1
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Регистрационный № 4188-Ж № 4, 2015 г.
Основан в 1997 году
Выходит 4
раза в год
Ғылыми журнал
I. Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік университетінің
ХАБАРШЫСЫ
ВЕСТНИК
Жетысуского государственного университета
им. И.Жансугурова
Научный журнал
Бас редакторы - главный редактор
Ә.Е. Бектұрғанов
ректор, доктор юридических наук,
профессор
член-корреспондент Национальной академии Наук
Республики Казахстан
2
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Редакция алқасы – Редакционная коллегия:
главный редактор – ректор, доктор юр. наук, профессор,
член-корреспондент Национальной академии Наук Республики Казахстан
А.Е. Бектурганов
зам. главного редактора – д.э.н. М.Т. Кантуреев
ответственный секретарь – к.ф.м.н. Е.Б. Мукажанов
Члены редколлегии:
Л.К. Еркинбаева
М.Ж. Мальтекбасов
Е.Ш. Дусипов
Д.Н. Нургабыл
– д.ю.н., профессор
– д.п.н., профессор
– д.ю.н., профессор
– д.ф.м.н., профессор
Е.С. Андасбаев – д.т.н., профессор
Х.Т. Наубаева – д.пс.н., профессор
С.И. Мурыгина – магистр
образования
Регистрационное свидетельство издания № 4188-Ж выдано
Министерством информации и общественного согласия
Республики Казахстан от 12 сентября 2003 г.
Международный центр ISSN в Париже зарегистрировал
журнал «Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университетінің хабаршысы» под номером
ISSN 1813-1123
© Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова, 2015
4
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
МАТЕМАТИКАНЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП,
ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ – КҮН ТАЛАБЫ
Бекбаланова Бахыт Тыныбайқызы
«Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ,
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алтынарық ауылы
ms.bekBalanova
Автор мақалада жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың
қызығушылығын арттыра отырып математиканы тереңдетіп оқыту әдістерін
қарастырады.
В статье автор рассматривает методы углубленного обучения математики
исползуя новые технологии и повышая интерес учащихся.
The author considers the methods of in-depth study of mathematics by using new
technologies and increasing students' interest.
Кілт сөздер: математика,
жаңа технологиялар, білім, білік, дағды.
Математиканы тереңдетіп оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігі мен
іздемпаздығын арттыруға негізделген. Мұғалім оқушының пәнге деген
қызығушылығын туғызуда басты рөл атқарады. Әр сабақты жақсы өткізу үшін
мүмкіндік беретін ережелерді есте сақтап, оның орындалуын қадағалап отыру керек.
Бұл ережелер:
1. Сабақ тақырыбына қатысты түрлі ғылыми, әдістемелік кітаптарды таңдап
алу, олардың мазмұнымен танысу.
2. Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім , білік, дағдыны бөліп алу.
3. Сабақ міндеттерін нақтылау, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай
алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу.
4. Сабақта оқушы нені түсіну керек, нені есте сақтау керек, нені біліп,
сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау.
5. Оқушыларға оқу материалын қандай көлемде , қандай мөлшерде баяндау
керек, қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын
жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білу.
7. Әр сабақты өз дәрежесіне жеткізу.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі
өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас
пайда болды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі –
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық
технологияларды меңгеру.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа
педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып,
шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әрбір ұстаздан
шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқытудың жаңа
технологияларын күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің
алдында отырған оқушыларының жас ерешеліктерін ескере отырып,таңдап