ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82

59 
 
және  т.б.  шығармаларды  орындаушылық  ырғақтығы,  жанрлық  жүйесі, 
музыкалық  тілдің  дамуына  әсер  етуден  осы  уақытқа  дейін  жетті.  Халықтың 
әншісі  кешенді  философиялық,  көркем-эстетикалық  және  этикалық  білімге, 
композиторлық, 
орындаушылық-өңдеулер 
мен 
тыңдаушылардың-
сыншылардың  қабілеттеріне  ие  болған.  Сондықтан  ол  жай  ғана  аспаптық 
орындаушысы ғана емес, қазақтың көркем мәдениетін тасушы және туындысын 
шығарушы  болып  табылады.  Сол  және  басқа  да  шығармаларды  орындау 
барысында  болатын  табиғи  және  өмірлік  болмыстың  жағдайында  эмоциялар 
туындайды.  Суырып  салмалық  күйші  мен  әншілердің  шеберліктерінің  бірі 
болып  табылды.  Олардың  жекелеген  шығармашылықтары  тембрлік  мәнерлік 
пен сызықтар, метро-ырғақтық кем кетістіктердің кеңдігімен ерекшеленді.  
Барлық  қазақтың  музыкалық  мәдениеті  үшін  маңызды  болатын 
жағдайлардың бірі өзінің тарихында қолжазбасыз қалуында. Бұл өзінің атақты 
үш  бірлестікке:  музыка  –  сурет  (әнші)  –  халық  (тыңдаушыларға)  жүйесімен 
таратылды.  Әншінің  шығармасы  дербес  тыңдаушылармен  байланыста  болды, 
сондықтан  ол  өзінің  өнерін  тыңдаушылардың  әсерін  бақылай  отырып  ықпал 
етуге  мүмкіндік  алды.  Оның  шығармашылығының  негізгі  мазмұны  әрдайым 
тірі  байланыста  жасауының  арқасында  жеке  және  дара  болып  қана  қоймай, 
қоғамдық бейнеде қалды.     
Қазақтың  ұлттық  музыкасының  табиғи  түрленуін  анықтауда  оның  рөлі, 
орны  мен  басқа  өнердің  түрлерімен  байланыс  жасауы  негізге  алынады. 
Қазақтарда  әннен  бұрын  ....  моторлы  метро  ырғақты  негіздегі  еркіндік  пен 
ерекше икемділіктің арқасында оның жарқын бейнесін тамсандыра отырып би 
өнерін  бағындырған.  Осының  арқасында  қазақтың  соқпалы  аспаптарының 
шектеулі 
қолданылатынын 
көрсетеді. 
Қазақтың 
музыкасындағы 
метроритмикалық 
негіздің 
белсенділігі 
моторлықтың 
қалыптасуына 
бағытталмаған  және  соңында  –  барлық  шығарманың  би  өнері  музыкалық 
энергиядан  туындаған  ән  ырғағын  қолдау  мен  анықтауға  арналған  болып 
табылады [122, б. 14].  
Кеңінен  таралған  жанрлық  жіктеулер  орындаушылықтың  құрамы  мен 
орындау  тәсілдерімен  анықталады.  Бұл,  ең  алдымен,  ән  мен  аспаптық 
жанрдың бөлінуіне алып келеді.  
Қазақ  халқының  жоғары  рухани  танылуының  жарқын  бейнесі  оның  ән 
мәдениеті  болып  табылады.  Көптеген  қазақ  ақындары  мен  ойшылдары 
халықтың  өміріндегі  музыкалық  өнердің  маңызды  рөлі  атақты  ақын  Абайдың 
өлеңдері маңызды деп есептейді: 
Туғаннан дүние есігін ашқан өлең, 
Өлеңмен жер қойнына кірер денең..  [155] 
М.М.Ахметова «Қазақтың ән мәдениетіндегі дәстүр» жұмысында әр түрлі 
дәстүрдегі  халықтардың  орындауын  көрсетеді:  жыршы  немесе  жырау, 
тұрмыстық  ән  (әншілер  мен  әуесқойлар)  және  кәсіби  әншілер  –  әнші  мен 
өлеңші. Осы дәстүрлі орындаушылықты сипаттап өтуге талпындық.   
Жыршы  мен  жырау  –  халықтың  әншісі-орындаушысы  мен  тарихи 
шығармаларды, тарихи әндер, ертегі, толғауды (мәлімет беруші, ойластырушы 


60 
 
және  т.б)  орындаушы.  Орындаушылық  шығармада  олар  дәстүрлі  вокалдық-
дауыстық  формадағы  –  терме,  желдірме  қолданған.  Терме  –  жинау  деген 
мағынаны  білдіреді.  Термені  айту  үшін  нақты  айтылған  дауыстың  құрамы 
қажет,  бұл  «...  белгілі  бір  мотивтердің  жылдам  айтылуы  мен  қайталануынан 
айтылатын ұзақ поэмалардағы қазақтың өлеңдері». Қазақтың ән мәдениетіндегі 
жанрды  тарихи  қалыптасуда,  әннің  мазмұндық  ойы,  қазақтың  музыкалық 
құралдарындағы  тілінің  мәнерлігі  мен  оның  қоғамдағы  орыс  музыкасымен 
тығыз зерттелуіне бағытталады. Оларда халықтың музыкаға деген эстетикалық 
және  көркем  бағалауы  берілген,  дәстүрлі,  әуендік  өңдеулер  мен 
ладоритмикалық  құрылымдағы  [156]  дербес  әннің  формасы  анықталған  [157]. 
1958-1959 жылдары жүргізілген материалдардағы ескі заманнан қазірге дейінгі 
Жетісудің 
ән 
мәдениеті 
сипатталған. 
Сонда 
қазақтың 
вокальдық 
шығармашылығындағы  екі  жолы  анықталған:  эпикалық,  кантилентті  және 
декламационды,  дауыстық  [151,  б.  168].  Қазақтың  вокальдық  өнеріндегі 
дауыстың  ерекшеленуіне  қарай  терме,  желдірме  –  ақынның  өнері  деп  алатын 
бастапқы  дауыстың  қысқа  нақты  ырғағы  –  үлкен  энергия,  сөз  сурып  салма 
өнеріндегі  басқа  адамдарды  өзіне  қарататын  бастапқы  сөз  жасамдар 
(С.А.Елеманова, А.Е.Тлеубаева, А.Ж. Досаева).   
Терменің  стилі  негізінен  эпикалық  шығарма  мен  қоғамдық-басылымдық 
шығармалардың  ерекшеліктерінен  құрылады.  М.Әуэзовтың  анықтамасында 
«желдірме  -  жылдам  айтылатын  өлең».  Оның  атауының  өзі  «жолбарыстың 
шабысы»  арнауындағы  ырғақпен  басталатын  жырдың  шумағы»  [158]. 
Желдірмені орындаудың ерекшелігі жылдамдық ырғағы мен тыңдаушылардың 
назар аударуына негізделеді.      
Тұрмыстық  ән  айту  әртүрлі  отбасылық  кеште,  отбасылық  жиында 
орындалады  (үйлену  той,  жерлеу  рәсімі,  баланың  туылуы  –  шілдехана  және 
т.б.).   
Қазақтың  тұрмыстық  ән  айтуының  теңдігі  бірлесе  екі  немесе  көп 
орындаушылардың айтуы болып табылады. Мұндай дәстүрде үйлену тойының 
әні  «Жар-жар»,  «Беташар»,  жерлеу  әні  «Жоқтау»  орындалады,  сондай-ақ 
айтыстар  –  қазақтың  ән  шығармасында  ерекше  орын  алатын  ақындар  мен 
әншілердің сайысы.  
Дәстүрлі халықтық әннің түрлерінен кең таралған орындаушылық жеке ән 
айтудағы  кәсіби  әншілік  –  әншi  және  өлеңшi,сирек  музыкалыққа  ие,  керемет 
дауысымен, айрықша әртістігімен, халықтың жоғары эстетикалық бағасына ие 
болғандар: көмейiнен бал тамған әншi, күмiс көмей әншi саналған.       
Бүгінгі  таңда  қазақтың  халықтық  музыкалық  өнері  әдебиет  танушылар 
(М.Ғабдуллин, 
Н.Төреқұлов, 
А.Қоңыратбаев), 
музыка 
танушылар 
(А.В.Затаевич,  С.А.Елеманова),  педагогтар  (Р.Дүйсенбінова  және  т.б.)    [159-
164] еңбектерінде зерттеліп жіктелген.   
А.Қоңыратбаев  өзінің  жұмысында  жоғарыда  көрсетілген  жіктеулерді 
қолдана отырып қосымша тарихи әндер мен ертегілерді анықтаған [165]. 
Н.Төреқұлов  «Қазақтың  заманауи  фольклоры»  жұмысында  келесі 
бейнедегі халықтың әндерін жіктеген: ауыз екі – ақындық лирика (әлеуметтік-


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау