Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет14/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68

     
 
 
29 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Е.Ы.Бидайбеков  студенттерді  ақпараттық  технология  құралдарын  қолдануға 
әдістемелік тұрғыдан дайындау мәселесін зерттеген. Білімдендіруді ақпараттандырудың 
жалпы мәселелері, оның бағыттары, оны жоғары оқу орындарында мамандар дайындау 
мен бағыты ретінде қарастырған [7]. Сонымен қатар, автор мұғалім еңбегінің тиімділігін 
арттыруға  бағытталған  қазіргі  кезде  жасалынған,  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде 
пайдаланылатын бағдарламалық құралдарды атап көрсеткен. Олар:  
- өзінің кәсіби қызметін іске асыру үшін қажет;  
- ақпараттық ресурстар мен электрондық ақпараттарға қол жеткізу құралдары;  
- оқытудың мазмұны мен әдістерін жоспарлау құралдары;  
-  мұғалімнің  қолында  бар,  оқу  және  әдістемелік  ресурстың  әрқайсысын 
пайдалануды  жоспарлаудың  ішкі  жүйесімен  қоса,  оқу  және  әдістемелік  материалдарды 
қысқа және кеңейтілген сипаттау құралдары;  
-  оқу  сабақтарын,  сабақтан  тыс  шараларды,  мектеп  оқушыларының  өзіндік 
қызметтерін жоспарлау мен ретке келтіру құралдары;  
-  әр  оқушы  мен  әр  сабақ  бойынша  жекеленген  мәліметтерді  ескеруге  мүмкіндік 
беретін жүйелер мен мәліметтер қоры;  
-  оқушылар  мен  оның  ата-аналарымен  тез  қарым-қатынас  жасауды  жолға  қоюға 
мүмкіндік беретін телеқатынастық құралдар, әр оқушы оқуының нәтижелері мен барысы 
туралы  ата-аналарына  ақпарат  беру  құралдары  жататындығын  атап  өтуге  болады.    Біз 
автордың пікіріне қосыла отырып, ақпараттық құралдарды пайдалану мұғалімдер үшін де  
тиімді екенін ескере отырып, тәжірибеге енгізу қажет, - деп санаймыз. 
Мұғалім  келесі  іс-әрекеттерді  АКТ  көмегімен  орындауды  іске  асыра  алса, 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында құзыретті болады: 
-  оқыту  үшін  қосымша  ақпараттарды  Интернет-қорларды  пайдаланып  іздеу  және 
сұрыптау жүргізе алады; 
-  білім  беру  ақпаратын  түрлі  компьютерлік  орталарды  пайдаланып  оқушыға 
ұсынады; 
-  өзінің  кәсіби  деңгейін  көтеру  мақсатында  Интернет-конференцияларға, 
оқытушылардың желілік бірлестіктерінің жұмыстарына қатысады; 
-  стандартты  қосымшалар  мен  бағдарламалық  қабықшалардың  негізінде 
оқушылардың білімін рейтингтік бағалау жүйесі мен компьютерлік тесттер жасай алады; 
- Интернет-қорлардан оқуға арналған өзінің мәіметтер қорын қалыптастырады; 
-  стандартты  қосымшаларды  пайдаланып  электронды  тасымалдаушылар-да  оқу 
материалдары мен оқулықтар жасайды; 
-  оқушыларды  оқыту  және  тәрбиелеу  мақсатында  дайын  мультимедиалық 
жасалымдарды қолданады; 
- стандартты қосымшалар мен арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен 
оқу-тәрбиелеу үдерісін басқарады. 
Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық-кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру 
үшін  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  толық  меңгеруі  тиіс  екенін 
ескерсек, жоғарыда аталған құзыреттіліктерді жетік білгеннен кейін ғана оларды оқыту 
үдерісінде  әр  пәнде  еркін  қолдана  алатын  болады.  Бұл  өз  кезегінде  мұғалімнің 
компьютерлік танымдық-ойындарды, тапсырмаларды дайындауы мен оларды орындауда 
оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыратыны сөзсіз. 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың білім берудегі  әлеуеті көп жоспарлы 
және мынадай жаңа мүмкіндіктерді береді: 
- білім беру мазмұнын таңдаудың әдістемесі мен стратегиясын жетілдіру; жаңа оқу 
пәндерін енгізу мен дамыту; сондай-ақ әдеттегі пәндерді оқытуға өзгерістер енгізу; 
-  оқытудың  тиімділігін,  жекеленуі  мен  дифференциациялануын  көтеру,  кәсіби 
дайындық  үрдісінде  өзара  әрекеттесудің  жаңа  формаларын  ұйымдастыру,  білім  алушы 
мен білім алатынның іс-әрекеттерінің мазмұндары мен сипатын өзгерту; 


