Имашева Гуляим Хамзиновна
Жоғарғы санатты география пәні мұғалімі.
Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті
Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ
Тақырыбы: «Қазақстан әлем картасында». 9 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
9.2.1.2 -географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді;
9.6.1.3. -Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді.
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы істей алады: географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді, термин сөздерге түсініктеме береді, Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді.
|
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Географиялық ақпарат көздерін пайдаланады, жинақтайды, өңдейді, талдайды
|
|
Кейбір оқушылар істей алады: Тақырып бойынша проблемалық тапсырмалардың шешімін табады, зерттеушілік жоба орындайды.
|
|
Жазылым: тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды «түсінік картасына» жазады
Оқылым: топқа берілген мәтінді оқып, тапсырманы орындайды
Айтылым, тыңдалым: топқа берілген проблемалық жағдайды талдап, шешеді
|
|
Құндылықтарды
дамыту
|
«Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын география сабағында жүзеге асыру.
Идеялары тақырыппен байланыстыру
Қазақстан КЕШЕ- 2015 жыл: «Қазақ хандығына 550 жыл»
Қазақстан БҮГІН - 2017 жыл Тәуелсіздікке 26 жыл, ЭКСПО -2017 Қазақстан ЕРТЕҢ - ҚАЗАҚСТАН - 2050
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, орыс, ағылшын тілі
Тарихи оқиғаға шолу
Үш тілділік оқытуға сәйкес тақырыппен байланысты сөздерді аудару
|
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақ басы
2 мин
|
Психологиялық ахуал.
Еліміздің болашағы жас ұрпақ сендерcіңдер. Біз, сендерге сенім артамыз және өмірлеріңе сәттілік тілеймін.
Қазақта шаңырақ киелі болып саналады, сондықтан қазір бір шаңырақ астында бір сөзбен,бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Шаттық шеңберге тұрып оқушылар шаңырақтың түрлі баулардың түстері арқылы үш топқа бөлініп, ылы лебіздерін білдіріп, өз топтарына жиналады.
Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.
|
Топқа бөлу: шаңырақ,
Топ ережесі
|
Алдыңғы оқу
5 мин
|
Мағынаны тану:
Ұғымдармен жұмыс: экономика, дәстүрлі экономика, нарықтық экономика, жоспарлы экономика, экономикалық әлеует, АДИ, жалпы ішкі өнім, инновациялық экономика.
Қазақстан, Ресей, АҚШ- тың экономикалық әлеуетін салыстыру (балмен
-
Әлеует
|
ҚР
|
Ресей
|
АҚШ
|
Табиғи ресурс
|
3
|
3
|
3
|
Еңбек
|
1
|
2
|
3
|
Тұрғын –халық
|
1
|
2
|
3
|
Өндіріс
|
2
|
2
|
3
|
Ғылыми-техникалық
|
1
|
2
|
3
|
Географиялық жағдайы
|
1
|
3
|
3
|
Экономика
|
8
|
12
|
15
|
Сипаттауға балдық бағалау әдістемесі қолданылады. Сандық және сапалық көрсеткіштер балмен берілген. Жоғары әлеует-3, орташа әлеует-2,төменгі-1 балға тең.экономикалық әлеуеттің жалпы көрсеткіші балдың қосындысымен анықталады.
|
Ұпай санымен
Бағалау парағына
|
2,44 мин видео көрініс
|
«Ой қозғау»: «Мәңгілік ел – тарих толқынында»
Бұл бейне көріністен не түсіндіңіздер, ойларыңызды ортаға салсаңыздар. Идеялар алмасу, пікір айту
Қазақ хандығының картасымен жұмыс.
Топтық тапсырма:
Алғашқы қазақ хандығы құрылған аумақты картадан көрсету.
Қорытынды:
1.Қазақ хандығы қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті болып саналады.
2.Мен ойлаймын, «Қазақстан картасы, қазақ хандығынан қалған – асыл мұра»
|
Электронды тақта, интернет желісі, презентация,
бейнекөрініс
|
Сабақ ортасы
25 мин
Топпен жұмыс
|
Сурет арқылы болжау. Тақырыпты ашу.
Қазақстан әлемнің картасында
Қазақстан –жаңа , қалыптасып келе жатқан әлемнің саяси-географиялық ауданы – Орталық Азияның көшбасшысы болып табылады. Мемлекеттік егемендік алған жылдар ішінде шекаралық белгілер ауыстырылып, Кеңес Одағынан «мұраға қалған» даулы мәселелер шешілді.
5-8 сыныпта алған білімдерін жаңа сабақпен «Домино ойыны» арқылы байланыстыру:
Домино ойыны: ҚР аумағы, Әлемдегі жер көлемі бойынша алатын орны, ҚР экономикалық аудандар саны, ҚР облыстар саны, әлемдегі аумағы жөнінен алып мемлекеттер, әлемдегі халық саны көп мемлекеттер, Қазақстанмен құрлықтағы шекаралас мемлекеттер, Каспий теңізі арқылы көршілес елдер, Еліміздегі мемлекет басшысы, ҚР басқару формасы, Парламеттің жоғары палатасы, Парламеттің төменгі палатасы.
Мағынаны тану.
1.Тақырыппен танысу
2.Тақырып бойынша талдау
І топ: Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы
Қолайлы жағы Қолайсыз жағы
ІІ топ
Қазақстанмен көршілес мемлекеттер. Каспий теңізінің шекарасы.
ІІІ топ
Қазақстанның мемлекеттік формасы, әкімшілік –аумақтық бөлінуі
Картамен жұмыс:
1. Аумақтары бойынша әлем елдерінің алғашқы «ондығын»анықтап картадан көрсету.
2. Қазақстанмен шекараласатын елдерді және олардың астаналарын ата, Ресей, Қытай, Өзбекістан, Қырғызстан, Түркіменстан, теңіз арқылы шектесетін елдерді анықта
|
BilimLand
Бейнекөрініс
0,35 мин
Сурет, карта, оқулық
(35-43 бет)
Постер,стикер,
карта, А3,
дидактикалық материалдар, маркерлер
Электронды тақта,
Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан картасы, атлас, кескін карта
|
Жеке жұмыс
Жұппен жұмыс
|
Сараланған тапсырма
1. 1997 жылға дейін әкімшілік - аумақтық жер бөлінісі 19 облыстан 14 облысқа біріктірілді. Неліктен? Себебін анықтаңыз.
2.Астананы Ақмолаға ауыстырудың себебі неде? Түсіндір. 3.Таратылған облыстарды анықтау.
Нысандарды координаталар бойынша анықта:
Орынбор, Ақмешіт-Қызылорда, Алаш-қала -Семей қаласы, Алматы, Астана
Шығармашылық тапсырма:
«Қазіргі дүниедегі Қазақстан» туралы менің түсінігім, пікірім, ұсыныстарым
Шағын жоба
|
Картамен жұмыс әр көрсетілім 1 ұпаймен бағаланады.
|
Рефлексия
|
Қорытынды.
Венн диаграммасы: Қазақстанның қазіргі кезі және болашағы?
«Нысана» әдісімен сабаққа рефлексия жасалады.
Қадамдарды қоршау арқылы оқушы бүгінгі сабақта қанша % түсінгендігін анықтап, санды белгілейді.
10- 9 аралықтары – 100%
8-7 аралықтары – 80 %
7-5 аралықтары – 60 %
4- 3 аралықтары– 30
|
Бағалаушылардың қойған бағаларын қорытындылап, формативті бағалау арқылы жиынтық бағасын қояды.
Жинаған асықтың санына қарай топтарды бағалау.
|
|
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
|
- Сабақты жоспарлау құрылымында оқушыларға мәтінмен бөлім бойынша тапсырмаларды беру барысында жеке қабілеттерін ескере отырып,деңгейлік тапсырмалар құрылды.
- сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы қолданылды.
- проблемалық сұрақ қоюда оқушылардың ойлау қабілеттері дамыды.
|
Оқушылардың материалды игеру деңгейін Блум таксономиясына негізделіп жасалған тапсырмалар арқылы тексеруді жоспарлаймын.
Топтардың тапсырмаларды орындау барысында олардың дұрыс орындалуына бақылау жасай отырып, дұрыс шешім табуға бағыт бағдар беремін.
Бағалау критерийлеріне және тапсырмалардың орындалуына қарап 1 ұпайдан жинақталып баға шығарылды.
Бағалау парағы және қорытынды жиынтық бағалаумен барлық оқушы бағаланады.
|
Сынып кабинеті топтық жұмыстар жүргізуге дайындалған.
Акт жұмыс дағдылары презентациялар, видеороликтер
Топтағы сыйласымдық дағдылары кезекпен сөйлеу, белсенді талқыға салу, тыңдау, бағалау
|
Рефлексия
|
«Нысана» әдісімен сабаққа рефлексия жасалады.
|
|
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Біріншіден, сабақтың мақсаттарына қол жеткіздім.
Оқушылар, сонымен қатар, тілдік дағдыларын дамытты. Үш тілділік оқытуға сәйкес тақырыппен байланысты сөздерді аударып, айта алды.
Сабақтағы атмосфера сыйласымдыққа толы, белсенді болды.
Саралау әдістері жүзеге асырылды. Оқушылар берілген тапсырмаларды өз деңгейлері, қызығушылықтары бойынша бөліп алып, орындап шықты.
Жоспарланған барлық идеялар жүзеге асырылды.
|
|
Қорытынды бағамдау
Топтар бірі-біріне көмектесіп, қолдау көрсетіп отырады.
Саралау әдістері топ іштерінде тапсырмаларды орындауда байқалады.
Оқушылар берілген тапсырмаларды өз ішінде әрқайсысының қабілеттеріне қарай бөліп алады. Қабілеті жоғары балалар дәлелді қажет ететін тапсырмаларды алады.
|
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың материалды игеру деңгейін Блум таксономиясына негізделіп жасалған тапсырмалар арқылы тексеруді жоспарлаймын.
2. Топтардың тапсырмаларды орындау барысында олардың дұрыс орындалуына бақылау жасай отырып, дұрыс шешім табуға бағыт бағдар беремін.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1. Бағалау критерийлеріне және тапсырмалардың орындалуына қарап 1 ұпайдан жинақталып баға шығарылды.
2. Бағалау парағы және қорытынды жиынтық бағалаумен барлық оқушы бағаланады.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |