32
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
ӘОЖ 551.79:572.1/.4 (091)
ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ ҚАР МЕН МҰЗ РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ТҮЗІЛУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Дюсембинова Сауле Мырзабековна аға оқытушы, магистр
Смагулова Дина 4 курс студенті
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы,
saule_dyusembinova@mail.ru
Мақалада
Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Қытай халық
республикасымен шектесетін табиғи шек болып табылатын Жетісу Алатауының
табиғатының алуан түрлілігімен ерекшелігі, мұздықтарындағы су қоры, және оны
пайдалану мүмкіндіктері, көлемі мен қазіргі мұзбасулар және олардың шегінуіне
байланысты туындаған түйінді мәселелер қарастырылған.
В статье рассмотрены разнообразие и особенности природы Жетысуского
Алатау, расположенного на границе юго-восточной части Казахстана и Китайской
Народной Республики, водный запас ледников и возможности их использования,
территории, занятые ледниками и современные проблемы, связанные с
отступанием ледников.
The article describes the variety and the features of nature of Zhetysu Alatau,
located on the border of the south-eastern part of Kazakhstan and China, the water reserve
of the glaciers and their possible use, the territory occupied by glaciers and modern
problems related to the retreat of glaciers.
Кілт сөздер: Жетісу Алатауы,мұзбасылулар, табиғаты, геологиялық
құрылысы,биік, аласа, таулар, жоталар,қыраттар,ойпаттар, шоқылар, белдеулер.
Жетісу
Алатауының жалпы ауданы 32 мың шаршы шақырым, ұзындығы
450, ені 100 шақырым. Тау жүйесі субендік және ендік бағытқа созылған
солтүстік
-орталық және оңтүстік-орталық жоталар тізбегінен тұрады. Олардың
аралықтарын
Қоңырөлең, Қапал, Сарыбөктер, Сапақ-Айпара сияқты үш деңгейлі
ірі
тектоникалық ойыстар бөліп жатыр.
Оңтүстік
орталық жотаның бір бөлігі Қытай Халық республикасының
аумағына
ұласады. Көксу мен Боратола өзендерінің суайрығы болып табылатын
Қоңыроба
таулы алқабында солтүстік және оңтүстік орталық жоталар тізбегі бір-
бірімен
түйілісіп бір- тұтас тау жүйесін түзеді.Солтүстігінде 44°-46°30' с.е.,
76°24'- 82°30'ш.б,. аралығында орналасқан Жетісу Алатауының аумағы
Миланның
, Лион мен Женеваның ендіктеріне сай келеді [1].
Тау
жүйесінің солтүстік-шығыс шекарасы 500 шақырымға созылып жатқан
Алакөл
-Ебінұр ойыстары арқылы өтеді. Шолақ үстіртін Барлық-Майлы
тауларынан
ені 10-15 км Жоңғар (Қаптағай) қақпасы бөліп тұр. Батысында
абсалют
биіктігі 1200-1500 метрден орталық бөлігінде біртіндеп биіктейді.
Ең
биік нүктесі Бесбақан шыңы.(4622м). Басты жоталардың біліктік
бөлігінің
ірге тасы каледон мен герцинің гранитойдтарынан тұратын ірі
антиклинорилі
құрылымдар болып табылады. Герцин қатпарлығында түзілген
Жетісу
Алатауының жер бедерінің қазіргі пішіндерінің қалыптасуына
неотектоникалық
қозғалыстар мен ежелгі төрттік мұзбасулары әсер етті.
Негізгі
жоталар тізбектерінің аралықтарын үш деңгейлі опырылмалы
ойыстар
бөліп жатыр. Сондықтан сыртынан қарағанда алып баспалдақ тәрізді
болып
келетін Жетісу Алатауын абсалют биіктігіне қарай төмендегі топқа бөледі: