ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82

38 
 
туындататын  және  студенттердің  тынымсыз  тәжірибесін  өзектендіретін 
эмоционалдық резонанс болып табылады [74].  
Студенттердің  санасында  туындайтын  ұлттық  музыканың  сипаты 
музыкалық  бейнені  қалыптастыру  үшін  сілтеуіш  қызметін  атқаратын 
теориялық түсінік немесе сөз, сөздің тұрақталу нәтижесі болуы мүмкін. Белгілі 
музыка саласының психологы  А.В.Торопов шамадан тыс жанама сөйлемдерді 
құрастыру,  музыкалық  қабылдауды  ұйымдастырудағы  музыкалық  бейнені 
толтыруда (синкретикалық) сезімді жоғалтатынын мұғалімдерге ескертеді.  
Адамның  интеллектуалды  дамуы  үшін  қабылдау  мен  сезу  өте  маңызды, 
сонымен  қатар  мұндай  танымдық  кешеннің  үдерісінде  ойлау  ерекше  орынды 
иеленетінін айтады.  Бұл дегеніміз танымның ең жоғары деңгейі десек болады. 
Ойлау  теориясы  ұлттық  музыка  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды  дамытудың  
маңызды  әдіснамалық  негізі  болып  табылады,  Сол  себепті  біз  зерттеу 
барысында «ойлау» ұғымына талдау жасағанды жөн санадық:  
«Ойлау» түсінігі философиялық түсінікте – бұл: 
–  белгілі  бір  мәселенің  шешімін  табуға  байланысты  объективті  өмірдегі 
түсініктің  белсенді  үдерісі.  Өмірде  әрбір  жеке  тұлғаның  ойлауы  тек  қана 
шығармашылық  үдеріс  тұрғысынан  қаралмай,  басқа  да  психикалық  үдеріс, 
тұтас адамның санасын шеттетпейтін, үзілмес бейнені құрайды [75]; 
–  іс-әрекет түрлері;  
–  жаңа  эмпирикалық  мәліметтер  мен  танымал  жаңа  ақпараттарды  алу 
үдерісі [76]; 
–  объективті  іс-әрекеттік  үдерісті  бейнелейтін,  адам  танымының  жоғары 
дейгейі,  
Ойлау  ақыл-ой  қабілетінің  тәсілдері  арқылы  жүзеге  асады,  оларды 
былайша топтастыруға болады: 1) ойлау құралдарына ие ерекшеліктер (пәндік-
қызметтік, көрнелік-бейнелі, абстрактілі және т.б.); 2) логикалық сызба үдерісі 
(салыстыру,  талдау,  абстракциялау,  қорыту,  сынау,  топтастыру,  индукция, 
дедукция,  инверсия,  рефлексия,  тәжірибе  және  т.б.);  3)  нәтиженің  формасы 
(жаңа  бейнені  құру,  анықтаманы  айқындау,  теорема,  саналық  қорытынды);  4) 
ойлау логикасының түрлері (сараптамалық-эмпирикалық, қисынды-теориялық) 
[77]. 
Осы  айтылып  өткендер,  ойлау  философиялық    ұстанымдар  мен  қиялдар, 
бейнелер, сезімді дамытатын қабілет, танымның түрлері, объективті іс-әрекетті 
бейнелейтін  белсенді  үдеріс  екендігін  көрсетеді.  Ал  бұл  болса,  студенттерді  
интеллектуалды дамытуда ұлттық музыканың олардың  салыстыру, салғастыру, 
қорыту  үдерісінің  дамуына  және  шығармашылық  көркем-бейнені  жан-жақты 
ұғынуын тереңдетуге ықпал ететіндігін дәлелдейді.   
Біздің  зерттеуімізде    М.Н.Скаткинның  жұмысындағы  ойлаудың 
қабылдауға әсер етуі студенттердің ойлау құрылымындағы сезімді қажетсінуін  
негіздейтін  тұжырымдар  басшылыққа  алынады  [78].  Дегенмен,  олардың  өмір 
сүру ортасына қарай танымның пәнге деген сапалық жағдайын ескере отырып,  
қалыптасатын 
түсініктің 
ерекшелігі, 
қоршаған 
ортасының 
ықпалы 
мүмкіндіктері де негізге алынады. 
 


39 
 
Оған  қоса  ойлаудың  тірек  материалдар  негізінде  бейненің  мида 
сақталуында 
ескеру 
қажет. 
Өйткені, 
оқыту 
барысында, 
түсінікті 
қалыптастырудың  әсерінен  танымдық  үдеріске  қатысатын  екінші  бейне  пайда 
болады [79].  
С.Л.Рубинштейн  осы  ойды  тереңдете  түскен:  «Ойлау  –  олардың 
құрамындағы  абстрактілі  сезімдердің  қатысынсыз-ақ  жаңа  сезім  мен 
қабылдаудың  мәнін  ашады:  олар  қарым-қатынастар,  салыстырмалар, 
салғастырмалар, айырмашылықтар» [80]. 
 
Ұлттық  музыка  арқылы  тұлғаның  интеллектуалды  даму  ерекшелігі 
жөнінде  белгілі  ғалым  В.Г.Белинский  «интеллект  ойлаудың  бейнесі»  деген 
анықтама  берген.  Мұндай  сөзге  күдік  келтіру  мүмкін  емес.  Өйткені  бұл 
анықтама  көпжылдық  шығармашылық  тәжірибеде  және  ұзақ  уақыттық 
бақылауда 
тексерілген. 
«Бейнелі 
ойлау», 
«шығармашылық 
ойлау», 
«шығармашылық-бейнелі  ойлау»  термині  музыкалық-шығармашылық  бейнеге 
енетін  ерекшелікке  қатысты  музыка  танушылар,  әдебиет  танушылар, 
психологтар, педагогтар, философтардың еңбектерінде қарастырылған [81].     
Музыка 
саласындағы 
ғылыми 
ойлау 
(түсінік, 
пайымдау, 
ой 
қорытындысы)  адамның  сезу  ағзасына  музыкалық  бейне,  қабылдауға 
қолжетімді нақты сезімдер арқылы тікелей әсер етуімен ерекшеленеді. Өнердің 
барлық  түрлеріндегі  бейне  шығарманың  пайда  болуындағы  шығармашылық 
ойлаудың  жүзеге асырылуымен және оның өңделуімен ерекшеленеді [82].   
Біздің  зерттеуімізде  студенттердің  интеллектуалды  дамуы  қазақ  ұлттық 
музыка  құралдарын  олардың  оқу-тәрбие  үдерісінде  тиімді  пайдаланумен  
жүзеге  асырылады.    Барлық  өнер  түрлері  адамның  белгілері  арқылы 
объектіленеді (мінез-құлық, ым-ишара, визуалды жағдай). Музыкалық өнердің 
шығармашылық  бейнесін  түсіндіру  өте  күрделі.  Мұны  Б.В.Асафьев 
«музыкалық  шығарманың  өмірі  –  оның  орындаушылығы  тыңдаушылар  үшін 
дауыс  ырғағы  және  оның  қайтадан  тыңдаушылардың  қабылдауы  арқылы 
жүзеге асады» деп, түсіндіреді  [83]. 
Басқаша  сөзбен  айтқанда,  музыка  сезімдік  қабылдау  мен  өмірдегі 
шығармашылық-бейненің  мәнін,  өмірді  сезінуді,    танымдық  үдерістің 
нәтижесін форма ретінде пәнде бейнелеуді білдіреді. Сондықтан  нақты ұлттық 
музыканың  шығармашылық  бейнесі  халықтың  түйсік-талғамын,  арман-
болмысын,  сезім-тілегін  көрсетеді.  Осы  шығармашылық  бейнені  студенттің 
ұғынуы  оның  әлеуметтік  іс-әрекет  пен  қоғамдық  тәжірибедегі  тәсілдердің 
нақты  мақсатындағы  айырмашылықтарды  білуін,  шығармашылық  өнерді 
қабылдау  мен  топтастыру  бағытындағы  шығармашылық  іс-әрекеттің  түрін 
ажырата  алуын,  «шығармашылық  ойлауын»  дамытуды  қажет  етеді.  Осының 
бәрі студенттің интеллектуалды дамуының негізін құрайды. 
Алайда,  ұлттық  музыка  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды  дамытуын 
зерттеуде кәсіби мұғалімдерді даярлауды зерттеуде қарастырылатын  «кәсіптік 
ойлау»  түсінігі  біз  үшін  қызығушылық  тудырады.  Кәсіптік  білім  беру  жүйесі 
кәсіптік  іс-әрекет  саласының  ойлау  ерекшелігі  мен  жоғары  кәсіби-білікті 
мамандардың  деңгейін  синтездейтін  кәсіптік ойлаудағы ойлау  үдерісі  арқылы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау