үшін геологияның маңызы.
Жердің физикалық қасиеттері. Жердің ішкі құрылысы. Жердің жылулық күйі. Жердің химиялық құрамы. Жердің сыртқы қабықтары. Жердің даму сызбалары. Жердің ғарыштық тегі туралы гипотезалар. Жер мен жер қыртысы жасы. Геохронологиялық кесте. Геологиялық карта.
Эндогендік (ішкі) процестер. Интрузивті және эффузивті магматизм. Магмалық тау жыныстары. Метаморфтық процестердің басты факторлары.
Жер қыртысының қозғалыстары. Жер сілкінулер мен ажырау қозғалыстары. Тербелмелі қозғалыстар. Қатпарлы қозғалыстар. Тектогенез. Материктердің геологиялық элементтері. Неотектоника. Экзогендік (сыртқы) процестер, олардың факторлары. Денудациялық процестер. Сыртқы күштердің геологиялық әрекеті. Эндогендік процестермен өзара әрекеттесуі. Шөгінді жыныстардың қалыптасуы.
Жердің геологиялық даму тарихының негізгі кезеңдері. Палеогеография негіздері. Тау жыныстарының геологиялық жасы. Минералогия мен кристаллография негіздері.
Жыныстардың абсолютті және салыстырмалы жасын анықтау әдістері.
Картография топография негіздерімен
Картографияның пәні мен құрылымы. Ғылым жүйесіндегі картография. Карта: термин және анықтамасы. Географиялық карта элементтері. Карталарды жіктеу. Карта түрлері мен типтері. Географиялық карталарға тән белгілер. Карталардың математикалық негізі. Геодезиялық негіз. Масштаб, картографиялық проекциялар мен картографиялық торлар. Карталардағы бұрмаланулар және олардың түрлері. Картографиялық бейнелеу тәсілдері. Жалпыгеографиялық карталар. Картографиялық жинақтау. Жинақтаудың мәні және түрлері.
Картографиялық басылымдардың жүйесі. Географиялық атластар. Тақырыптық карталар. Мектепке арналған картографияық басылымдар. Карталарды пайдалану. Картографиялық зерттеу әдістері. Карталарды жасау. Ірі масштабты карталарды жасау әдістері. Жергілікті жердің түсірілімдері. Ұсақ масштабты карталарды жасау әдістері. Геоақпараттық картография.
Ландшафттану және физикалық-географиялық аудандастыру
Ландшафт және ландшафт құрылымы туралы түсінік. Ландшафттық жіктеудің деңгейлері. Ландшафттық класстар, типтер және одан төмен бірліктер. Қоныс және фация туралы түсінік Биіктік белдеулер және ендік зоналылық. Қазақстан ландшафтары және оларды қорғау. Табиғи-аумақтық кешен. Физикалық-географиялық аудандастыру.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе
Экономикалық, әлеуметтік және саяси география (ЭӘСГ) пәні және нысандары, зерттеу әдіс-тәсілдері, орны мен құрылымы. ЭӘСГ тарихи даму ерекшеліктері. ЭӘСГ негізгі категориялары, кешенді және шептес кеңістіктік бағыттары. Табиғи ресурстар мен табиғат жағдайлары, олардың сәйкестілігін бағалау. Қоршаған ортаның антропогендік ластануы. Қоршаған ортаға әсерін бағалау және экологиялық-географиялық аудандастыру. Табиғатты пайдалану экономикасы мен экологиясы. Тұрғындар географиясы және әлемдік қалалардың қалыптасуы. Саяси география негіздері және геосаяси процестердің дамуы. Дүниежүзілік шаруашылық кеңістіктік құрылымының ерекшеліктері мен эволюциясы, секторлары мен салалары. Өндірістің техникалық-экономикалық негіздері, кәсіпорындарды орналастырудың және экономиканың постиндустриялық модельдері. Дүние жүзілік маңызды шаруашылық кешендері мен салаларын орналастырудың негізгі ұстанымдары мен факторлары. Ашық экономика ұғымы және жаһандану жағдайындағы ТҰК қызметі. Экономикалық интеграцияның географиялық аспектілері. Қолданбалы экономикалық география және аудандық жоспарлау. ЭӘСГ болашағы мен дамуының бүкіләлемдік тенденциялары.
Қазіргі дүние географиясы
Негізгі географиялық зерттеу әдістері. Қазіргі дүние және геоақпараттық технология. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар. Сыртқы экономикалық байланыстар және олардың қазіргі экономикадағы рөлі. Постиндустриялық даму кезеңіндегі ғаламдық және аймақтық экономикалық интеграция. Посткеңестік кеңістіктегі интеграция және оны экономикалық-географиялық тұрғыда талдау. Қазіргі дүние жаһандану және интернационализациялану жағдайында. Қазіргі дүниенің алуан түрлілігі және біртұтастығы. Елдер және елтану. Аймақ және аймақтану. Әлемді аймақтықтандырудың теориялық ұстанымдары: аймақ, субаймақ, ел. Экономикалық-географиялық және тарихи- географиялық аймақтар. Дүние жүзі елдерін әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру. Дүние жүзінің өтпелі (реформалы), жоғары дамыған және дамушы
елдері. Жаһандану процесі және ұлттық экономикалар. Қазіргі дүниедегі Қазақстан. Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар. Ғаламдық өзгерістер және география. Ғаламдық болжам және жобалау. Жаһандану және қоғамдық география. Бүкіләлемдік мұралар. Дүние жүзінің ірі елдері мен аймақтарының геосаяси және экономикалық-географиялық даму ерекшеліктері.
Туризм және өлкетану негіздері
Пәннің мақсаты мен міндеттері. Туристік әрекет туралы Заң. Жалпы географиялық байланыстар. Туризм, өлкетану және экологияның арақатынасы. Туристік-өлкетану ісінің жүйесі. Туризм және өлкетану терминдерінің жасалуына қойылатын негізгі талаптар. Туризм ісінің түрлері мен формалары. Өлкетану, оның түрлері мен формалары. Жергілікті жерді өлкетану мақсатында танып-білудің теориясы мен әдістемесі. Сыныптан тыс өлкетану жұмысы, оны ұйымдастыру формалары. Өлкетану үйірмесінің жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Басқару және тұрақты дамудың географиялық негіздері
Пәннің мақсаты мен міндеттері. Табиғат жағдайлары даму факторы ретінде. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау және жер кадастры. Геоэкологиялық ахуал және экосаясат: басқару проблемалары және тәуекелділік факторлары. Ерекше қорғалатын табиғи нысандар географиясы және табиғи мұралар. Аймақтар мен табиғи қорларды пайдалануды аумақтық басқару. Постиндустриялық әлемнің экологиялық проблемалары. Геодемография және таралып қоныстану. Әлемдегі және ҚР қазіргі демографиялық ахуал. Локалитет және геоурбанистика. Әлемдік қалалар дүниежүзілік экономиканы басқару орталықтары ретінде. Этногеография және тарихи география. Мәдени география және әлемдік өркениет. Бүкіләлемдік мәдени мұралар. Географиялық, саяси және экономикалық мәдениеттер. Геосаясат: теориясы, әдістері, тәжірибелері. Саяси географияның геосаяси идеялары мен тұжырымдамалары. Әлемдегі геосаяси жағдайлардың өзгерісі. Қазақстанның қазіргі геосаяси және экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері.
Геокикілжіңдер білім аясы ретінде. Этносаяси кикілжің- дер проблемалары және олардың тұрақтылыққа кері әсері. Жікшілдіктің географиялық типтері: мемлекетті орталықтандыру және аз ұлттардың өзін-өзі билеуі.
Қоғамның өндіргіш күштерін аумақтық ұйымдастыру. Аумақтық жоспарлау және экономикалық-географиялық аудандастыру. Постиндустриялық қоғамға өту кезеңіндегі экономиканың 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші қатарлы секторлары.
Геоэкономика және дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы. Геобәсекелестік, ұлттық экономиканың ғаламдық бәсекелестікке қабілеттілігі мен әлем елдерінің бәсекелестіктегі артықшылықтары. Әлем елдерінің экономикасының дамуы мен сыртқы экономикалық байланыстарының негізгі үлгілеріне қысқаша шолу.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі инновациялық кешендерді аймақтандыру және жіктеу проблемалары. Экономиканың инновациялық салалары (кластер, логистика, т.б.). Еркін экономикалық алаптар.
Геоглобалистика және ғаламдық даму проблемалары. Ғаламдық орталықтар, жартылай шет және шет аймақтар. Дүниежүзілік өркениеттердің қазіргі заманғы дамуының ғаламдық проблемалары. Қазіргі әлемнің тұрақты дамуы тұжырымы мен басқарудың географиялық негіздері. Аймақтың тұрақты дамуы мен оларды басқарудың аймақтық ерекшеліктері.
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Материк пен мұхиттар ірі табиғи-аумақтық кешендер ретінде; олардың қалыптасуы мен дамуының географиялық заңдылықтары; кешенді сипаттама берудің принциптері. Физикалық-географиялық аудандастырудың принциптері. Мұхиттардың физикалық географиясы. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхиттарға аймақтық- географиялық сипаттама беру. Мұхит түбі жер бедерінің негізгі ерекшеліктері. Климаты. Дүниежүзілік мұхит суларының физикалық-химиялық қасиеттері. Су массаларының қозғалыстары. Тіршілік дүниесі. Аралдары. Табиғат ресурстары. Геоэкологиялық проблемалары.