     
 
 
30 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
- оқу үдерісін басқаруды, оны жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды жетілдіру, 
білім беру жүйесін басқаруды жаңарту. 
Мына жағдайлардағы: 
- үлгілеу арқылы танымдық әрекеттерді ұйымдастырудағы; 
-  мультимедиа  құралдарының  көмегімен  кәсіби  араласудың  типтік  жағдайларын 
боямалаудағы; 
- алған білімдерді жаңа жағдайларда қолданудағы; 
- меңгерілетін шеберліктер мен білімдерді тиімді жаттықтырудағы; 
- оқыту нәтижелерін автоматты түрде бақылаудағы; 
- кері байланысты орната білу қабілеттілігіндегі; 
- шығармашылық ойлауды дамытудағы; 
-  көзбен  шолу  және  дыбыстық  формаларды  оқу  бағдарламаларында  біріктіру 
мүмкіндіктеріндегі  –  ақпараттық  технологиялардың  басымдығы    қарқынды  көтеру 
арқылы практиканы өткізу үдерісін тездету, оқытуды жекелеу, жағдайларды үлгілеу, әр 
үйренушінің  белсенді  уақыты  мен  көрнекілікті  көбейтумен  байланысқан  көптеген 
мәселелерді  шеше алады. 
Ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  оқытуды  ұйымдастыру  ұстанымдарын 
дайындай  отырып,  бір  жағынан,  оқытудың  негізі  ретіндегі  ақпараттық  технологиялар 
тәсілдерінің дидактикалық ерекшеліктері мен оқыту функцияларын, ал екінші жағынан, 
қазіргі  деңгейде  білім  берудің  жалпы  жүйесінің  элементі  ретіндегі  осындай  оқытудағы  
дидактикалық  ұйымдастыру  бағыттарын  назардан  шығармаған  жөн.  Ең  алдымен 
компьютерлік әдісті технологиялық көзқарас тұрғысынан елестету керек. Компьютерлік 
оқытудың  мотивациялық  әлеуеті  өте  зор.    Мұнда  дұрыс  құрастырылған  электрондық 
оқулық  немесе  компьютер  оқытушыға  оқу  үдерісінде  жекелеуге  немесе 
дифференциациялауға  көмектеседі,  сонымен  қатар  компьютер-құпиялықты  сақтаудың 
кепілі бар.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020  жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы 
11.10.2004ж. 
№1459 
бұйрығы 
//  
http:
www.e.gov.kz
 сайты. 
2.   Шишов С.Е. Macromedia Flash ортасында анимация жасау мүмкіндіктері // 
http://infust.kz/
. 2013ж. 
3.  Ховов  О.Б.  Технология  организации  самостоятельной  работы  //  В  сб. 
научных  докладов  международной  конференции  «Проблемы  непрерывного 
профессионального образования в странах, переходящих к устойчивому развитию». 
- М.: Изд. АМИ, 1998. - Ч.1. - С. 142-145. 
4.   Зимняя И.А. Ключевые компетентности как результативно-целевая основа 
компетентностного подхода в образовании.  -                                              М.: 
Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2004. - 42 с. 
5.   Кудайкулов  М.А.,  Нурпеисова  С.А.,  Кудайкулов  С.М.Дидактическая 
технология  инновационного  обучения:  учебно-методическое  пособие.  -  Алматы: 
2011. – 162 с.  
6.   Жадрина М.Ж. Развитие компетенций в условиях профильного обучения // 
Открытая школа. - 2006. - №1 (50). - С. 3-7. 
7.   Гершунский  Б.С.  Компьютеризация  в  сфере  образования.  Проблемы  и 
перспективы. - М.: Педагогика, 1987. 
 
 
 
 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау