36
ойлау және эмоционалдық-бағалау іс-әрекет тәжірибесі, қабілет пен білімнің
бірлестігінде анықталады [70].
Ұлттық музыка арқылы интеллектуалды дамытудың тұлғалық
бағыттылығы оның барлық тұлғалық құрылымдарының бағыныштылығын
тұрақты ішкі ниетін, мақсатын, әлеуеті мен ерекшелігін анықтайды (ынта,
қажеттілік, белсенді ұстаным, ойлар, құндылықтар және т.б.). Ұлттық
музыка арқылы тұлғаны интеллектуалды дамытудың қайнар көзі мен қозғаушы
күштері ынтаның қызметіне ықпал етеді.
Жастардың ұлттық музыканың құндылығына оң көзқарастарын
қалыптастыру аралық кезеңдегі ынталандыру саласын байланыстыруда адами
ынта
интеллектуалды
түрде
өзін-өзі
дамытуға
мүмкіндік
береді.
Интеллектуалдық дамудың факторы тұрғысынан ұлттық музыканың
құндылығының бағыттылығы қоғамдық мәндегі мақсат арқылы анықталады.
Оқу танымдық мақсатқа жету үшін адамгершілік-еріктік жағдайды
жұмылдырудағы білім мен қабілеттің қызметін тиімді меңгеруге талпынудың
іс-әрекеттік үдерісі және оқу мазмұнының байланысына сәйкес келетін
тұлғалық іс-әрекеттің мақсатын айқындау табылады. Интеллектуалды
дамытудың мақсатындағы ұлттық музыканы меңгеру бір жағынан ұлттық
музыкадағы танымдық пәннің тұлғалық байланысындағы ерекшелігі мен
тұлғаның мазмұндық-іс-әрекеттік тұтастығы тұрғысынан, басқа жағынан
интеллектті дамытуға талпынудың шығармашылық-іс-әрекеттік мәні ретінде
қарастырылуы мүмкін. Оған қол жеткізуге талпыну мен ынталану үшін мақсат
қою қажет. Сондықтан ұлттық музыка арқылы интеллектуалды дамытудың
бастапқы кезеңін қажеттілік-ынталандыру (қызығушылық, ниет) саласы ретінде
дамытуға болады.
Кейбір авторлар тұлғаның интеллектуалды дамуына әсер ететін
психикалық үдерістің ерекшелігі
эмоция мен ерікке байланысты екендігін
негіздейді. Біз белгілеген мәліметті қолдай отырып ұлттық музыка арқылы
интеллектуалды дамытудың тұлғалық білім беру жүйесінің
эмоционалдық-
сезімдік және еріктік сала бойынша қарастыру мүмкін емес екендігін білеміз.
Жоғарыда көрсетілген қорытындылардың негізінде ұлттық музыка
арқылы тұлғаны интеллектуалды дамыту адам психикасының барлық саласына
тікелей байланысты: қажеттілік-ынталандырушылық, интеллектуалдық (
ойлау,
қиял, түйсік, қабілет, шабыт), эмоционалдық-сезімдік, физикалық және
еріктік.
Ұлттық музыканы зерттеуге қатысты барлық психикалық үдеріс әдіснамалық
мәндегі зерттеуге ие болады.
Сезім ең қарапайым психикалық үдеріске жатады,
олардың пайда болуы адамдарда қабылдайтын сезімді өзгертуіне байланысты
болып келеді. Осыған байланысты «сезім – материалдық әлемдегі құбылыс пен
пәндердің жекелеген құрамын бейнелейтін қарапайым психикалық үдеріс,
сонымен қатар тиісті қабылдаушыға қатысты тітіркендіруге әсер ететін ағзаның
ішкі күйі [71]. Осыған қарамастан, сезім қарапайым психикалық үдеріс болып
табылатын қоршаған ортадағы танымға ие. Өкінішке орай, бұған білім беру
жүйесінде аз көңіл бөлінуде. Бірқатар пәндер, құбылыстар, атап айтқанда,