Материктердің физикалық географиясы. Солтүстік және Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен
айырмашылықтары. Солтүстік және Оңтүстік материктеріне аймақтық-географиялық сипаттама беру. Табиғатының даму кезеңдері. Жер бедері. Климаты. Сулары. Тіршілік дүниесі. Табиғат ресурстары. Ғаламдық экологиялық проблемалардың аймақтық аспектілері. Материктердің ірі табиғат аймақтарына жіктелуі. Аймақтар табиғатының басты ерекшеліктері. Аймақтардағы табиғат қорғау және табиғатты тиімді пайдалану. Табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің аймақтық проблемалары.
Қазақстанның физикалық географиясы
Кіріспе. Қазақстан аумағы табиғатын зерттеудің тарихы. Қазақстан аумағының негізгі қалыптасу кезеңдері. Орогенез кезеңдері. Жер бедерін қалыптастырушы факторлар. Жер бедері типтері. ҚР геоморфологиялық аудандастыру. Климат және климат құрушы факторлар. Климатының басты белгілері. Климаттық аудандастыру. Қазақстанның ішкі сулары. Өзендер. Көлдер. Мұздықтар. Жерасты сулары. Қазақстанның ішкі суларының шаруашылық маңызы экологиялық жағдайы. Қазақстан топырақтары. Топырақ қорғау. Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Өсімдік жамылығысының таралу заңдылықтары. Эндемик және дәрілік өсімдік түрлерін қорғау. Жануарлар дүниесі. Жануарлар дүниесін қорғау. Қазақстанның табиғат зоналары. Табиғат ресурстары. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру. Ірі табиғи аудандар.
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Пәннің мақсаттары мен міндеттері, республиканың шаруашылық міндеттерін шешудегі оның орны. ҚР экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан Республикасының ролі және орны. ҚР әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Табиғи-ресурстық әлеуеті. Халқы және ұлттық құрамы. Қазақстан Республикасының шаруашылық кешенінің құрылымы. ҚР халықаралық байланыстары. Қазақстанның экономикалық аудандары.
Тұрғындар географиясы
Дүние жүзінің халқы. Тұрғындар саны және олардың өсу/кему ырғағы. Халықтың ұдайы өсуі және типтері. Тұрғындарды санау әдістері мен халық санағы. Демографиялық саясат: ұғымдары, көрсеткіштері, әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпалы. Дүние жүзі халқының жастық-жыныстық құрылымы. Экономикалық белсенді халық, әлемдік еңбек ресурстары және халықтың шұғылдануы. Дүние жүзінің халқының ұлттық құрамы және оның жіктелуі, нәсілдік және діни құрамы, өркениеттер географиясы. Жер шары тұрғындарының орналасуы және көші-қоңы. Әлемдік урбандалу географиясы және қазіргі заманғы қалалық кеңістік. Қала және ауыл халқы. Аймақтық сипаттама: Қазақстан және ТМД, Шетелдік Азия және Еуропа, Африка, Солтүстік және Латын Америкасы, Аустралия және Мұхиттық аралдардың халқы.
Дүние жүзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік географиясы
Дүние жүзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік географиясы бүкіл географиялық ғылымдар жүйесінің өзегі ретінде. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Мемлекеттік құрылыс: басқару формалары және әкімшілік бөлінісі. Дүние жүзі елдерінің алуан түрлілігі, топтастыру және типке бөлу. Саяси география және геосаясат. Елдердің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Халықаралық экономикалық және саяси ұйымдар жайлы мәліметтер. Халықаралық ұйымдар және Қазақстан. Дүние жүзінің табиғат ресурстары. Әлемдік минералдық және жер ресурстары. Дүниежүзілік мұхит және тұщы су ресурстары. Әлемдік климаттық және орман ресурстары. Рекреациялық және ресурстардың басқа түрлері. Ғылыми-техникалық революция және оның дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалы. ҒТР-дың қалыптасу кезеңдері. ҒТР заманындағы техника және технология. Әлемдік экономиканың даму циклдары мен басқыштары. Халықаралық еңбек бөлінісі және мамандану. Постиндустриялық даму кезеңіндегі дүние жүзілік шаруашылықтың транснационализациялануы. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары және аймақтық саясат. Дүние жүзілік шаруашылықтың кеңістіктік және салалық құрылымдары. Дүние жүзілік шаруашылық салаларының географиясы. Халықаралық экономикалық қатынастар және бүкіләлемдік сауда.
Жаһандану жағдайындағы қазіргі әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық процестер. Халықаралық саяси-экономикалық қатынастардың негізгі түрлері және ынтымақтастық. Қазақстанның әлемдік саясат және экономикадағы орны. Аймақтық география. Дүние жүзінің ірі елдері мен аймақтарына қысқаша геосаяси және экономикалық-географиялық сипаттама. Қазіргі ғаламдық проблемалардың географиялық аспектілері. Адамзаттың ғаламдық проблемаларының болу себептері және оны шешу жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |