40
ерекшеленеді. Кәсіптік ойлау термині кәсіптік міндеттердің шешімін сапалы
және жылдам көрсететін мамандардың ойлау ерекшелігі тұрғысынан
анықталады: жылдамдық, дәлдік, дербестік, тәуелсіздік, бірегейлік және ең
бастысы - жүйелі ойлауды қалыптастыру (дербестік, шығармашылық
міндеттерді меңгеруге байланысты әртүрлі шешім мен орнын зерттеудің
ерекшелігін көрсетеді) [84]. Музыка саласындағы кәсіптік ойлау кәсіптік білім
беру мен музыкалық ойлаудың кіріктірілуімен түсіндіріледі. Л.Г.Арчажникова
музыкалық ойлаудың негізін көрермендердің көзқарасымен, музыкалық-
қозғалыстық,
музыкалық-естуге
бағытталған
музыкалық-тыңдау
іс-
әрекеттерімен байланыстырады[85].
Осы айтылғандар, студенттің интеллектуалды дамуын оның танымдық
қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін дамытумен байланыстыра қарастыру
қажеттігін көрсетеді. Сондықтан, ұлттық музыканың негізі – студенттердің
шығармашылық қабілетін жүзеге асыру үдерісіндегі шығармашылық ойлау
ерекшелігімен тікелей байланыста зерттеледі (Н.Ю.Посталюк, Д.В.Ушаков,
А.В.Брушлинский, Библер В.С.) [86-89]. Олардың ішінде B.C.Библер
шығармашылық ойлаудың белгілерін толық анықтаған:
– зияткерлік шығармашылық бастамашылдық іс-әрекеттің тікелей талабы
мен міндеті аясында жүзеге асады;
– «ассоциативті қатардың кеңдігі» жаңа функционалдық немесе
тасымалданатын мәндегі пәндердің қолданылуы;
– «жылдам» ойлау әртүрлі және терең ойдың бірлестігі;
– «икемділік» ойлау бір шешімнің басқа шешімге, бір категориядан басқа
категорияға жылдам өту қабілеті;
– ойлаудың түпнұсқалығы мәселенің шешімін дербес ойластырудан
тұрады [89, б. 23-29].
Музыкалық ойлау мәселесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде де
қалыс қалмаған. Соның ішінде соңғы еңбектерді қарастырсақ, Ж.Абельтаева
шығармашылық ойлаудың ерекшелігін анықтаған: а) шығармашылық ойлау
зияткерлік сападағы топқа сүйенеді (шығарамашылық бастама, дербестік,
эвристикалық, икемділік); б) өнімнің қызметіне қарай ерекшеленеді:
нәтижесінде жаңа және түпнұсқалы өнімді еңбек пайда болады; в) үлгілеу
қабілетіне қарай бір мәселенің шешімінен басқа мәселеге көшу жүзеге асады; г)
дәстүрлі тәсілде тапқырлық, дербестігін танытуда рефлексиялық қабілет
маңызды [90, б. 76].
Музыкант-педагог А.Ж.Калиева өзінің зерттеуінде музыканттардың ойлау
түрлерін былайша жүйелейді:
абстрактілі ойлау – жекелеген пәндердің құрамындағы дербес объектіге
айналдыру мен ойша есептеуге мүмкіндік жасайды (тыңдау сараптамасы);
амбивалентті ойлау – өзара байланысқан ойларды бірдей түсіну қабілеті
(әртүрлі түсіндірмелердегі бір шығарма);
сараптамалық ойлау – түсінік пен пайымдауды деңгейі бойынша тұтас
ойша бөлуге мүмкіндік жасайды. Сараптамалық ойлау маңызды және
41
маңызсыз, күрделіні қарапайымға өткізуге мүмкіндік береді (музыкалық
шығарманы талдау);
визуалды ойлау – мәнді көрінетіндей ететін жаңа ішкі бейнедегі өнімнің
ойлау түрлері болып табылады (шығарма жазу);
дивергентті ойлау – сол немесе басқа міндеттердің әртүрлі өзіндік
шешімін табуға жетелеу қабілеті (үйлестіру, өңдеу, өленді түрлендіру);
дискуссиялық ойлау – алдыңғы ойлардағы жаңа логикалық ойлардың
жалғасы болатын сөздік логикалық ойлау (сыни шығармаларды жазу);
интуитивті ойлау – Канттың білімі бойынша «пайымдау» жолын ашу,
логикалық
және
сараптамалық
дәлелдемелерге
қатысынсыз
ішкі
бағыттылықтың шынайы жолына эвристикалық үдеріс арқылы жету (шығарма,
суырып салмалық, шығарманы орындау);
сыни ойлау – логикалық көзқарас бойынша ақпаратты сараптау қабілеті,
сыни ойлау – бұл дегеніміз өзінің орнын дәлелдеу, өзін-өзін бағалауға сай
қабілетіне талпыну (сыни шығармаларды жазу, шығарманы сараптау);
конвергентті ойлау – жалғыз бір ғана шешім табатын қабілет (музыкалық
бақылау жазу);
латералды ойлау – шығармашылық ойлау түріне жатады. «Шаблонды емес
ойлау» тікелей танылатын объектінің жанама объектіге айналуы арқылы
анықтауға болатын кең таралған назардың негізі (шығарма құрастыру);
шығармашылық ойлау – кез-келген субъективті және объективті өнімді
құру (шығарма, импровизация) [91].
Көріп
отырғанымыздай,
ұлттық
музыканы
меңгеру
үдерісі
композиторлардың ойларын шығармашылық-бейнелі түрде ашу ойлаудың
логикалық түрлеріне байланысты кешендік ойлауға (сараптамалық мәтінді
талдау), көрнекілік-бейнелік (шығарамашылық-бейнелі мазмұнды салыстыру-
салғастыру) және ойлаудың көрнекілік-іс-әрекеттік түрлеріне (тәжірибелік
қызметтегі орындаушылық жоспарды жүзеге асыру) сүйенеді. Осылайша, бұл
музыкалық ойлаудың түрлерін тұтас ойлаудағы маңызды сапалық қасиетін
дәлелдеуге мүмкіндік береді.
«Бейнелі ойлау» мен «ойлау түсінігі» – бұл қоршаған ортадағы екі
қосалқы қарым-қатынас. Түсінікті-логикалық ойлауда шығармашылық-бейнелі
танымға қатысты әртүрлі түрлері бар. Адам барлық танымның бірыңғай іс-
әрекетін ұсынатын тұтас ойлаудағы екі «ойлауға» ие бола алмайды [92].
Ұлттық музыканы меңгеру үдерісіндегі мұғалімдердің ойлау түсінігін
ойша жалпылауда мұғалімдердің ойлауындағы шығармашылық-бейнені
қалыптастыру үшін келесі тұжырымдаманы ұсынайық: ұлттық музыка
шығармасындағы іс-әрекеттік үдерісте бейнеленетін шығармашылық ойдың
мәнін ашу интеллектуалдық ойлау үдерісіне бағытталады.
Тұлғаның танымдық қызметіндегі келесі психикалық үдеріс жады (ес)
болып табылады.
Жады (ес) – танымдық саланы қайта келтіру немесе оны қайта қолдану
қызметіндегі мүмкін болатын өткен тәжірибені есте сақтау мен ұйымдастыру
үдерісі. Сондай-ақ, ол өткен субъектінің қазіргісі мен болашағын
Достарыңызбен бөлісу: |